Жеке кәсіпкердің табысына салық салу

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2013 в 22:05, курсовая работа

Описание работы

Салық салу бойынша жүз пайыздық тиімділікке жету дамыған нарықтық экономика жағдайында мүмкін еместігін әлемдік тәжірбие көрсетіп отыр. Кез-келген мемлекет өзінің экономикалық саясатын жүзеге асырған кезде салықтық реттеу құралдарының кең спектрін қолданады. Салықты шаруашылық қызметті реттеуші құрал ретінде қолдану мүмкіндігі салықтың өзінің табиғатынан, ішкі мәні мен қызметінен шығады. Бұл мүмкіндікті қолдану салық механизмі арқылы жүзеге асады. Қаражаттарға деген қажеттілікті сезе отырып мемлекет салықтық құрал арқылы қаржылық қаражаттардың максималды мүмкін болатын көлемін алуға ұмтылады.

Содержание

1. Жеке кәсіпкердің табысына салық салудың теориялық аспектілері
1.1Табысқа салық салудың алғышарттары.......................................5
1.2Орта және жеке кәсіпкерліктің экономикалық мәні және қажеттілігі........................................................................................................9
2.2Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субъектілердің салықтық түсімдері және олардың бюджет кірістерін
1.3Кәсіпкерліктің табысына салық салу салудың шетелдік тәжірибесі...............................................................................................................15
2. Жеке кәсіпкердің табысына салынатын салықты талдау
2.1 Арнайы салық режимі бойынша жеке кәсіпкерліктің табысына салық салу механизмі.......................................................................................19
қалыптастырудағы ролі............25
2.3Қызылорда облысы бойынша жеке кәсіпкерлердің табысынан салықтық түсімдер жағдайын талау.................................................................28
3. Жеке кәсіпкердің табысына салық салудың дамыту жолдары
3.1 ҚР орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерін дамыту тенденциялары.......................................................................................................31
3.2 Жеке кәсіпкердің табысына салық салуды жетілдіру бағыттары.. 35
Қорытынды................................................................................................40
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................42

Работа содержит 1 файл

Жеке кәсіпкердің табысына салық салу.doc отправить.doc

— 325.50 Кб (Скачать)

Жоба мүлікке  салынатын салықты алу тәртібін өзгерту көзделіп отыр.Барлық мүліктен жылжымайтын мүлікке дейін салық  салу обьектілерін азайту ұсынылып отыр.Бұл  ретте,жергілікті бюджеттердің кірісін сақтау мақсатында 1 проценттен 2 процентке дейін ұлғайту ұсынылып отыр.

Жеке тұлғалардың  мүлкіне  салынатын салық бойынша  жылжымайтын мүлікті бағалау  әдісімен Салық  кодексіне бекіту ұсынылып отыр,сондай-ақ ставкалар  құны 30 млн. теңгден басталатын қымбат тұратын мүлікке ғана 0,5 проценттен 1 процентке дейін ұлғайтылады.

Жер қойнауын пайдаланушыларға салық жүктемесін ұлғайтуға мүмкіндік  беретін салық салудың мынадай  негізгі өзгерістері енгізілді:

Роялти төлемін  өндіру көлемі мен әлемдік баға есептеу  базасы болып табылатын пайдалы қазбаны өндіруге салынатын салықпен ауыстыру;

2009 жылғы 1 қаңтарынан  бастап ТШО келісім-шартынан барлық  жер қойнауын пайдаланушылар  мен қолданыстағы ӨБК үшін  келісім-шарттар салық режимінің  «тұрақтылық» ережесін алып тастау;

Жеке салық есебін жүргізудің базалық қағидаттарын белгілеу;

Қол қойылатын  бонустың бастапқы мөлшерін айқындау;

Үстемелі пайда  салығының әдістемеі өзгертілді және салық алынатын таза табыстың мөлшері 20 проценттен 25 процентке дейін  ұлғайтылды.

Салық төлеу тәртібі мен мерзімі салық салу жүйесінің маңызды элементі болып табылады, өйткені кәсіпкерлер салықтарды қашан, қай мерзімде, қалай төлейтінін білуге мүдделі.

10 күн мерзім ішінде, барлық есепті жылдан кейігі  жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей  табыс салығы бойынша толық есеп .айырысып отыруы тиіс. Еңбек шарты негізінде жалдамалы жұмысшы күшін пайдаланып, төлем көзінен салық ұстайтын заңды және жеке тұлғалар әрбір жұмысшысына табыс салығын есептеп мынадай жұмыстар атқарады.

есептелген табыс салығының  сомасын банк мекемесі арқылы қаражат алған кезде аудару керек; банк мекемелерінде есеп айырысу шоттары болмаған жағдайда төлем жасалған айдан кейінгі бес күн ішінде бюджетке аударуы тиіс; табыс алушы жеке тұлғаның талап етуі бойынша, аты-жөні, табыс түрі мен сомасы, ұсталған салық сомасы көрсетілген анықтама беруге міндетті; салық жылы аяқталған соң 30 күн ішінде салық органы салық жылы төленген табыс сомасы мен ұсталған салық сомасы туралы, салық төлеушінің аты-жөні мен тіркеу нөмірі (СТТН) көрсетілген анықтама береді. Толем көзінен салық ұсталмаған жағдайда табыс төлеуші тұлға салық заңнамасы негізінде ұсталмаған салықты, онымен байланысты айыппұл мен   өсімдерді өтейді. Белгіленген мерзімде нақты дәлелсіз декларация ұсынбаған   жағдайда тиісті салық сомасынан  әр ай  үшін  бес  пайыз  мөлшерінде  айыппұл  төлейді. Декларацияда көрсетілген салықтың толық төленбеуіне әкелген   кеміту үшін кемітілген салық сомасының 50% мөлшерінде айыппұл салынады.

Зерттеу барысында біздің байқағанымыз, салықтық реттеу құралдарының ықпалының өте зор екендігі. Егер оны ұтымды пайдалана алмаған жағдайда экономикалық өсудің тежелуі немесе халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі, өндірістің, кәсіпкерліктің даму барысына кедергі болуы мүмкін. Сондықтан салықтық реттеу құралдарын қолдану барысында нақты сол кезеңдегі салық салу жүйесін тиянақты талдап, кемшіліктерін анықтап, салық салу жүйесін жетілдіру жолдарын қарастыру керек.

Сонымен, экономиканы  салықтық реттеу барысында, оның соңынан  туындайтын салдарын алдын-ала дұрыс  болжамдау керек, өйткені салық ставкасы, салық жеңілдіктері, салық есептеу, төлеу тәртіптері мен мерзімі тәрізді салықтық реттеу құралдары өндірістің, өндірілген өнімнің (қызмет, тауарлар) бәсекелік қабілетін, ал кәсіпкердің іскерлік қабілетін, ал кәсіпкердің іскерлік қабілетін ынталандыруға, капитал жинау барысында оларға барынша қолайлы жағдай туғызуға, кәсіпкерлсрдің әлеуметтік, қайырымдылық қызметтерін ынталандыруға бағытталуы қажет.

Экономикалық зерттеулер институтының келтірген мониторингтік  зерттеулер бойынша салық көлемін  салалар бойынша қарастыратын болсақ, салықтың ең көп мөлшерін өндірістік кәсіпорындар төлейді. Өйткені кәсіпорындардың 16% 9 салықтан артық төлейді, 34 % - 6-дан 8-ге дейін, 48 % орта есеппсн салықтың 3-5 дейін түрлерін төлейді, 2 % азы 3 салық. Яғни өндіріс кәсіпорындарының басым көмшілігі 3-тен 8-ге дейін салық түрлерін төлейді. Сауда мен қызмет көрсету секторына келетін болсақ, бұл кәсіпорындардың негізгі бөлігі (50 % астамы) 3-тен 5-ке дейін салық түрлерін төлейді, бұл саланың 30 % жуық салық төлеушілері 6-дан 8-ге дейін салық түрлерін төлейді. Салықтың ең аз түрін ауыл шаруашылық кәсіпорындары төлейді. Өйткені олардың негізгі бөлігі (80 % жуық) 3-5 түрлі салық төлеушілер категориясына жатады.

Бірақ салық ауыртпалығының деңгейін тек сандық қана көрсеткіш  арқылы анықтау қиын. Кәсіпкер салықтың 6-8 түрін төлей отырып ең көлемді түрлерін төлемеуі де мүмкін ғой. Мысалы, табыс салығы немесе қосымша құн салығы. Немесе керісінше, ол тек 3 салық төлеуі мүмкін, бірақ ең ауырларын. Сондықтан сапалық та көрсеткіштерін талдап қараған жөн. Мысалы, кәсіпкер өзінің қаржысының қай бөлігін бюджетке береді. Бұл үшін кәсіпкердің өз табысының қай бөлігін бюджетке салық ретінде төлеп отырғандығын қарастырамыз. Түпкілікті талдау нәтижесіңце ең жоғары салық төлейтін кәсіпорындардың көпшілігі сауда мен қызмет көрсету саласында,  ол түсінікті де өйткені, экономиканың басым секторлары, басқаларға, сауда мен қызмет көрсету салаларына қарағанда салықтан көп ауыртпалық тартып отыр.

Республикадағы өнеркәсіп  өндірісінің шикізат өндіру бағытында басым дамығандығы, яғни өңдеу, қайта өңдеу салаларының нашар жоғары сапалы әрі бәсекелікке қабілетті өнім өндіре алмауда, ал ондай жоғары сапалы, бәсекелік қабілетті, сұранысқа сай өнім өндіру үшін мемлекет тарапынан көптеген, салық салу, несиелеу, инфрақұрылым және т.б. бағыттарға негізделген жұмыстар жасалуы қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы Қазақстан Республикасы экономикасының әр сферасының бәсекелестік мүмкіндіктерін ұлғайтуға бағытталуы керек.

Сондықтан батыс елдерінің нарықтық экономикасы сияқты, мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлерге қарқынды және кешенді қолдау жасау керек. Сонымен қатар шағын және орта кәсіпорындарды несиелеу, сақтандыру және инвестициялық белсенділікті ынталандыруды жергілікті жерлерде көтеру керек.

     Жергілікті  жерлерде мемлекеттік қолдау  тиімді. Неге десек жергілікті  қорлар инвестициялық жобаны  несиелеу туралы шешім қабылдау  арқылы шағын және орта кәсіпорындардың  жұмысын несиені қайтарғанға  дейін бақылай алады.

Шағын және орта бизнесте инвестициялық жобаны несиелеу үшін мемлекет кепілдігіндегі мемлекеттік емес зейнетақы қорларының қаржыларын қолдану ыңғайлы. Бір сөзбен айтқанда мына элементтерден тұратын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың ыңғайлы жүйесі жұмыс атқаруы керек:

•     құқықтық қамтамасыз ету.

•     қаржылық қамтамасыз ету

•     салықтық қамтамасыз ету

•     кадрлық  және инфрақұрылымдық қамтамасыз ету

Ұсынылып отырған салық  салу механизмдері мемлекетке және салық  органдарына бюждетке салықтармен  басқа төлемдердің түсуінің өз уақтылы және толығымен түсуін қадағалауына жеңілдік беру керек.

Міне осыдан салық  салу механизіміне жүйелі келу, біздің ойымызша кәсіпкерлікті дамыту және республикадағы әртүрлі құқықтық нысандағы  қызметтерден бюждетке ұйымдық-құқықтық құралдардың түсуін қамтамасыз етеді.

Республикада қазіргі  уақытта шаруашылық субъектілер  үшін берілетін салық жеңілдіктерінің  азаю тенденциясы байқалады. Біз  бұл жағдайды қолдаймыз. Бірақ, республикада кәсіпкерліктің дамуын ескере отырып, жаңа технология сатып алуға, өндірістік құралдарды қосуға және басқа механизмдерге қоса салықтық кредитті ұсыну қажет деп санаймын.

Несие проценттерін қайтару  мерзімін шағын және орта кәсіпорындарын қызметіне байланысты дифференциялау қажет. Соған байланысты кәсіпкерлікке  арналған бюждет арқылы жүретін инвестициялар көлемін ұлғайту керек.

Оларды ішкі кредит ресурстары немесе сыртқы заем арқылы жүзеге асыру  керек.

Сондықтан салықтық құралдар басқа да мемлекеттік реттеу құралдарымен бірге қолданылуы қажет, тек сондай жағдайда ғана белгілі бір нәтижеге жетуге болады.

Қорыта келгенде кәсіпкерліктің кез-келген нысанының дамуында салық  механизмінің ролі орасан зор деп  санаймыз. Қазақстан Республикасы жағдайында реттеу құралдардың шағын және орта бизнес субъектілерінің дамуы үшін, әсіресе олар өндірістік сферада көбірек дамыса, оларды ынталандыру үшін қажетті де жеткілікті мөлшерде қолданылмайды десек қателеспейміз. Осыған орай, салық заңнамасының тұрақтылығын қамтамасыз ету көкейтесті мәселелер қатарында, өйткені салық заңнамасында жиі болатын өзгерістер жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Кәсіпкер салық жүйесіне бірнеше рет енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға тез бейімделе  алмайды және ертеңгі күнге сенім  жоқ. Өйткені, салық заңнамасына  енгізілетін кезекті өзгеріс күтіліп отырған пайданы залалға айналдыруы мүмкін. Сонымен бірге, табысты кемітіп көрсету, оның нақты сомасын жасыру сияқты келеңсіз факторлар көрініс алады. Бұл кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Зерттеу барысында қалыптасқан  пікірлерге тоқталатын болсақ:

жеке тұлғалардың табысынан  алынатын салықты алғашқы 2-3 жылда  босатып, есесіне   жаңа   жұмыс   орындары   құрылған   жағдайда   бюджетке   кем түскен қаражаттар әлеуметтік салық арқылы толығар еді;

аванстық төлемдер жасау  барысында кәсіпкер тұлғаға 1-2 ай көлемінде  жеңілдік беру; келесі 3-ші айда келесі аванстық төлемдерге, есім, айыппұл  есептелмей, қосып төлесе;

төлем көзінен салық  салынатын салықтар табыстарға жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері жаңа салық кодексі бойынша жатқызылады, бұл біздің ойымызша халықты, әсіресе зейнеткерлердің өмір сүру деңгейін  көтеруге жағдай жасамайды. Бұл табысты  салық объектісінен  алып тастау қажет деп ойлаймыз;

Шағын бизнес субъектілерінің жиынтық салығы кәсіпорынның жылдық жиынтық табысының 25-30%-дан аспауы қажет;

Бүгінгі күнде орта бизнес субъектілерінің мониторнгін ұйымдастыру  қажеттілігі туындап отыр;

Дамыған елдерде белсенді жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар, өз  өндірістерін кеңейтуге, негізі құралдарды жаңартуға арналған құралдар  алатын   болса, ол салықтан босатылады;

Жеке кәсіпкерлерге  қосылған құн салығын салған кезде, аталған салық бойынша есепке тұру кезінде ең төменгі айналым  мөлшерін 12000 АЕК -тен 15000 айлық есептік көрсеткішке дейін төмендету ұсынылады.

Республикамызда егер өндірістік кәсіпорындардың, шағын және орта кәсіпкерліктің ел экономикасындағы үлес салмағының артқанын қалайтын болсақ мұндай тәжірибелерді  қолдану артық болмас еді.

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Табысқа салық салу пайда болу алғышарттары сайт: www.massaget.kz
  2. Бисенғазиев М.Б. Хамитов А.Ш. « Кәсіпкерлік негіздері» Алматы қаласы, 2008 жыл, 256 б.
  3. Райхан  «Шағын кәсіпкерлік: бүгіні мен ертені» эконмикалық шолу . Ақиқат -1999 № 2 15-20 бет.
  4. Қазақстан Республикасының Салық кодексі, 2009 жыл
  5. Мейірбеков Б.К. Шағын кәсіпкерлік пен қолдау жолдары мен дамыту әдістері . Алматы 2004 24 бет .
  6. Бердалиев. Қазақстанның экономикалық басқару негіздері.
  7. Облыс бюджетінің 2012 жылдың 1 қазанына атқарылуы туралы сайт: http://www.e-kyzylorda.gov.kz
  8. Қазақстан республикасының  "Салық және  бюджетке төленетін басқа да міндеті толемдер туралы" Заңы, 24.04,1995 ж.
  9. Шағын және орта бизнес сайт: http://www.e-kyzylorda.gov.kz
  10. Кашкин, В.В. Проблемы кредитования малого и среднего бизнеса [Текст] / В.В. Кашкин // Банковское дело. – 2010. − № 4. – С. 36-42. Лаврушин, О.И. Банковское дело: современная система кредитования [Текст]: учебное пособие / О.И. Лаврушин, О.Н. Афанасьева, С.Л. Корниенко. – М. : КНОРУС, 2007. – 264 с.
  11. Указ Президента республики Казахстан, имеющий силу Закона "О государственной регистрации юредических лиц" от 17.04.1995 г.
  12. Налоги. Под ред. Д.Г. Черника // М. Финансы и статистика, 1999 ж.
  13. Курс экономики. Под ред. Б,А- Райзбергд // М., Инфра-М, 2000 г.
  14. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы // Алматы, К/аржы -қаражатДООЗ ж.'.
  15. Смит А. Исследование о природе и причинах богатства народов. // М., 1962, т.2.
  16. Құланбай  Э.  Шағын бизнес  иелері текке шырылдамайды.  // Егемен  Қазақстан, 26.12.2002 ж.
  17. Идрисова Э.К. Қазақстандағы салық және салық салу. Оқулық.// Алматы. 2003ж.
  18. Ермекбаева Б. Ж.  Салық салу негіздері. Оқу құралы // Алматы, 2003
  19. Черник Д.Г. Налоги в рыночной эконоомике // М., ЮНИТИ, 1997 г.
  20. Кенесов Б. Американский бизнес требует перемен // Деловая неделя, №3, 24.10.1997 г.
  21. Юткина Т.Ф. Налоги и налогооблажение. // М., Инфра-М, 1999г.
  22. Бухгалтерлік бюллетень №49 (258) желтоқсан 2003 ж.
  23. Алипов А. Механизм налогооблажения малого и среднего бизнеса // Деловая неделя, №39, 24.Ю.1997Г.
  24. Томпиев М.К."Малое предпринимательства и ее проблемы" Алматы, 2003г.
  25. Ваксян И.М.  "Эффективные методы и приемы налогового контроля в отношении малых предприятий". Налоговый эксперт, №1 2002 г.
  26. Туржанов. С. О состоянии малого бизнеса г.Алматы и некоторых проблемах развития малого предпринимателства/ Вестник пердпринимателя, 2004г. №1 ст.5-10
  27. Туржанов С.А. большие проблемы малого бизнеса// Налоговый эксперт №5(30), 2002г.
  28. Дауранов   И.,   Рудецких А.   Роль   и   место   малого   бизнеса   в   решении   проблем занятости. Қаржы-қаражат. 2004г. №5 ст.5-10 "В"
  29. Байниетова      М.      Основные      препятствия     деятельности      субъектов      малого предпринимательства//Саясат. №8, 2004аг.

Информация о работе Жеке кәсіпкердің табысына салық салу