Халықаралық құқық қағидалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 23:10, лекция

Описание работы

Халық тарихының, ел тағдырының қадау-қадау кезеңдері өзінің маңдайалды біртуар азаматтарының есімдерімен ерекшеленіп отыратыны қашаннан-ақ белгілі. Кеңестік замандағы тоталитарлық жүйенің биік лауазымына ие болса да өз ұлтының мүддесін әсте естен шығармаған, халқының сілтесе семсері, қорғанса қалқаны бола алған ұлтжанды, қайсар азаматы Жұмабек Тәшенев сондай тұлғалардың бірі.
Төл тарихымыздан мәлім республика басшылығында болғандардың бәрі ел арасында, халық аузында бірдей бағаға ие бола бермеген. Олардың кейбіреулері көзі тірісінде мақталып жатса, енді біреулері бақи дүниеге аттанған тұста датталып, шынайы бағасын алып отырған.
Мемлекет басқару, ел тұтқасын ұстау азабы мол, жауапкершілігі зор кәсіп.

Работа содержит 1 файл

тәшен дабыр.docx

— 34.78 Кб (Скачать)

 

Халық тарихының, ел тағдырының қадау-қадау кезеңдері өзінің маңдайалды біртуар азаматтарының есімдерімен ерекшеленіп отыратыны қашаннан-ақ белгілі. Кеңестік замандағы тоталитарлық жүйенің биік лауазымына ие болса да өз ұлтының мүддесін әсте естен шығармаған, халқының сілтесе семсері, қорғанса қалқаны бола алған ұлтжанды, қайсар азаматы Жұмабек Тәшенев сондай тұлғалардың бірі.

Төл тарихымыздан мәлім республика басшылығында болғандардың бәрі ел арасында, халық аузында бірдей бағаға ие бола бермеген. Олардың кейбіреулері көзі тірісінде мақталып жатса, енді біреулері бақи дүниеге аттанған тұста датталып, шынайы бағасын алып отырған.

Мемлекет басқару, ел тұтқасын ұстау азабы мол, жауапкершілігі зор кәсіп. Ел басқаруға қаншама шымырлық, шыдамдылық қажет екендігі белгілі. Қоғам өмірінде кездесетін сан қилы, сан салалы кұбылыстарға терең үңіліп, дәлме-дәл талдау жасау, тұрғындардың мұң-мұқтажын ескеріп, талап-тілегіне сергек қарап, әрбір маңызды істі шешуде зеректік пен алғырлық, өткір -өжеттілік таныту - нағыз басшыға лайық қасиет. Қайраткер үшін халық мүддесі, оның тарихы, тағдырының басты, өзекті мәселе. Сондай ұлт мүддесін қара басының қамынан жоғары коя білген азамат - Жұмабек Ахметұлы Тәшенев еді.

Жұмабек Ахметұлы - көзі тірісінде ел аузында есімі аңызға айналған, қарапайым халықтан жоғары баға алған абзал азамат. Сондықтан да оның есімі оқшау аталады. Өз заманының ірі тұлғасы туралы кейінгі жылдары естеліктер жазылып, қайраткер жайында айтыла бастады. Мұның өзі құптарлық жайт, өйткені ел басқарған адамдардың өмірі мен қызметін танып, терең зерттеудің маңызы зор.

Ж. Тәшенов 1915 жылы 20 наурызда қазіргі Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Бабатай ауылында Танакөл деген жерде батырақ Ташен Жақсыбай отбасында дүниеге келген. Ауыл шаруашылығы жастар мектебін бітіріп, «Азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша Ақмола құрылыс техникумында білім алды. Кейіннен Вишнев ауданының атқару комитетінде хатшылық кызмет атқарды. Сосын Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында да атқару комитеттерінде хатшы болды. Еңбек жолын 19 жасында аудандық атқару комитетінің хатшысы қызметінен бастады. 1935-1945 жылдары әуелі аудандық, одан соң облыстық жер бөлімінің бастығы және орынбасары қызметтерін атқарды. 1945-47 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінде мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, обком хатшысының орынбасары қызметін, 1947-48 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, ал 1948-1951 жылдары сол облыстық атқару комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

1952 жылы қаңтар айынан 1955 жылғы сәуір айы аралығында  Ақтөбе облыстық партия комитетінің  бірінші хатшысы қызметін атқарды.  Көп ұзамай саяси сахнаға қабілетті Тәшенов Ақтөбе облысының бірінші хатшысы, 1955 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының төрағасы, ал 1960-1961 жылдары Республика Жоғарғы Кеңесін басқарды.

Аяулы азамат еңбек жолын 19 жасында аудандық атқару комитетінің  хатшысы қызметінен бастады. 1935-1945 жылдары  әуелі аудандық, одан соң облыстық жер бөлімінің бастығы және орынбасары қызметтерін атқарды.

1945-47 жылдары Солтүстік  Қазақстан облыстық партия комитетінде  мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі,  обком хатшысының орынбасары  қызметін, 1947-48 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, ал 1948-1951 жылдары сол облыстық атқару комитетінің төрағасы болып жүмыс істеді.

1952 жылы қаңтар айынан 1955 жылғы сәуір айы аралығында  Ақтөбе облыстық партия комитетінің  бірінші хатшысы қызметін атқарды.

Табиғатынан зерек, алғыр  да сергек Жұмабек Ахметұлы Солтүстік  Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басшысы  болған кездерінде еңбекшілердің күнкөріс қарекеттеріне, ой-өрістеріне, ұлттық сана-сезім мен дәстүрге ерекше мән берді. Қазақстандықтардың бірлігін нығайту негізінде ұланғайыр өлкенің байлығьн республика иелігіне кеңінен пайдалануға, осы жасампаздық істерге қазақ қыздары мен ұлдарының белсене араласып, кеңінен қатысып, білімді, мәдениетті игеруіне жағдай жасалуына жете көңіл бөлді. Қиын да күрделі, сын мен талапқа толы талай мәселелерді шешті. Өндіріс алыптарын дамытуға, жұмысшы табын жергілікті қазақ жастары есебінен толықтыруға, әсіресе соғыс жылдарында азып-тозып кеткен тұрғын үй құрылыстарын салуға халықты жұмылдыра білді. Фашистік басқыншыларға қарсы соғыста жеңіс жолына бәрін құрбан еткен қарапайым халық ғажап ерлік, шыдамдылық пен төзімділіктің баға жетпес үлгісін көрсетті. Соғыс аяқталған соң бірнеше жыл бойы ауыл тұрғындарының көбі жеркепеде күнелтті. Отбасыларды жайлы баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарын Жұмабек Ахметұлы қауырт жүргізді. Сан мың адам жаңа қоныстарға көшірілді.

1955 жылы сәуір айында  Ж. Тәшеновтің еліне сіңірген еңбегі еленіп, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының, яғни Президиумының төрағасы болып тағайындалды. Бұл бүкіл КСРО-да соның ішінде Қазақстанда іске асырылған экономикалық, әлеуметтік жэне идеологиялық шаралар нәтижесінде дамудың көптеген көкжиектері ашыла бастаған кезең еді. Алайда бұл мүмкіндіктер толығымен пайдаланылмай қалды. Оларға Н.С. Хрущев бастаған басшылықтың қызметіндегі субъективтік әдістер кедергі жасады. Экономиканы басқару ісі ойдан шығарылған әрекеттердің ырқына түсіп кетті. Саяси басшылықтың волюнтаристік идеялары мен әркеттері қоғамның берекесін кетіре бастады. «Коммунизмнің елесі жақындап», орыстандыру саясаты нығайып, жалған уәделер мен болжамдар күшейген сәтте Қазақстан КП Орталық комитетінің 1955 жылы тамызда өткен пленумы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшылығына Л.И. Брежневті тағайындады. Ол бюро мәжілісінде екінші хатшы етіп сайлайтын кандидатуралар жөнінде пікір алысу рәсімін өткізді. Жаңадан тағайындалған бірінші хатшы Мәскеумен келісілген, орталык ұнатқан үміткердің есімін атады. Сондай-ақ бұл кезде республикада тың және тыңайған жерлерді игеру қарқынды түрде жүргізіліп жатқан болатын. Орталықпен келісілген осындай біржақты шешім бюро мүшелерінің кейбіреулерін бейжай қалдырмады. Осы тұста өз ойын ашық білдірген Жұмабек Ахметұлы: «Қазақстандағы игерілген тың жер, одан өндірілген астық көлемі әлемге әйгілі. Бұл күрделі өзгерістерді жүзеге асыруда қазақ халқы, партия үйымы тәрбиелеген кадрлар өздерінің қабілетін көрсетті. Миллиондаған адамдар келіп, жүздеген совхоздар пайда болды, оларға орысша атаулар берілді. Оған қазақтардың қарсылығы болмады. Үлкен істе саңлақтар өсті. Аудан, облыстарда, орталық аппаратта, министрліктерде екінші хатшыға лайық қазақ азаматтары аз емес. Сондықтан оларды көзге ілмеу таң қалдырады. Мен мұны қазақ кадрларын білгісі келмегендік, не оларға сенімсіздік таныту деп түсінемін. Бірінші, екінші хатшылық қызметке қазақ кадрларын жолатпау белгілі бір дәстүрге айнала бастады», - деп батыл пікір айтты.

Жұмабек Ахметұлының пікірі дұрыс деп саналғанымен, ол ескерілмеді. Есесіне бірінші басшы ұлтжанды азаматтың ойын көкейіне түйіп, «өкпесін» бүгіп қалды.

Ж. Тәшенев ұлттық кадрлардың да саяси элитаға айналуына тікелей  септігін тигізді. Бұған мына жайт дәлел. Бірінші хатшы болып сайланған  Л.И. Брежнев Алматыға келіп, Орталық  Комитеттің бюросын өткізді. Жиында I және II хатшылыққа И. Яковлев пен И. Журин кандидатураларын мәлімдеді. Сол кезде бюро мүшелері Д. Қонаев та, Ф.Кәрібжанов та, М. Бейсебаев та мәлімдемеге байланысты өз пікірлерін білдірмеді. Тек қана заман адамына теңеуге лайықты Ж.А.Тәшенев Брежнев мәлімдемесіне байланысты өзіндік пікірін білдіру үшін сөз сөйледі: «аудандық, облыстық, орталық аппаратта республика басшылылығына әбден сай келетін ұлттық мамандар өсіп келеді. Солардың бірі Фазыл Кәрібжанов екінші хатшы қызметіне лайық. Ал мен сіздердің мәлімдемелеріңіз қазақ ұлтын төмендетуге бағытталған деп санаймын. Орталық мақсаты - қазақ ұлты өкілдерін басшылық қызметтен аластату. Сол себепті бюро шешімімен келіспеймін» . Көп ұзамай Ф.Кәрібжанов республиканың екінші хатшылығына тағайындалды. Екі жылдан соң Д. Қонаев республиканы басқарды. Мұндай батыл іс-қимылды Жұмабек Ахметұлының Отаны алдындағы ерлігі деп бағалауға болады.

Қазақстан және Орталық Азияда кеңестік кезеңде бірқатар мемлекеттік  межелеулер өткізілген. Солардың бірі ауыл шаруашылығына бейімделген  Солтүстік облыстарын Ресейге, мақтаға  қамтылған Шымкенттің үш бірдей ауданын  Өзбекстанға, мұнай мен газға бай Маңғышлақтың Түркменстанға беру мәселелері. Бүл орталық тарапынан қысым жасау арқылы шешілуге тиіс түйіткіл болатын. Аталмыш мәселені Н.С. Хрущев Ақмола қаласында жиында қозғап, былай деген: «Республика аумағына байланысты бір сұрақ туындап отыр. Осы сұраққа байланысты Д.А. Қонаев жолдастың және облыс басшыларының пікірлерін білдім. Олар саяси бюро үсынысын қолдап отыр. Ал енді осы мәселеге байланысты Жұмабек Ахметұлы сіздің пікіріңізді білсек». Ж. Тәшенев еш кідірместен: «Никита Сергеевич, мен бұл шешімге жай ғана қарсы емеспін, бүл сұрақтың күн тәртібіне қойылуының өзі дүрыс емес деп санаймын». Н.С. Хрущев Жұмабек Ахметұлынан мұндай жауап күтпеген еді. Ол кызарып, бозарып: «Сен саяси бюроға карсы шығатын кімсің? Біз сенің қолдауыңсыз-ақ шешім қабылдай аламыз. Кеңес Одағы бір мемлекет болғандықтан, республика аумағындағы өзгерістерді Жоғарғы Кеңес шешеді», - деді. «Егер Жоғарғы Кеңес өз еркімен республиканың территориялық жағдайына араласса, КСРО Конституциясын алып тастау керек. Ата заңда әр республика өз территориясына өзі құқылы дегендігі тайға таңба басқандай көрсетілген емес пе? Егер бұл құқық жойылатын болса, біз халықаралық құқық қорғау органдарына шағымданамыз», - деп Н.С. Хрущевқа үзілді-кесілді қарсылығын білдірді.

Республика басшыларының қарсылығана карамастан 1954 жылдың тамыз  айында Н.С. Хрущев Қазақстанның оңтүстігіндегі Бостандық ауданын Өзбекстанға  қосу туралы ұсыныс жасады. Осы мәселе жөнінде Ж.Тәшеневтің төрағалық етуімен арнайы комиссия қүрылды. Оның құрамында М. Бейсенбаев, С. Дәуленов, X. Арыстанбеков, А. Морозов, В.Гогосов, В. Шереметьев болды. Комиссия жергілікті жағдайды жете зерттеп, «Бостандық ауданының жері... мал өсіруге мәні зор екендігі, кұрылыс материалдарын өндіруге,қорғасын, көмір және машина жасайтын өндірістердің жұмыскерлері демалатын санаторийлер ұйымдастыруға өте қолайлы екендігін ескеріп, бұл ауданды Өзбекстанға беруді өте тиімсіз санады». Оңтүстік облысының Бостандық ауданын Өзбекстанға беру жөніндегі Өзбек КСР-ы өкіметінің сұрауын комиссия негізсіз деп есептейді» деген хат Қазақстан Орталык партия комитетінің бірінші хатшысы Л.И. Брежневке жіберілді.

Қазақстан Орталық партия комитеті мынадай қаулы қабылдады: Бостандық ауданының жерінің  мәнін жоғары бағалай келіп, Орталық  партия комитетенің бюросы Ж. Тәшенев  басқарған арнайы комиссияның қорытындысымен келісті. Осылайша, Бостандық ауданы Өзбекстанға берілмейтін болды. Бұйрығын екі етуге төзбейтін  және қысым жасауға дағдыланған  коммунистік партияның орталығы, «кеудесіне нан піскен» Никикта  Сергеевич Хрущев қазақ басшыларының пікіріне пысқырып та қарамады. 1955 жылы 12 қарашасындағы Кремль жарлығы  бойынша Бостандық ауданы Өзбекстанға берілді. Қазақтың 4 миллион гектар жері мен қалың елі көзі мөлдіреп Өзбекстанға кете барды. Орталықтың шешіміне кім карсы екенін анықтап алған Мәскеу өз дегенін істеді. Ал қарсыластардың «қара тізіміне» Жұмабек Тәшенев бірінші болып енгізілді.

Кеңестік саяси жүйенің  бір ерекшелігі өзі өсірген, халық  қалаған, сол жүйені нығайтуға өмірін сарп еткен азаматтар қарсы келе қалса, оларды су түбіне жіберуге, ешбір  шімірікпестен қыр соңына түсіп  құртпай тыныш таппайтын еді. Өмірінің соңына дейін кедергілерден  құрсау құрып тастайтын. Міне, осыдан елім, жерім, халқым деп азапқа түсетін  азаматтар құтылмайтын. Жұмабек  Ахметұлы да саяси билеп-төстеушілердің ұзын құрығынан құтылмады.

Республика Орталық партия комитеті бюросының жабық мәжілісінде  Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің  төрағасы Ж.А. Тәшеневтің қызметіндегі кемшіліктер қаралды.

Ал Кремльдің отаршылдық пиғылымен қасақана жасалған қыстастығының  салдары күні бүгінге дейін сезілуде. Бостандықтағы қандастардың елге қайтуға  ынталары зор. Алайда бұл мәселенің  түйінін шешу аса қиын.

Кеңестік заманда компартия  қабылдаған стратегиялык саясатпен  келіспеу, оны орындаудан жалтару  мүмкін еместігін қазақ басшылары  жақсы түсінді. Сондықтан да болар, тың игеру науқанына Д.А. Қонаев та, Ж. Тәшенев те ашық түрде қарсылық көрсеткен жоқ. Ол мүмкін емес еді. Өйткені  Мәскеуге жергілікті пікірдің кажеті жоқ, барлығын өзі «пішіп, өзі кесетін» орталық ұлттық мәселеге кырын қарады. Орталық казақ жерін бөлшектеуге  ниет білдіріп, ел тұтастығына қауіп  төнген тұста ұлттық мүддені қорғап, империя саясатына қарсы шыққан Жұмабек Ахметұлы тағы да қайсарлық, бірбеткейлік танытты. Никита Хрущев Тың  өлкесін

бүтіндей РСФСР-ға бағындырудың неше түрлі амалын іздеп, саяси бюроға қайта-кайта ұсыныс жасап бақты. Ол кезде Қазақстан Орталық партия комитетінің бірінші хатшысы Д.А. Қонаев пен Министрлер Кеңесінің Төрағасы Жұмабек Тәшенев екеуі Тың өлкесін РСФСР-ға беруге де, орталыққа тура бағындыруға да қарсы болды. Баса айтатын жайт, егер сол жылдары Жұмабек Тәшенев секілді қайсар да бірбеткей, ұлтжанды әрі шынайы күрескер билік басында отырмағанда еліміздің орталығы мен солтүстігіндегі бес облыс Ресей Федерациясының меншігіне айналып кете берер еді. Жүмабек Ахметұлы өткен ғасырдың 60- жылдары Қазакстанның аумақтық жіктелісінің алдын алу аркылы өзінің Отанына деген патриоттық рухын осылайша білдірді. Коммунистік партия басшысы Хрущевтің «одактас республикалар арасындағы шекараларды жоюды көздеген саясатына» тосқауыл коя білді. Орталыктың саяси авантюрасына өзінің күш-жігерінің, саяси білімінің, ұлттық рухының арқасында тойтарыс беріп, елінің мызғымас біртұтастығын сактай білді.

Тарих Жүмабек Тәшеневтің туған жерге ғана емес, сонымен  бірге ана тілімізге, қазақ баспасөзіне  де үлкен жанашыр болғандығына куә. 1958 жылғы 28 шілдеде республикалық Орталық партия комитетінің бюросында «Қазақ әдебиеті» газетіндегі ұлтшылдық көзқарас ағымының өрістеуі туралы мәселе қаралып, баяндама жасау газет редакторына жүктеледі. Ол мінберге көтерілерде жүрексініп, сылбыр басып бара жатканын байқаған Жүмабек Ахметұлы «Тайсақтамай батыл сөйле» - деп жігер бере дауыстап қалған. Бұл газет редакторы - Сырбай Мәуленовке күш-жігер қосқандай болған көрінеді.

Осы мәжілісте «Социалистік Қазақстан», бүгінгі «Егемен Қазақстан» газетінің сол кездегі редакторы Қасым Шәріпов «Қазақ әдебиеті» газетін жабу керек. Ал басқа қазақ газеттерін түгел аудармаға айналдырмаса болмайды. Егер «Социалистік Қазақстан» газетін «Казахстанская правдадан» аударып, мен редактордың орынбасары болып қана қойсам, өзіме үлкен бақыт санар едім» дейді. Жұрт тына қалып, отырғандар не айтарын білмей абыржып қалған кезде Жұмекең «Газетті ашқан да сен емес, жабатын да сен емессің, - деп Қасымның бетін қайтарып тастайды. Отырғандардың арасынан Жүсіп Алтайбаев суырылып шығып, «Шәріпов, бұдан да сенің өлгенің жақсы еді, - дейді. Сол жолы Жұмабек Тәшеневтің батылдығы мен табандылығының арқасында Орталық Комитетің бірінші хатшысы И.Д. Яковлев дұрыс шешім қабылдауға мәжбүр болып, әдебиет газеті бір қатерден аман калды.

Жоғарыда айтқанымыздай  Жүмабек Тәшеневтің қызметі жабық  мәжілісте каралып, калыптасқан  «әдет» бойынша қызметкер партиялық  өткір сынға алынып, жала жабылды. Мұның барлығы оны қызметтен  алу үшін жасалып бақты. Оңтайлы  сәтті пайдаланып, жергілікті билеушілер Жұмабек Ахметұлын қаралауға көшті. Кейбір қаралаушылар үкімет қызметкерлеріне арналып салынған үйлерден шығармашылық қайраткерлерге пәтер үлестірді, сөйтіп, Ж.Тәшенев Алматы ортасында «қазақ ауылын» құруға бар күш-жігерін салды, мемлекет есебінен жомарттық жасаудан жазбады дегенді айтты. Тіпті белгілі ақын, Алаштың арысы  Мағжан Жүмабаевтың зайыбын пәтермен қамтамасыз ету керек деген нұсқауына саяси сипат беруге тырысты.

Информация о работе Халықаралық құқық қағидалары