Ислам - Білім және ғылым

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 18:25, реферат

Описание работы

Ислам діні ғылым мен білімнің , мәдениеттің өркендеуіне дамуына зор үлес қосқан дін ретінде көрінеді. Оған дәлел,Алла тағаланың Құран Кәрімі - исламдық ілім мен оның шарттарының негізгі басталуы болды. Оның негіздері адамгершілік мәселелерін, адамзат тарихын, діни ілімді, ғылымды қарастырады. Бір сөзбен айтқанда, ол барлық адамзат баласының мәселелерін қамтиды.Ислам діні ғылымды қолдайды және ғылымның ешқандай қағидасына кереғарлық танытпайды

Работа содержит 1 файл

Ислам-Білім және ғылым(Баяндама).doc

— 48.00 Кб (Скачать)


ИСЛАМ – БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

Ислам діні ғылым мен білімнің , мәдениеттің өркендеуіне дамуына зор үлес қосқан дін ретінде көрінеді. Оған дәлел,Алла тағаланың Құран Кәрімі - исламдық ілім мен оның шарттарының негізгі басталуы болды. Оның негіздері адамгершілік мәселелерін, адамзат тарихын, діни ілімді, ғылымды қарастырады. Бір сөзбен айтқанда, ол барлық адамзат баласының мәселелерін қамтиды.Ислам діні ғылымды қолдайды және ғылымның ешқандай қағидасына кереғарлық танытпайды. Бұл дін ғылымның нағыз бұлағы болып табылады.Исламнан бұрынғы халықтар қол жеткізген ғылыми жетістіктер болғаны рас. Мұсылмандар қысқа мерзімде-ақ оларды меңгеріп, жаңалықтардың бетін ашты. Олардың еңбегінің қызығын бұл күні мұсылмандар ғана емес, күллі әлем көруде.

“Құран” деген сөздің өзі “оқу” деген мағына беретіндіктен, ислам діні ғылымның дамуына тікелей әсер етіп, әрі алға апарушы болды. Қасиетті Құран Кәрімде ғылым-білім туралы 719 жерде айтылған.Ислам діні жалпы ғылым мен білімнің, парасаттың діні.

Пайғамбарымызға түскен ең бірінші аят «оқы» болған екен.

  “Жаратқан иенің атымен оқы!

      Адамды ол ұйыған қаннан жаратты,

      Оқы!Сенің тәңірің – ең жомарт! Ол қаламмен жазу үйретті. Адамдарға білмегенін білдірді.”

Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды, ислам деген тек Аллаға мойынсұну ғана емес, білімді, оқуды да игеру деген сөз. Бұл білімнің дәрежесі мен оның құралдарын нұсқайды. Құранда тағы «қалам» деген атпен толық бір сүре түскен.

Мәселен,пайғамбарымыздың хадис-шарифтерінде мұсылмандарға былай деген: “Тіпті қытайдан болса да білім алуға ұмтыл,өйткені білім алуға әрекеттену - әрбір мұсылманның парызы”.

Ислам ғұламалары пайғамбардың мирасқорлары ретінде бағаланады.Мұхаммед соңғы пайғамбар болғандықтан, пайғамбардың ісін алға апарушы ғалымдар болып есептелінеді.

Ғылымы дамыған елдердің өркениетке жетіп жатқандығы ешқандай қазба байлығы немесе егін егетін жері арқылы жетіп жатқан жоқ.Бұны Жапония сияқты елдердің тұрмыс тіршілігінен-ақ байқауға болады.

Кейбір орталарда:”Құран Кәрім дін бе, әлде ғылым ба?Мұнда географиялық атаулар кездесе ме, физикалық , биологиялық процестер кездесе ме?” деген сауалдар туындап жатады.Бұл орынды сұрақ.Әрине,Құран Кәрім кез келген ғылымды талдап, саралап,көрсетіп берген жоқ.Бірақ,ізденсе,ғылымдардың түрлері барлығы жөнінде ескертулер,ишараттар,үзінділер келтірілген.Осы орайда Құранның ғылымды және ғылымның Құранды растағанын бір мысалмен де болса атап кетейік:

Құран Кәрім адамның жаратылысындағы хикметтер мен жаратылыс сатылары туралы терең мағыналы сөйлемдер келтіреді. Олардың бірінде:

«Сендерді аналарыңның қарнында , үш қараңғылықта жаратылыстан жаратылысқа жеткізіп , жаратуда!» делінген аят бар.

              Ал енді , адам анатомиясын оқып көрейік : «Жатыр қабырғасы негізгі 3 қабаттан тұрады : Бірінші сыртқы қабат perimetrium , бұл жатырмен бітісіп тұрады.Ортаңғы қабат , myometrium , бұл бұлшықетті қабықша.Үшінші ішкі қабат , endometrium , бұл шырышты қабықша». Осы үш қабат та болашақ нәрестені сыртқы соққылардан қорғайтын , жарық өткізбейтін , суға толған теріден жасалған.Ия, Құранның үш қараңғылық дегенін ғылым енді ғана анықтап, оның растығын тағы да бір рет мойындауда!

Және де аспан денелері – күн,ай,жұлдыздар,аспан қабаты,жер қабаты,жердің шар тәріздес екендігі, адам баласының жатырдан өсіп-өну процеі,тағы басқа да ғылымдарға тән құбылыстар жөнінде айтылған.Осы айтылған құбылыстар,процестер қазіргі кезде адамдардың ғылымды игеруінің нәтижесінде химия,физика,математика,астрономия сияқты сала-салаға бөлініп кетті.

Ислам діні мұсылманға білім талабында ынталы болуды бұйырады.    Ал, білімнің маңыздылығы жайында Муаз ибн Жабал былай дейді: «Білімді үйреніңдер, расында Аллаһ үшін үйрену, ол – оған бағынушылық, оны қайталау – таспих, оны үйрететіндер үшін үйрету – садақа, оны іздеу – жиһад және ол бөтен жерде дос, жолдас,күнделікті тірлікте ол арқылы Аллаһты таниды және Оған құлшылық етеді».

Ғұламаларға келетін болсақ, Аллаһ Тағала оларды пайғамбарлардан кейін адамдар арасында жоғары мәртебелі қылды.

Расында да адамзатқа қайсы бір білім пайдалы болса,онда бұл – Ислам бойынша пайдалы білім.Ислам діни білім мен дүниеуй білім арасын мүлдем бөлген жоқ.Мұсылмандардың тек діни біліммен шектеліп,Аллаһтың ризашылығына бөленулерін үміт ету ақылсыздық болар. Адамның өміріне, тіршілігіне, ой-сананың дамуына көмек беретін білімге Ислам діні разы болған және оны мақұл көрген. Алғашқы мұсылмандардың білімділері медицина, химия, математика, астрономия, философия және басқа салаларда танымал,шебер болған.

Діни және дүниеуй білімдері бар мұсылман ғалымдарының есімдері тарихта мәңгі сақталып қалған.

       ● Әбіл Уәфа – тұңғыш рет тригонометриялық функцияларды анықтады.Ол айдың орбиталық қозғалысындағы ауытқуларды алғаш анықтаған ғалым.

       ● Хорезми – математика саласының ғалымы.

       ● Әл-Бируни – ғарыштану, мұхсаба, физика , тарих ғылымдарының кілтін ашқан көрнекті ғалым.

       ● Жабир ибн Хаян. Ол – «химияның атасы» атымен әйгілі болған.

       ● Жерлесіміз Әл-Фараби - Аристотельден кейін дүние жүзілік білімнің екінші ұстазы атанған данышпан, ойшыл ғалым. «Геометриялық сызықтар жасаудың әдістері», «Астрология» және тағы да басқа еңбектері бар. Әл-Фарабидің еңбектері ғылымның барлық саласын қамтиды.

Крест жорықшылары мұсылмандар қаласына келгенде, жоғарыда аталған бұл ғалымдардың еңбектерінен пайда алды және соған негізделді.

Ал Ыбырай Алтынсаринн діни оқудың өзін адамгершілікті , гуманизмді насихаттауға бейімдеу керек деп қарады. Қазақ жастарының дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін , қазақ тілінің тағдыры үшін «Мұсылмандық тұтқасы» кітабын жазды. «Бір Аллаға сиынып , Кел балалар оқылық!» деп қазақ балаларын оқуға шақырды.

 

Абай Құнанбаев болса өзінің қара сөздерін діни соплылық-теологиялық ғылымға да сүйене отырып жазды. Ол өзінің «Он сегізінші» қара сөзінде “...Тегінде , адам баласы адам баласынан ақыл , ғылым , ар , мінез деген нәрселермен озбақ.Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық” - деп жұртты тура жолға бағыттады.

Фатиха сүресінде айтылған «Әлемдердің Раббысы» деген сөз 18 мың әлемнің тәрбиешісі деген мағынаны білдіреді. Адамдар бір әлем болса, жеміс-жидектер екінші әлем. Басқаларын қоятұрып, осы екі әлемнің ғана бір-бірімен байланысын зерттегенде Алланың барлық нәрсені адамдар үшін жаратқанын көреміз.  Мысалы, «Әлем кітабының» кезекті бір бетін оқысақ, жаңғақ деген ағаштың жемісі туралы оқимыз. Адамның бас сүйегіне ұқсайтын жаңғақтың да сүйегі бар. Оны аршысақ, миға ұқсайтын дәнін көреміз. Міне, осылайша адамның басы мен жаңғақта өзара байланыс бар. Сыртқы қабыршағы да, сүйегі де, дәні де адамның бас сүйегіне, ми қабыршағына ұқсайды.Бір қызығы адамның миында ғана болатын күміс, ион деген элементтер күллі тіршілік атаулының ішінде тек жаңғақта ғана кездеседі. Ендеше Аллаһ Тағала миға керекті элементті адамның басы мен миына ұқсайтын жаңғақтың ішінде жаратып отыр.Және де шетел ғалымы күн сәулесінің жерге дейнгі жылдамдығын 20 жыл бойы зерттеген.Сөйтсе зерттеуінің нәтижесі қасиетті Құран Кәрімде жазулы екен.

Осылайша Құранның табиғат кітабымен байланысын көргенде исламға еріксіз мойынсұнамыз.

          Міне, Ислам діні білімді құрметтеп, жоғары дәрежеге көтерген және барлық адамзатты осы білімге шақырады.

 



Информация о работе Ислам - Білім және ғылым