Паскаль программалау тілінде калькулятор құру

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 19:20, курсовая работа

Описание работы

Программалау жүйелері деп компьютердегі есептерді программалауды автоматтандыруға арналған программалар жиынтығы аталады. Программалау жүйесі пайдаланушыны немесе программистті өзінің мәселелерін оған қолайсыз машиналық командалар тілінде жазу қажеттілігінен босатады және оларға жоғары дәрежелі арнайы тілдерді пайдалану мүмкіндігін береді. Кіріспе немесе бастапқы деп аталатын осындай тілдердің әрқайсысы үшін, программалау жүйесінің, программа мәтінін кіру тілінен машина тіліне автоматты түрде аударатын (трансляция) программасы бар.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................
3
1. Паскаль программалау тілінің негіздері.....................................................
5
1. 1 Паскаль тілінің құрылымы.............................................................................
5
1. 2 Паскаль тілінің операторлары.......................................................................
2. Паскаль тілінде программа құруда бүтін сандармен жұмыс істеудің әдістері....................................................................................................................
2. 1 Паскаль программалау тіліндегі стандартты функция……………………
6

14
14
2. 2 Графиктік режимде жұмыс............................................................................
17
2. 3 Паскаль программалау тілінде калькулятор құру........................................
20
Қорытынды...........................................................................................................
26
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................

Работа содержит 1 файл

Мынаныыы бас!!!!.docx

— 73.69 Кб (Скачать)

Мазмұны

 

Кіріспе....................................................................................................................

  3

1. Паскаль программалау тілінің негіздері.....................................................

  5

1. 1 Паскаль тілінің құрылымы.............................................................................

 5

1. 2 Паскаль тілінің операторлары.......................................................................

2. Паскаль тілінде программа құруда бүтін сандармен жұмыс істеудің әдістері....................................................................................................................

2. 1 Паскаль программалау  тіліндегі стандартты функция……………………

6

 

14

14

2. 2 Графиктік режимде жұмыс............................................................................

17

2. 3 Паскаль программалау тілінде калькулятор құру........................................

20

Қорытынды...........................................................................................................

26

Қолданылған әдебиеттер....................................................................................

28


 

 

Кіріспе

          Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын программалау жүйесінің негізі Турбо Паскаль. Кез-келген программалау тілінде, соның ішінде Турбо Паскальда әр түрлі деңгейдегі есептерді шығаруда программалар құру үшін әр түрлі программалау жүйелері қолданылады.

Программалау жүйелері деп  компьютердегі есептерді программалауды автоматтандыруға арналған программалар жиынтығы аталады. Программалау жүйесі пайдаланушыны немесе программистті  өзінің мәселелерін оған қолайсыз машиналық  командалар тілінде жазу қажеттілігінен босатады және оларға жоғары дәрежелі арнайы тілдерді пайдалану мүмкіндігін  береді. Кіріспе немесе бастапқы деп  аталатын осындай тілдердің әрқайсысы  үшін, программалау жүйесінің, программа  мәтінін кіру тілінен машина тіліне автоматты түрде аударатын (трансляция) программасы бар.

Әдетте программалау жүйесінде:

  • қолданылатын программалау тілдерінің сипаттамалары;
  • тілді жүзеге асыру құралдарын сипаттау – бұл осы тілдерден аударғыш программалар;
  • стандартты бағыныңқы программалар кітапханасы бар.

Программалау тілдері  мен тілді жүзеге асыру құралдарын айыру қажет.

Программалау тілі – бұл  программаны құрайтын жазбалар жүйесін, пайдаланылатын грамматикалық құрылыс  синтаксисі мен семантикасын анықтайтын ережелер жинағы.

Тілді жүзеге асыру құралы – бұл жоғары дәрежелі тілдердегі жазбаларды машиналық командалар тізбегіне  айналдыратын жүйелік программа.

Программалау тілі шешіліп  жатқан есептер алгоритмін сипаттауға және жасалған жазбаны бір мағыналы түсіндіруге мүмкіндік беретін  жалпы қабылданған символдар  мен ережелер жиынтығының негізінде  құралады. Программалау тілдері дамуының негізгі беталысы программа құру процесін жеңілдету және олардың  құраушыларының еңбек өнімділігін  арттыру мақсатында олардың семантикалық дәрежесін көтеру болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты - Турбо Паскаль программалау тілінде калькулятор программасын құру және оны зерттеу. Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылды:

  • Есептің математикалық қойылымын  (математикалық моделін)

жасау ;

  • Есепті шешу алгоритмін жазу және оның құрылымы мен программалық әрекеттесуін зерттеу;
  • Алгоритмге сәйкес программа құруды және жазу;
  • Программа нәтижесін алу;
  • Программаның қатесін тексеру.

Бағдарлама есепті шешу алгоритмін жүзеге асырады. Мұнда берілген мақсатты жүзеге асыру үшін белгілі-бір операциялар  көмегімен анықталатын мәліметтерді орындауға пайдаланылатын әрекеттер  тізбегі жазылады. Программаның негізгі сипаты алынған нәтиженің нақтылығына, орындалу мерзіміне және қажетті жады көлеміне байланысты.

Паскаль тіліндегі программа  жолдардан тұрады. Программа мәтінін  енгізу немесе теру Турбо Паскаль  программалау жүйесінің кірістірілген  мәтіндік редакторының көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда программа  жүзеге асырылғаннан кейін бас менюде компиляцияланады және орындалады. Жолдар сол жақ шеттен түрлі қашықтықта басталуы мүмкін. Жолдағы операторлар  саны еркін түрде алынады. Оператор дегеніміз – берілген нұсқаулардың немесе алгоритмдердің машиналық тілде  жазылуы, яғни берілген есепті шешу мақсатында орындалатын іс-әрекеттердің түсінікті  түрде жазылуы.

 

 

  1. Паскаль программалау тілінің негіздері
  2. 1 Паскаль тілінің құрылымы

 

Компьютерге түсінікті командалар тізбегі арқылы жазылған алгоритм – программа деп, ал программа құру процесі программалау деп аталады.

Программалау тілі – ЭЕМ-де шешілетін әртүрлі есептердің программасын компьютерге түсінікті формада  жазу тәсілі болып табылады.

Программалау тілдері  жоғарғы және төменгі деңгейлі тілдер болып бөлінеді. Қолданбалы мазмұнды есептерді шешеуге бағытталған, командалардың мол жиынтығынан  тұратын табиғи тілге ұқсас программалау тілі – жоғары деңгейлі программалау тілі деп аталады. Қазіргі кезде  олардың бірнеше түрі бар. Жоғары деңгейлі программалау тілдерінің бірі – Паскаль тілі. Оның алғашқы  нұсқасын 1971 жылы Швейцария ғалымы Никлаус Вирт жарыққа шығарған болатын. Автор атақты француз математигі Блез Паскаль (1623-1662ж) құрметіне жаңа программалау тіліне оның атын берді. Паскаль тілі оқып үйренуге жеңіл, алгоритм құрылымы сақталған, қолданушыға ыңғайлы тіл болып қана қойған жоқ, сонымен қатар күрделі есептерді шешу үшін қолданылатын қуатты программалау тілі болып табылады.

Паскаль тілінің бірнеше  баламалары бар. Қазіргі кезде кең  қолданылатыны – Турбо Паскаль 7.0 баламасы. Кез келген Паскаль программа  жеке атынан және .pas кеңейтілуінен  тұратын мәтіндік файл болып табылады. Пскаль тілінде құрылған программаны мәтинелік түрде аудару үшін компилятор қолданылады. Турбо Паскаль жүйесі TP бумасында жазылады. Программаны жүктеу файлы: turbo.exe, ол әдетте BIN ішкі бумасында орналасады (мысал: C:/TP/BIN/turbo.exe).

Барлық программалау тілдерінің өз алфавиті болады. Алфавит – программада  пайдаланылатын түрлі символдар (әріптер, цифрлар, таңбалар, белгілер).

Паскаль тілінің алфавиті:

1. Латын алфавитінің бас (A-Z) және кіші (a-z) әріптері және _ астын сызу белгісі.

2. Араб цифрлары: 0-9

3. Арнайы символдар:

а) арифметикалық операция белгілері: +, -,

б) қатынас операцияларының  белгілері: =, <> (тең емес), >, >=, <, <=

в) тыныс белгілері: ; : . , ..

г) қосарлы символдар: {}, [], (), (**), (. .)

д) меншіктеу белгісі: :=

е) символдар: @, $, #, ^

4.Қызметші сөздер: and, begin, if, then, else, end …

Паскальдағы кез-келген деректер, яғни айнымалылар, тұрақтылар, фуекция  мәндері және өрнектер, өздерінің  типтері арқылы сипатталады. Тип  аталған обьектінің қабылдайтын  мәндерінің жиынын және деректердің  компьютер жадысында ішкі өрнектелу  форматын анықтайды. Паскаль тілінде  деректердің төмендегідей типтері бар: 1. Стандарт жай тип: бүтін (integer), нақты (real), логикалық (boolean),процедуралық, символдық (char, string).

2. Стандарт емес жай тип: санақты және шектеулі типтер

3. Құрылымдық тип: массив, жазу, жиын, файл.

Бүтін және нақты сандардың integer және real-дан басқа бірнеше  типтері қолданылады. Олар төмендегі  кестеде көрсетілген:

Кесте 1.

Паскаль тілінде деректер типтері

 

Типтің аты

Сан аралығы

Форматы (байт)

     

1. Өрнектердің бүтін типтері

Shorting(қысқа бүтін)

-128..127

 

1

Integer(бүтін)

-32768..32767

2

Longint(ұзын бүтін)

-2147483648..2147483647

4

Byte(байт)

0..255

1

Word(сөз)

0..65535

2

2. Деректердің нақты типтері

Real

2.9e-39..1.7e38

6

Single

1.5e-45..3.4e38

4

Double

5.0e-324.. 1.7e3.8

8

Extended

3.4e-4932..1.1e4932

10

Comp

-9.2e18..9.2e18

8


 

Char - мәні символ болатын айнымалы типі, жадыдан 1 байт орын алады. String - символдар жолы, жадыдан мах+1 орын алады. Мұндағы мах- жолдағы символдардың ең көп саны.

Boolean - логикалық тип, falce(жалған) немесе true(ақиқат) екі мәннің біреуін қабылдайды, жадыдан 1 байт орын алады

 

1. 2 Паскаль тілінің операторлары

 

Паскаль тілінің меншіктеу  операторының жалпы түрі:

Айнымалы:=өрнек

Енгізу операторының жазылу үлгісі:

Read(айнымалылар тізімі);

Енгізілетін мәндер бос орын арқылы теріледі. Read операторының соңына ln жалғауы қосылып жазылуы мүмкін: readln (readline-жолды оқу). Бұл жағдайда курсор келесі жолдың басына көшіріледі де, мәліметтер бірінің астына бірі жаңа жолға енгізіледі.

Мәтінді экранға шығару үшін паскаль тілінде төмендегі оператор қолданылады.

Write (параметрлер тізімі)

Writeln болып жазылса (Writeline - жолды жазу) курсор жаңа жолға көшіріліп, мәліметтер бірінің астына бірі шығады.

Write(x:n:m) - нақты типті х айнымалысының мәнін экранға көрсетілген үлгіде шығарады.

Мұндағы

N - экранға шығатын барлық символ саны.

M - бөлшек бөліктің цифрлар саны (0≤m≤n)

Меншіктеу, енгізу, шығару операторларын  қолданып құрылған сызықтық программа  қарастырайық:

Үш қабырғасы берілген үшбұрыштың аудынын табу программасын құру керек.

Program Geron;

Var a,b,c:integer;

P,s:real;

Begin

Write(‘ushburishkabirfalarinengiz’);

Read(a,b,c);

P:=(a+b+c)/2;

S:=sqrt(p*(p-a)*(p-b)*(p-c));

Writeln(‘Ushburishaudani =’,S);

End.

Шартты оператор қандай да бір шартты тексеріп, оның нәтижесіне байланысты белгілі әрекетті орындауды  жүзеге асырады. Оның жазылу үлгісі:

1. IF шарт THEN 1-оператор ELSE 2-оператор;

2. IF шарт ТHEN оператор.

1-жағдай шартты оператордың  жазылуының толық түрі, 2-жағдай қысқа түрі деп аталады.

Кейде then, else қызметші сөздерінен кейін бір емес, бірнеше оператор енгізуі мүмкін. Паскальда осы  сияқты 1 серияда орындалатын операторлар  тізбегі бір оператор түрінде  қарастырылады да, оны құрама оператор деп атайды. Құрамы оператор begin, end оператоорлық жақшаға алынады.

Егер шарттың саны біреуден артық болса, онда ол құрама шарт деп  аталады. Құрама шарттар арасында and (және), or (немесе), not (емес) қызметші сөздері жазылады және жай шартты жақша «( )» алынып жазылады.

0<x≤5 Шарты Паскальда былайша жазылады: (x>0) and (x<=5).

Таңдау операторы.

Таңдау операторы арқылы программадағы мүмкін болатын бірнеше  оператордың біреуі таңдалады. Real және String типтерінен басқа кез-келген типті  қабылдайтын айнымалы немесе өрнек  таңдау параметрі болып табылады. Ол сұрыптаушы деп аталады.

Таңдау операторының құрылымы:

Case сұрыптаушы of таңдау тізімі else оператор end;

Немесе

Case өрнек of

1-тұрақты: 1-оператор;

1-тұрақты: 2-оператор;

...

n-тұрақты:m-оператор;

else оператор

end;

case- жағдай, of- бойынша қызметші сөздерді.

Бұл оператор былайша жұмыс  істейді:

Алдымен өрнектің мәні есептеледі, сонан соң өрнектің мәніне тең  тұрақты ізделінеде. Сәйкесінше сол  тұрақтыдан кейін жазылған оператор орындалады да, таңдау операторының жұмысы аяқталады. Егер тізімде есептелген мәнге тең тұрақты табылмаса, басқару else сөзінен кейін тұрған операторға беріледі.

Информация о работе Паскаль программалау тілінде калькулятор құру