Статистикалық жинақтау

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 16:31, реферат

Описание работы

Статистикалық жинақтау - бұл жекелеген айғақтарды
жүйеге келтіру болып табылады. Оны өткізген соң, зерттеу
нәтижесінде жиынтық және оның құрамдас бөліктеріне
байланысты жалпылама статистикалық көрсеткіштер алуға
мүмкіндік пайда болады. Статистикалық жинақтау негізінде
зерттелінетін құбылыстар мен үрдістер талдауы және болжауы

Работа содержит 1 файл

статистика.doc

— 31.50 Кб (Скачать)

 

Статистикалық жинақтау  - бұл жекелеген айғақтарды

жүйеге келтіру болып  табылады. Оны өткізген соң, зерттеу

нәтижесінде жиынтық және оның құрамдас бөліктеріне

байланысты жалпылама статистикалық  көрсеткіштер алуға

мүмкіндік пайда болады.  Статистикалық  жинақтау  негізінде

зерттелінетін құбылыстар мен үрдістер талдауы және болжауы

іске асады.

Статистикалық жинақтау жүргізу  ғылыми дәлелденген

арнайы жасалған бағдарламаға сүйенеді. Аталған бағдарламалар

өңдеу кестелерінің жүйесін қамтиды, кестелерді толтырып,

қорытындыларын шығарып, мамандар іздеуге тапсырылған

көрсеткіштер бойынша мәліметтер алады. Жиналған ақпаратқа

түсіндірмелерді беру негізінде зерттелінетін  әлеуметтік-27

экономикалық құбылыстар мен үрдістерге және / немесе

олардың  жекелеген бөліктеріне  сипаттама беріледі.

Бастапқы статистикалық  материалдың статистикалық

жинақтауы келесі кезеңдерді қамтиді:

1. жинақтаудың мақсаты  мен тапсырыстарын анықтау;

2. топтау белгілерін, топ  санын және санды белгілер

үшін аралық мөлшерін анықтау;

3. қарастырылатын жиынтықтың топ және топ ішіндегі

топтарды қалыптастыру;

4. техникалық  жұмыстар:  жиналған  деректердің

толықтығы мен сапасын  тексеру, тұтас жиынтықты

толығымен сипаттайтын  көрсеткіштерді алу.

Сөйтіп, статистикалық жинақтау кезінде  жиынтық

бойынша жиыстырылған деректер, сонымен қатар, дәл сол

уақытта жекелеген топтар бойынша саналуан белгілер бойынша

түрлі дәрежедегі мағлұматтар алынады.

 

 

Топтау – бұл статистикалық  жиынтықты жекелеген

құрамдас бөліктерге бөлу арқылы біркелкі топтарды құру үрдісі

немесе зерттелетін бірліктерді  қазіргі мезеттегі белгілер

бойынша жеке жиынтықтарға біріктіру. Мысалы:

- сапалы белгілер негізінде  тұрғындарды топтамаларға

бөлу: балалар, орта буын,  қарттар;

- мамандықтар топтамалары:  есепші, қаржыгер т.б.;

- санды белгі негізіндегі топтамалар: 0-4, 5-9, 10-14

жас  аралығындағы  балалар  саны  арқылы

балалардың жалпы санын  анықтау;

- ЖОО-ғы 1 курс, 2 курс, т.с.с.  курстардағы

студенттер жиыны негізінде  студенттердің жалпы

санын анықтау және т.б.

Статистикада стандарттар есебінде қолданылатын,

сыныптамалар-жіктемелер аталатын ерекше түрлі топтамалар

кең қолданылады. Оларды пайдалану  зерттелінетін әлеуметтік-28

экономикалық құбылыстар мен үрдістердің  сапалы белгілер сан

алуандығына негізделеді.

Сыныптамалар  статистикада  – бұл құбылыстар мен

үрдістерді олардың белгілі  бір белгілер бойынша біркелкі

немесе әр түрлі топ, саны, таңбаларға сәйкес жүйелендіріп бөлу-

жіктеу.


Информация о работе Статистикалық жинақтау