ТМД және Батыс Европа, Америка, Азия елдеріндегі әлеуметтік көмек жүйелеріне салыстырмалы анализ

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2012 в 18:35, доклад

Описание работы

лдегі әлеуметтік жұмысты зерттеудің салыстырмалы әдісін қолданып дүниежүзі елдеріндегі әлеуметтік көмек жүйелеріне әр қырынан анализ жасауға болады. Ол үшін салыстыру объектісін таңдап алу қажет. Дүниежүзі елдерін 1-ден, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша капиталистік және капиталистік емес деп бөліп салыстыруға болады, 2-ден, тұрғындардың әлеуметтік жағынан қорғау проблемасын шешуге мемлекеттің қаншалықты қатысу дәрежесі бойынша: американдық (мемлекеттік емес формасы жоғары дамыған) және европалық (мемлекеттік формасы басым) деп салыстыруға болса, 3-ден, шаруашылықты ұйымдастыру формасына қарай: жоспарлы және нарықтық формасына қарай салыстыруға болады.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 18.60 Кб (Скачать)

ТМД және Батыс Европа, Америка, Азия елдеріндегі әлеуметтік көмек жүйелеріне салыстырмалы анализ

 

 Шетелдегі әлеуметтік жұмысты зерттеудің салыстырмалы әдісін қолданып дүниежүзі елдеріндегі әлеуметтік көмек жүйелеріне әр қырынан анализ жасауға болады. Ол үшін салыстыру объектісін таңдап алу қажет. Дүниежүзі елдерін 1-ден, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша капиталистік және капиталистік емес деп бөліп салыстыруға болады, 2-ден, тұрғындардың әлеуметтік жағынан қорғау проблемасын шешуге мемлекеттің қаншалықты қатысу дәрежесі бойынша: американдық (мемлекеттік емес формасы жоғары дамыған) және европалық (мемлекеттік формасы басым) деп салыстыруға болса, 3-ден, шаруашылықты ұйымдастыру формасына қарай: жоспарлы және нарықтық формасына қарай салыстыруға болады.

 ХХ ғасырда  КСРО-да әлеуметтік қызметкердің  ролін коммунистік партия өкілдері  мен кәсіподақтар және әлеуметтік  сфераның әр түрлі ведомствосындағы  қызметкерлер атқарды. КСРО-да  әлеуметтік қызметкерді маман  ретінде даярлау ХХ ғасырдың 80-жылдарынан  басталды.

1989 жылы  КСРО-да халыққа білім беру  мемлекеттік комитеті Педагогикалық  ғылым академиясының жанынан  уақытша ғылыми-зерттеушілік ұжым  құрды. Оны мектеп-шағынаудан  деп атады. Осы жұмыстардың  негізінде жаңа мамандық пайда  болды. Шағын аудандарда жұмыс  жасаған собестің қызметкерлері  деген атақтың орнына « әлеуметтік  педагог» деген атау енгізілді.  Кеңес заманында әлеуметтік көмек  жүйесінің ең жоғары дамыған  формасы болды: ол-ақысыз оқу,  ақысыз медициналық көмек, мәдениет  ошақтарының көптігі, әр түрлі  әлеуметтік топтарға көрсетілетін  зейнетақылық, тұрмыстық және басқа  да көмектің жүйелері. Сонымен  қатар тұрғындарға көмек беретін  қоғамдық әр түрлі ұйымдардың  көптігі және олардың қызметі,  мысалы, Қызыл Крест қоғамы, бүкіл  кеңестік зағиптар қоғамы, т.б.  КСРО кезеңінде отбасы-қоғамның  бір шағын ұясы деп қарастырылып, бала тәрбиелеу мәселесінде мемлекет  көп міндеттерді өз мойнына  алды, яғни бос уақытын өткізу, өмірі мен денсаулығын қорғау, тамақтануы т.б.

1991 жылы  Кеңес Одағы ыдырап әр республика  өз алдына тәуелсіздігін жариялап  нарықтық экономикаға аяқ басқан  кезде, яғни өтпелі кезеңде  (ТМД елдерінде) әлеуметтік кризис  болды. Оның себебі: бұрынғы әлеуметтік  жүйе қиратылып құлады, оның орнына  жаңа әлеуметтік жүйенің негізі  қаланған жоқ еді. ТМД елдеріндегі  басты әлеуметтік проблемалар:  жұмыссыздық, жалақының уақытында  берілмеуі, зейнетақы мәселесі  т.б. көбейді. Осы проблемаларды  шешу мақсатында жаңа әлеуметтік  институттар, мысалы, жұмыспен қамту  орталығы, күйзеліс орталықтары  т.б. пайда болды. Әлеуметтік  қызметкерге деген қажеттілік  туындады. 90-жылдардағы әлеуметтік  кризис көптеген елдерді қамтыды.  Соңғы 20 жылда Батыс Европадағы  көпшілік елдерде, соның ішінде  АҚШ-та П.Рейганның және Англияда  М.Тетчер бастаған әлеуметтік  саясаттың мақсаты: тұрғындардың  әлеуметтік жағдайын бір деңгейде ұстап тұру, немесе бай мен кедейшіліктің аралығын күшейту жұмыстары болды. Ешбір халықаралық бағдарламалар дүниежүзіндегі кедей адамдардың санын төмендете алмады. Әсіресе жұмыспен қамту мәселесі Швеция, АҚШ, Канада, Индия т.б. елдерде қайшылықты сипатта болды. 90-жылдардағы экономикалық кризис Батыс Европа елдердің әлеуметтік саясатты шектеуіне алып келді. «Әлеуметтік мемлекет» концепциясын Англия, Австралия, Жаңа Зеландия, Израиль қабылдамады. Олар мемлекеттің жеке адамның әлеуметтік проблемалары үшін жауапкершілігін минимумға әкелді.

 Бүкіл  дүниежүзі бойынша әлеуметтік  жұмыстың заңдары ортақ болса  да әр елдің өзіндік ерекшелігі  бар. Ол сол елдің ұлттық  ерекшелігіне, менталитетіне, әлеуметтік  экономикалық даму дәрежесіне  т.б. байланысты. Әлеуметтік жұмыстың  бір бағыты: баламен, отбасымен  жұмысын алып қарайық. Швецияда  денсаулық сақтау мекемелерінде  адамды операцияға психологиялық  даярлауға, өлген кісінің туыстарына  көмектеседі, ата-анасыз қалған  баланың тағдырын шешуге қатысады.

 Англияда  әлеуметтік қызметкер перезентханаларда,  психикалық ауруханаларда жұмыс  істейді. Әлеуметтік педагог мектеп  мұғалімдеріне қиын жасөспірімдермен  жүргізілетін жұмысқа көмектеседі.  Өз баласына асқан қаталдықпен  қарайтын ата-аналармен жұмыс  жүргізеді.

 Германияда  әлеуметтік педагог мектеп штатына  енгізілген, мектепте қиын балалармен  жұмыс істейді, бос уақыттарын  ұйымдастыру мәселесімен айналысады, ата-аналарға консультация береді. Түрмеде жас заңды бұзушылармен  жұмыс жүргізеді.

 Солтүстік  Ирландияда өзінің офицері бар  құрамында 4-5 адамнан тұратын  коллегия кәмелетке толмағандардың  сот алдындағы жалпы жағдайымен  және жазасын өтеу кезінде  де олармен жұмыстар жүргізіп, бостандыққа шыққан соң да  өмірге, қоршаған ортаға тез бейімделуіне  көмектеседі.

 АҚШ-тың,  Швецияның әлеуметтік көмек жүйесінде  индивидуализм басым болса, Иран, Қытай, Үндістан елдеріндегі әлеуметтік  көмекте отбасылық туыстық дәстүр  басым болуда.

 Жеке  стационардағы, санаторийлердегі  әлеуметтік жұмыс және қарт  адамдарға үйіне барып көмектесу  қызметі–батыста, өндірісі жоғары  дамыған елдерде жақсы дамытылған  болса, Азия елдерінде қарт  адамдар туыстық қатынаста үлкен  бедел, авторитетке ие болғандықтан  батыстағыдай жүйе мұнда дами  алмайды.

 Дүниежүзінің  көптеген елдерінде, Швеция, Финляндия,  Исландияны есептемегенде әлеуметтік  көмек жүйесін қаржыландыруда  қалдық принципі қолданылуда.  Оның негізгі себебі қаржы  жетіспеуі. Әсіресе дамуы нашар  елдерде бұл айқын көрінуде. Ал  дамыған елдерде қаржыны аз  бөлу себебі, саяси немесе идеологиялық  себептен болуда.

 Қазіргі  таңда көптеген елдерде әлеуметтік  көмектің аралас түрлерін қолдануда:  Германия, Франция, Швеция, Канада, Бразилия  елдерінде мемлекеттік, мемлекеттік  емес, коммерциялық емес және  жеке меншіктегі әлеуметтік қызмет  жүйесі қызмет етуде. Ал АҚШ  пен Ұлыбританияда әлеуметтік қызмет қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік коммерциялық қызметке көп көңіл бөлінуде.

 


Информация о работе ТМД және Батыс Европа, Америка, Азия елдеріндегі әлеуметтік көмек жүйелеріне салыстырмалы анализ