БУДДАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:39, реферат

Описание работы

Ежелгі Үнді мәдениетінің діни-рухани пафосының тұлғалығын айқын көрсеткен буддизм (сонымен толассыз күресте индуизмнің өзі қалыптасты) болды. Ол индуизм секілді веда діндерін айтарлықтай өзгерткенімен вела мәдениетінің негізгі тақырыптарына тимеді. Тірі жан иерархиясында адамға ерекше роль атқарғыза отырып және оның өмір жолын негізгі мәселе деп тауып қайғы-қасіреттен құтқаруды мақсат етті.

Работа содержит 1 файл

Буддалық мәдениет.doc

— 84.00 Кб (Скачать)

        Буддизм өзінің ұзақ уақыт даму тарихында көптеген өзгерістерге ұшырады. Нәтижесінде оның көптеген түрлері пайда болды. Негізгілерінің ретінде жоғарыда айтылғандай хинаян мен махаян саналады. Хинаянда нирванаға тек қана монахтардың жету қабілеті бар, ал басқа адамдар өзінің кармасын жақсартуға ғана мүмкіндігі бар деп есептейді. Махаяндықтар, будда болу монах-аскет ғана емес, кез келген дұрыс өмір сүретін адамдар да бола алады деп оқытады. Нирванадан бас тартып, басқа адамдардың жетуі үшін көмектесушілер, бодисатвтар махаянда ерекше құрметке иеленеді.

        Б.э. І мыңжылдық бойы Үндістанда брахманизм мен буддизмнің бірте-бірте жақындасуы өтті, нәтижесінде индуистік дін пайда болды. Олардың негізгі құдайлары болып ежелгі үнділік құдайлар Вишну, Шива және Кришна саналды, ал буддалық идеялар олардың рухани құрамына енді. Қазіргі уақытта индуизм буддизмді толық дерлік ығыстырған.

        Алайда буддизм Үндістанмен шекаралас Азиялық елдерде негізгі дінге айналды. Цейлонда, Бирмада, Таиландта, Вьетнамда, Камбоджада басшы ағымы болып хинаяна есептелінеді. Қытайда буддизм махаяна бағытында дами бастады. Императорлық Цинь тұқымдары біздің дәуіріміздің ІІІ ғ. буддалық сенімді қабылдап, мемлекеттік дінге айналдырды. VI-VIIғғ. Тань тұқымдарының тұсында Қытайда бір-бірімен қарсылас буддизмнің 10 мектебі пайда болды. Буддизм кейініректе жергілікті жердің діндері даосизм мен конфуциандықтармен жақындасты. Бүгінгі күндері қытайлықтарды діннің тазалығы мазасыздандырмайды, қайта көпшілік жағдайда олардың үшеуіне де мән береді. Осыған ұқсас жағдай Жапонияда да орын алған, онда буддизм адамдардың санасында ежелгі жапондықтардың синтоистік дінімен үйлесімін табуда.

        Тибетте және Монголияда VІІ ғ. бастап махаянның негізінде тантрикалық буддизм (ламаизм) бекіді. Лама (діни қызметкер) өзіне Будданың рухы дарыған жоғарғы дәрежелі қасиетті деп есептелінді.

        Тибет – Монголияда буддизмнің рухани орталығы болып храмдар мен монастырлар саналады. Оның негізгі бағыттарының бірінің басында, Авалакитешвараның бодисатвасы дарыған деп есептелінетін Далайлама тұрады. Буддизм Монголиядан Ресей жеріндегі буряттықтардың, тувиндіктердің, қалмықтардың арасында тарады. 1741 жылы император әйел Елизавета Буддизмді Ресей империясының діндерінің бірі екендігін мойындады.

        ХХ ғ. дзен-буддизм болып саналатын жапон-қытай буддизмнің бір түрі тантризм, батыс әлемінде белгілі бола бастайды. Оған деген қызығушылық негізінен олардың психотерапевтикалық қызметіне байланысты. Батыс өркениеттілігінің құндылықтарынан түңілу, рухани бейшаралықты сезіну, «өмірдің мәнсіздігі мен абсурдтығы» адамдардың бір бөлігін оның ішінде жастарды, буддалық уағызды қабылдауға материалдық игіліктен бас тартуға, өзінің рухани әлемін өзі тереңдетуге, өзімен-өзі болуға алып келеді.

 

        4. Буддизмнің мәдени-әлеуметтік дәстүрлері. Буддалық мәдениет сонау Ашока уақытынан бастап саяси-әлеуметтік тұрғыда қоғамдық келісімді, тең құқықтықты және күштемеуді уағыздаумен байланысты болатын. Жеңіс өштікті туындатады, өйткені жеңілген жақ «бақытсыз», «өштілік, өштілікпен жеңілмейді» - деген Будданың нақыл сөздері белгілі. Ашока ахимсті (тіріге залал келтірмейтін) жақтайтын, азаптауға тыйым салатын, жазаны жеңілдететін заңдарды жариялады. Мұны Үндінің ұлы діни-саяси қайраткері Махатма Ганди өз елінің тәуелсіздігі үшін жасаған қозғалысының негізі етіп алды.

        Саналылық, ұстамдылық, сабырлылық, жұмсақтық – будда этикасына тән сипаттар. Ол «Ақыл – адамның сәні, ақылдың сәні – сабырлылық, сабырлылықтың сәні – ерлік, ерліктің сәні – жұмсақтық», - деп оқытады. Махаяндағы негізгі принциптер былайша тұжырымдалған: жамандықты – қақпайлап және кесіп өту керек, игілікті шараны жасау және оны қолдау керек.

        Кісілік тәрбиенің Қытай буддизмінде бес негізгі қағидасы бар: кісі өлтірме, ұрлық жасама, өтірік айтпа, әйелге құмарлықпен қарама, масайтынды ішпе. Айта кету керек, үнділік эротика және махаббат ләззатын дәріптеу буддизмнің емес брахманизм мен индуизмнен шыққан. Ал буддизм болса сезім рахаттылығын мадақтамаса да оларға тыйым салмайды.

        Буддизм рухани мәдениет өрісінде, адам өз денесінің физиологиялық жағдайларын басқаруға және әлем құрылысының терең құпияларына ой арқылы енуге мүмкіндік беретін ерекше психикалық күшті іздеу дәстүрін дамытты. Бұл дәстүр әдеттен тыс мистикалық қуаныштар мен қайғыруды беретін өзін-өзі жетілдірудің үлкен рухани тәжірибенің жинақталуына, өзін ерекше транс жағдайына апаратын «өзін өзіне батырудың» арнайы әдістері мен тәсілдерін жасауға әкелді. ХVІІІ-ХІХ ғғ. буддалық идеялар Батыс философтарының көңілін аудара бастады.

        Алайда буддистік мәдениеттің әлемді ғылыми танудағы жетістіктері өте қарапайым болды. Б.з.б. І-ІІ ғғ. көне үнді ойшылдарына ондық есептеу жүйесін құруды және нөлді ойлап тапқандығын есептегенімен де будда мәдениетіндегі елдерде нақты ғылымдардың дамуы жоқтың қасы болды. «Өзін өз ішінде жетілдірумен әуестену, өзіне тереңдеу, мистикалық ой-шабыт, нақты өмірден алшақтық, сенгіштік және деректерге келгенде таяз ойлаушылық, сезім әлеміне жаттана және елемей қараушылық бұлдыр көзқарастарды туындатты. Іс деректерге келгенді ол сын көзбен қаралмады. Өйткені іс-қарекеттер деректерге жанасқанда қажетті шамада мән берілмейтіндігінен болуы мүмкін».

        Осы себептерге байланысты буддалық мәдениетте тарихи зерттеу жұмыстары да өте баяу жүреді. Осыдан көптеген аңыздар, ойдан шығарылған фантастикалық әңгімелердің әр түрлі түрлері пайда болды. Негізінен ғылым мен техниканың дамуы басқа буддистік ошақтарға қарағанда ежелгі Қытайда дамып (порох, компас, қағаз, механикалық сағат және т.б.) ал біздің уақытымызда Жапония алға шықты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

        Буддалық өнер, сәулет өнері мен мүсінде көбірек жүзеге асты. Ежелгі буддалық бейнелеу өнерінің ұлы үлгілеріне Үнді еліндегі Аджанта үңгіріндегі және Қытайдың Дуньхунасындағы фрескалар жатады. Будда храмдарынан, іздемшілдігімен ерекшеленген будданың әр түрлі кейпін бейнелеген жүздеген әсем мүсіндерді көруге болады.

Олардың әрқайсысының өзінің символикалық мәндері бар: Сол қолының алақанын көрермендерге қаратып басының турасында ұстаған кейпі – «адамдарға мейірімділік пен махаббатты сыйлағаны»; Будданың көрермендерге қолын созып, оң алақанын жоғары көтергені – «адамдарға ақиқатты ашқаны»; егер екі алақаны бір-біріне жақындап, бейне бір дөңгелек затты ұстап тұрғандай болса, - будда «заңның дөңгелегін айналдырғаны», әлемді жамандықтан тазартқаны»; егер екі алақаны да ашық күйінде тізесінде болса – Будда «өзіне сенім артуға шақырғаны»; егер Будданың басы иіліп екі алақаны тігінен қосылса, - ол «ақыл-ойына қадалып пайымдауы»; Будданың қолындағы лотос – «ақылдылық пен тазалықтың символы» және т.б. Бұлардың бәрі ғасырлар бойы жинақталған аңыздардың көркем бейнелілігін, терең ойлылығын көрсетіп күні бүгінге дейін адам санасына әсер етуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. «Мәдениеттану», Ө. С. Төкенов. Алматы - 2005

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

 

І. Кіріспе

 

ІІ. Негізгі бөлімдер

1.      Буддизм идеясының шығуы

2.      Будда ілімі

3.      Буддизмнің таралуы

4.      Буддизмнің мәдени-әлеуметтік дәстүрлері

 

ІІІ. Қорытынды



Информация о работе БУДДАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ