Адам қызметінің әртүрлі саласында теорияның маңыздылығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 21:55, реферат

Описание работы

Адам қызметінің әртүрлі саласында теорияның маңыздылығын ежелгі ойшылдарда айтып кеткен. Грек философы Анаксагор ''Практикалық іс-әрекеттің еркін өрістеуі мен үнемді болуы тек қана теориялық танымнан'', -деген. ''Әркім жақсы білгенінен данышпан'',- деп Сократ та текке айтпаған.

Работа содержит 1 файл

Адам қызметінің әртүрлі саласында теорияның маңыздылығын ежелгі ойшылдарда айтып кеткен.docx

— 37.25 Кб (Скачать)

Адам қызметінің әртүрлі саласында теорияның маңыздылығын ежелгі ойшылдарда айтып кеткен. Грек философы Анаксагор ''Практикалық іс-әрекеттің еркін өрістеуі мен үнемді болуы тек қана теориялық танымнан'', -деген. ''Әркім жақсы білгенінен данышпан'',- деп Сократ та текке айтпаған. Теориялық білімдердің маңыздылығы бүгінгі ғылым мен техниканың, өмірдің барша тарма-ғында кең орын алуына орай ерекше артып отырЕң алдымен ескертетін жәйт: адамның дамуында бір-біріне байланысты екі өзек байқалады, оның бірі - биологиялық, екіншісі - әлеуметтік. Осы бағыттар адамның дүниеге келген күнінен бастап оның дамуы мен қалыптасуында көрініс бере бастайды. Адам туылғанда тек биологиялық тіршілік иесі болып танылады, жеке тұлғалыққа жету әлі ерте. Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның өмір бойы мүшелік пісіп жетілуі және қалыптасуы процесінің сипатын көрсетіп отырады. Адамның биологиялық кемелдену және өзгеру процесі, оның дамуының жастық сатылары мен мінез-құлығында көрініп, осыдан балалық, жасөспірімділік, ересектік және қариялық табиғи бітістерін ажыратамыз.

Бірақ адамның табиғи дамуы көпсанды әрі сан алуан әлеуметтік салалар мен қасиеттерді қабылдауымен тығыз байланыста бірге дамып барады, бұл адамды қоғамдық тіршілік иесі ретінде сипаттайды. Мысалы, нәрестенің жақын адамдарды танып, күлімсіреуі, кейін тілге келуі, тік жүру қабілетін игеруі, үйдегі және көпшілік арасындағы қалыптары, еңбектеуі және т.б. өсе келе ол білім игереді, моральдық қалыптар мен ерекшеліктерді орындайды, әртүрлі жұмыс істеуге ептіліктер мен дағдыларды қалып-тастырады және олардың барлығы да өмір барысында адамда пайда болып, дамып отырады.

Сонымен, адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің қоғамдық мәнін 
сипаттайтын к
өптеген әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қалыптастырады әрі дамытады. Міне осыдан, ол ғылымда биоәлеуметтік тұлға, субъект, яғни тарихи-қоғамдық қызмет пен таным иесі деп танылады. Демек, "адам" түсінігі осыдан биологиялық және әлеуметтік (қоғамдық), сапа мен қасиеттердің бірлігін білдіреді.

Ал ''жеке адам'' түсінігін алатын болсақ, ол тек қана әлеуметтік сапа мен қасиеттерді игерген тұлғаны танумен байланысты. Бұл тұлға қоғамдық тіршілік иесі сипатында көрініп, тіл игеруі, санасы, әртүрлі әдеттерімен ерекше-ленеді. Жеке адамдық қасиетке ие болу, оның табиғи, биологиялық болмысына емес, қоғамдық қасиеттерге тікелей байланысты. Сонымен ''жеке адам'' дегеніміз адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді.

Жеке адамдық сапалар өмір барысында қалыптасқан-дықтан, олар біреулерде айқын көрініп, басқаларда күңгірттеу болады. Олай болса, жеке адамдық дәреже деңгейін қалай білеміз және оның өлшемдері қандай деген сұрақтар туындайтыны сөзсіз С. Л. Рубинштейннің зерттеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс-әрекетін саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады, яғни өз әрекетін ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы; өз бетінше дербес іс-әрекетін жасай білуі - жеке адамның мәнді белгілері. Белгілі философ-ғалым В. П. Тугаринов жеке адамның сапалық көрсет-кіштері ретінде төмендегілерді атайды: 1) саналылық; 2) жауапкершілік; 3) еркіндік; 4) жеке басының қадірі; 5) даралық; осыларға және қоғамдық белсенділік пен бекіген саяси-идеялық бағытты қосады.

Жеке адамдықтың критерийлерін (өлшемін) белгілеумен В. П. Тугаринов бұл түсінікті адамның жастық әрі психикалық кемелденуімен байланыстырады.

Егер жеке адам өз сапа және іс-әрекетін қоғамдық прогресс бағытымен ойластыра алса, өз бойына игерген сапа мен қасиеттерді неғұрлым айқын көрсете алса, өз іс-әрекетіне ерекше жасампаздық сипат бере алса, оның құндылығы арта түседі. Бұл тұрғыдан ''адам'' және ''жеке адам'' түсініктерінің сипаттамасы ''даралық'' түсінігімен толықтырылады.

Даралық бір адамның екіншісіне ұқсамайтын, өзін-дік ерекшелігі мен өзгешелігін сипаттайды. Даралық, әдетте, мінез бен темпераменттің айрықша бітістері (сал-мақты, сабырлы), шығармашылық іс-әрекет және қабілетінің ерекшеліктерінің (ойлап тапқыш, ұқыпты) өзіндік көріністерімен бөлектенеді. Аталғандар сияқты мұғалімнің де даралық белгілері оның терең білімдар-лығында, педагогикалық ой-өрісінде, балаларға жайлы-лығы мен еңбектегі жасампаздығында танылуы мүмкін. Даралық түсінігі бір адамды екіншіден айырып, оған өзіндік қайталанбас сән беретін жалпылық және жалқылық қасиеттерді білдіреді.

Адамның қоғамдық тіршілік иесі сипатының толықтығы үшін "индивид" түсінігін де білген жөн. Бұл латын сөзі қазақша ''жекелік'' дегенді білдіреді. Түсінік ретінде одан адамзат тегінің әрбір бөлек өкілін, оның сапа-қасиеттеріне қатысынсыз танимыз. Бұл тұрғыдан әрбір ақыл-есі дұрыс адам ''индивид'' бола алады. ''Жеке адам'' түсінігінің және онымен байланысты ғылыми категориялардың мәні міне осындай.

Ал жеке адамдық сапалар адамның өмір барысында дамуы және қалыптасуынан педагогика үшін ''даму'' және ''қалыптасу'' категорияларының мәнін ашып беру өз алдына маңызды. Сонымен бұл түсініктер нені білдіреді?

Қазіргі заманғы иедалистік философия, психология мен педагогика әлеуметтік төңкерістер мен күйзелістерге толы қоғам жеке адамның тозуына себепші, сондықтан да адам өзінің шын кемеліне жету үшін қоғаммен байланысын үзу қажеттігін дәріптейді. Бұдан шығатын қорытынды: адамдық мән рухани және әлеуметтік бостандықты алу үшін күрес емес, өз болмысының шын, ең жоғары сыр-мағынасын тану (экзистенциализм) немесе тәңірлік кемелге жақындау (неотомизм).

Информация о работе Адам қызметінің әртүрлі саласында теорияның маңыздылығы