Қазақстан Республикасының салық саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 08:15, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда.
Менің курстық жұмысымның мақсаты – Қазақстан Республикасының салық жүйесі жайлы жан-жақты мағлұмат беру, оның қалыптасу кезеңдерін, принциптерін қарастырып, қазіргі заманғы салық жүйесіндегі мәселелерді зерттеу және оларды шешілу жолдарын қарастыру.

Содержание

Кіріспе 3
Салықтардың экономикалық мазмұны.
1.1 Салықтардың пайда болуы және экономикалық мәні. 4
1.2 Салықтар және салық салудың теориялық негіздері. 8
Салық элементтері және салықтың жіктелуі.
2.1 Салық элементтері. 11
2.2 Салықтың жіктелуі. 14
Қазақстан Республикасының салық саясаты.
3.1 Қазақстан Республикасындағы салық салу принциптері. 16
3.2 Қазақстан Республикасының салық жүйесі. 18

Қорытынды 25
Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

салық.doc

— 260.00 Кб (Скачать)

     Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері әрбір салық төлеуші ұшін айқын болуы тиіс.

     Салық салу айқындығы салық  төлеушінің салық міндеттемелері  туындауының, орындалуының және  тоқтатылуының барлық негіздері  мен тәртібі салық заңдарында  белгіленген.

  1. Салық салудың әділдік принципі.

     Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.

     Кез келген салық төлеуші үшін салық салу жүйесі әділетті түрде шешілуі қажет.

     Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

  1. Салық жүйесінің біортұтастық принципі.

     Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады.

  1. Салық заңдарының жариялылық принципі.

     Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға тиіс.

     Салықтарды ұтымды ұйымдастырудың классикалық прициптерін Адам Смит ұсынған еді. Олар мынаған саяды:

1. салық  салық төлеушінің әрқайсысының  табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік  қағидаты);

2. салықтың  мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықталық қағидаты);

3. әрбір  салық салық төлеуші үшін неғұрлым  қолайлы уақытта және әдіспен  алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты);

4. салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнемділік принципі).

     Нақтырай айтатын болсақ:

  • әділеттілік;
  • анықтылық;
  • қолайлылық;
  • жалпылық.

     Бұл тізім тағы да 3 прициппен толықтырылады:

  • жеткілікті және жалпыламалықты қамтамасыз етеді (салықтарды мемлекеттің объектілік қажетіне және мүмкіндігіне қарай ұлғайтуға болса, азайтуға да болады);
  • керекті көзін және салық салудың объектілерін таңдау;
  • салық салудың дүркінділігі.

     Бұл принциптердің қолданылуы  салық салудағы сора – қылықтарды  жойып, салық салу жүйесін ретке  келтірді.

     Бұл принциптерді пайдалану салық салудағы зорлық-зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттемелеуді енгізді және Адам Смитке «салықтар – оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары дәлденді, толықтырылды.

     Философ Ф. Аквинский философиялық тұрғыдан “Ерік берілген тонау формасы” ретінде анықтады.

     АҚШ – тың тәуелсіздік декларациясы авторларының бірі Франклин “Өмірде салық пен өлімнен қашып құтыла алмайсың” – деп атап көрсетті.

    АҚШ-та екі мейрам бар:

  • туылған күні;
  • салықты төлеген күні.

     Мұндағы мақсат дамыған мемлекеттер үшін салық төлеу белгілі бір дәстүр ретінде қалыптасқан.

     Cалықты уақытында төлеу міндет болып саналады. Себебі, уақтысында төленбеген салықтың айыппұлы мен өсімпұлы өте жоғары болады. Осы дәстүр біздің еліміздің азаматтарында қалыптасса, өз ісімізді бір қадам алға жылжытар едік.

 

3.2 Қазақстан Республикасының салық жүйесі.

     Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарады. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырды.

     Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты – бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.

     Салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.

     Мемлекеттің салық қызметі келесі бағыттардан тұрады:

  • мемлекеттің салық жүйесінің қалыптасуы;
  • салық салу саласында мемлекет органдарының міндетін анықтау;
  • арнайы салық органдарының жүйесін қалыптастыру;
  • салық заңын ұйымдастыру және оның сақталуына бақылауды жүзеге асыру.

     Салық жүйесі де өз алдына  сала болып қалыптасуы үшін, біршама  қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті.

     Қазақстан Республикасының салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті.

     Бірінші кезең.     

     1991 жылғы 9 шілдедедгі Қазақ КСР  Президентінің “ҚазКСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы” Жарлығымен ҚазКСР – нің басты мемлекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті қабылданды.

     1991 жылғы қабылданған Қазақстан Республикасындағы “Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы” Заңына сәйкес сол кездегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлеріне тоқталып өтейік.

     I. Жалпы мемлекеттік салықтардың түрлері:

  1. Қосылған құнға салынатын салық.
  2. Пайдаға салынатын салық.
  3. Акциздер.
  4. Бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан алынатын салық.
  5. Экспорт пен импортқа салынатын салық.
  6. Кеден тарифі және баж салығы.
  7. Пайдалы қазбаларды геологиялық барлау және геологиялық іздестіру жұмыстарына байланысты шығындарды өтеуге жұмсалатын алым.
  8. Тіркелген (ренталық) төлемдер.
  9. Транспорт құралдарына салынатын салық.
  10. Автотранспорт құралдарын сатып алуға салынатын салық.
  11. Автотранспорт құралдарын Қазақстан Республикасына келіп кіргені үшін төленетін ақы.
  12. Заңды ұйымдардың мүлкіне салынатын салық.
  13. Қазақстан Республикасы азаматтарынан, шетел азаматтарынан және азаматтық жоқ адамдардан алынатын табыс салығы.
  14. Мемлекеттік баж салығы.
  15. Табиғат ресурстарына салынатын салық.
  16. Колхозшылардың еңбегіне ақы төлеу қорына салынатын салық.

     II. Жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар:

  1. Жер салығы.
  2. Жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық.
  3. Орман табысы.
  4. Сү үшін төленетін ақы.
  5. Табысқа салынатын салық.
  6. Кәсіпкерлік қызметті тіркеу үшін алынатын алым.
  7. Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері ретінде тіркелмеген азаматтардан алынатын алым.
  8. Заңды ұйымдарды мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алынатын алым.
  9. Елтаңбалық алым.
  10. Мұрагерлік және сыйға тарту тәртібімен айысқан мүлікке салынатын салық.

     III. Жергілікті салықтар мен алымдар:

  1. Курорттық аймақта өндірістік мақсаттағы объектілер құрылысына салынатын салық.
  2. Курорттық алым.
  3. Азаматтардан алынатын мақсатты алым.
  4. Жарнамаға салынатын салық.
  5. Автотранспортқұралдарын, есептеу техникасы және жеке компьютерлерді қайта сатуға салынатын салық.
  6. Автотранспорты аялдауға қойғаны үшін алынатын алым.
  7. Жергілікті символиканы пайдалану құқығы үшін алым.
  8. Ипподромда ат жарысына қатысқаны үшін алынатын алым.
  9. Ат жарысындағы ұтысы үшін алынатын алым.
  10. Ипподромдарда тотализатор ойнына қатысушы адамдардан алынатын алым.
  11. Тауар биржаларында және валютаны сату және сатып алу кезінде жасалған мәмілелерден алынатын алым.
  12. Аукциондық сатудан алынатын алым.
  13. Кино – телетүсірімдер өткізу құқығы үшін алынатын алым.
  14. Пәтер алуға берілген рұқсат қағаз (ордер) үшін алынатын алым.
  15. Ит иелерінен алынатын алым.
  16. Спиртті ішімдіктерден сауда – саттық жасау құқығы үшін алынатын лицензиялық алым.
  17. Жергілікті аукциондар өткізу және лотереялар ойнату құқығы үшін алынатын лицензиялық алым.

     Екінші кезең.

     Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдады, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте – бірте халықаралық стандарт салық салу принциптеріне сәйкестендіру көзделген еді. Осыған орай 1995 жылы 24 сәуірде “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты. Бұл өз қаржы жүйемізді құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу жүйесі ықшамдалып, салық саны 45 – тен 11-ге дейін қысқартылды. Оның ішінде бесеуі мемлекеттік, алтауы жергілікті салықтар.

     Жалпы мемлекеттік салықтар:

  1. Заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы.
  2. Қосылған құнға салынатын салық.
  3. Акциздер.
  4. Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық.
  5. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері.

    Жергілікті  салықтар мен алымдар:

  1. Жер салығы.
  2. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық.
  3. Көлік құралдарына салынатын салық.
  4. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым.
  5. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын алым.
  6. Аукциондарданалынатын алым.

     Қазақстан Республикасы Президентінің бұл Жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедедгі ғ440-1 заңына сәйкес заң міртебесін алды.

     Осы кезде Қазақстан Республикасында  салықтар, алымдар және басқа  да міндетті төлемдердің мынадай  түрлері қолданылды:

  1. заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
  2. қосылған құнға салынатын салық;
  3. акциздер;
  4. бағалы қағаздар эмиссиясын тіркегені және мемлекеттік тіркеуге жатпайтын акциялар эмисиясының ұлттық бірыңғайландыру нөмірін бергені үшін алынатын алымдар;
  5. жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;
  6. әлеуметтік салық;
  7. автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргені үшін алынатын алымдар;
  8. жер салығы;
  9. заңды және жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық;
  10. көлік құралдарына салынатын салық;

    10-1) бірыңғай жер салығы;

  1. кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым;
  2. қызметтің жекеленген түрлерімен айналысы құқығын бергені үшін алынатын лицензиялық алым;
  3. аукциондық сатудан алынатын алым;
  4. Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды сату құқығын бергені үшін алынатын алым;
  5. Қазақстан Республикасының радиожиілік ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем;
  6. заңды және жеке тұлғалардың Алматы қаласының рәміздерін өз фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында пайдаланғаны үшін алынатын алым;

Информация о работе Қазақстан Республикасының салық саясаты