ДСҰ кіруін есепке ала отырып, ҚР кеден баждарын төлеуді бақылау тиімділігін арттыру ресурстары

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 20:27, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанда қайта құру кезеңінің басында жарияланған ашық экономиканы құру курсы, ең алдымен, Батыспен сауда-экономикалық қатынастарды дамытуды қарастырған болатын, себебі одан экономиканы жетілдіруге қажетті технологиялар, несиелер, инвестицияларды экспорттық тауарларға – дәстүрлі отын-шикізаттық ресурстарға ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдеріне, өңдеу өнеркәсібінің, оның ішінде ғылыми сыйымды өнімдерге айырбастау болжанған еді. Бұл Қазақстаннның сыртқы экономикалық қызметі стратегиясын қалыптастыру процесіндегі ең басты міндет болып табылды.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 ТАРАУ Қазақстан Республикасында кеден баждарын төлеуді
кедендік бақылаудың теориялық, құқықтық және
ұйымдастырушылық негіздері
1.1 Кедендік бақылаудың болмысы, принциптері,
мақсаттары мен міндеттері 5
1.2 ДСҰ кіру жағдайындағы кедендік бақылаудың қалыптасуы 16
2 ТАРАУ Кеден баждарын төлеуді бақылау тәжірибесі
2.1 Кеден баждарын төлеуді бақылау механизмі 34
2.2 Жылдар бойынша және жеке баждар бойынша кеден төлемдерін
бақылау нәтижелері 55
3 ТАРАУ ДСҰ кіруін есепке ала отырып, ҚР кеден баждарын төлеуді
бақылау тиімділігін арттыру ресурстары
3.1 Кеден баждарын төлемеу қаупін төмендетуді есепке ала отырып
кеден тарифтерін қалыптастыру 58
3.2 Халықаралық стандарттар негізінде кеден баждарын төлеуді
кедендік бақылау жүйесінің механизмін қалыптастыру 75
ҚОРЫТЫНДЫ 89
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 92
ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

ҚР кеден баждары.doc

— 897.50 Кб (Скачать)

      Егер  орындалуын бақылау  Қазақстан Республикасының  кекдендік органдарға жүктелген заңдар бұзылатын болса, онда тауарлар мен  көлік құралдарының шығарылуына байланысты оларға кедендік бақылау  кез келген уақытта  жүргізіледі.

      Кедендік  бақылау – бұл тәжірибеде қолдануда бір-бірімен өзара байланысты және ұқыпты зерделеуді қажет ететін белгіленген ережелер, әдістер мен формалар бойынша жүзеге асырылатын процедура. 

         2.2 Жылдар бойынша және жеке баждар бойынша кеден төлемдерін бақылау нәтижелері 

         Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары жедел экономикалық өсімді қамтамасыз етуге белгілі үлесін қосып отыр. Үш жыл ішінде орта есеппен ІЖӨ 42,9%-і экспорт есебінен алынған. Таза экспорт сомасы 3675,9 млн. АҚШ долларына жеткен. Оның ІЖӨ қосқан үлесі жылына орта есеппен 6,4%-ті құрады. Сондай-ақ экспорттың жоғарғы өсімі бюджетке және Қазақстанның Ұлттық банкінің валюталық қорына түсімдерді едәуір арттыруға мүмкіндік туғызды.

      Экспорттық  тауарлар ішінде басым  орынды мұнай алып отыр. Оның экспорттағы үлесі 42%-ті, ал ІЖӨ 18%-ін құрап отыр.

      Қазақстан әлемнің 175-185 елімен саудаласады, оның ішінде өз тауарларын орташа есеппен алғанда 118 елге экспорттайды, ал әлемнің 164 еліне  тауарларын импортқа шығарып отыр. Негізгі  сауда серіктестері – Ресей, оның үлесіне 2004 жылы экспорттың 20,2%-і және импорттың 45,4%-і , ЕҚ елдері – 23,3%-і және 23,7%-і, Қытай – 7,6% және 2,7%-і құрап отыр.

      2004 жылдың желтоқсанында  Қазақстан Республикасының  республикалық бюджетіне  кедендік төлемдер  мен салықтардың  болжанған 21,7 млрд.теңгенің 22,5 млрд.теңге сомасындағы мөлшері түскен. 2003 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда, 45,0 млрд.теңге немесе 22,7%  (1 қосымша) өндіріліп алынған.

      Кедендік  статистиканың 2004 жылғы  бастапқы деректері  бойынша импорт көлемі 12 165,8 млн. АҚШ долларын құраған, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңдегі импорт көлемінен 4 110,0 млн. АҚШ долларына немесе 51,0%-ке көп.

      2004 жыл бойынша берілген  жеңілдіктер сомасы 233,4 млрд. теңгені құраған,  бұл өткен жылғы  ұқсас кезеңдегіден 61,1 млрд.теңгеге артық немесе өсім 35,5%-ті құрап отыр. Сондай-ақ есептеу және мерзімін шегеру әдісі арқылы төленген ҚҚС сомасы да 15,8 млрд.теңгеге немесе 54,9%-ке өскен.

     2004 жылғы мемлекеттік  бюджет табысының  жалпы сомасындағы  кедендік төлемдер  мен салықтар түсімінің  үлесі 17,3%-ті, ал республикалық бюджеттегі бұл көрсеткіш 54,9%-ті құраған.

     2004 жылдың қаңтар-қараша  айларындағы кедендік  төлемдер мен салықтар  бойынша алым коэффициенті  ҚҚС мөлшерлемесін  15%-ке дейін түзетуді, есептеу әдісі  арқылы төленген  ҚҚС босатылған  сомаларды есепке ала отырып , ҚҚС бойынша ұсынылған шегерімдер 13,4%-ті құраған, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңінен 0,1 пайыздық пунктке артық (3 қосымшаны қараңыз).

     Осы жылдың басынан бастап, кедендік органдардың  контарбандамен күрес  жөніндегі бөлімшелерінің көмегімен 883 млн.теңге сомасындағы тауарлар мен валюталардың заңсыз өту және 1 млрд. 175 млн.теңге сомасында кедендік төлемдер мен алымдар төлеуден жалтару әрекеттері анықталып тыйылған. Анықталған 631 қылмыстық және 21951 әкімшілік заң бұзушылықтар бойынша республика табысына өтемақы, тауарларды тәркілеу және шығындарды өтеу түрінде 1 млрд. 357 млн.теңгеден артық мөлшерде кіріс кірген.

     2004 жылы кедендік  төлемдер мен салықтар  түсімі құрылымында  қосымша құнға  салынатын салық  ерекше орын алып  отыр. Оның жалпы сомадағы меншікті салмағы 76%-ті құрап отыр: Ресейсіз импортқа ҚҚС – 48,6%, Ресеймен бірге импортқа ҚҚС – 27,4%.

     Қазақстанның  Дүниежүзілік сауда  ұйымына кіруімен байланысты кедендік алымдар мен салықтардағы шығындарды есепке алуда  түсімдердің жалпы  көлеміндегі импорттық баждар мен Ресеймен бірге ҚҚС үлесінің аса жоғары деңгейін есепке алған жөн.

     2002-2004 жылдардағы кедендік  төлемдер мен салықтардың  бюджетке түсу  динамикасы өтеп  алынған сомалардың  жыл сайынғы өсімін  көрсетіп отыр. 
 

Кеден төлемдері мен  салықтардың бюджетке түсу динамикасы (млрд.теңге)

1 сурет

 

      Кедендік  төлемдер мен салықтарды тіркеуді жақсарту, сондай-ақ кедендік процедураларды оңтайландыру мақсатында мақсатты түрде кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кедендік органдарға қолма-қол ақшасыз және қолма-қол ақша ауырысу тәртібінде бюджетке СЭС қатысушыларының ақша қаражаттарын аударуын жеделдету жөніндегі ҚР Қаржы Министрлігінің Қазыналық басқармаларымен ара қатынас орнатуға мүмкіндік беретін компьютерлік ақпараттық жүйелерді әзірлеу және енгізу қажет. Бұл жүйе кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке түсуін растауға қажетті уақытты азайтуға мүмкіндік туғызады. 

       3 ТАРАУ ӘСҰ кіруін есепке ала отырып, ҚР кеден баждарын төлеуді

бақылау тиімділігін арттыру  ресурстары 

        3.1 Кеден баждарын төлемеу қаупін төмендетуді есепке ала отырып

кеден тарифтерін қалыптастыру 

        Мемлекеттің Қазақстан Республикасының кедендік аумағындағы тауар айналымын кедендік бақылау және реттеу құралдарын аса тиімді пайдалануын қамтамасыз ету ұлттық нарықты қорғау жөніндегі сауда-саяси міндеттерді жүзеге асыруға, отандық өнеркәсіптің дамуын ынталандыруға, нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық түрленулерді динамикалық түрде жүзеге асыру мақсатында құрылымдық қайта құру жасауға жәрдемдесуге негіз болады.

       Кеден саясатын әзірлеу  және жүзеге асыру  ҚР кедендік тарифі, қорғау шараларының  кешені (антидемпингтік, өтемақы және арнайы баждар), лицензиялау  мен квоталауды қоса алғанда, Қазақстан  Республикасына тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге немесе одан әкетуге шектеу қою, тарифтік преференциялар жүйесі және басқа қазақстан экономикасының әлемдік шаруашылықпен қарым-қатынасын реттеу шаралары сияқты арнайы механизмдер көмегімен жүзеге асырылады.

       Нарыққа өту жағдайында мемлекеттік  кедендік реттеудің  негізгі элементтері  болып экономикалық әдістер есептеледі.

       Олардың арасындағы орташа орынға мемлекеттік шекарадан  өту процесіндегі экспорттық-импорттық  тауарлар легіне бағалық  ықпал ететін тарифтік реттеу ие болып отыр.

       Қазіргі кездегі мемлекеттің  жүргізіп отырған  кедендік-тарифтік саясаты  елдің ішкі нарығын  реттеу тетіктерінің ең негізгісі және ұлттық өндірушілер  мен экспортерлерді қаржылық-экономикалық қолдау көзі болып  отыр.

       Тарифтік  реттеу механизмінің негізгі элементі болып импорттық және экспорттық тауарлар бойынша төлемдер мөлшерін, яғни кедендік төлемдерін  анықтайтын мөлшерлемелердің жүйелендірілген тізбесі (жинағы) ретінде қызмет атқарады.

       Кедендік  тариф, импорттық  және/немесе экспорттық тауарлардың бағасын көбейте отырып, сыртқы сауда көлемі мен құрылымына әсер етеді. Кедендік тарифтің классикалық қызметі болып протекционизм (отандық тауарларды шетелдік бәсекелестіктен қорғау) және фиск (мемлекеттік бюджетті толтыру) саналады. Тарифтердің көмегімен сыртқы сауда балансының белсенді сальдосының қалыптасуына, валюта легінің артуына,  әсіресе, оларды еркін кәсіпкерлік аймақ құру туралы мәселе қозғалғанда, елдің жекелеген аймақтарын дамытуға ықпал жасауға болады. Тарифтік реттеу қызметтері өзіне тариф элементтерін алатын және оны толтыратын салық жүйесімен тығыз байланыста жүзеге асырылады. ҚР кедендік баждар жүйесін талдай отырып, олардың келесі түрлерін бөліп қарастыруға болады:

       Кедендік  реттеуде импорттық  тарифтер негізгі  үлесті құрап отыр және ішкі салық жүйесімен параллельді түрде ең алдымен баға мөлшеріне, кәсіпорынның рентабельділігіне, ұлттық валюта жағдайына, импорттық тауарлардың оңтайлы тауарлық құрылымын қалыптастыруға ықпал етеді.

       Экспорттық  кедендік тариф реттеу құралы ретінде сыртқы саудада саны шектеулі елдерде, негізінен, едәуір көлемде табиғи шикізаты бар және соның арқасында әлемдік тауар нарығында өз позициясын берік ұстанып отырған дамушы елдерде қолданылып отыр. Жекелеген жағдайларда олар экспорттық бағаға ықпал етуде және елдің валюталық ресурсын толтыру көзі болып отыр. Қазақстандағы экспорттық тарифті қолдану туралы айтатын болсақ, біздегі өнімдердің ішкі бағаларын әлемдік бағаларға сәйкестендіру саясаты жүргізілген жатты да ескерген жөн. Экспорттық баждарды енгізуде қазақстандық шикізат базасын жан-жаққа тартудан қорғауға, дайын өнімді экспорттауға ынталандыруға ғана талпынып қойған жоқпыз, сондай-ақ фискальды қызметті жүзеге асыруға тырыстық. Одан кейін, сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру, отандық тауар өндірушілерді қолдау, сонымен қатар сыртқы экономикалық қызметті реттеудің заңнамалық және нормативтік базасын бірыңғайлау экспортқа ынталандыру мақсатында Кедендік одақ аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 маусымдағы № 810 Қаулысымен баждар салымы алынып тасталды.

       Кедендік  баждар да, өздерінің экономикалық мәні және ықпал ету сипаты жағынан сыртқы сауда процесін нарықтық реттеушіге жатады. Кедендік баждар дегеніміз ақша алымы немесе ел шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдарына мемлекеттің салатын салығы, олар ең алдымен тауар бағасын көтереді және бісекелестікке қабілеттілігін төмендетеді. Сондықтан да кедендік баждар сыртқы нарықта сауда-саяси бәсекелестіктің белсенді құралы ретінде пайдаланылады.

       Отандық өндірісті қорғау үшін барлық елдер импорттық тауарларға кедендік баждар салу механизмін қолданып отыр. Импорттық кедендік баждардың объективті негізі болып әлемдік және ұлттық баға арасындағы айырмашылық есептеледі. Алдыңғы қатарлы елдерде ұлттық бағаға ықпал ететін еңбек өндірісі деңгейінде ешқандай өзгешеліктер жоқ, және кедендік баждар деңгейі де осыған қатысты төмен болып отыр. Дамушы елдерде ұлттық шығындардың жоғарғы деңгеіне қарамастан, отандық өндірушілерді қорғау үшін импорттық тауарларға едәуір жоғары кедендік баждар қолданылып отыр. Халықаралық еңбек бөлінісін дамыту барлық немесе көптеген елдердегі импорттық баждарды азайту үшін келешекте жағдай туғызатын қоғамдық еңбек өндірісі деңгейінде ұлттық өзгешеліктерді қысқартумен қатар жүзеге асырылып отыр. Дегенмен, бұл жалпы заңдылық кейбір өзгешеліктерге жол беріп отыр: жекелеген елдерде дамудың белгіленген кезеңдерінде еңбек өнімділігі кемуі мүмкін, бұл Қазақстанда да орын алып отыр, немесе мысалға экономикаға инфляция мен ішкі бағаның өсуі тән болған  аздаған жылдар бұрын Ресей Федерациясында да орын алған. Бұл кезеңдегі әлемдік бағалар тұрақты болып қалып отыр, тіпті төмендеуде. Осы жағдайларда шетелдік тауарларға импорттық баждарды азайтудың алғышарттары болмай отыр. Отандық өндірісті қорғау үшін ұлттық шығындардың қандай деңгейін экономикалық негізделген және шетелдік бәсекелестіктен қорғауды талап ететіндігін есепке алған жөн. Әрине, бұл қорғау жеке шығындары орташа ұлттық деңгейден асып кететін техникалық артта қалған, келешексіз кәсіпорындар мен өндірістерге қатысты қолданбайды, бұл оның техникалық және экономикалық артта қалғандығын жоюы болып есептеледі. Ұлттық өндірушілердің негізгі бөлігі бәсекелестік қабілеті шектелген  өнімдер шығаруға қабілетті, яғни ол әлемдік нарықта бәсекелестікке шыдай алмайды, бірақ ішкі нарықта бұл нарықтың шетелдік бәсекелестіктен қорғалған жағдайында бәсекелестікке қабілетті болып келеді.

       Басқа экономикалық сипат  экспортталатын тауарлардың  кедендік баждарына  тән болып отыр. Ол үкімет белгілеген тауарлардың шектелген  номенклатурасы бойынша  алынады, және алым үшін негіздеме ұлттық шығындар әлемдік деңгейден төмен болған жағдайда туындауы қажет. Экспорттық баждар тарихи және өнер туындыларына, сонымен қатар әзірленуін мемлекет қаржыландырған интеллектуалды өнімдерге қолданылады, сондықтан да бұл өнімдердің барлығы  ұлттық игілік ретінде қарастырылады. Экспорттық квоталарды алып тастау және экспорттық баждардан ақырындап бас тарту кеден ретінде мемлекеттің экспорттық мәмілелерге назар аудармай қоюын білдірмейді.

       Халықаралық тәжірибеде тарифтік реттеу олардың белгілену ретімен байланысты бірнеше баждар түрлерінен тұрады:

       - салық салынатын  тауарлардың кедендік  құнына пайыздық  мөлшерде есептелетін  адвалорлық баждар,

       - салық салынатын  тауарлар бірлігіне  есептелетін арнай  баждар,

       - кедендік салымдардың  аталған екі түрін де үйлестіретін аралас баждар;

       Қажет жағдайларда кезеңдік және ерекше баждар қолданылады. Соңғысына  арнаулы, антидемпингтік және өтемақылық баждар жатады. Тауардың шығарылған еліне байланысты кедендік баждар максимальды, минимальды және преференциалды болып бөлінеді. Шығу сипатына қарай баждар автономиялық және конвенциялық түрлерге бөлінеді.

       Қазақстандағы импорттық тарифтер жүйесі, басқа елдердегі  сияқты, келесі негізгі  қызметтерді атқарады:

       1) протексионистік,  бұл отандық тауар  өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғауға негізделген, мұндайда жұмысшылар мен қызметкерлердің табыс көзі болып саналатын жұмыс орындары да қорғалады. Қазақстан үшін бұл проблема аса көкейкесті болып отыр, себебі бір жағынан сыртықы экономикалық қызметті ырықтандыру ұлттық өндірушілердің ішкі нарықтың едәуір бөлігін жоғалтуына әкеп соқтырса, екінші жағынан байқалып отырған экономикалық тұрақтылық белгілері мен қазақстандық өндірушілердің күш жинауы жаңа фазада бәсекелестік күрес туралы сұрақ тудырып отыр. Нарықтық өзгерістер барысында сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру нәтижесінде қазақстандық өндірушілердің 30% ішкі тұтыну нарығын жоғалтуға әкеп соқтырған осы қызметтің бірден әлсіреуі байқалды. 1994 жылы бөлшек саудадағы тауар айналымының импорт үлесі 20%-ін құраса, ал 2001 жылы ол 40% шамасында болып отыр.

Информация о работе ДСҰ кіруін есепке ала отырып, ҚР кеден баждарын төлеуді бақылау тиімділігін арттыру ресурстары