Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты. Халықтар депортациясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 22:24, реферат

Описание работы

1930—50-жылдары кеңестік қоғамда орнаған саяси режим кезінде мемлекеттің адамға абсолюттік билігі орын алды. Қазақстанда да барлық елдегі сияқты, мемлекеттік билік бір партияның қолына жинақталды. Тоталитарлық режимнің өзіне тән сатысы — экономикаға мемлекеттік-партиялық билік белең алды. Меншіктің мемлекеттік формасы коммунистік партияға республиканың экономикалық дамуын мемлекет мүддесіне сай бұра тартуға мүмкіндік әперді. Өнеркәсіпті құру және ауыл шаруашылығындағы колхоз-совхоз жүйесі халық шаруашылығы жоспарының есебі бойынша жүргізілді. Бұл жоспардың жасалу принципі кеңестік мемлекет мүддесін ұлттық республикалар мүддесінен жоғары қоюды көздеді. Сөйтіп, Қазақстанда экономикалық таңдау еркіндігі шектелді. Ұлттық республикалардың даму жолын БК(б)П анықтап отырды.

Работа содержит 1 файл

history_ref_82.doc

— 114.50 Кб (Скачать)

Соғысқа дейін және соғыс  кезінде Қазақстанға 98,4 мың корейлер, 420 мың немістер, 109,3 мың месхеттік  түріктер, 37 мың гректер, мыңдаған күрділер, 200 мыңдай поляктар, 406 мың шешендер мен ингуштар, 4,5 мың қырым татарлары, 2 мыңнан аса қалмақтар, 45,5 мың қарашайлар, 4,6 мың балқарлар, 6 мың ирандықтар — ұзын саны 1,5 миллион адам жер аударылды.

Күштеп қоныс аудару кезінде, жол бойында, арнайы лагерьлер  мен тұрақжайларда бұл халықтардың  жартысына жуығы апат болды.

Оларды бір сәтте  туған жерінен айырып, мал сияқты жүк вагондарымен Қазақстанға әкеліп, 24 сағаттың ішінде бүтіндей халықтарды көшіріп орналастырып үлгерді.

Кеңес Одағында социалистік  құрылыс тереңдеген сайын таптық күрес шиеленісе түседі деген желеумен мемлекеттік езіп-жаншу тәртібі орнықты. Қоғамдық санада “халық жаулары” деген түсінік, ұлттық белгі бойынша адамфобиясы құбылысы орын алды. Фобия — қауіп, қорқыныш, үрей деген мағына береді. Демек, бір немесе бірнеше халықтар Кеңестер елін сатып кетуге дайын, сондықтан мемлекеттің қауіпсіздігін нығайту үшін оларды ішкері аймақтарға көшіру қажет. Үрей туғызу арқылы ықпал ете отырып, жаппай жазалау тоталитаризмнің құрамдас бөлігіне айналды.

Сталиндік қуғын-сүргін кезінде жоғарыда аталған халықтардың алдыңғы қатарлы зиялыларына қарсы “үлкен террор” жасалды, ұлттың бетке шығары түбірінен жойылды. Жер-жерлерде ұлттық мектептер, газет-журналдар жабылды.

Солтүстік Кавказ, Грузия, Қырым, Қалмақ өңірінен күшпен жүргізілген  депортациялар да өзінің көлемі жағынан ауқымды болды. 1942 жылдың күзіне қарай Кеңес әскерлері шығысқа қарай шегіне отырып, Еділ жағалауы мен Үлкен Кавказ қыраты алқабына жақындады. Шешен-ингушияның бір бөлігі, сондай-ақ, қарашай, балқар, қалмақтар мекендейтін аймақ жау қолында қалды. Тек Сталинград және Курск түбінде Гитлер армиясын талқандағаннан кейін ғана Солтүстік Кавказ өңірі жаудан азат етілді. Алайда, жаудан азат ету аяқтала салысымен, фашистік басқыншылармен жақындасты деген желеумен саяси қуғын-сүргін басталды.

1943 ж. Қарашай автономиялы республикасы жойылып, қарашайларды көшіру туралы қаулы қабылданды. Жалпы саны 45,5 мың адам Қазақстанның Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Қалған отбасы Қырғызстанға, Өзбекстанға аттандырылды.

Депортацияның қайғылы қасіреті балқарларға да келіп жетті. 1936 ж. құрылған Кабардин—Балқар АКСР-нан 1944 ж. наурыз айында 650 мыңдай шешен, ингуш, қалмақ, қарашайлар көшірілді. Бүкіл техника, НКВД құрамалары, армия бөлімдерінен 19 мыңдай офицер мен әскерлер қатыстырылған бұл операцияны Ішкі істер Халық комиссары Берияның өзі басқарды. Жалпы саны 40 мыңдай балқарлардан Солтүстік Кавказ түгелдей “тазартылды”. Жалпы саны 46,6 мың балқар отбасы оңтүстік облыстарға қоныстандырылды. Қалғандары Қырғызстанға жөнелтілді. Балқарларды көшіргеннен кейін республика Кабардин АКСР-і болып атала бастады.

Кавказ өңіріндегі саны жағынан ең көп саналатын шешен-ингуш  халқын көшіру де осындай әдістермен жүргізіледі. Ішкі істер халық комиссары  Берия көшіру операциясын 1944 ж. ақпан  айына жоспарлап, 40 эшелон мен 6000 автомашина дайындалды. 1944 ж. 1 наурызда 478,4 мың адам (олардың 91,2 мыңы ингуш) эшелондарға тиеліп, жаңа қоныстарға аттандырылды. Алғашқы эшелондар Қазақстанға наурыз айының ортасында келіп жетіп, Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарына бөліп орналастырылды. Бір мыңдай ингуш пен шешен кеңестерге қарсы әрекеті үшін тұтқындалды.

1944 ж. ақпан айынан  кейін Қызыл армиядан босатылған  шешен және ингуш ұлтының әскери  адамдары НКВД-нің арнайы қоныстарының қарамағына өтті. Дәл осындай жағдай майданда жүрген депортацияланған халықтардың барлығына қатысты болды. Олардың барлығы өздерінің туған-туыстары тұрып жатқан қоныстарға немесе Орал, Сібір өнеркәсіп өндірісіне жіберілді. КСРО-ның басқа НКВД лагерьлеріндегі шешендер мен ингуштер Қарағанды лагеріне ауыстырылды. Дағыстан АКСР-да, Грузияда, Әзірбайжанда, Краснодар өлкесі, Ростов, Астрахань облысында тұрып жатқан шешендер мен ингуштар да депортация қармағынан аман қалған жоқ, көшіріп-қондыру 1945 жылдың соңына дейін жалғасты. 1945 жылға қарай Қазақстанға көшірілген шешендер мен ингуштардың жалпы саны 406,3 мың адамға жетті. 1944 ж. 7 наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің бұйрығымен Шешен-ингуш АКСР жойылды. Барлық аудан аттары өзгертілді. Шешен-ингуш АКСР-нің орнына Грознен облысы құрылды. Облысқа дейін барлық жергілікті халықтың 58%-ын құраған шешен мен ингуш халқы осылайша туған жерлерінен қол үзді. Грознен облысына ондаған мың орыстар мен аварлар, осетиндер, украиндар әкелінді. 1944 ж. Орта Азия мен Қазақстанға Грузиядағы күрділердің екінші толқыны, 1948—1950 жылдары үшінші толқыны күштеп көшірілді. Әзірбайжанда қалған күрділердің біраз бөлігі қуғын-сүргінге ұшырау қаупінен қорқып, құжаттарын өзгертіп, әзірбайжан болып жазылуға мәжбүр болды. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін майданнан қайтқан майдангер-күрділер өз туғандарын таба алмай әуре-сарсаңға түсті. Олардың өзі 50-жылдардың соңына дейін арнайы қоныстардағы НКВД органдарына айына 2 рет белгіленіп тұруға міндетті болды.

1943 жылғы 28 қазандағы бұйрық негізінде Қалмақ АКСР-нен 2,2 мың адам Қызылорда облысына орналастырылды.

Фашистік Германия оккупациялаған аумақтар азат етілген сайын сол  жерлердегі халықтарды депортациялау  ісі де жалғаса берді. 1944—1945 жылдары  азат етілген Украина, Белоруссия және Балтық өңірінде бұрыннан мекендеп келе жатқан немістер Сібір мен Қазақстанға көшірілді. 1945 жылдың соңына қарай Қазақстанға 9 мың неміс отбасыларын орналастырды.

Ел басшылығындағы шовинистік пиғылдардың ұлт саясатындағы белгілері  жекелеген халықтар мен ұлт азшылықтарын “жағымсыз элемент” ретінде көшірудің белең алуынан көрінді. Әңгіме бірінші кезекте Қырым және Грузия аудандарындағы халықтарды тарихи Отандарынан көшіру туралы болып отыр.

1921 ж. құрылған Қырым  АКСР-інде орыстар, украиндар,  қырым татарлары, гректер, болгарлар, армяндар мекендеді. 1944 ж. Берияның бұйрығымен Қырымды “кеңестерге қарсы элементтерден” тазартуға 2000 жүк машинасы әзірленді. 1944 ж. мамырда 50 эшелонға тиелген татар ұлты өкілдері түгелдей Қырым АКСР-нен қуылды. Депортация барысында Қазақстанға 4501 татар, 7 мың болгар мен гректер әкелінді. Депортацияға ілінген месхеттік түріктер Грузияның оңтүстік-батыс аудандарынан 1944 ж. қарашада Қазақстанға әкелінді. Жалпы 1943—1944 жылдары Қаз КСР-не 109,3 мың отбасы арнайы қоныстандырылды.

Қазақстан — лагерьлер  өлкесі. Қазақстан жері сан жылдар бойына тоталитарлық жүйенің тәжірибелері жасалатын орасан зор концлагерьге айналды. Кешегі тоталитарлық қоғамның төл туындысы ГУЛАГ жүйесінің  Қазақстанда кең тамыр жайғаны  белгілі. Ресми құжаттарда “Қарлаг”, “Степлаг” деген атпен белгілі болған лагерьлер осы ГУЛАГ (Главное управление лагерей и колоний) жүйесінің бір бөлімшесі болып табылады.

ГУЛАГ жүйесі 1934 ж. құрылған Ішкі істер Халық Комиссариатының (НКВД) құрылымына берілді. Ал ГУЛАГ-тың құрамына әр түрлі салалық өнеркәсіп басқармалары енді. Осылайша НКВД жазалау-күштеу органы бола отырып, шаруашылық-экономикалық мекемелердің жұмысын атқаратын болды. Қазақстанда 1939 ж. 21 еңбекпен түзету лагерьлері мен колониялары болды. ГУЛАГ құрамының ең үлкені — Қарлагта 35 мыңдай адам ауыл шаруашылық жұмыстарын атқарды. Қарлагтың әкімшілік аумағындағы бөлімшелер Қарағанды ГРЭС-і, Қарағанды темір жолы, шахталар құрылысында жұмыс істеді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында ГУЛАГ жүйесі одан әрі кең қанат  жая түсті. Оның құрамында 56 еңбекпен түзету лагерьлері, 910 лагерь бөлімшелері, 424 еңбекпен түзету колониялары болды. Соғыс уақытында 40 еңбекпен түзету лагерьлері жаңадан құрылды. Оларда 1944 ж. 1 шілдеде 1,2 млн тұтқын болса, оның 43%-ы саяси мотивтер бойынша сотталғандар еді. Соғыс жылдарында ГУЛАГ жүйесі көптеген халықтардың есебінен толықты. “Еңбек армиялары”, “Жұмысшылар колонналары” деп аталынғандар НКВД объектілерінде және басқа халық комиссариаты өндірістерінде еңбек етті.

Соғыстан кейін де КСРО-да түрме мен лагерьлер жүйесі өсе түсті. КСРО-да арнайы қоныстарда барлығы 2 млн 750 адам болды. Арнайы қоныстардағылардың арасында саяси мотивтер бойынша жазаланғандар санаты пайда болды. 1944—1952 жылдары Батыс Украинадан отбасыларымен бірге Украина ұлтшылдар ұйымы (УҰҰ) мүшелері, 1946—1947 жылдары “власовшылдар”, 1949 ж. Қара теңіз жағалауынан (Грузиядан, Одессадан және Қырымнан) гректер және т.б. күштеп көшірілді.

1953 ж. 1 қаңтарда Қазақстанда  1 млн жуық арнайы қоныс аударылғандардың 13 мыңдайы лагерьлерде, колония және түрмелерде тұтқында отырды. Арнайы қоныстардың ішінде 450 мыңдай неміс, 245 мыңдай шешен, 80 мыңдай ингуш, 37 мыңдай грек, 35 мыңдай поляк, 33 мыңдай Грузиядан келгендер, 6,5 мыңдай Қырымнан келгендер, 8 мыңдай УҰҰ мүшелері, 1,3 мың власовшылдар және т.б. болды.

Соғыстан кейін ГУЛАГ  жүйесінде “қауіпті мемлекеттік  қызметкерлер ұсталатын” ерекше қатал  тәртіпті лагерьлер мен түрмелер құрылды. Оларда бұрынғы саяси негіздегі  қылмыскерлерге қосымша шпионаж, терроризм, диверсия үшін сотталғандар мен ұлтшыл және кеңестерге қарсы ұйымдардың мүшелері ұсталды. 1948—1952 жылдары КСРО бойынша құрылған 12 ерекше лагерьлердің 4-і Қазақстанда ұйымдастырылды. Қарағанды облысында барлығы 40 мың тұтқыны бар N4 (“Далалық лагерь”), N8 (“Құмдауыт лагері”), N9 (“Жазықтық лагері”), Павлодар облысында 1952 ж. құрылған 5 мыңдық N11 (“Шеткі лагерь”) ерекше қатал тәртіпті лагерлері бой көтерді. Тұтқындар аса ауыр дене еңбегімен шұғылданды. Жұмыс уақыты 10 сағатқа созылды, емдеу-сауықтыру қызметін ұйымдастыруға ешкім де басын ауыртқан жоқ. Ерекше тәртіптегі лагерьлер ірі халық шаруашылығы объектілері құрылысында, Жезқазған, Қарағанды, Балқаш, Ақтөбеде жұмыс күші ретінде пайдаланылды.

Екінші дүниежүзілік соғыстың халық санына тигізген әсері. Еңбек армиялары. Екінші дүниежүзілік соғысының дауылында Қазақстан аумағына көшіп келушілер тасқыны шұғыл артты. Қазақстанға елдің батыс бөлігінен 536 мың адам эвакуациямен келді.

Майданда 410 мың қазақстандық жауынгерлердің мерт болуы мен 125 мың  адамдардың хабар-ошарсыз кетуі, концлагерьлерде азаппен көз жұмуы сияқты соғыстың зардабы орасан зор болды. Белгілі демограф М.Тәтімовтың болжауы бойынша, мұндай соғыстың зардабы 125 жылға дейін созылады екен. Мыңдаған отбасылардың шаңырағы ортасына түсіп, балалар жетім қалды. Қазақ балаларының табиғи туу және өсімінің қарқыны төмендеп, 1944 ж. 1000 адамға шаққанда 47 мыңдық деңгейге түсті.

Соғыс жылдарында Қазақстаннан 1 миллион 200 адам майданға шақырылды. Бұлардың 630 мыңы алғашқы аттанғандар болды. Ал алғашқы соғыс жылдарында әскердің шегінуіне байланысты адам шығыны көп болып, армия қатарын толықтыру қажеттігі үнемі сақталып тұрды. Сондай-ақ, еңбек колонналарына шақыруды қоспағанда Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға әрбір бесінші қазақстандық шақырылды.

Соғыс басталған кезден бастап 1941 жылдың соңына дейін, 1942 жылдың жазы мен күзінде әскери қимылдар болып жатқан аймақтардан шығысқа өнеркәсіп өндірістері, колхоз, совхоз, МТС дүние-мүлкі мен малдар эвакуацияланды. Қазақстанға 312 өнеркәсіп өндірісі мен жарты миллионнан астам адам көшіріп әкелінді. Бұл өндірістердің 142-сі ғана іске қосылды.

Өнеркәсіп өндірісіндегі  еңбек армиялары басқа республикалардан келгендермен қатар, соғысқа дейінгі  арнайы қоныстардағылар, сондай-ақ Қазақстанға  депортацияланған халық өкілдері контингентімен толықтырылып тұрды.

Мәселен, соғыс жылдарында еңбек армиясына 121 мың неміс, 30 мың  корей ұлты өкілдері шақырылды. Еңбек  армиясында тек арнайы қоныстандырылғандар  ғана болған жоқ, негізгі бөлігі колхоз тұрғындары болып табылатын 200 мыңдай қазақтар да шақырылды. Олардың барлығы Орал және Сібір зауыттары мен Ақмола — Павлодар, Қарағанды — Ақмола, Орынбор — Арыс, Басқұншақ — Мақат темір жол құрылысында еңбек етті. Мыңдаған тұтқындар Доссор — Астрахань, Орск — Қандыағаш мұнай құбырлары құрылысына терін төкті.

Соғыс жылдарында барлығы 700 мыңнан астам қазақстандықтар — қазақтар, немістер, украиндар және т.б. еңбек колонналарына шақырылды. Соғыстың соңғы 1,5 жылында еңбек армиясының қатарына Солтүстік Кавказ, Грузия, Қырым, Қалмақ елдерінен көшіріп-қоныстандырылған бөлігі қосылды. Еңбек армиясындағы адамдардың тұрмыстық-материалдық жағдайы өте ауыр болды. Арнайы қоныстандырылғандардың көп бөлігі ауру мен аштықтан қырылды. Мәселен, 420 мың неміс ұлты өкілінің соғыс біткен соң 330 мыңы ғана қалды.

Сонымен, еңбек колонналарында екі категориядан тұратындар, біріншілері — азаматтық тұрғындардан тұратын еңбек армиясы, екіншілері — тұтқын жағдайындағы арнайы қоныстандырылғандар болды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға және қорғаныс өнеркәсібіне әрбір төртінші қазақстандық алынды. Ұлы Отан соғысының майданында 350 мың қазақ жауынгерлері қаза тапты, 150 мың адам жау қолында тұтқынға айдалды немесе хабар-ошарсыз кетті. 1939 жылғы санақ бойынша Қазақстанда 6,9 млн адам тұрса, соғыс аяқталған соң эвакуациямен келген және депортацияланған халықтар есебінен бұл көрсеткіш шамамен 7,5 млн болды.

Жергілікті халықтың үлес салмағы 1939 жылмен салыстырғанда 38%-дан 30%-ға кеміп кетті. Тіптен кейбір аймақтарда қазақтардың үлес салмағы 2 есе азайды. Мәселен, 1959 жылғы халық  санағы бойынша қазақтар Орталық Қазақстанда барлық халықтың 4/5 бөлігін құрады; орыстар — 47,4%; немістер — 10,9%; украиндар — 9,6%; татарлар — 2,5%; корейлер — 1,2% және басқа ұлттар — 9,3% болды.

Сталин қайтыс болғаннан  кейін 1954—1956 жылдары заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған халықтар, таптар және басқа кеңес азаматтарын ақтау үрдісі басталды.

Қорытынды

 

Империя құлап, отарланған халықтар тәуелсіздік алғаннан бepі  ата тарихымыздың ана тілімізді, ұлттық ділімізді піp тұтуға бет  алдық.

Қазақ халқының жерінің  ғана емес көңілінің кеңдігінен, дархандығынан осыншама қиналған адамдардың көпшілігі тұрақтап Қазақстанда қалды. Бұл лагерлердің этнодемографияға тигізген кері әсері де болды.  Сол себепті де Қазақстанның солтүстік өңірлерінде көптеген ұлттар, әсіресе славян халықтары көптеп тұрады. Дегенмен, қазақ халқы мұндай алапат ауыр қиыншылықтарға да төзе білді.

Информация о работе Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты. Халықтар депортациясы