қабылдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 20:33, реферат

Описание работы

Қабылдау – бұл заттар мен құбылыстардың өздеріне тән белгілерінің
мәнін түсінуден оларды тікелей тұтас күйінде сезімдік бейнеге
түсіру.

Работа содержит 1 файл

Қабылдау.docx

— 19.98 Кб (Скачать)

Қабылдау: негізгі қасиеттері және түрлері

Қабылдау – бұл заттар мен құбылыстардың өздеріне тән белгілерінің

мәнін  түсінуден    оларды  тікелей  тұтас күйінде сезімдік  бейнеге

түсіру.

Мақсат бағытына, ерік қатысына орай  қабылдау екі формаға

бөлінеді: ырықсыз (ниеттелмеген, ерік күшімен, алдын ала белгіленген

мақсатпен байланыспаған) және ырықты (мақсат бағдарлы).

Рецепторлар қызметіне қарай қабылдау көру, есіту және сипай сезу

түрлерімен ажыралады.

Күрделілігі, жайылымдылығы, перцептивті әрекеттерімен қабылдау

симультанды  (бір  әрекетті)  және  сукцессивті  (кезеңді,  бірізді)

формалдығына ие.

 

Қабылдаудың төрт түрі белгілі: сенсорлы (сезімдік) – нысанның

сезіммен қабылданып, оның санаға өтуі; перцептивті  - нысан мәнін

түсіну, оны белгілі категорияға, объекттер тобына жатқызу; оперативті

(нақты әрекеттік) – нысанның қандай да тарапын қамтып, қызметке қосу;

іс-әрекеттік – қызмет мақсатына орай нысанмен ықпалдас қатынасқа

келу.

Қабылдау түрлері бейнеленетін нысан ерекшеліктеріне орай өзара

топтасуы мүмкін, мысалы, көркем шығарманы, сөзді қабылдау, табиғат

әсерлері мен өрнектерін қабылдау және т.б. әдетте, қабылдау қандай да

іс-әрекетке қосыла орындалады, дегенмен ол өз алдына да, дербес жүруі

мүмкін.

Қабылдаудың жалпы заңдылықтары: мағыналылығы, жалпылығы,

заттасқандығы,  біртұтастығы,  құрылымдылығы,  таңдамалы 

бағыттылығы, апперцепциялылығы (өткен тәжірибеге негізделуі),

константтығы (тұрақтылығы).

Қабылдаудың мағыналылығы және жалпылығы. Қабылдау нәтижесі

– заттың сөзбен өрнектеліп, белгілі категорияға, түсінікке қосылуы. Заттар

мен құбылыстардың аса  қарапайымдасқан түсінім формасы – тану.

Қабылдаудың заттасқандығы – заттар жөніндегі ми ақпаратының

шынайы заттармен сәйкес келуі. Қабылдаудың заттастығы санада

қабылданып, өрнектелген  бейнелердің шынайы болмыс заттарына

адекваттығын (сәйкестігін) білдіреді.

Қабылдау біртұтастығы – затты тұрақты тұтастық жүйе

ретінде бейнелеу (нақты жағдайда заттың кейбір бөлшектері болмай

қалса да).

Қабылдау құрылымдылығы. Әрқилы нысандарды оларды құраушы

тұрақты бөлшек, не белгілерін ажыратумен танимыз.

Қабылдаудың таңдамалылығы. Төңірегіміздегі мың сан заттар

мен құбылыстардан біз нақты мезетте қажетімізге керегін ғана бөліп

аламыз.

Апперцепция – қабылдаудың тұлғалық тәжірибеге, білімге, мүдделер

мен ұстанымдарға тәуелділігі, мысалы, түбір – агроном үшін өсімдіктің

жер бетінде көрініп қалған бөлігі, математик үшін – 00 фигура, тілші

үшін – сөздің мәнді  бөлігі.

Қабылдау тұрақтылығы – заттардың шынайы сапаларының

(көлемі, түр-түсі, формасы) мида бейнеленуінің оларды қабылдау

жағдайларына (жарыққа, қашықтыққа, көз салу қалпына және т.б.)

тәуелсіздігін білдіреді.

 

Қабылдау түрлері: затты, уақытты қабылдау; қатынастарды,

қозғалыстарды, кеңістікті қабылдау; адамды қабылдау.

 

 Зейін: негізгі қызметтері мен түрлері

Зейін – бұл психикалық іс-әрекеттің бағытталуы мен шоғырлануы.

Осы әрекеттің таңдамалылығы  мен сақталуы оның бағыттылығын

танытса, ал сол әрекетті  тереңдей танумен басқаларын елемеу – зейіннің

шоғырлылығын білдіреді. Бұл анықтамадан болатын қорытынды - зейін

өз өніміне ие емес, ол тек басқа психикалық үдерістердің нәтижелілігін

көтеру қызметін атқарады.

Зейін сана қызметінің іске асуын қамтамасыз ете отырып, сыртқы

әсерлерді  бөлшектейді, нақты сәттегі мәнді ықпал бірліктерін ажы-

ратады және оларға аса жоғары аналитик-синтетикалық күштерді

шоғырландырады. Осыдан сана айқын да анық деңгейге көтеріліп,

қажетті бағыт-бағдар алады.

У. Джемс зейіннің келесі түрлерін қарастырады: ) сезімдік (сенсор-

лы) және ақыл-естік (интеллектуалды); 2) тікелей нақты, егер нысан

өздігінен көңіл тартатын болса, және туынды (жанама); 3) ырықсыз

не енжар, күш жұмсауды қажет етпейтін және ырықты (белсенді)

– ерік қосумен болатын.

Ырықсыз зейін қандай да затқа ешбір ниетсіз-ақ бағдарланады және

ол үшін ерік күшін қажет етпейді.

Ырықты зейін немесе ерікті зейін нысанға әдейі, белгілі мақсат

қоюмен бағытталып, саналы да ерік жұмсаумен қалаған қажет уақыт

аралығында орындалып жатады.

Егер іс-әрекет адамды қызықтыратын болса, ырықты зейін үйреншікті 

зейінге өтеді де, енді ерік күші тіпті қажет болмай қалады. Ырықта зейін

сияқты бұл зейін түрі белсенді сезімімен, мақсат бағдарлылығымен және

ниеттілігімен ерекшеленеді. Аталған үш зейін түрлері өзара ауысып, іс-

әрекет бабына, мақсатына орай қызмет жасауы мүмкін.

 

В.Н. Страхов өз еңбектерінде өзіндік бағдарлау  деген зейіннің және

бір түрін атап көрсетеді.

Өзіндік бағдарлау нысаны жеке адамның өз бойындағы әрекет-қылық

сипаты, өзінің сөйлеу және қатынас мәнері, әлеуметтік рөлі және т.б.

болуы мүмкін. Зейіннің бұл түрі арнайы қызмет те атқарады, мысалы,

тұлғаға өз бойындағы әрекет-қылық, мінез өзгерістерін өзінше байқап,

өзіндік ақпараттарды жинақтауға  мүмкіндік береді. Мұндай зейіннің

қалыптасуы үшін адам біршама күш-қуат жұмсап, жаттығуы қажет.

Сыртқа бағытталған зейін – тысқы ортадағы мәнді заттар мен

олардың маңызды тұстарын бөліп қарастыруға жұмсалады.

Ішке бағдарланған зейін – психиканың өз қорындағы ниетті нысан-

дарды бөліп алу қызметін атқарады.

Зейін әрдайым адамның ұстанымдары мен оның әрқандай іске

бейімділігі және дайындығына байланысты.  Ұстаным, ниет тұлға

ағзаларының сезімталдығын, барша психикалық іс-әрекеттің деңгейін

арттырады.

Зейін жеке-даралықты және ұжымдық  болып та ажыралады.

Ұжымдық зейін бір қызметпен шұғылданып, бір мақсатқа жұмылған

орындаушылар арасында қалыптасады, мұндайда  топтағы бір мүшенің

ықпалы басқалар зейініне өзгеріс ендіруі мүмкін.

Зейін  қасиетері:  тұрақтылығы,  шоғырлылығы,  көлемі  мен

ауысуы.

Зейін тұрақтылығы оның уақыт аралығында шоғырлы сақталу

мерзімімен анықталады. Іс-әрекет барысында субъекттің өзі сезбейтін,

бірақ іс өніміне әсер етпейтін қысқа мерзімді зейін тербелістерінің

болуы да заңды.

Зейін  шоғыры  (концентрация)  зейін  тобының бір  нысанға

бағытталып, оның аймағына енбейтіннің  бәрін елемеуімен сипат-

талады.

Зейіннің бөлінуі бір уақытта бір не одан көп іс-әрекеттерді орындау

мүмкіншілігін беретін психикалық әрекеттердің ұйымдасу сипаты.

Зейін көлемі – бір уақытта анық та айқын қабылдануы мүмкін өзара

байланыспаған заттар саны.

Зейін ауысуы – жаңа мақсаттың белгіленуімен психикалық әрекет

бағдарының саналы әрі ниетті өзгеріске түсуі. Кейде зейін іс-әрекеттің

нәтижесіне орай толық ауысуы – не аяқталмаған ауысуға түсуі

мүмкін.

Зейіннің жеке – даралықты ерекшеліктері – бірнеше жағдаяттарға

байланысты.  Олар:  жоғары  жүйке қызметінің  типі,  тек өкілінің

психикалық  даму  жағдайы,  оның  күнделікті  психикалық  қалпы,

үйреншікті қызметінің шарттары.


Информация о работе қабылдау