Ислам даму банкі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 07:23, реферат

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты: Ислам Даму банкі жайлы толық ақпараттар іздестіру және Ислам Даму банкінің қаржылық жағдайын талдау, Исламдық қаржы институттары жайлы мәлімет беру.
Курстық жұмыстың міндеті:
“Ислам Даму банк” туралы жалпы анықтамаларды сипаттау;
Ислам Даму банкінің мақсаттарын, қызметін анықтау.
“Ислам Даму банк” қаржылық жағдайын талдау

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3

I. Ислам даму банкі және оның қазақстанға енуі

1.1. Ислам даму банкінің тарихы...................................................................... 4
1.2. Ислам даму банкі туралы жалпы мәлімет................................................. 6
1.3 Қазақстанға енуі........................................................................................... 10
II. ҚР ИСЛАМ БАНКТЕРІНІҢ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ мен қаржылық жағдайын талдау

2.1“Ислам Даму банк” қызметтері................................................................... 17
2.2 Ислам Даму қаржылық жағдайын талдау ................................................ 20
2.3. Ислам Даму банкінің даму перспективасы.............................................. 29

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................35

Работа содержит 1 файл

ислам даму банк.doc

— 360.00 Кб (Скачать)

Мазмұны

 

Кіріспе..................................................................................................................3

                                                                                                      

I. Ислам даму банкі және оның қазақстанға енуі

                      

1.1. Ислам даму банкінің тарихы......................................................................     4         

1.2. Ислам даму банкі туралы жалпы мәлімет.................................................    6

1.3 Қазақстанға енуі...........................................................................................   10                                               

II. ҚР ИСЛАМ БАНКТЕРІНІҢ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ мен қаржылық жағдайын талдау

 

2.1“Ислам Даму банк” қызметтері...................................................................    17

2.2 Ислам Даму қаржылық жағдайын талдау ................................................    20 

2.3. Ислам Даму  банкінің даму перспективасы..............................................   29            

 

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................33

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................35

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

     

      Менің курстық жұмысымның өзектілігі: бүгінгі күндері Ислам әлемінің банк жүйесі әлемдің қаржы институттары мен БАҚ-ты, сонымен қатар, қарапайым салымшы жұртшылықты да өзінің ерекшелігімен қызықтырып отыр.  
       Исламдық банк жүйесі — Шариғат (Ислам дінінің қағидалары) рұқсат еткен істерді атқару арқылы банктық қызметтерді көрсету жүйесі. Ислам дінінде пайыз алу/беруге тыйым салынған. Сол себептен де Исламдық банк жүйесінде қарапайым банктердегідей өсімқорлық жоқ. Пайыздық өсімсіз қызмет етуіне қарамастан Ислам қаржы жүйесі ең жылдам өсуші сегмент болып табылады. Жылына 15 пайызға өсетін исламдық негіздегі активтердің жиынтығы 800 миллиард АҚШ долларын құрайды.  
Әлемдік банкинг саласында жаңадан өзгерістер енгізіп, өздерінің қаржылық активтерін жыл өткен сайын молайтып жатқан, шариғат заңдарын қатаң ұстаған банктердің дамуы күн санап жылдам қарқынмен өсіп жатыр, экономикалық алпауыт елдердің де нарығына етене енуде. Бәсекелестікке бейім, бірақ тұтынушысын сүліктей соруға құмар, пайыздық несиелер арқылы дамитын банктер өздері қызмет етіп жатқан қаржы секторында жаңа жүйенің белсенді түрде нық қадам басып келе жатқанын аңғарды.  
Исламдық банк жүйесі жоқ елдерде тұратын мұсылмандар үшін Шариғат заңдарын сақтауда өлкен қиындықтар болады. Несие беруші банк пен несие алатын мұсылмандардың негізгі прициптері бір-біріне қайшы келетін. Бұны несие алу, банкте депозит ашу және ипотекалық қызметтерді пайдалану кезіндегі жағдайлардан білуге болады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Ислам Даму банкі жайлы толық ақпараттар іздестіру және Ислам Даму банкінің қаржылық жағдайын талдау, Исламдық қаржы институттары жайлы мәлімет беру.

Курстық жұмыстың міндеті:

  • “Ислам Даму банк”  туралы жалпы анықтамаларды сипаттау;    
  • Ислам Даму банкінің мақсаттарын, қызметін анықтау.                                      
  • “Ислам Даму банк”  қаржылық жағдайын талдау

        Курстық жұмыстың объектісі: Ислам  Даму банкі

        Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

I. “Ислам Даму Банк” қаржылық жағдайын талдау

 

1.1.“Ислам Даму банк” тарихы

 

    Біздің заманымыздың VIII – XIII ғ.ғ. Аралығы Ислам әлемінің Алтын Ғасыры кезіңі болып саналады. Ол кездері Ислам әлемі Халифаттық басқару жүйесінде болды. Нарықтық экономика, саудагерлік пен айырбас жасау кеңінен тарады. Нарықта қарызға алу қатынасы дами түсті. Міне, осындай экономикалық белсенді өмір ислами банктің негізі болатын. Адамдар арасында экономикалық серіктестіктер орнады. Мысалыға: Муфауада – қатысушалар санына шектеу қойылмайтын, бір мақсатқа жұмылған әріптестердің серіктесуі. Бұдан бөлек Мудараба деген серіктестіктің түрі болды. Мудараба бойынша әріптестердің санына шектеу қойылады. Әл-Мал деген ислами негіздегі капитал пайда болды. Ортағасырлық Ислам қоғамында жетілген қаржылық институттар мен экономикалық негіздер ортағасырлық Еуропаға ауысып (XIII ғ. бастап), ол жерде одан әрі дами түсті.

      Ислам банктерінің тарихы исламның алғашқы пайда болғаннан бастау алады. Ислам Өркениетінің қолдауымен арабтан шыққан Мұсылмандар Римдіктер қолданысқа енгізген банктік істі қабылдап қана қоймай, оны жетілдіре түсті. Мұның барлығы Шариғатының ұстанымдары мен ережелеріне сәйкес жасалған болатын.

      Ерте кезеңдерден-ақ салым (депозит) сенімді бір тұлғаға сақтауға берілген ақша болып табылатын. Бұндай банктік тұжырымдама Исламның қалыптасу дәуірі тұсында қабылданды. Ол кезде адамдар өз ақшаларын Пайғамбарымыздың (салаллаху ғалейхи уәсәлләм) жоғары мәртебелі серігі Әл-Зұбайыр бен Аууамға (ради Аллаһу анһу) сақтауға беретін. Ол мұнысын: «Мен сіз үшін кепілдік бере алатын қарыз беріңіз»,- деп түсіндіретін. Содан кейін ол салымдарды саудаға салатын.

     Одан көп ұзамай мұсылман қауымы ақша аударымдары және чектерді қолданумен танысты. Тарихта Алеппо Ханзадасы Саиф Аддаулах Алхамадани Бағдадқа қарапайым адамың киімімен келіп, Бани хакан тайпасының арасында бір түн болып, ертесіне Бағдатта бір мың динар көлемінде ақша айрбастау туралы өзі қол қойған хабарламаны бергені туралы деректер кездеседі.

       Шетелдік коммерциялық (өсімқорлық) банктердің көптеген мұсылман елдерінде таралуы банк ісінің Исламдық баламасын құру қажеттілігін тудырды. Мұсылман ғалымдарының көбі шетелдік коммерциялық (өсімқорлық) банктердің және олардың күнәлі операцияларын ешқандай баламасын ұсынбайды деп сынға алады. Уақыт өте, коммерциялық банктердің үлкен басымдылығын ескеріп, ғалымдар өз күштерін Шариғаттың ұстанымдары мен ережелеріне сәйкес келетін шешімдерді іздестіруге салды.

       XIII ғасырдағы европалық сауданың жандануымен дамыған параллель дамыған банктерге қарағанда, ислам банкі өз ісін дамыта алмады. Мұсылман елдер сауда мен колониализм дамытудың нәтижесінде дәстүрлі банк жүйелерін қабылдады, ал ислам дамуының ерте кезеңіндегі пайда болған ислам әмбебап банкі өз жұмысын тоқтатты. Барлық мұсылман әлемін сілкіндірген «ислам қайта тууы» ислам банк ісін жасау үшін түрткі болды.

       Қазіргі заманның ислами банктерінің тарихы XX ғ. 60-жылдарынан бастау алады. 1963 ж. Мысырдың Гамр қаласында Ислам Банкін құру бойынша алғашқы әрекетті доктор Ахмед Әл-Наджар жасады, ол бірінші филиалын ашпай тұрып, қала тұрғындары мен ауыл тұрғындары арасында ұзақ үгіт насихат жүргізген. Бұл жобаның мақсаты: капитал біліміне ауыл тұрғындарын интегралдау болды. Банкті құрудың себепшілері, Египетті индустриалдау үшін капиталдың жинақталу процесі аграрлық секторда болу керек, ол сол кезде Египеттің халық шаруашылығында үстем болған. Жобаның ұраны: «Крестьяндарды салымшыларға айналдырыңыз!»

       Банк шариғат заңдылықтарының негізінде құрылып, мақсаты халықтың жинақтаған қаржыларын пайдалана отырып табыс әкелетін жобаларды қаржыландырудың арқасында пайда табу болды.

       Банк 85 000 салымшысы бар 53 бөлімше құрды. Банк адамдарға инвестициялық, әлеуметтік және білім беру қызметтерін ұсынды. 1971 жылы Мысыр үкіметі Nasser Social Bank банкін құру үшін заң қабылдады. Оның пайда табуының 3 көзі болды: 1) Зекетті басқару, 2) мемлекеттік сақтандыруды басқару, және 3) мемлекеттік қарызды басқару.

1967 жылы банк исламдық  радикализмге қарсы күрестің  құрбаны болып, жабылып қалады.

       Бірақ банктың негізін қалаушы Ахмад әл-Наджар болашақта мұндай қаржылық институттардың сәтті қызмет ететініне сенімді болды. Ол Сауд Арабиясына көшіп кетеді. 70-жылдары мұнайдың бағасы қарқынды түрде өскен болатын. Бұл жағдай исламдық негізде банк құру үшін оңтайлы кез болатын. Алдымен 1975 жылы Ахмад әл-Наджардың қатысуымен Ислам Даму Банкі құрылды (ИДБ). Соңынан Біріккен Араб Әмірлектерінде (БАӘ) ''Dubai Islamic Bank'' атты ислами банк дүниеге келді. Олардың соңынан Faisal Islamic Bank (Египет, 1977 ж.), Faisal Islamic Bank (Судан, 1977 ж.) және Bahrain Islamic Bank (Бахрейн, 1979 ж.) банктері өз қызметтерін бастап кетті. Алғашқы кездегі скептицизм (күдік) бірте-берті жойылып, банктердің жарқын болашағына деген сенім арта түсті. Осылайша, ислами банк жүйесіне деген байсалды қатынас орнай бастады. Аз уақыттың ішінде Ислам банк ісінің менімді әрі болашағы бар банк жүйесі екендігі түсінікті болды.

Діни мұсылман клиенттердің қаржылары ағылып келуі, ислам банктеріне бірқатар пассивтерін құруға мүмкіндік  берді, бірақ ислам нарығының  эмбриалды капиталының жағдайы  оны толық жұмыс істеуге мүмкіндік  бермеді.

       80 жылдардың басында Азияның оңтүстiк-шығысындағы ислам әмбебап банк iсi белсендi өсуін бастайды. 1963 жылы Малайзияда Мекке қажылыққа баратын мұсылмандардың жинағы жұмсалатын қайырымдылық қоры құрылған. Кейiннен оның негiзiнде әлемдегі ең ірі ислам инвестициялық қорларының бірі Tabung Haji пайда болды. Малайзиядағы ислам банктiк секторының қарқынды өсуi 1983 жылдан, мұсылман көпшiлiктiң өмiр деңгейiнiң жоғарылатуы бойынша өкiметтердiң саясаты шеңберiнде, басталды. Экономикалық саясаттан басқа, ішкі саяси себептерде ие болды - мұсылмандар Малайзия тұрғындарының 75 пайыздары құраса да, жеке сектордың капиталының үлкен бөлігін этникалық қытайлар тексереді.

   

  

1.2. Ислам даму банкі туралы жалпы мағлұмат

 

             ИДБ мақсаты Шариғаттың қағидаттарына сәйкес ИДБ мүше елдерінің және мұсылман қоғамдастықтарының экономикалық дамуына және әлеуметтік прогресіне көмек көрсету болып табылады. Мүшелерінің құрамына 52 мемлекет кіреді. ТМД елдерінің ішінде ИДБ мүшелері Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан болып табылады.Ислам банкі қарапайым банктерден екі бағыты бойынша айрықшаланады: этикалық пікір мен банкілік өнімдер, мұндағы екіншісі біріншісінен туындайды. Қалған бағыттары бойынша бұл екі банкілік жүйелер ұқсас. Ислам банкі түсінігінің өзі Ислам этикалық нормаларының мұндай банкті құрудағы және банкішілік процесстердегі басымдылықты білдіреді. Ислам банкінің исламдық еместен түбегейлі ерекшелігі, Исламда тыйым салынған пайыздарды алу мен төлеу салдары тәрізді, Ислам ғалымдарымен өсімқорлыққа теңестірілген банктік пайыздардан толық бас тартудан тұрады. Пайда табу құралы ретінде пайыздар болмаған жағдайда Ислам банктері қалай пайдаларын іске асырады? Алла соңғы пайғамбары Мұхаммедке (Алланың нұры жаусын) : «…Алла саудағы рұқсат берді және өсім алуға тыйым салды…» (Құран, 2:275) жіберген. Бұдан туындайтыны, Ислам банктері пайызсыз қаржыландырумен ғана айналыса алады және мұны ойдағыдай жүргізеді. Заманауи Ислам банктері клиенттеріне жылжымайтын мүлік пен жабдықтарды қаржыландыруға, құрылыс және ауыл шаруашылық жобаларын, шағын және орта бизнес және тағы басқаларын қаржыландыруға мүмкіндік береді, және мұны сатып алу-сату, лизинг, немесе жобаға үлестік қатысу арқылы жасайды. Ислам банктерінің қызметтері келесі қағидаттарға негізденеді: Құран мен Мұхаммед пайғамбардың (Алланың нұры жаусын) Сүннесінде көрсетілген шариат нормаларын сақтау; пайыздарға тыйым салу; ішімдік сусындарымен, шошқа өсірумен, ойын-сауық индустриясымен, исламдық емес кредиттік ұйымдармен, және басқа да Исламның құқықтық және этикалық нормаларына қайшы қалғандарына тыйым салу. Бұл саралық анықтама ислам банкінің өнімдері мен қызметтері бойынша бизнес-процесстерді егжей-тегжейлі сипаттауға арналған. Мынадай Мудараба, Мушарака, Мурабаха, Бай аль-Инах, Таваррук, Иджара, Салям және Истисна тәрізді ислам қаржылық мәмілелері мен олардың әртүрлі түрлері, ислам банкингінің депозитті өнімдері қарастырылған. Сондай-ақ аккредетивтер, кепілдіктер мен басқа да ислам банкінің өнімдері ұсынылған.

     Ислам даму банкі өз жұмысын 1975 жылдан бастады. Банктің негізгі кеңсесі Сауд Аравиясыңдағьі Джидде қаласында орналасқан. 
Аймақгық кеңселері үшеу, олар – Рабат қаласында (Марокко), Куала-Лумпур (Малайзия) және Алматы (Қазақстан) қалаларында. Баңктің құрылтайшы-лары Ислам конференциясының ұйымы (ИКҰ) мүшелері. Қазіргі кезде олардың саны 52. Банктің жарғы капиталы 6 млрд. ислам динары. Ол сома 800 мың акцияға бөлінген. Ислам динары (ИД) банк шотының есептесу бірлігі болып саналады, ал оның құны халықаралық валюта қорының (ХВҚ) бір арнайы векселіне тең. Оған мүше мемлекеттердің банктің жарғылық капиталындағы үлестері төмендегідей: Сауд Аравиясы -16,6%, Ливия – 6,7%, Кувейт – 8,3%, ал Гамбия, Қырғыз, Мозамбик, Түрікменстан, Тәжікстан, 
Қазақстан, Мальдив, Суринам, Джибути, Комор елдері біріккенде 0,4% құрайды.

       Ислам даму банкін құрғандағы негізгі мақсат: шариғат негізіне сүйене отырып, ИКҰ-ға мүше болған және болмаған мұсылман елдеріне экономикалық даму және әлеуметтік ілгерілеуі үшін қаржылай көмек көрсету. Әсіресе ИКҰ-ға мүше болған экономикасы нашар Дамыған мұсылман елдеріндегі жобаларды қолдауға көбірек көңіл бөлу. 
1996 жылы банк 2 мыңға жуық жобаларды қаржыландырды, оның ішінде сауда-саттық пен арнайы көмекке бай-ланысты 12 млрд. ислам динары жұмсалды. Бүгінгі кезде халықаралық және аймақтық қаржы мекемелерімен бірлесіп жобаларға берілген қаржы мөлшері 170 млн. АҚШ долларына жетті. 

       Ислами банк жүйесінің принциптері:

1) Шариғат заңдарын орындау – Исламдық банктердің айнымас, ажырамас қағидасы. Бұл қағидалар өздеріне тиісті принциптер бойынша іске асады. 2)Ысырап жасамау;  
3) Заңсыз және ретсіз монополияға тиым салу;  
4)Тауарға қойылатын бағаның шектен тыс қымбат болмауы;  
5)Шариғат пайдалануға тыйым салатын заттар мен тауарларды жасауға және сатуға тыйым салу;  
6)Ұрланған және ұқыпсыз заттарды сатуға тиым салу;  
7)Алдап-арбамау, алаяқтық жасамау;  
8)Бастапқы капиталдың шариғат үкімдеріне сай адал жолмен келуі.

       1996 жылы банк 2 мыңға жуық жобаларды қаржыландырды, оның ішінде сауда-саттық пен арнайы көмекке байланысты 12 млрд. ислам динары жұмсалды. Бүгінгі кезде халықаралық және аймақтык қаржы мекемелерімен бірлесіп жобаларға берілген қаржы мөлшері 170 млн. АҚШ долларына жетті.

Шариғат негізіне сүйеніп, банк коммуналдық шаруашылыққа, жол  құрылысына, көпір, үй, коммуникациялар  т.б. жобаларға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мектеп салу, денсаулық сактау объектілеріне, мәдениет, жалпы білім жүйесіне пайызсыз несиелер береді.

Банк өнеркәсіп және ауыл шаруашылығын бірігіп игерудегі  жобаларға қаржы бөлуге қатысады, тез арада пайда келтіретін жобаларға, лизинг және қарызды мерзімінен кейінірек қайтаруға мүмкіндік жасайды.

Информация о работе Ислам даму банкі