Құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 23:57, курсовая работа

Описание работы

Бүгінде еліміздің заңнамалар және сот ісін жүргізуде негізгі тіл-мемлекеттік тіл болып отыр. Жазбаша түрде жасалған мәмілелер, халықаралық шартттар,еліміздің дипломатиялық өкілеттілігі қызметтерінің барлығы міндетті түрде қазақ тілінде жүргізіледі. Сондықтан орта кәсіби білім жүйесінің,әсіресе «Құқықтану» мамандығы алдында құқық пәндерін мемлекеттік тілде меңгеру қажеттілігі туындап отыр.

Содержание

I Кіріспе бөлім:
II Негізгі бөлім:
2.1 Құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жүйесі
2.2 Құжаттарды тіркеу және есепке алу
2.3 Құжаттарды кейінге сақтау мен пайдалануға дайындау
2.4 Құжаттарды мұрағатқа өткізу мен сақтауға дайындау тәртібі мен танысу
III Қорытынды:
IV Пайдаланған әдебиеттер:

Работа содержит 1 файл

Кужаттардын орындалу тартиби .doc

— 97.50 Кб (Скачать)

 

 

 

I Кіріспе бөлім: 

II Негізгі бөлім:

    2.1 Құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жүйесі

    2.2 Құжаттарды тіркеу және есепке алу

  2.3 Құжаттарды кейінге сақтау мен пайдалануға дайындау

    2.4 Құжаттарды мұрағатқа өткізу мен сақтауға дайындау тәртібі мен танысу                     

III Қорытынды:

IV Пайдаланған әдебиеттер:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1     Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі жаңа әлеуметтік-саяси өмірі мемлекетік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында қажетті шаралар қабылдауды талап етті.

     Бүгінде еліміздің заңнамалар және сот ісін жүргізуде негізгі тіл-мемлекеттік тіл болып отыр. Жазбаша түрде жасалған мәмілелер, халықаралық шартттар,еліміздің дипломатиялық өкілеттілігі қызметтерінің барлығы міндетті түрде қазақ тілінде жүргізіледі. Сондықтан орта кәсіби білім жүйесінің,әсіресе «Құқықтану» мамандығы алдында құқық пәндерін мемлекеттік тілде меңгеру қажеттілігі туындап отыр.

         Барлық заңды тұлғалардың басқару аппаратының тиімді қызметі құжаттармен жұмысты дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Іс жүзінде ақпарат көздерінде,шешімдер дайындау және қабылдауға байланысты бір де бір технологиялық басқару функциясы, құжаттарды әзірлеу,орындау және ресімдеу процесі құжаттаусыз іске асырылмайды. Бұл мәселенің сот іс қағаздарын әзірлеуде,оларды дұрыс ресімдеуде маңызы өте зор.

         В.И. Скаланың пікірінше, құжаттардың жасалуына,олардың тіркелуіне,жіктелуіне,қозғалысына, есепке алынуы мен сақталуына байланысты жұмыстардың жиынтығы іс қағаздарын жүргізу деп аталады.

         Осы анықтаманы негізге ала отырып, сот ісін жүргізуге анықтама беруге болады деп ойлаймыз.

         Сонымен, сотта іс жүргізу дегеніміз-Қазақстан Республикасының  соттарында сот құжаттарының жасалуына, олардың тіркелуі мен есепке алынуына,сақталуы мен қозғалысына байланысты,сондай-ақ қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді қабылдап алу, оларды тіркеу мен есепке алуға және қозғалысына байланысты жұмыстардың жиынтығы.

        Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі бойынша электрондық іс қағаздарын жүргізу енгізілген соттарда іс қағаздары тәсілмен жүргізіледі.

        Нұсқаулықта көзделмеген барлық жағдайлар Қазақстан Республикасы Азаматттық іс жүргізу,Қылмыстық іс жургізу кодекстерінің, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің және басқада нормативтік құқықтық актілердің нормаларының талаптарымен реттеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1              Сотта азаматарды қабылдау Жоғарғы Сот төрағасының 2004 жылғы 26 қазандағы №190 өкімімен бекітілген күні, сағатта сот төрағасы,судьялар және кеңсе қызметкерлері қабылдайды. Келуші азаматтарды қабылдау кестесі сот ғимаратына енген кезде көрінетін жерге ілінеді. Кестеде нақты қай қызметкер қай күні, сғат  нешеден нешеге дйін қандай қызмет бөлмесінде қабылдайтыны көрсетіледі.

              Басқа елді мекеннен келген азаматтарды сол жұмыс күні кезекші судья қабылдайды.

                   Анықтамалар ман сот құжаттарын сот торағасының бұйрығымен  бекітілген күні, сағатта сол соттың қызметкерлері береді.

                   Нақты тапсырмалар және орындалу мерзімдері бар барлық құжаттар бақылауға жатады.                                                                                                                                                            Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігінен,Қазақстан Республикасы Парламанетінен,Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен,Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотынан,облыстыұ және оған теңестірілген соттардан алынған тапсырмалары бар құжаттар,азаматтар және заңды тұлғалардың өтініштері міндетті бақылауға жатады. Қажет болған жағдайда орындалу мерзімі көрсетілген, «баяндалсын», «ұсыныс негізілсін» , деген жазулары бар қызметтік құжаттар да сот төрағасының,кеңсе меңгерушісінің тапсырмасы бойынша бақылауға алынуы мүмкін.

                   Құжаттың орындалуы бақылауға алынды деген белгі «Бақылау»-«Контроль», «Бақылауға алынды»-Взято на контроль» деген сөздермен немесе мөртаңбалармен, «Б», «К» литерлерімен белгіленеді және құжаттың бірінші бетінің сол жағының жоғарғы жартысында қойылады.

                   Тиісті есепке алу карточкасының «Тұтастай бақылау» бөлімінде, бақылауға қойылған күні бір мезгілде белгіленеді. Орындаудың бақылау күніне қарап, бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінің орындалу күніне дейінгі қалған күндердің санын автоматты түрде есептейді және белгілі бір параметрлерді енгізу кезінде алынатын тиісті тізілімді қалыптастырады.

                  Құжаттардың орындалуы Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады.Қазақстан Республикасы заңдарында кқзделген құжаттардың орындалу мерзімдері,қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі Комитет төрағасының 2007 жылгы 10 сәуірдегі №169-Х бұйрығымен бекітілген.

                 «Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі» бағдарламасы бойынша аудандық және оған теңестірілген сот ісін жүргізу жөніндегі уақытша Нұсқаулықпен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы іс жүргізу заңдарымен белгіленеді.

                

 

Орындалу мерзімдері құжатқа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік күндермен, ал кіріс хат-хабарлары үшін олардың тіркелген күнінен бастап

 

 

есептеледі. Нақты мерзімдер болмаған жағдайда,тапсырмалар сотта  құжаттың кіріс хат-хабарлар ретінде тіркелген күнінен бастап бір айлық мерзімде орындалады.

                 Тексеру жүргізуді талап етпейтін хат-хабарлардың шешілу мерзімі,кіріс хат-хабарларының соттағы тіркелген күнінен бастап 15 күнді құрайды.

                Құжаттардың орындалу мерзімдері оларды белгілеген лауазымды тұлғалармен ұзартылуы мұмкін. Мерзімнің ұзартылуы негізделген дәлелдемелермен дәлелденуі тиіс. Сот төрағасының және кеңсе меңгерушісінің тапсырмалары бар құжаттар бұрыштамада немесе тапсырмада көрсетілген мерзімдердің ішінде орындалады. Кез келген орындалу мерзімі көрсетілген құжат бір мезгілде барлық орындаушылардың назарына жеткізілуі тиіс.

                 Құжаттар мен тапсырмалардың орындалу барысын тексеру және бұл туралы ескертулер орындалу мерзімінің аяқталуына дейін 5 күн бұрын жүзеге асырылады. Орындалу барысын жедел тексеру үшін «Сот іс қағаздарын жүргізу» дерекқорында қалыптастырылған  тиісті тізілімдер қолданылады.

                Құжаттар мен тапсырмаларды(өтініштерді,арыздарды) орындау үшін қосымша уақыт қажет болған жағдайда,орындаушы орындалу мерзімінің аяқталуына дейін 3 күннен кешіктірілмей орындалу мерзімін белгілеген лауазымды тұлғаға құжаттың орындау немесе қарау мерзімін ұзарту жөніндегі қызметтік хатпен жүгінеді.Егер құжат бойынша орындалу мерзімі ұзатылса, онда орындаушы дәл сол күні мерзімнің ұзартылғаны туралы кеңсе меңгерушісіне хабарлайды. Кеңсе қызметкері есептік карточкасының «Тұтастай бақылау» бөліміне, орындалу мерзімінің ұзартылғаны туралы мәліметті енгізеді.

                 Құжаттың орындалуы мынадай тәртіпте жүргізіледі:

   -қажетті ақпаратты жинау мен өңдеу;

   -жобасын жайындау және құжатты ресімдеу,келісу және сот төрағасына қол қоюға(бекітуге) беру.

                 Онда қойылған барлық мәселелер қаралып және арызданушыға жауап берілгеннен кейін құжат орындалған болып есептеледі. Егер мәселердің қаралуы ұзақ мерзімге ауыстырылса, онда өтініш түпкілікті орындалған дейін қосымша бақылауға қойылады. Орындалу мерзімінің қосымша бақылауға қойылғандығы туралы есеп карточкасының «тұтастай бақылау» бөліміне қойылады.                                                                                                                                                          Егер жауапты тек автор қойған мәселені шешу жөнінде жоспарланатын шаралар туралы ғана мәлімденген болса,онда құжаттың қаралуы аяқталды деп есептетелмейді. Мұндай жағдайда, авторға мәселенің түпкілікті қаралғандығы туралы қосымша хат жіберілуі тиіс. Есепке алу құжатында аралық жауаптың берілгені туралы белгі қойылады. Орындалған құжатта, оның қай нөмірмен орындалғаны көрсетілетін, орындалған күні мен құжаттың «нарядқа» шығарылған туралы белгі қойылады.

             

 

 

Қойылған мәселелер жедел тәртіпте шешілгеннен кейін құжаттарда, орындаушы құжаттың соңғы парағының сырт жағына мәселенің қашан және қалай шешілгені туралы белгіні жасайды және қолын қояды.

                Арызданушыға жауап немесе қысқы анықтама берілгеннен кейін орындалған құжат кіріс құжаттарының есептік карточкасында олардың бақылаудан алынғаны және оның нарядқа шығарылғаны туралы белгі қойылып,бақылаудан алынады.

              Орындаушы құжатты жөнелтуге дайындауды жүзеге асырады,құжаттың және оның қосымшалары даналарының санын анықтайды, жіберу үшін тізімін дайындайды. Бұдан кейін орындаушы барлық құжаттарды,оларды « Шығыс құжатының» есепке алу құжатында тіркеп, жөнелтуге тапсыратын және бекітілген істер номенклатурасы бойнша құжаттың көшірмесін нарядқа орналастыратын тиісті кеңсе қызметкеріне береді, ал жауаптың электронды нұсқасы шығыс құжатының есепке алу   карточкасына енгізіледі.    

              Сот төрағасының, кеңсе меңгерушісінің тапсырмалары мен  бұрыштмаларының орындалуын бақылауды арнайы тағайындалған кеңсе қызметкерлері жузеге асырады. Тапсырмалар мен  бұрыштамалардың орындалу барысын жедел бақылауға алу үшін « сот іс қағаздарын жүргізу»  дерек қорында қалыптастырылатын тиісті тізілімдер қолданылады.

              Арыздар мен істерді қараудың іс жүргізу мерзімдерінің сақталуын бақылауды іс жургізу заңдарына сәйкес сот төрағасы жүзеге асырады.

              Сотта кіріс және шығыс хат-хабарлапы мен сот істерінің уақытында тіркелуі мен дұрыс ресімделуін бақылауды кеңсе меңгерішісі жүзеге асырады.

              Сонымен,  құжаттың орындалуын бақылауды ұйымдастыру мына іс-әркекттерді қамтиды:

1 Құжаттарды бақылауға қою;

2 Есептік құжаттарда бақылауға кою фактісін тіркеу;

3 Картотеканың тиісті бөлімдеріне карточкаларды орналастыру;

4 Картотеканы жүогізуден ( сот төрағасының нұсқауы бойынша қағаз тасушылар арқылы бақылау қосымша өткізіледі);

5 Орындалу мерзімдерін ескерту;

6 Орындалу барысы мен нәтижелер туралы басшыларды хабардар ету;

7 Құжаттарды  бақылаудан алудан тұрады.

              Демалысқа шығар алдында іс сапарға барғанда ауырғанда, басқа жұмыска ауысқанда немесе жұмыстан шыққанда құжаттардың орындалуын бақылауға жауапты қызметкер кеңсе меңгерушісімен келісе отырып оның бақылауындағы барлық құжаттарды басқа қызметкерге өткізіп беруге міндетті.

              Құжат бойынша орындаушының өзгертілгендігі белгіні еңгізу үшін бақылауга қойылған құжаттардың тапсырылғаны жөнінде міндетті түрде кеңсе меңгерушісіне хабарлануы қажет.

 

 

 

 

 

2.2              Аудандық сотка қарау үшін түскен сот істерімен материалдары, соның ішінде сот актілерінің күші жойылғаннан кейн кіріс хат-хабарларың есептік құжаттарыңда   хат-хабарларың түріне қарай электронды тіркеу журналы бойынша кіріс номерлері беріліп  тіркеледі:

              - кіріс хат-хабарларды есепке алу бойынша;

- шығыс хат-хабарларды есепке алу бойынша;

- ішкі хат-хабарларды есепке алу бойынша;

- талап арыздарды және азаматтық істерді есепке алу бойынша;

- әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді есепке алу бойынша;

- қылмыстық істерді есепке алу бойынша;

- материалдарды есепке алу бойынша;

- атқару қағаздарын есепке алу бойынша;

- жеке ұйғарымдарды есепке алу бойынша;

- заттай дәлелдемелерді есепке алу бойынша;

- арыздарды және жеке айыптау есепке алу бойынша;

- талапты қамтамасыз ету туралы есепке алу бойынша;

- сот шешімін орындалу тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы есепке алу бойынша;

- индекстеу туралы арыздарды есепке алу бойынша.

Тиісті істің, материалдың номері істің немесе материалдың мұқабасында көрсетіледі.

Қылмыстық, азаматтық істердің, әкімішілік құқық бұзушылық туралы істердің қозғалысына сәйкес есептік құжаттарда барлық деректемелер (реквизиттер)  толтырылуы керек және сот актілерінің электронды мазмұны салынуы тиіс. Хат-хабарларды, соның ішінде істерді арыздарды тіркеу үшін түскен істердің іліспе хатқа оны жіберушінің  берген ( шығыс номері жөнелтілген күні, кім құжатқа қолын қойған) тиісті деректемелері, содан кейн жаңа тіркеу деректемелері ( кіріс номері түскен күні, істер томдар мен парақтарының саны оларға қосымшалар, т.б.) толтырылатын хат-хабарлардың жаңа есептік құжаты ашылады. Сот тәртібімен қаралуға жататын істерді арыздарды тіркеу үшін осы есептік құжатты түскен істің тиісті деректемелері толтырылатын іспен тұлғаларға қатысты нысандар әзірленеді.

Азаматтық іс жүргізу тәртібімен қаралу үшін арыздармен шағымдар « Арыздар ( істер)  журналы» қорында тіркеледі.

Сот актілерінің, сырттай шешімнің, бұйрықтың күші жойылғаннан кейін жаңадан қаралуға қайтарылған сот істері мен материалдары  және іс бойынша іс жүргізу қайта басталғаннан кейін, сот қаулысы бойынша  қосымша тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін алдын ала тергеу органдарына түскен қылмыстық істер, қараусыз қалдыру туралы ұйгарымдардың күші жойылғаннан кейін бөлінген істер, сондай-ақ жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша  арыздар  жөніндегі істер есептік құжаттарда жаңадан түсетін істермен қатар тіркеледі және оларға даңа реттік номер біледі.

 

 

Қосымша тексеру туралы сот нүсқауы орныдалғаннан кейін немесе ресімделгенге дейін қайтарылған әкімшілік құқық бұзуышылық істер туралы жаңадан түскенлер сиақты тіркеледі және бөлінеді. Материалдар « материалдар журналы» базасында тіркеледі.

Күнтізбелік жыл өткеннен кейін жаңа жылдың басында қаралмаған істердің есептік құжаттары жаңа жылдың базасына ауыстырылады.

Есептік құжаттарда осы істер бойынша  «Істің түсуі және қылсытар туралы мәліметтер» деген 1-бөлімде қылмыстық істер бойынша  « Өткен жылдың қалдығы» деректемесі , « Арыздың түсуі туралы мәліметтер деген 1-бөлімде азаматтық істер бойынша « Қалдық есеп  кезеңі басталғанға дейін іс жүргізуге қабылданады» деректемесі, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша « Істің түсуі туралы мәліметтер деген бөлімде « Өткен жылдың қалдығы» деректемесі белгіленеді.

Осыған байланысты, ауыстырылатын істер болған жағдайдв жаңа жылда түскен істерді нөмірлеу, алдыңғы жылдың қалдық істерің қайта тіркегеннен кейінгі кезекті нөмірден басталады. Сонымен қатар өткен жылы істің есептік құжатында « Ескерту»  бөлімінде жаңа жылдағы қалдық ретінде істің ауыстыруы туралы белгі қойылады және жаңа жылда сол бойынша  есептелетін істің нөмірі көрсетіледі. Жаңа жалдағы істің есептік құжатының тиісті бөлімінде қалдық істің өткен жылдағы нөмірі енгізіледі.

Сотқа сот актілерінің орындалуына байланысты мәселелерді қарау үшін түскен материалдар, материалдарға арналған электронды журналдың есептік құжатында тіркелуге жатады. Шығарылған қаулының көшірмесі  үкімді шығарған сотқа мәлімет үшін ( егер осы сот оны бұрын қараған болса, қылмыстық іске қосылады), сондай –ақ  Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық басқармаларына сотталушының картасына тіркеу үшін жіберіледі. 

Қылмыстық. Азаматтық істерді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді және басқа материалдарды тіркеу үшін істер номенклатурасында көрсетілген индекстер тізбегі белгіленеді. Мысалы:

 

 

«1» - қылмыстық істер;

«2» - азаматтық істер;

«3» - әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер;

«4» - материалдар.

Түскен істің мұқабасы жарамсыз  болған жағдайда, сот маманы істің ескірген  мұқабасынан барлық деректемелерді жаңа мұқабаға көшіре отырып, істі жаңа мұқабаға ресімдейді, бұл орайда ескі мұқаба істің ішінде калады.

Алдын ала тергеу және анықатама органдарынан айыптау істе болған олардың бастапқы мұқабасы тиісті сапада сақталған  жағдайда ғана колданылады.  Мұқабаға қажетті белгілер (соттың атауы, істің реттік нөмірі,осы  сотта іс жүргізудің басталған күні, т.б.) қойылады№

Егер алдын ала тергеу органдарынан  түскен қылмыстық істі  сот жаңа мұқабаға тіксе, онда алдын ала тергеу кезеніңде болған мұқаба істе сақталуы тиіс.

Қылмыстық және азаматтық іс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер  және материалдар мұқабасының ішкі бетінде іс бойынша жүргузулген соттың барлық іс жүргізу әрекеттері белгіленетін ( сотқа шақыру  қағаздары, талап арызды, үкімді шешімді, құжаттарды сұратып жіберу) анықтама парағы орналасады.

Талап арыздары, ерекше талап қою мен іс жүргізу арыздары және ерекше іс жүргізу бұйрықтарын беру туралы арыздар, Азаматтық істер жөніндегі кодекс ( АІЖК) 152-бабының тәртібінде судьяның өз өндірісіне қабылдау туралы ұйғарымы шығарылғаннан кейін, іс нөмірі беріліп азаматтық істер ретінде тіркелуге жатады. Қарсы қою кезінде, оларды тіркеу талап өндірісінің жалпы ережелері бойынша жүргізіледі. Азаматтық істі қозғау туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін, қарсы талап пен алғашқы талап біріктіріледі.  Одан кейін оған тіркеу нөмірі беріледі және хатшы есептік карточканың тиіситі алаңына ол туралы белгі қояды.

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша шешімді қата қарау  туралы арыз, талап талап өндірісінің жалпы ережелері бойынша тіркеледі және сот АІЖК 409-бабының тәртібімен от шешімінің күшін жою туралы ұйғарымды шығарып, істі өз өндірісне қабылдап, тиісті арызды қанағаттандырғаннан кейін оған жаңа нөмір беріп, жаңа есепке алу құжатын ашу арқылы қайта тіркелуге жатады. Жаңа есептік құжаты мен бұрынғы есесптік құжат байланыстырылады.

АІЖК 171-бабаы 1тармағына сәйкес талапкердің біріктірілген талаптарынының біреуін немесе бірнешеуін жеке іс жүргізуге бөлген жағдайда бастапқыда берілген нөмір алғашқы істе сақталады, ал бөлінгендері жаңа түскен іс ретінде тіркеледі және оларға жаңа нөмірлер беріледі. Жаңа есептік құжат бұрыңғы сесптік құжатпен байланыстырылады.

АІЖК 171- бабы 3тармағына сәйкес біріктіріп қарау үшін екі немесе одан да көп азаматтық істерді бір өндіріске біріктірген жағдайда,  біріккен істе судьяның ұйғарымындағы нөмір сақталады. Есептік құжаттар бір-бірімен байланыстырылады.

 

 

Есептік құжатқа судьянынң ұйғарымының сканерленген көшірмесімен бірге аудандық соттың мөрімен куәландырған  талап арыздың бір данасы салынады.

Сот шешімін түсіндіру, кейінге қалдыру, сот шешімін мерзімін ұзарту, шешімнін орындау тәсілін өзгерту, өндірілген соммаларды индексациялау туралы арыздар тиісті электронды журналдың есептік құжаттарында бөлек тіркеледі және тиісті сот істеріне қосылады. Тиісті есептік құжаттардың байланысы жүргізіледі.

Арызда, сотталушыларды іздестіру туралы қаулылар, АІЖК 135-бабының негізінде азаматтық істі қарау кезінде іздестіру жарияланған жауакерлер іздестіру туралы материалдар, сот актілерінің орындалу кезеңінде іздестіру жарияланған борышкерлерді іздестіру туралы материалдар тиісті сот істеріне тіркеледі.  Тиісті есептік құжаттардың байланысы жүргізіледі.

Қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық істер материалдары бойынша сот актілерінің көшірмелері есептік құжаттарға электронды түрде орналастырылады.

Талап арыздардың және шешімдерді қайта қарау туралы арыздардың, қаулылардың, жеке және басқа шағымдардың, оларға толықтырулардың, пікірлер мен қарсылықтардың конверттері барлық жағдайда сақталады.

Судья істі соттың өндірісіне қабылдау туралы ұйғарымды қабылдағаннан кейін сот отырысының хатшысы келесі күннен кешіктірілмей істің мұқабасын ашып, құжаттарын тізімін жасайды және хронологиялық тәртіпте құжаттарды істе қалыптастырады:

Азаматтық істер бойынша – бірінші кезекте судьяның талап арызды сот өндірісіне кабылдау және істі қозғау туралы, істі сот талқылауына  дайындау туралы ұйғарымы тігіліп сонан соң мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртекпен талап арызға тіркелген қосымша құжаттары тігілуі тиіс. Іс бойынша тараптарды шақыру туралы хаттардың көшірмелері қажетті құжаттарды сұратулары, шақыру қағаздарын тапсыру туралы қол хаттар және басқа іс жүргізу құжаттары, тараптардың ұсынған қосымша материалдары оларды соттың қабылдаған хронологиясы бойынша істреге тігіледі;

Қылмыстық істер бойынша судьяның істі өндіріске қабылдау және басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулысын, іс бойыншга алдын ала тыңдау жүргізілген жағдайда оны тағайындау туралы қаулы, сот талқылауына дейінгі құжаттар (  іс бойынша тараптарды шақыру туралы хаттардың көшірмелері, сотталушыларды жеткізу туралы талаптар, шақырту қағаздарын тапсыру  туралы қолхаттар , т.б) , содан соң сот талқылауы барысында қабылданған куәлардың қолхаты , сот отырысының хаттамасы, үкім ( қаулы және онынң куәландырылған көшірмесі сондай-ақ оларды сот қабылдаған хронология бойынша басқа іс жүргізу құжаттары.

Істің тындауға тағайындалғандығы туралы есептік карточкада тындаудың күні туралы мәлімет енгіліп , тыңдауға қатысатын адамдар көрсетіледі,  ал талап арыздардың тіркеу журналында тиісті белге койылады.

Сот өндірісіне қабылданған барлық істер судьяларда метал шкафтарда (сейфтерде) сақталады.

2.3 Сот отырысының хатшысы іс қаралғаннан  немесе кейінге қалдырылғаннан және сот актілері шығарылғаннан кейін мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асырады:

-шақырту қағаздарына белгі түсіріп,осы белгіні өз қолымен және соттың мөртаңбасымен куәландырылады;

-Заңда белгіленген мерзімде іс бойынша сот талқылауының хаттамасын әзірлейді (қылмыстық істер бойынша  ісіт сотта талқылау аяқталғанна соң  бес күннен кешіктірмей, ал азаматтық істер бойынша- үш күннен кешіктірмей),

              -құжаттарды іске хронологиялық тәртіа бойынша тігеді; сот актілерімен хат алмасулар, сот тақалуына дейін сот талқылауы барысында түсу ретіне қарай іске қоса тіркелген құжаттар, сот отырысының хаттамасы, содан соң сот актілкері ( үкім, шешім, соттың ұйғарымы немесе қаулысы);

              -істің  парақтарын нөмерлейді және өз қолымен істегі материалдардың тізімдемесін жасайды немесе бар тізімдемені жалғастырады;

              -судьның солтталушыға толтырған статистикалық карточкаларын іске тіркейді;

              -сот актілері заңды күшіне енгеннен кейін атқару құжаттарың жазады;

              - егер сот сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат алуды таңдаса немесе бұрын таңдалған қамауға алу бұлтартпау шарасы ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхатымен өзгертілсе, сотталушыдан ол туралы қолхат алынады.

              - егер сотталушы түзеу жұмыстары түріндегі жазаны атқаруға немесе қоғамдық жұмыстарға кесілген болса, онда сотталушыдан қылмыстық-атқару испекциясына келу туралы қолхат адлынады;

              - сотталушыны іздеу үшін қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру қаулы бар болғаг жағдайда, осы қаулының көшірмесі аудандақ соттың орналасқан жеріндегі прокурорға және қылмыстық ізге түсу органына жіберіледі;

              - ҚІЖК 50-бабы 1-тармағының 2 – тармақшасында көзделген негіздерге сәйкес іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру кезінде ҚІЖК -321-бабының 2-тармағында және 315-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бұл іс және соттың басты сот талқылауында қарау басталғанға дейін прокурор қайтарып алған істі судьяның қойылған іліспе хатпен бірге прокурорға қайтарады;

              - прцеске қатысушыларға заңды күшіне еңбеген сот актілері көшірмесін береді. Бұл туралы істегі анықтама парағында жазба жасалады;

              - сырттай шешімнің көшірмесі шығарылған күнінен бастап 3күннен кешіктірілмей сот отырысына катыспаған жауапкермен талапкерге, оның тапсырылғандығы туралы хабарлама мен бірге жіберіледі;

              - сот отырысының хатшысы сот отырысына келмеген тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғаларға, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру немесе тоқтатылуы талап арызды караусыз калдырылуы  туралы сот актілерінің көшірмелерін, түпкілікті нысандағы шешім шығарылған кезден бастап 5куннен кешіктірмейтің уақытында жібереді ( АІЖК 241-254 баптары). Қалған жағдайларда сот актілерінің көшірмелері тек тараптарға, олардың өтініштері бойынша мемлекет кірісіне мемлекеттік баж төленгеннен кейін ғана қайта беріледі;

              -тергеу изоляторының әкімшілігіне қамауға алынаған адамдардың саны бойынша сот актілерінің үкімдерінің көшірмелерін ( екі данада) жібереді;

              - үкім жарияланғаннан кейін бес тәуліктен кешіктірмей сот аткілерінің көшірмелерін сотталушыға ( ақталушыға, қорғаушы жәнек айыптаушыға ) тапсырады ( ҚІЖК 386-бабы)

              -бірінғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесі дерек қорында сот актілерін көрсете отырып сол күнге тыңдауға тағайындалған істердің кесетсіне сәйкес істің қарау нәтижелерімен қозғалысы туралы есепке алу құжаттарының деректемелерін күнделікті толтыруды қамтамасыз етеді;

              - істің анықтамалық парағында істі бірінші сатыда қарауға дайындаудағы соттың брлық іс жүргізу әрекеттерімен іс қозғалыстары белгілер қояды;

              - есесптік құжаттарға сот актілерінің хаттамалардың, апеляциялық, жеке шағымдармен наразылықтардың, шығыс, кіріс құжаттарының электрондық мазмұның енгізуді қамтамасыз етеді.

              - сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін 3 кундік мерзімде белгіленген тәртіпте ресімделген істің соттың кеңсесіне өткізіледі.

 

 

              2.4              Сот істерінің, құжаттмалардың сақталу тәртібі және олардың мұрағатқа берілуі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты, жергілікті соттардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жаныңдағы Сот әкімшілігі  жөніндегі комитетімен және Облыстық соттар әкімшісінің, Астана және алматы қаласы соттарының істерін қалыптастыру , іріктеп алу, уақытша сақтау және тұрақта сақтауға мемлекеттік мұрағатқа беру тәртәбә туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2003 жылғы 22 желтоқсан № 245 өкімімен және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жаңындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының 2003жылғы 31желтоқсандағы №397-П бұйрығымен бекітілген Нұсқаулыққа , Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Төрағасының 2005жылғы №140 өкімімен  бекітілген Соттар мұрағаты туралы Үлгі-ережеге, бірынғай автоматтандырылған ақпаратты талдау жүйесі базасында болған электрондақ құжаттардан басқасы сәйкес жүзеге асырылады.

 

Бірыңғай автоматтандырылған ақпаратты-талдау жүйесі базасы ай сайын дискілерге көшіріледі және мұрағатқа сақтау үшін тапсырылады, одан басқа бірынғай автоматтандырыған ақпаратты талдау жүйесі апта сайын облысытық соттардағы базалармен сайкестендірілірп отырады.

              Мұрағаттағы сот істері, материалдар және басақа құжаттар жылы бойынша бірынғай автоматтандырылған ақпаратты талдау-жүйесі базасы нөміріндегі тәртіпте сақталады.

              Сот мұрағаттарныдағы істердің есепке алынуы берілуі жіберілуі қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі аудандық

              Аудандық сот төрағасы ауысқан кезде істерді қабылдау және беру облыстық (қалалық) Сот әкімшісінің өкілінің қатысуымен жургізіледі.

              Істерді қабылдау және өткізу актімен ресімделеді, онда:

              а) тиісті соттың іс қағаздарын жургізіунің, сеспке алынуын, есептілігінің, және мұрағатының жалпы жағдайы;

              б) сотта жүргізілетін карточкалардың, журналдардың, кітаптардың нарядатрдың атаулары;

              в) әр карточкадағы, журналдағы, кітаптағы нарядтардағы нөмірленген беттердің саны;

              г) орындалмаған құжаттар және қаралмаған істер;

              д) сот мұрағатындағы барлық құжаттар, мұрағаттағы қылмыстық және азаматтық істердің саны;

              е) заттай дәлелдемелерді есепке алу кітабындағы жазбаның барлығымен нақты сәйкес келуі көрсетіледі.

              Қабылдау, өткізу актісі 2данада жасалып, қабылдап алу - өткізіп беруге қатысқан тұлғалардың қолдары қойылады.

              Актінің бірінші данасы мұрағатқа тапсырылады, екініші данасы облыстық (қалалық) Сот әкімшілігіне тапсырылады.

              Ақпараттық есептік құжаттарды жүргізу статистикалық деректердің жиналуын қамтамасыз ету бірыңғай автоматтандырылған ақпаратты-талдау жүйесі бойынша және статистикалық есептлілік туралы қолданыстағы Нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру