Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтар

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 17:45, курсовая работа

Описание работы

Жанама салықтар – бұл баға немесе тариыке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құн салығы және акциздер жатады. Қосылған құн салығы дегеніміз – тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар импорты кезіндегі аударым.

Содержание

І КІРІСПЕ..............................................................................................................3
1 БӨЛІМ. ЖАНАМА САЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Қосылған құн салығының Қазақстан экономикасында алатын
орны.......................................................................................................................4
1.2. Қосылған құн салығының салық салудағы шетел тәжірибесі........8
1.3. Шет елдер тәжірибесінде акцизді алуды жетілдіру жолдары........9
2 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ
2.1. Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу..................... 16
2.2. Салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерін анықтау................................................................................................18
2.3. Қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі.......................19
3 БӨЛІМ. АКЦИЗДЕР
3.1. Акциздің салық салу обьектілері, ставкалары, төлеушілері.........22
3.2. Акциздің төлеу мен есептеу тәртібі ...............................................24
3.3.Акциздердің бюджет кірісіндегі орны ...........................................30
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................33

Работа содержит 1 файл

САЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.doc

— 266.50 Кб (Скачать)

Бюджетке аударылуға тиіс акциздердің сомасы банк және банк операцияларының кейбір түрлерін жүзеге асыратын басқада ұйым төлем  тапсырмасы алынған күні тиісті бюджетке аударады.

Уақтылы төленбеген салық  сомасы, соның ішінде ағымдық төлемдер, бюджетке осы сома төленген күні тексеру  сәтінде мерзім өткен әр күн үшін (төлем жасау күнін қосқанда) Қазақстан  Республикасы Ұлттық банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының 1.5 есе мөлшерінде өсім есептеліп  өндіріп алынады.

Белгіленген мерзімде жеткілікті негізсіз декларациясын табыс етпеген  жеке тұлғаға декларация ұсынылмаған  әр ай үшін төленуге тиісті, бірақ декларация бойынша төленбеген соманың 5 пайыз  мелшерінде айыппүл салынады.

Декларацияда көрсетілген  салық мөлшерін оның толық төленбеуіне  әкеліп соққан кеміту үшін салық төлеушіге  қемітілген салық сомасын 100 пайыз  мөлшерінде айыппұл салынады.

Бір айдағы ағымдық төлемдер сомасының мөлшері кемітілген үшін кемітілген арымдары төлемдерінің 100 пайыз мөлшерінде айыппұл салынады.

Есепте көрсетілген  тауарларды (атқарылған жүмысты, көрсетілген  қызметті) сату жөніндегі операцияларда  жүргізілгені үшін аталған тауарлар (көрсетілген қызмет, атқарылған жұмыс) құнының 100 пайыз мөлшерінде айыппұл салынады.

Салық төлеуші салық  салынатын кезең біткеннен кейін  оны дұрыс есептемеу нәтижесінде  келіп түскен салығының сомасын қайтару туралы өтініш беруіне болады. Аталған сомалар төлеушіге қайтарылуы тиіс немесе төлеушінің қалауы бойынша төлеушіден тиесілі басқа сомаларының есебіне алуға жатқызылады. 

 

3.3. Акциздердің бюджет кірісіндегі орны 

Бюджеттің кірістері  орталықтанған ақша қорын құру кезінде  болатын мемлекеттің кәсіпорындарымен, ұйымдармен және халықпен болатын экономикалық қатынастарынан тұрады. Бұл экономикалық қатынастардың формасы болып, мемлекеттік бюджетке түсетін кәсіпорындар, ұйымдар және халықтың әр түрлі төлемдері, ал олардың заттай материалдық енуі, бюджеттік қорда жиналатын ақша қаражаттары. Бюджеттік кірістер, қор жағынан, ұдайы өндіріс процесінің әр түрлі қатысушылары арасындағы қоғамдық өнім құнын бөлу -нәтижесі,екінші жағынан - мемлекет қолында

жинақталған құнды әрі  қарай бөлудің обьектісі, яғни аймақтық салалық және мақсаттық негіздегі  бюджеттік қорларды құру үшін құнды  жұмсау болып табылады .

Нарықтық экономикаға  көшуге байланысты, бюджеттің кірістері  заңды және жеке тұлғалардың салықтық және салықтық емес төлемдерінен тұрады. Бюджеттің кіріс көздері ішінде ерекше орынның бірі акциз салығына тиесілі.

Акциздердің 2002-2004 жылдардағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет кіріс ішіндегі орны бірінші кестеде көрсетілген.  
 Кесте 1

Акциздердің 2002--2004 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне түсуі 

Атауы

2002

2002

2003

2003

2004

2004

Нақты (млн тг)

Үлес салмағы (%)

Нақты (млн тг)

Үлес салмағы (%)

Нақты (млн тг)

Үлес салмағы (%)

Табыстар 

Барлығы

394773

100

544673

100

605676

100

Акциздер

18956

4,8

24774

4,5

29561

4,9


 

 

Кесте 1 көрсетіліп отырғандай, акциздердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің кірісіндегі үлес салмағы 2000 жылы - 4,8 %, 2003 жылы -- 4,5 % және 2004 жылы 4,9 % құрады. 2003 жылы акциздердің нақты түсімі 2002 жылмен салыстырғанда 5818 млн теңгеге өскенімен де, үлес салмағы 0,3 % түскен.

Акциз салығы үлес салмағының 2003 жылы 0,3 % түсуіне алкоголь өнімдері және бензин мен дизель отындары бойынша акциз алымдарының орындалмауы әсер етті. Мұны екінші кестенің мәліметтері дәлелдейді.

Кесте 2

Түсу болжамы орындалмаған акцизделінетін тауарлар 

Акцизделетін тауарлар

2004

2004

2004

2004

2003 нақты

Өсу қарқыны, %

Жоспар (млн тг)

Нақты    (млн тг)

Ауытқуы (млн тг)

Орындалуы  (%)

Алкоголь өніміне акциз

9901,2

7546,9

-20354,3

76,2

6902

 

Бензин мен дизель отына акциз

7608,9

6332,5

-1276,3

83

7741,3

82




 

  

Акциз салығының бензин мен дизель отыны бойынша бюджетке түсу жоспарының орындалмауы акциз ставкасының төмендеуіне байланысты.

Сонымен қатар мұнай  өңдеуші компаниялар көбінесе өз өнімдерін экспортқа шығарады. Экспорт  акциз салығымен алынбайтындықтан мемлекетіміздің бюджеті қаражаттан айырылды .

Сонымен, акциз салығы кез келген жанама салық сияқты тауардың бағасына қосылады, сондықтанда үстеме құн ретінде тағайындалып тұтынушыдан  төленеді. Бұл салық, әрқашанда тауар  бағасының өсуімен бірге өсіп отырады, сөйтіп бюджеттің тұрақты, әрі тиімді қаражат көзі болып табылады.  
 

 

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

 Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі, Алматы, 2008 жыл
  2. Бухгалтер бюллетені №23, маусым 2008 жыл
  3. Бухгалтер бююлетені №33, тамыз 2008 жыл
  4. Бухгалтер бюллетені №20, мамыр 2008 жыл
  5. Бухгалтер бюллетені №16, сәуір 2008 жыл
  6. Бухгалтер бюллетені №10, наурыз 2008 жыл
  7. Үмбеталиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. «Салық және салық салу» Алматы, 2008 жыл
  8. В.Г Князева Д. Г.Черника «Налоговая системы зарубежных стран» Закон и право , 1997 г
  9. Карагусова Г.Д. «Налоги : сущность и пракика использования» Алматы 1994 г



Информация о работе Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтар