Әлемдік социологияның дамуындағы классикалық кезең

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 13:47, реферат

Описание работы

Социологияның ерекшелігін түсіну үшін оның ХIХ ғасырдың алғашқы жартысында нақты тарихи жағдаида,Франция мен Англияда капитализм тұрақты орнаған кезде және қоғам туралы білім алмаған үшінші” топтың (сословиенің) пісіп жетілген кезде пайда болғанын ескеру қажет. Социологианың жеке ғылым ретінде тууы псхологианың,

Работа содержит 1 файл

Әлеуметтану.docx

— 36.50 Кб (Скачать)

Белгілі әлеуметтанушы Питирим Сорокин (1889-1968жж.) 1922-ші жылға дейін Ресейде тұрып, кейін Батыс Еуропа елдеріне эмиграцмяға кетуге мәжбүр болды. АҚШ-та қызмет ете жүріп, эмпирикалық әлеуметтанудың зерттеу тақырыптары үлкен әлеуметтік мәселелерді қамти алмағанын байқап, оны өткір сынға алды. Ол әлеуметтік стратификация, яғни қоғамда топқа, жікке бөліну және әлеуметтік мобильдік (қозғалу, ауысу) мәселелеріне эмпирикалық зерттеу жүргізе отырып, бұларды әлеутеттік ірі мәселелермен, мысалы, қоғмның әлеуметтік құрылымымен тығыз байланыстырды. Одан әрі ол қоғамның жалпы  өзгерісін, қозғалысын осы алуан түрлі қоғамды құратын элементтердің атқаратын қызметімен байланыстырып түсіндіруге тырысты. Осындай элементтердің бірі ретінде Сорокин әлеуметтік институттарды алды. Осыған орай ол әлеуметтік институттардың, оның негігі түрлері: мектептің, бюрократияның, әскердің, мамандырылған ұйымдардың, шіркеудің, т.б. әлеуметтік мобтльдікке қандай әсерлері бар екенін зерттеді.  

П.А. Сорокин әлеуметтанудың ірі тұжырымдамасын жасап, дүние жүзіндегі өзгерістердің болашағын түсіндірді. Оның бұл жөнінде екі тұжырымдамасы болды. Олардың біріншісі, әлеуметтік-мәдени динамика, екіншісі – қоғамның тұтастық (яғни, біріктіруші - И.А.) тұрпаты. Бірінші тұжырымдамасына қандай да бір тарихи өзгеріс болмасын, оны мәдени типтердің дамуы ретінде қарады. Ал, мұндаға әрбір мәдени тип бір бүтін ерекше құбылыс ретінде көрінеді. П. Сорокиннің пікірінше, осындай негігі топтардың үш түрі болады. Олар: сезімдік, ақыл-парасаттылық (рациональный), идеалистік. Біріншісінде нақты дүниені тікелей сезімдер арқылы қабылдау, екіншісінде ақыл – парасатқа, ақылға жеңдіру арқылы, үшіншісінде – интуицияның (яғни, жорам-алдап сезінудің) басым болуы арқылы іске асырылады. Осылай мәдени типтің әрқайсысы дамып отырады және олар қоғамның ілгері дамуының әрбір кезеңіне тән.  

П. Сорокиннің әлеуметтік мәдени тұжырымдамасы қоғамдағы  әлеуметтік өзгерістердің пайда болатын көзін және қозғаушы күштерін анықтайды. Одан әрі олардың диалектикасын анықтау әрекеті, талабы болады. П. Сорокин өзінің болашаққа көзқарасын тұжырымдады. 60-жылдары оның бұл тұжырымдамасы конвергенция тұжырымдамасының негізгі құрамында болды, өйткені П. Сорокиннің бұл тұжырымдамасы қоғамның алуан түрлі ұйымдары мен жүйелерінің арасындағы байланыс-қатынастарды және адамзат қоғамының талап-тілегіне оларды пайдалануды нақты түрде көрсетті. Олардың ішінде меншік түрлері мен саяси құрылымдағы плюрализм (алуан түрлілігі), еңбекті және экономикалық тәртіпті ынталандыру, басқа елдермен қарым-қатынастардың, әдіс-тәсілдерін жоспарлау, т.б. болады. П. Сорокин жалпы адамзат қоғамы қиын-қыстау жағдайды басынан өткізіп, өзгеріп отырса да, ол әруақытта бірігу бағытына қарай дамитындығын атап көрсетті. 
 
 

Жастар социология 
Жастар социологиясы – жастар әлеуметтік топтарының әлеуметтік сана сезімі мен мінез – құлқын, жастар әлеуметтануы үрдісін, аға ұрпақтармен қарым – қатынастарын, қоғамдық түйінді мәселелерді шешу ролі мен орнын зерттейтін ғылыми сала.Жастар социологиясы жеке ғылыми сала ретінде 1970жылы Варна қаласында өткен Халықаралық әлеуметтанушылық конгресте мойындалды. Бұд осы салада теориялық та, қолданбалы-тәжірибелік те мазмұндағы ақпараттар көп жиналғанын көрсетті.Жастар әлеуметтік мәселелері әлемдік әлеуметтану ғылымының ең белсенді зерттеліп жатырған бағыттарының негізгісі болып табылады.Бұған 1960 жылы кеиін бірқатар елдерде орын алған бұқаралық жастар шерулері үлкен әсер еттік.Социологиялық ғылыми зертттеу бағыттары жастар қозғалыстары, жастар субмәдениеті, жастардың еңбек және қоғамдық белсенділігі, жастардың тәуелсіз еңбек жолына түсуі, құндылықтық танымдардағы өзгерістер , жастардың бейрәсми бірлестіктері, жастар әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктері және т.б. көптеген мәселелерді қамтиды.Жастардың негізгі мәселелерін зерттеумен Л.Розенмайер, К.Штарке, Э.Гидденс сияқты белгілі социологтар айналысты. 
Жастар социологиясы көптеген арнайы социологиялық теориялармен тығыз байланыста дамиды.Көптеген әлеуметтік мәселелер жастар социологиясының дамуына үлкен әсер етті.Әлеуметтік ғылымда жастар өзекті мәселелері бүкіл қоғамның негізгі құрылымдық өзгерістерімен байланыстағы ерекше әлеуметтік топ ретінде зерттеледі.Қазақстандық жастар мәселелері бүкіл әлемде жүріп жатырған ғаламдастыру, урбанизация, ұлттардың қартайуы, дуниеге бала әкелудің кемуі мәселелерімен байланысты. 

Қоғамның тұрақтылығы  балансының негізгі талаптарының бірі -әлеуметтік жүйені құрайтын адамдық әлеуетті қалыптастыру. Адамдық әлеует дегеніміз тек қана халықтың демографиялық әлеуметтік жағдайы ғана емес, сапалы әлеуметтік капиталдың құрамдас бөлігі болып табылады. Ал қоғаманың негізгі қозғаушы күші ретінде жастардың әлеуетін арттыру және оны елдің дамуы бағытында қолдану – мемлекеттің негізгі міндеті. Ал адамдық әлеует дұрыс әлеуметтену үдерісінен өткен индивидтерде көрініс табады.

«Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік жастар саясаты туралы  2004 жылғы 7 шілдедегі N 581 тұжырымдамасы» бойынша, жастар дегеніміз – Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары. 2009 жылы жүргізілген санақ бойынша, 14 пен 28 жас аралығындағы жастарымыз саны – 4 044 660.  Халықтың үштен бірін құрайтын жастар – қоғамның жарқын болашағын қалыптастыратын капиталы, бүгінгі стартегиялық мақсатардың ертеңге жүзеге асырушысы. Сондықтан да жастардың білімді, дәстүрмен қатар заманнның озық құндылықтарын меңгерген, бәсекеге қабілетті болғаны дұрыс. Осы тұста жастардың  дұрыс әлеуметтенуінің маңызы зор.

Бүгінгі таңда жастардың құндылықты бағдарлануын зерттеген      Абдраймова Г.С. мынадай мәселелерді анықтады. Жастардың жеке өмірге бағдарлануында құндылықтар жүйесінде – ақша, материалдық сәттілік бірінші орында тұрғандығы білінген.  Дегенмен, жастардың 56 пайызы өздерінің еңбегімен материалдық игілілікке жетуге болады деген тоқтамға келген. Ал 27 пайыз жастар еңбектен гөрі, статусты «ақшалы» мамандықтарды материалдық игілікке бастар жол ретінде көрсетеді. Сонымен қатар, мансап жасау, жұмыстағы сәттілік секілді бүгінгі жастардың бойында индивидуалистік қасиеттер басым.  Дегенмен, отбасы бақытын жастардың  52 пайызы өмірдің маңызы деп түсінеді. Бұл көбіне 18-19 жас аралығындағылардан гөрі, 25 пен 29 жастағылар үшін көбірек маңызды. Ал отбасы құру мәселесінде көпшілік жастар ата-анасына  қаржылай тәуелсіздік жағдайы, жеке көлемді табыс болуы керек екендігін атап көрсеткен. Ал жас отбасы ата-анасынан бөлек тұрғаны дұрыс деп есептейді (тек 7 пайызы ғана ата-анамен тұруға келіскен).  «Сізге бақыт үшін не керек?» деген сұраққа 39 пайызы жеткілікті деңгейде қаражат, 35 пайызы-махаббат, 18 пайызы – сенімді дос, ал 8 пайызы – аман-есендік деп белгілеген.   Ал бос уақытты тиімді пайдалану мәселесінде жас ерекшелікте айырмашылықтар пайда болды. Ересектерінде бос уақыт аз болса, жастарында көп болып шықты. Бос уақытты пайдалану мәселесінде «ештеңе жасамау» көрсеткіші жоғары болып отыр. Ал «Қаншалықты Сіз театр, концерт, музыкалық үйірме. т.б. жиі барасыз?» деген сұраққа оң жауап бергендердің де үлес салмағы аз.  Ал жастардың мінез-құлық қалпытасытыруы мен өмірді қабылдауында теледидар ерекше орын алады. Мәселен, тек 11 пайыз жастар жарнамаға назар аудармаушылықпен қарайды, 15-20 пайыз жастарға барлық ролик, клиптер қызық.  Профессор Абдрайымованың пікірінше, бүгінгі қазіргі замнағы жастар алдыңғы буынға қарағанда өте күрделі кезеңде өсіп жетіліп келеді. Сондықтан жастарға бағытталған мемелкеттік саясат біріншіден, қоғамдық өмірдің маңызды салаларын: денсаулық, білім беру және тәрбие салаларын қамтуы керек. Бұл бағытта мемлекеттік жастар саясат жүйелі жұмыстар атқаруы керек.

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» қабылданған тұжырымдама болғанымен, оның орындалу тетіктері нақты көрсетілмгендіктен, әлі күнге дейін бұл құжаттың практикалық мәні болмай келеді. Осы тұста әбден жауыр болған, жастардың тұрғын үй мәселесі, әлеуметтік жағдай, білім алу секілді проблемаларды қайта көтергім келмейді. Керісінше, жастардың өзіне қатысты дүниелерге тоқталамын. 
 

Жастардың әлеуметтенуі барысында ХХІ ғасырда төмендегідей құндылықты  бағдардың болуы нәтиже береді. Себебі, жер шарының бір мүшесі ретінде Қазақстан әлемдік жаһандану процесінен тұмшаланып тыс қала алмайтын болса, еліміздің жастары әлемдік аренада бәсекеге қабілетті болуы тиіс деп санаймын.  Демек, әрбір жастың Отанын шексіз сүюінің астары бос қуыс болмауы керек. Елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік және т.б. түрлі сферасының өрге басуына әр жастың қосатын өзіндік үлесі бар.

Бәсекеге  қабілеттілік –  жастардың жаңа заман жаңалығын меңгере отырып, Қазақстан азаматы ретінде дүниежүзілік аренада бәсекеге қабілетті болып,  әлем жастарымен терезесін теңестіруі. Техниканың құлағында ойнап, қазақ тілін меңгеріп, ал әлем тілдерінде еркін сөйлеген азаматтың алар асуы алда. Ол өзін ғана жетілдіріп қоймай, Абай айтпақшы, «атасының ғана емес, адамның баласы болып», адамзат игілігі, ел дамуы үшін еңбек етері сөзсіз.

Білім, кәсібилік –«жастардың және еліміздің басты капиталы».

Информация о работе Әлемдік социологияның дамуындағы классикалық кезең