Қазақстанның сыртқы экономикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 18:35, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық қоғамдастыққа кіру жағдайында, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді. Сол себептен де әлемдік экономикалық қатынастар мәселелері зор маңызға ие болып, әлемдік қатынастардың даму жағдайы мен қызметін үйренудің қажеттілігі артады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
1 Сыртқы экономикалық саясаттың теориялық аспкектілері
1.1 Сыртқы экономикалық саясат мәні, қағидалары және мақсаттары............5
1.2 Қазіргі кезеңдегі сыртқы экономикалық саясат...........................................
2 Қазіргі Қазақстанның экономикасы, әлемдік нарықтағы орны мен ролі
2.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық нарықтағы орны.16
2.2 Қазақстанның халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі................19
2.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы экономикалық
кеңістіктің дамуы...............................................................................................21
3. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер мен жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер...........................................................................................24
3.2 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орнын жетілдірудегі мемлекеттің саясаты.....................................................26
Қорытынды......................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................30

Работа содержит 1 файл

СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКА.doc

— 228.00 Кб (Скачать)

Қазіргі кездегі дүниеде ұлттық мүдде саясаты бір рөлдерді атқарады, олардың бірқатары жабық түрде айқындалады. Атап айтқанда, шетел баспасөзі НАТО-ны шығысқа қарай кеңейту шараларын, бір жағынан, текті өкілеттілігі ретінде, яғни Европаға бейбітшілікті нығайтатын ұлы өкілеттілігі ретінде екінші жағынан – Шығыс Европаға әскери, саяси және экономикалық бағыт, бақылау қою ретінде түсіндіріледі.

Кез-келген елдің ұлттық мүддесі әр түрлі елдердің ұлттық мүдделері ықпалымен шектеледі. Ол халықтардың бірлескен мүдделерге қол жеткізуі үшін мемлекеттердің күш әрекеттерін біріктіруге ұмтылуынан көрінеді.

Демек, республиканың халықаралық аренаға арнаған табысты түрде енуіне сәйкес, оның әлемдік шаруашылық жүйесіндегі орны да анықталады.

Бұл кезде ұлттық мүдделердің сәйкес түрде жүзеге асыруына- ұлттық рухани және мәдени құндылықтармен қатар әлеуметтік, экономикалық және саяси фактор құраушыларының жүйелері де ықпал етеді. Әлемнің саяси картасында, әсіресе  ТМД  кеңістігінде Ресей Федерациясының ұлттық мүдделері айқын формада белгіленген. Ол өзінің ұзақ мерзімдік мақсаттарында қоғамдық қатынастардың гуманисттік сипатымен қатар, әлемнің ірі және дамыған державасы ретіндегі Ресейді құруға ұмтылады.

Сонымен бірге, орташа мерзімдік мақсаттарда нақты түрде белгіленген, оның құрамына мыналар кіреді: ТМД шеңберінде тұрақты өзара байланыстар, жалпы Европалық қауіпсіздікті сақтау, сонымен бірге белгілі бір жергілікті аймақта сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруда Ресейлік кәсіпорындарға жағдайлар жасау.

Осы айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады: яғни сыртқы экономикалық саясат белгілі бір міндеттерді жүзеге асырудың формаларын, әдістерін негіздеуді, сонымен бірге оны жүзеге асыру үшін белгілі бір технологияларды қолдануды талап етеді.

Бұрыңғы Кеңестік мемлекеттердің сыртқы экономикалық саясатымен ссалыстырғанда Ресейдің сыртқы экономикалық саясаты халықаралық ынтымақтастықтың балама бағыттарымен қаныққан.

Дегенмен осы елдердің сыртқы экономикалық саясатының принциптері белгілі бір дәрежеде ұқсас болып келеді. Олар төмендегілерден тұрады: [4,2б]

                       Ұлттық мүдделердің басымдылығынан;

                       Негізгі және жергілікті сыртқы саяси мүдделерден;

                       Екінші реттегі мүдделер мен олардың сәйкестілігінен;

                       Қауіпсіздіктің ұжымдық жүйелеріне қатысты кейбір жағдайларда ұлттық мүдделер шебінен;

                       Ғаламдық мәселелерді бірлесе шешуге ұмтылуынан;

                       ХЭҚ (халықаралық экономикалық қатынастар) субъекттілерінің шынайы теңдігінен;

                       Дамудың белгілі бір жолын тандағандағы ең құқығын құрметтеуінен;

                       Халықаралық келіспеушіліктерді шешуде ымыраға келуден;

                       Сыртқы экономикалық стратегияны жүзеге асырудың жүйелік жолы.

Техникалық революцияның жаңа толқыны кейбір елдерді айналып өтті, яғни өз дамуында алдыңғы қатарлы елдерден артта қалып бара жатқан осы елдердің мүдделері мынада: қоғамдық қатынастарды жетілдіру негізінде еңбекті ұйымдастыру әдістерін жетілдіру қажеттілігі.

 

1.2 Қазіргі кезеңдегі сыртқы экономикалық саясат

 

Құрамына 188 мемлекеттік құрылым кіретін қазіргі кездегі әлемдік шаруашылық динамикалық әлем болып табылды, мұндағы өзара байланыстар ассиметриялы, ал әр түрлі елдер тобы ынтымақтастық процесіне бірдей жағдайларда, бірақ әр түрлі дәрежеде қатысады.

Европалық Одақтан басталған регионализм саясаты «әр түрлі жылдамдықта мемлекеттердің дамуы» деген түсінік енгізді.

XX ғасырдың соңында ғылыми-техникалық революцияның (ҒТР) дамуы жайында бұрын сонды бірдей экономикалық жағдайда болған көптеген мемлекеттер бір-бірінен алшақтай бастады. Және де өз дамуларына қарай әр түрлі елдер тобына кіре бастады. Көптеген факторлардың ішінде даму жылдамдықтарының алшақтауының ұлғаюы деген мұндай феномен жекелеген елдің, елдер блогының сыртқы экономикалық саясатының мазмұндылығымен, сонымен бірге әлемдік шаруашылықтың дамуының көптеген сыртқы факторларымен алдын ала анықталған.

КСРО-ның күйреуі, ұлттық мемлекеттер экспансиясындағы әскери емес әдістердің күшеюі жылдамдықтардың алшақтау процесін одан сайын үдетті, ал олардың қарқындары мен сапасы әр алуан болды. Оңтүстік-Шығыс Азия, Орта Азия, ТМД кеңістігі, Балтық теңізі жағалауындағы елдер бұл айтылғанға мысал бола алады.

Мұның барлығы мынаны дәлелдейді: дүниежүзілік аренадағы экономикалық күштердің кез-келген балансына қол жеткізудің объективті факторы құраушылардың болуымен ғана емес, сонымен бірге нысаналы бағытталған сыртқы экономикалық саясат арқылы жүзеге асырылады.

Осы жоғарыда айтылғанға сәйкес, сыртқы экономикалық саясатты автономды құбылыс ретінде қарастыруға болады, өйткені қазіргі кезде халықаралық салыстырулар маңызды емес, бұл жерде олардың белгілі бір қоғамдық қайта құруларын туындататын факторларды, құралдарды салыстыру маңызды болып табылады.

Осы көзқарас тұрғысынан алғанда, сыртқы экономикалық саясат сыртқы дүниемен үзіліссіз байланыста жекелеген елдердің дамуындағы модельдердің трансформациясын белгілеуге мүмкіндік береді және де жалпы құндылықтарды (ел ішіндегі қарама-қайшылықтарды жою, жаңа экономикалық механизмге бейімделу), сонымен бірге саясатты жүзеге асырыудың әдістемелік жолдарының сипатын анықтауға мүмкіндік береді.Экономикалық табиғатта көп түрлі ғажайыптардың (жапондық, германдық және т.б) болуына қарамастан, құндылық бағалар деңгейі, сыртқы экономикалық саясаттағы белгілі бір институционалды құрылымның белгілі бір құралдары қолдануы – бізге ұлттық ерекшеліктердің саясаттың жалпы қабылданған элементтерімен үйлесуі типін белгілеуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, бір жағынан қазіргі кезеңдегі халықаралық экономикалық байланыстардың  (ХЭБ) ортақ белгілері мен тенденцияларын атап көрсету, екінші жағынан кейбір елдердің табысқа жету формуласы мен жетістіктерін, ал басқа елдердің жеңілістерін атап өту қажеттілігі туындайды.

Функцияларды осылай бөлу олардың жеке түсіндірілуін талап етеді. Атап айтқанда АҚШ, Қытай сияқты мемлекеттердің  "шабуыл жасау" саясаты сол елдердің бүкіл әлемге әсер етуіне жағдай жасайды. Ал басқа мемлекеттерге қатысты  "шабуыл жасау" саясаты көршілестік, бейбітшілік принциптерін жүзеге асырумен қатар, ынтымақтастықтың өсуіне әкелді. СЭС-тің жалпы (барлық) құралдары әр мемлекеттің экономикасындағы қайта өзгертулердің таңдалған үлгісінің негізі болып табылады. Бірақ олардың айырмашылықтары сол құрамдардың белгілі бір бөліктерін таңдаумен және олардың құрастырылуымен анықталады.

Енді таңдалған саясаттарды, стратегияларды атап өтейік: [5,119б]

                       басшы, яғни топ жарып, алға шығу саясаты (ғылыми технологиялардың рөлі жоғары болып саналатын өндірістерде жұмыс істейтін жұмысшы күшінің проценті(hightrust societies));

                       «сонынан ілесіп даму» саясаты (Қытайдағы халықтың 2/3-і ауылшаруашылығында, ал өндірістік салаларда жұмыс істейтін жұмысшы күшінің үлесі көп емес. Қытай табыстары батыс технологияларына негізделген және олар қарапайым өндірістерде шоғырланған, ал жаңа революция халықтың аз бөлігін қамтиды.);

                       «аралас типтегі өтпелі экономикасы бар қоғамның жетілуі» (табиғи ресурстарды пайдалану факторының басым болуы және табиғи өсім есебінен дамуы). Экономикалық саясаттағы өзгерістердің үлгісін таңдау проблемалық сипат алып отыр. Ол мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, кез келген өзгеріс сияқты халықаралық өзара байланыстар жүйесінде де өзгерістер туғызады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Қазіргі Қазақстанның экономикасы, әлемдік нарықтағы орны мен ролі

2.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орны

 

Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егемеңді тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 120-дан астам елі мойындады. Минералды ресурстарға бай Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 200-дей біріккен кәсіпорын құрылды. Өнеркәсібі дамыған елдермен (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея т.б.) халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жүзеге асуда. Осындай игі істер АСЕАН елдерімен, әсіресе –  Индонезия, Малайзия, Сингапурмен жасалуда. Ынтымақтастық Таяу және Орта Шығыс еддерімен дамуда. Оларға: Түркия, Иран, Сауд Аравиясын жатқызамыз. Ресей, Өзбек, Қырғыз елдерімен экономикалыкқ қатынастар басым бағыттар ұстауда. Еуропа экономикалық одақ елдерімен Қазақстанның экономикалық қатынаста болуы үлкен стратегиялық мүдделілікті байқатады. Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қазақстан барлық ТМД елдерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда. Қытаймен өзара ұзақ мерзімді қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзіндегі 60-тан астам елдермен сауда қатынастарын жүргізуде. [6; 3б.]

              Қазақстан экономиканы реформалауда шетел капиталын бәсекелестік негізде тартуды алға қоюда. Ол экономиканың күрделі мәселесін шешіп қана қоймайды, жаңа технологияны әкелуді, экспорттық өнімнің бәсекелік қабілетін арттыруды көздеп, ішкі нарықты өзімізде шығарылған тауар мен толтыруды мақсат етеді.

              Әлемдік экономикаға қарай интеграциялану, бүгінгі таңда Қазақстан экономикасын тығырықтан алып шығудағы жүзеге асырылатын басты міндеттердің бірі республиканың әлемдік экономикалық қоғамдастыққа тезірек бірігуі болып отыр. Мұнда біз өз мүмкіндіктерімізді дұрыс бағалап, әлемдік еңбек бөлінісінде өз орнымызды табуға және осы қоғамдастыққа кіру тәсілдеріне байланысты болады. Осы күрделі міндеттерді орындау үшін бізде барлық қажетті алғы шарттар: орасан зор шикізат, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және маман кадрлар әлеуеті, нарықтық реформаларды белсенді жүргізуге көмектесетін тұрақты қоғамдық – саяси  жағдай сондай – ақ, Қазақстан басшылығының шаруашылық жүргізудің нарықтық түрлеріне өту қажеттігіне деген берік сенімі мен осы бағытта қолданылып жатқан шаралар бар.

              Қазақстан мемлекетаралық қатынастарға 1992 жылдан бері шығып келеді. Сол уақыттан бері 40-тан астам мемлекеттің іскер топтарының ресми адамдарымен және өкілдерімен келіссөздер болды. 20-дан аса сауда-экономикалық келісімдерге қол қойылды.

              Бүгінде республикада 160-тан астам шет ел фирмаларының, банкілерінің, өзге ұйымдардың өкілдерді тіркелді. Мысалы, АҚШ бізде өзінің 11, Жапония 9, Швейцария 8, Ұ Ұлыбритания 5 өкілдіктерін ашты. Бұл ретте Германия ең алдында келеді, оның 22 өкілдігі бар. [7; 4б.]

              Сауда – экономикалық,     ынтымақтастық     жөніндегі үкіметаралық комиссиялар Германиямен, Қытаймен, Тұркиямен, Израильмен, Иранмен, франциямен, Үндістанмен және басқа да бірқатар елдермен табысты жұмыс істеп жатыр.

              Қазақстан қазір әлемнің 80-нен астам еліне өнімдер шығарады. Егер тауар айналымы көлемі туралы айтсақ, онда оның ең үлкен үлесі 22% Қытайға келеді. Ал батыс жақтағы елдердегі Қазақстан экспорты үлесінің көлемі 60%-ке таяйды, соның ішінде Германияға 13,5%, Ұлыбританияға 11,6%, Швейцарияға 11%, Нидерландыға-4,7%, Австрияға 2,5% келеді.

              Соңғы уақытта бірлескен кәсіпорындар саны тез өсуде. Біздің серіктестеріміздің ішінде белгілі "Шеврон" мұнай – газ  өндіретін компаниялары бар. Шетел капиталын тартпайынша осы заманғы экономиканы тез құру, оның құрылымдарындағы қиғаштықтарды жою тіпті де мүмкін емес. Сондықтан республикада шетел инвесторлары үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін бірқатар заңдар қабылданды. Сырттан келетін капитал үшін Үндістанмен, Жапония және АҚШ – пен келіссөз жүргізілуде.

Қазақстанда iрi өнеркәсiп орталықтары, оның iшiнде отын-энергетикалық, металлургия, химия, машина жасау, құрылыс өнеркәсiбi жұмыс iстейдi. Республика кәсiпорындары шойын, кокс, болат, қорғасын, мыс, мырыш, титан, магний, қарашiрiк, синтетикалық каучук, шайыр, пластмасса, химиялық талшықтар, автомобиль шиналарын, минералдық тыңайтқыштар, цемент, металл жонғыш станоктар, ұсталық-сығымдағыш жабдықтар, қақтау стандарын, күш трансформаторларын, рентген аппараттарын, ауыл шаруашылығы машиналарын, тракторлар, экскаваторлар, т.б. өндiредi. Әлемдiк экономика ауқымында Қазақстан — тауар рыногiне мұнай, газ, қара, түстi, сирек кездесетiн металдар, уран өнiмiн шығарушы ел. Кен қазу өнеркәсiбi Қазақстан экономикасының жетекшi секторы болып табылады. 2001 ж. өнеркәсiп өндiрiсiнiң 44,3%-ы осы өнеркәсiптiң үлесiне тидi. Қазақстанда көмiр-сутектi шикiзаттың бiрегей қоры бар. Барланған қор бойынша елiмiз әлемде 13-орында. 250-ден астам мұнай-газ кенiштерi ашылды, олардың көбi республиканың батыс бөлiгiнде, негiзiнен Атырау облысында. Олардың iшiнде 1 млрд. т-дан астам мұнай қоры бар Теңiз кенiшi; газ қоры 1,3 трлн. м3 және конденсат қоры 700 млн. т-ға жуық Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кенiшi; сондай-ақ, Кенбай, Жаңажол, Жетiбай, Қаламқас, Қаражанбас, Өзен, Құмкөл кенiштерi бар. 2000 ж. Қазақстанда Солтүстік Каспий қайраңында iрi мұнай кенiшi (Қашаған) ашылды. Бағалаудың алғашқы кезеңiнде кенiштiң жалпы геологиялық қоры 38,4 млрд. баррель, ал өндiрiп алынатын қоры — 13 млрд. баррельге жуық. Атырау облысындағы аса iрi кенiштер: жалпы қоры 800 млн. т-дан астам, Теңiз кенiшi (оның бастапқы өндiрiп алынатын қоры 700 млн. т), Королев кенiшi (бастапқы өндiрiп алынатын қоры 30,5 млн. т), Кенбай кенiшi ( 30,8 млн. т). Маңғыстау облысындағы аса iрi мұнай кенiштерi: Өзен, Жетiбай, Қаламқас, Қаражанбас. Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарындағы Қарашығанақ пен Жаңажолдың мұнай мен газ өндiрiсiндегi келешегi зор. Республикада мұнай-газ саласын 2002 ж. “Қазақойл” ұлттық мұнай компаниясы мен “Мұнай және газ тасымалы” ұлттық компаниясының бiрiгуi жолымен құрылған “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы басқарады. Қазақстанда мұнай мен газ өндiру iсi шет ел инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылуда (“Теңiзшевройл” бiрлескен кәсiпорны, “Қазақойл-Ембi” АҚ, “Атырау мұнай компаниясы”, “Қазақстанкаспийшельф”, “Каспий-мұнайгаз”, “Қазгермұнай” ЖАҚ-дары, т.б.).

Мұнай-газ секторының өнiмi Еуразия құрлығының ондаған елдерiне экспортқа шығарылады (аса iрi импортшылар: Ресей Федерациясы, Ұлыбритания, Украина, Швейцария, Италия). Экспорт құрылымында мұнай мен газ конденсатының үлесi 2001 ж. 49,3% болды. Қазақстанда өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемiнде түстi металлургияның үлесi 11%. Өндiрiс деңгейi бойынша Қазақстан әлемде тазартылған мысты iрi көлемде өндiрушiлер мен экспортқа шығарушылар қатарына жатады. Республиканың әлем бойынша мыс өндiрудегi үлесi 2,3%. Қазақстан мысының негiзгi импортшылары: Италия (50%) мен Германия (35%). Экспорт құрылымында мыс пен мыс қорытпалары 7%. Тазартылған мыстың 90%-ын “Қазақмыс” корпорациясы өндiредi, ол Қазақстанның түрлi аймақтарында бiрнеше зауыттарды, кенiштердi және энергия нысандарын бiрiктiрiп отыр. Қазақстан темiр кентасының қоры жөнiнен әлемде 8-орында. Оның әлемдiк қордағы үлесi 6%. Елде өндiрiлетiн темiр кентасының 70%-дан астамы экспортқа шығарылады. Қазақстанның қара металлургиясы өнеркәсiп өнiмi көлемiнiң 7%-ға жуығын өндiредi. Мұндағы аса iрi кәсiпорын – Қарағандыдағы “ИспатКармет” металлургия комбинаты, ол шойын мен дайын қара металдар қақтамасының 100%-ын және болаттың 90%-дан астамын өндiредi. Бұл комбинат өнiмi ТМД елдерi мен алыс шет елдерге экспортқа шығарылады. Сондай-ақ, “Жәйрем кен-байыту комбинаты” АҚ тотыққан марганец және темiр-марганец кентастарынан жоғары сапалы марганец концентраттарын өндiредi. Қазақстанда хромды кентастардың мол қоры бар, ферроқорытпа зауыттары жұмыс iстейдi. 1994 жылдан кен-металлургия кешенi кәсiпорындарының көбi шетелдiк және отандық компаниялардың басқаруына берiлдi. 1996 — 1997 ж. кен байыту және металлургия кәсiпорындарын бiрыңғай технологиялық тiзбекпен байланыстырған iрi бiрлестiктер құрылды, олар: “Қазмырыш”, “Қазақмыс” корпорациясы, “Қазақстан алюминийi”, “Испат-Қармет” ААҚ-дары, “Қазхром” Ұлттық акционерлік компаниясы. Лондондағы Уран институтының есебiне қарағанда, әлемде барланған уран қорының 25%-ы Қазақстанда. Полиметалл кенiштерi негiзiнде Өскемен қорғасын-мырыш, Лениногор полиметалл, Зырян қорғасын, Шығыс Қазақстан мыс-химия, Ертiс полиметалл, Жезкент кен-байыту комбинаттары жұмыс iстейдi. Кәсiпорындардың басқа бiр тобы — Өскемен титан-магний, Белогор кен-байыту комбинаттары, Үлбi металлургия, Ертiс химия-металлургия зауыттары сирек металдармен олардың қосылыстарын, т.б. шығаруға мамандандырылуда. Республикада 3 мұнай айыру зауыты, сары фосфор алынатын фосфориттi кентастарды өңдейтiн iрi кешен “Қазфосфат” ЖШС жұмыс iстейдi. Ол “Қаратау” кен-химия комбинаты, Жаңа Жамбыл фосфор зауыты, Минералдық тыңайтқыштар зауыты сияқты аса iрi кәсiпорындарды бiрiктiрiп отыр.

Информация о работе Қазақстанның сыртқы экономикасы