Жеке табыс салығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2013 в 18:23, реферат

Описание работы

Жеке табыс салығы (ЖТС) жеке тұлғаның тапқан табысына салынады: салық төлеушінің салық салынатын табысы және салық салынбайтын табысы деп бөлінеді. Мәселен, кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаның табысына салық салынбайды, ал жұмысшының жалақысы салық салынатын төлемге жатқызылады.

Бұл орайда ЖТС бойынша салық режимімен жүзеге асырылатын түрлі мөлшерлемелер қарастырылған:

Жалпы бекітілген режиммен ЖТС салық салынатын табыстың шығынды алып тастағаннан кейінгі 10 пайызын құрайды.

ЖТС төлеу мерзімі – әр айдың 25-іне дейін.

Работа содержит 1 файл

Жеке табыс салығы.docx

— 13.70 Кб (Скачать)

Жеке табыс салығы (ЖТС) жеке тұлғаның тапқан табысына салынады: салық төлеушінің салық салынатын табысы және салық салынбайтын табысы деп бөлінеді. Мәселен, кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаның табысына салық салынбайды, ал жұмысшының жалақысы салық салынатын төлемге жатқызылады.  
 
Бұл орайда ЖТС бойынша салық режимімен жүзеге асырылатын түрлі мөлшерлемелер қарастырылған: 
 
Жалпы бекітілген режиммен ЖТС салық салынатын табыстың шығынды алып тастағаннан кейінгі 10 пайызын құрайды. 
 
ЖТС төлеу мерзімі – әр айдың 25-іне дейін.  
 
Патент негізінде арнайы салық режимін (АСР) қолданатын салық төлеушілердің салық мерзімі кезеңінде алған табысына 2 пайыз салық салынады, бұл жағдайда ЖТС салынбайтын төлемі де есептелген соманың Ѕ көлемінде төленеді. Бұл салық режимінде жалдамалы жұмысшы қарастырылмаған. Есепке патент құнының бюджетке төленетін төлемін растайтын құжаттар қоса тапсырылады.  
 
Қарапайым декларация негізінде АСР қолданатын салық төлеушілер салық салынбайтын табыстан жеке табыс салығын жай тәртіппен аударады, бұл былайша көрінеді: салық мерзімі кезінде алынған табыс мөлшеріне 3 пайыз салық салынады, салық салынатын табыс ЖТС есептелген соманың Ѕ көлемінде төленуі тиіс. Қызметкер үшін ЖТС жалақы мөлшерінің 10 пайызы көлемінде міндетті зейнетақы жарнасы мен 2010 жылға белгіленген ең төменгі айлық мөлшерінде (14 952 теңге) алынады. Салық төлеу мерзімі тоқсан сайын екінші айдың 25-іне дейін төленеді.  
 
Дәл осылай жеке кәсіпкерлер салық есебінің формаларын аймақтық салық басқармаларына электронды байланыс құралы арқылы жібере алады. Ол хабарламалардың жетуіне кепілдік береді. Өз кезегінде бұл сыбайлас жемқорлықтың белең алуына жол бермейді.  
 
Салық қызметі органдарында сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту – алға қойылған маңызды міндеттердің бірі. Өйткені сыбайлас жемқорлық салық органдарының беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан салық әкімшілігін автоматтандыру, электронды қызмет ауқымын кеңейтуді жетілдіру қолға алынған.  
 
Стратегиялық бағыттан басқа, салық мекемесі тарапынан электронды салық қызметінің саны көбейіп келеді. Сыбайлас жемқорлық пен өзге де құқық бұзушылыққа жол беретін шарттарды жоюға арналған бірқатар кешенді шаралар әзірленді.  
 
Салық басқармасының ғимаратында және есеп қабылдау орталығында бақылауды жүзеге асыратын бейнекамералар орнатылған. Арыз-шағым мен ұсыныстарға арналған жәшіктер орнатылған. Бұл шаралар салық мекемесі қызметкерлерінің де, салық төлеушілердің де тарапынан жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылыққа баруға жол бермейді.  
 
Жеке кәсіпкерлердің салық сауатының деңгейін көтеру, заңдарды білу мен заңнан ауытқымау, салық есебін дер кезінде тапсыру жемқорлыққа апаратын шарттарды төмендетуге арналған маңызды фактор болып табылады.


Информация о работе Жеке табыс салығы