Инфляция жағдайындағы баға белгілеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 00:12, реферат

Описание работы

Инфляция: мәні, турлері және себептері
Қазақстандағы баға саясатының дамуы
Қазақстанда монополистердің баға белгілеуі

Работа содержит 1 файл

8, 9 лекции.docx

— 41.28 Кб (Скачать)

    8-тақырып. Инфляция жағдайындағы баға белгілеу

    Негізгі сүрақтар:

    1. Инфляция: мәні, турлері және себептері
    2. Қазақстандағы баға саясатының дамуы
    3. Қазақстанда монополистердің баға белгілеуі 

    1. Инфляция – бұл күрделі де  көп факторлы құбылыс. Ол ақша  айналым арналарының артық ақша белгілірімен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі.

    Инфляция  ең алдымен тауар бағаларының  өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді. Алтын немесе күміс  ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың  белгісі емес нақты құндылықтың  өзі болған; қажетті ақша көлемі алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша  қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың  тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор  ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде  ғана сақталады. Олардың көбі айналымға  шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық  ақша сұранымды арттырады. Артық  сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты  ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.

    Батыс елдерінде 10 %-ке дейінгі баяу инфляция қауіпті деп саналмайды. Керісінше, белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде  тұрғындар тауарды көбірек сатып  алады, себебі кейін ол одан да қымбат түсетінін біледі. Бұл, өз кезегінде  өндірушілерді ұсынысты арттыруға  ынталандырады, нарық тауарға тез  толады. Инфляция жағдайында әртүрлі  салаларда баға бір қалыпты өспейді. Сондықтан, инфляция экономикада қалыптасқан  диспропорцияларды түзетуге және нарық  шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік  береді. Баяу инфляция кезінде бағалар  еңбекақыдан тезірек өседі. Бұл  жағдайда өндіріс шығындары төмендеп, кәсіпкерлік дамиды.

    Бірақ 10 %-тен асқанда инфляция қауіпті. Экономика әсіресе гиперинфляция кезінде тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында бағалар деңгейі бірнеше процентке емес, бірнеше есеге өседі, ақша тез құнсызданады, өндіріске инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан қаржы ресурстары айналым мерзімі қысқа сауда сферасына ауысады. Сауданың пайдасынан қоғамға тигізетін зияны көптеу, алып – сату (спекуляция) түрі тез қамтиды.

    Спекулятивті  бизнес ұсыныстың өндірістің өсуіне ықпал жасамайды, керісінше өндіріс  тоқырауға ұшырайды. Тоқырау мен  инфляция қосылған соң нарықтықтың  оңды әсерлері толық жойылып, нарық  механизмі енді экономикаға теріс  әсер ететін болады. Сондықтан стагфляциядан  шығу үшін мемлекет тарапынан инфляцияға қарсы жедел және жүйелі іс –  шаралар бағдарламасы жасалып іске асырылуы қажет болады.

    Инфляция  – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың  құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар  тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл  жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан  артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген  нарық сәйкесіздігі инфляцияны қалыптастармайды.

    Инфляция  – бұл рыноктардың көбінде  сұранымның артуынан қалыптасқан тепе-теңдіктің  бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.

    Ақша  сұранысынан тыс тауар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтың монополизациялануына, жаңа салық ставкаларына, сыртқы экономикалық жағдайға, мемлекеттік реттеуге және басқа да себептерге байланысты өзгеруі  мүмкін. Яғни бағаның өсуін көптеген себептер қалыптастырады. Бірақ бағаның  кез келген өсуі де инфляция емес. Сондықтан  жоғарыда келтірілген себептердің  арасынан инфляцияны қалыптастыратынын  анықтап алу қажет. Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті, күшті валюта мен салыстырғанда құнсызданады.

    Инфляцияны  былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға  қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша  ақша сияқты жалпылама эквивалент деп  қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның  өсуі – тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар нарығында сұраныс  пен ұсыныстың сәйкестігінің  бұзылуы, әлі инфляция емес. Инфляция – елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның  көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Сонымен  баға өсуінің инфляциялық себептеріне  нені жатқызамыз?

    Мысалы, экономиканың конъюнктуралық ауытқуына  байланысты бағалардың өсуін инфляцияға жатқызуға болмайды. Еңбек өнімділігі өскенде баға деңгейі төмендейді. Бірақ егер негізгі өндіріс салаларында  еңбекақы деңгейі еңбек өнімділігінен  тез өскен болса, онда ұлттық шаруашылықта «шығын инфляциясы» деп аталатын жағдай қалыптасып, бағалардың жалпы  деңгейі өседі.

    Инфляция  негізінен шаруашылықта қалыптасқан  әртүрлі диспропорцияға байланысты болатынын ескере отырып, оның негізгі  себептерін қарастырып көрелік. Инфляцияның  пайда болу себептері:

    Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен  табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы  түрінде көрінеді. Егер тапшылық Орталық  банктің несиесі, яғни айналымға  қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған  болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады, сондықтан инфляцияны қалыптастыруы мүмкін.

    Екіншіден, егер инвистицияларды қаржыландыру, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық  банктің несие беруімен жүргізілетін болса, онда бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін.

    Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін ХХ ғасырда нарық  құрылымының өсуімен түсіндіреді. Бүгінгі нарық – көбіне олигополия түрінде қалыптасқан. Осы күнгі  ірі фирмалар (тауар өндірушілер, ұсынушылар) белгілі бір деңгейде нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне  бағаны өзі белгілей алады. Фирма  – олигополия бағаның өсуін қолдамаса  да оның деңгейін түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі. Қалыптасқан  өндіріс түріне жаңа фирмалардың  келуіне шек қою арқылы олигополиялық  фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ ұстап қалуға ұмтылады.

    Төртіншіден, ұлттық экономикалардың «ашыла»  түсуіне, олардың дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы қауіпі артады. «Импортталған  инфляциямен» күресу мүмкіншіліктері  де шектеулі келеді. Әрине, ұлттық валютаның  бағасын арттырып импортты арзандатуға  болады, бірақ бұл жағдайда экспорт  қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы  өтімділігі кемиді.

    Бесіншіден, «инфляцияны тосу» деген жағдайда байланысты инфляциялық процесс  өзін-өзі қолдап жалғаса береді. Батыс елдерінде, көптеген экономистердің пікірінше, «инфляцияны тосу» психологиясын  жеңу антиинфляциялық саясаттың  негізгі мақсаты деп анықталады.

    «Инфляцияны тосу» механизмі экономикаға қалай әсер етеді? Мәселе мынада: адамдар біраз уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың болашақта төмендеуінен күдер үзеді де, жаппай тауар сатып алуға көшеді. Сонымен қатар олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы үкіметке талап қояды. Еңбекақының өсуі тұтынушылық сұранымын одан әрі арттыра түседі.

    Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгілі бір комбинациясы (құрамасы) қалыптасады. Айталық, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Европа елдерінде тапшылыққа байланысты өте күшті инфляция қалыптасқан. Соңғы жылдары Батыс елдерінде инфляцияның негізгі себебі мемлекет шығындарының өсуі, «баға – еңбеқақы», «инфляциялық тосу», «инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы» және басқалары болды. Бұрынғы Кеңес Одағындағы инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау жүйесінде қалыптасқан экономикалық диспропорцияларды айтуға болды.

    2. Көптеген сөздіктерде баға –  тауар өлшемінің ақшалай түріндегі  құны деп түсіндіріледі. Баға - ақша соммасы.Осы үшін сатып  алушы тауарларды сатып алуға,  ал өндіруші сатуға дайын деген  ұғымды білдіреді. Нарықтық қатынастар  жағдайында бағаның ролі кез  – келген  коммерциялық ұйымдар  үшін  кенет артады.Мұндай жағдай  көптеген себептерге себепші  болады.Бағаның деңгейіне тәуелді  болатындар:

    1.Коммерциялық  ұйымдардың пайда мөлшері

    2.Ұйымдардың  бәсеке жарамдылығы, оның өнімдері

    3.Кәсіпорынның  қаржы тұрақтылығы

    Баға  өзінің макро – микро экономикалық мағынасында обьекті фактормен  өндірістің белгілі бір шарттарымен  нарықта тауарларды өткізу жағдайымен анықталады және мемлекеттің экономикалық саясатын белгілейді.Баға белгілеудің  маңызды қызметі барлық шығаратын  шығындарды жобалай отырып пайда табу.

    Баға  нарық реттеушісі. Ол тауардың нақты  түрлерін өндіруге мүмкіндік береді немесе тежейді, сұранысты шектейді немесе ұлғайтады. Ол тауардың нақты  түрлерін өндіруге мүмкіндік береді немесе тежейді, сұранысты шектейді немесе ұлғайтады. Осылайша белгілі  бір өнімнің өндіруі немесе тұтынуына  тікелей немесе жанама әсер етеді.

    Баға  шығындарды талап етпейтін ерекше күш  жігерсіз ақ кіріс әкелетін маркетингтік ең икемді элемент болып табылады. Өндірістің бәсекеге қабілеттілігі, сату көлемі, рентабельділік тағы басқа  экономикалық көрсеткіштер бойынша  дұрыс шешім қабылдауға байланысты. Өткізу бағасын белгілеу және өзгерту  кәсіпорынның баға саясатын зерттей  отырып жасайтын маркетингтік бөлімдердің  маңызды міндеті.

    Нарықтық  экономикада тауарларда бағалар  үнемі ауытқып отырады. Тауардың нақтылы түрлері және нақтылы  кезеңдері үшін бағаны өзерту бағыты әртүрлі болуы мүмкін. Сонымен  Қазақстан экономикасының жалпы  дамуына және шаруашылық жүргізушінің әрбір субъектісінде баға ерекше рол атқарады. Осыдан барып баға құрылымы жөніндегі саясатының мәндері  туындайды. Кәсіпорын шығаратын  өнімнің бағасы оны анықтайтын пайдасының маңызды факторы ғана емес, сонымен  қатар тауарды ойдағыдай өткізудің  жағдайына байланысты. Баға бұл жағдайда тәжірибелік құрал ретінде кәсіпорынға  бірқатар артқышылықтар әкеледі. Олар:

    біріншіден, сұранысты ынталандырудағы көптеген әдістерден өзгешелігі бағаны пайдалануда қосымша қаражаттарды қажет етпейді, жарнама шараларын жүргізуде орын алатын өндірісті дағдыландыру, жылжыту және тағы басқа қызметтерін атқарады.

    екіншіден, тұтынушылар белгілеген бағаны жарнама ретінде қарағанда оңай өнімді дараландыру сияқты өздеріне тауардың тартымдылығын табады.

    үшіншіден, соңында басқада ынталандыру әдісі атап айтқандай дербес сату және жарнаманы ұйымдастыру ең бастысы болып табылады. Баға оларды қолдауда ең қуатты құрал болып табылады. Бағаның тұтынуға ықпалы қандай болмақ? Ол деңгейге сай өзінің белгілерін табады.

    Белгіленетін  бағаның деңгейі сатып алушының артықшылығына оларды сол немесе басқада өнімді сатудан алатын болжамды пайданы көрсетеді. Егер де баға тауарларға тым жоғары белгіленсе, онда мұндай тауарлар сатып алынбайды. Ал сатып  алынған күнде ол аз мөлшерде өтеді. Тәжірибеде баға стратегиясының тұтас  бөлігі болады.

    Әуелі өндіріс шығындарынан әлдеқайда  жоғары сатады, ал содан соң бағаны төмендетеді.Төменгі баға стратегиясы.Бұл  сұранысты ынталандыру мақсатында жасалады. Өткізудің көп мөлшерінің нарықтағы тиімділігі және сұраныстың жоғары икемділігін сатып алушыларға бағаның төмендеуін қашан шұғыл  сезінеді және сұраныста сол уақытта  көбейеді. Кәсіпорын жаппай өндірудегі есебінен бағаның төмен деңгейін ұстап тұрады.

    Сараланған  баға стратегиясы.Бағаны  белгілеуде түрлі нарықтар олардың саралымдары және сатып алушылар үшін шегерімдермен үстемелерді бағаның орташа деңгейіне ұштастыруды көресетеді Жеңілдікті баға стратегиясы.Сатып алушылармен жұмыс істеуге бағытталады. Мұнда оларға тауарды жеңілдетілген баға ретінде ұсынуға болады.Икемді, икемділік баға стратегиясы.Баға сатып алушының мүкіншілігіне олардың сатып алу күштеріне байланысты белгіленеді. Тұрақты стандартты өзгермес стратегисыЖинақталмаған стратегиясы.Жаппай сатып алу стратегиясы.Баға деңгейінің тауар сапасына тығыз үйлестіру стратегиясы.

    Нарықтық  экономика жағдайындағы экономикалық субъектінің баға қоюы көбінесе мемлекеттің  экономикалық саясатына байланысты. Отандық кәсіпорынның көпшілігінде бағаның маркетингтік саясатымен маркетингтік бөлімдерінің менеджерлері айналысады. Кез-келген ашық акционерлік қоғамда  баға саясатын марктингті басқару бөлімінің  мамандары іске асырады. Бұл жалпы  алғанда бағаның дұрыс шешім  қабылдауына әсер етеді. Көптеген кәсіпорында  баға саясатымен экономика немесе басқа  бөлімдерінің қызметкерлері айналысатындықтан  тұтынушымен байланыс жасалмайды. Бұл  баға бойынша әрқашан дұрыс шешім  қабылдауға келе бермейді. Жоғары бағалар  тауар өткізуді тежейді. Ал төмен  бағалар бәсекелестердің назарын  аудартады, сондықтан нарықтық жағдайды үнемі талдап отыру керек. Нарық  жағдайында баға өзін құрастыратын факторларының  тығыз байланысының нәтижесі болып  табылады бұл фактор есепке алынбайынша  бағалар деңгейін анықтау мүмкін емес. Бағаға әсер ететін негізгі факторлар: өндіріс шығындары, көбіне мемлекеттің  экономикалық жағдайын және орташа салалық  өзіндік құнды бейнелейтін өндірістің қоғамдық шығындарына байланысты.

Информация о работе Инфляция жағдайындағы баға белгілеу