Ақын-жыраулар мұрасындағы ислам

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 13:57, реферат

Описание работы

Қазақ халқының рухани мәдениеті тарихында ақын – жыраулар мұрасының алатын орны ерекше. Ұлттық поэзиямыздың, сондай ақ философиялық ой мен дүниетанымның қалыптасуына ақындық, жыраулық дәстүр ерекше ықпалын тигізді. XV-XVIII ғасырларды туып, қалыптасқан жыраулық поэзия ұлтымыздың табиғатына тән шешендік қасиет пен философиялық терең даналықты бойына сіңірді.
Қазақ жыраулары өздері өмір сүріп отырған қоғамның белсенді қайраткерлері болды. Олар қазақ қауымының әлеуметтік-саяси өміріне тікелей араласып, өз дәуірінің ойшылы, философы бола білді. Қоғамдық-әлеуметтік ұғымдарға анықтама беріп, олар туралы салмақты тұжырымдар жасады.

Работа содержит 1 файл

Қазақ халқының ақын-жыраулары.doc

— 66.00 Кб (Скачать)

Жыраулардың адамгершілік позициясының өзіне тән айрықшылығы, олардың  шығармалар мәтініне қатысты – бейнелеу өнерінің жоғарғы позициясы болып  табылады.

XV-XVIII ғ.ғ. өмір сүрген жыраулар сөздерінің күші этикалық және діни құндылықтардың арасалмағын дұрыс түсінуі мен дұрыс қарастыруында жатыр. Ол барлығының басына құдайды, одан кейін әр адамның құдайға ұнайтын істерін және содан кейін ғана құдайдың адамға және қоғамға қатысты ойларының жердегі айғақтарын қояды.

Ақын-жыраулардың атанып өткен, сонымен  қатар басқа барлық моральдық  және этикалық құндылықтарды өзінің ғайыптан хабар беріп отыратын абыз, көшпелі халық өмірінде үлкен  беделге ие болған, сол арқылы этикалық мазмұнды құндылықтарды ізгілендіріп қана қоймай, оның үстіне интуициялық, гуманистік, елеулі бостандықтың өзегі ретінде оның жанды рухын көрсететін адам ретіндегі биік позициясына лайықтап ұсына білу фактісі де маңызды.

Қазақтардың ұлттық танымында төрткүл  дүние, жеті қат көк, жеті қат жер түрінде қабылданатын кеңістіктің кіші бөлшегі – атамекен, ата қоныс. Ата бабадан мұра болып қалған жер – қасиетті де құтты қоныс.

Дүниені тануда ақын-жыраулардың өзіндік  танымы мен көзқарасы бар. Өмір жүлелі түрде жыр толғауларынан көрініс тапты. Жыраулардың поэтикалық әлемі бейнелі де сұлу сөздердің немесе бай да құнарлы тілдің тұтастығы ғана емес, сондай ақ халықтық дүниетанымның, ұлттық философиямыздың құнды игіліктерін жинақтаған рухани рухани қазына.

Ұлттық рухани мәдениетіміздің ірі тұлғалары болған ақын-жыраулар ұлттық поэзиямыздың ғана емес, философиямыздың қалыптасып, дамуына да зор үлес қосты.[11]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

[1] сайт Kazakhadebieti.kz

[2] Төоеқұлұлы Н. Қазақтың 100 би-шешені. Алматы, 1995 58-59

[3] Поэты пяти веков. Алматы, 1993 33бет

[4] Мұхтар Әуезов энциклопедиясы - Алматы, «Атамұра» баспасы, 201

[5] Толысбайұлы К. Асан Атаның дүниетанымы. Егемен Қазақстан 21.08.1991

[6] Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық  анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010

[7] Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, «Санат» 2006

[8] Тіленов Ж. Елім деп еңіреген ерлер жыры. Алматы, 21.б.

[9] “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том

[10] Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010

[11] Қазақ халқының философиялық мұрасы 8 том. Астана, 2008ж.


Информация о работе Ақын-жыраулар мұрасындағы ислам