Жеке табыс салығының міндеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 14:24, реферат

Описание работы

Көптеген елдерде жеке тұлғалардың табыстарына салынатын салықтың принциптері ортақ болып келеді. Негізгі принциптері мыналар: • барлық салық төлеушілер резидент және резидент емес деп бөлінеді. Резиденттікті анықтаудың басты белгілері болып жеке тұлғаның нақты бір ел аумағында алты айдан астам мерзім аралығында болуы.

Работа содержит 1 файл

Жеке табыс салығы.doc

— 112.50 Кб (Скачать)

Төлем көзінен салық салынатын, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс.

Жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыстарына:

• жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары есебінен;

• жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары есебінен;

•  жұмыс  берушінің   жинақтаушы   сақтандыру   шарттары бойынша жұмыскерлердің пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықтары есебінен  төленген, сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері жатады.

Жеке тұлғалардың жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысына осындай шарттар мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда төленетін сатып алу сомасы да жатады. Жеке тұлғалардың жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысына сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері сомасының сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан асып кеткен сомасы да жатады. Жеке табыс салығының сомасы 4.3-кестеде белгіленген ставкаларды жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төленетін табыс сомасына қолдану жолымен есептеледі.

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар.

Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынбайтын табыстарына, табыстардың мынадай түрлері: 

1) мүліктік табыс;

2) жеке кәсіпкердің салық салынатын табысы;

3) адвокаттар мен жеке нотариустардың  табысы;

4) өзге де табыстар жатады.

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу.

Адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстарын қоспағанда, төлем кезінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші белгіленген салықтық шегерімдер сомасына азайтылған, төлем көзінен салық салынбайтын табыс сомасына 4.1-кестеде белгіленген ставкаларды қолдану жолымен дербес жүргізеді.

Салық төлеушіде төлем көзінен  салық салынбайтын табыстардың бірнеше түрі болған кезде, адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстарын қоспағанда, салық төлеуші жеке табыс салығын есептеуді 4.1-кестеде белгіленген ставкаларды төлем көзінен салық салынбайтын барлық табыс түрлерінің сомасына қолдану жолымен дербес жүргізеді.

Мынадай резидент жеке тұлғалар жеке табыс салығын аванстың төлемдерді енгізу арқылы төлейді:

1) арнайы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлер;

2) резидент болып табылатын және  табысты Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен жеке табыс салығы салынбайтын қызметті жүзеге асырудан алатын шет мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар;

3) салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға Қазақстан Республикасында қызметтер көрсетуден, жұмыстар орындаудан табыс алатын Қазақстан Республикасының азаматтары.

Салық төлеуші Салық кодексінде белгіленген жағдайларда енгізілген аванстық төлемдерді есептей отырып, салық жылының қорытындысы бойынша жеке табыс салығын төлеуді жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей дербес жүзеге асырады.

Мүліктік табыс.

Салық төлеушілердің мүліктік табысына:

1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алынған мүліктерді қоспағанда, кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын:

а) бір жылдан аз уақыт меншік құқығында  болған жылжымайтын мүлікті;

ә) бағалы қағаздарды, сондай-ақ заңды  тұлғадағы қатысу үлесін;

б) қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды және құрамында  қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындылары мен антиквариаттарды;

в) мемлекеттік тіркеуге жататын  және бір жылдан кем емес уақыт меншік құқығындағы немесе механикалық көлік құралын және тіркемелерді иеліктен айыру құқығымен басқаруға сенімхат негізінде алынған механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді сату кезіндегі олардың құнының өсімі;

2)  төлем  көзінен  салық  салынатын  табысты  қоспағанда, мүлікті жалға беруден алынған табыс жатады.

Мүлікті сату құны мен оны сатып  алу құны арасындағы оң айырма, мүлікті  сату кезіндегі құн өсімінен алынған табыс кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын табыс болып табылады.

Адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы дегеніміз — заң көмегін, нотариаттық іс-әрекеттер ақысын қоса алғанда, адвокаттық және нотариаттық қызметті жүзеге асырудан түскен табыстардың барлық түрлері, сондай-ақ қорғау мен өкілдікке байланысты шығыстардың орнын толтырудан алынған сомалар. Адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстары бойынша жеке табыс салығының сомасы алынған табыс сомасынан 10 пайыздық ставканы қолдана отырып анықталады және ай сайынш есептеліп отырады. Есепті ай үшін жеке табыс салығының сомасы есепті айдан кейінгі айдың 5-інен кешіктірілмей төленеді.

Жеке кәсіпкердің салық салынатын табысы.

Жеке кәсіпкердің салық салынатын табысы салық салынатын табысты анықтау жолымен есептеледі, яғни жылдық жиынтық табыстан шегерімдерді шегере отырып, сол сомадан салық төленеді.                                                                                         

Басқа да табыстар.

Төлем көзінен салық салынбайтын басқа да табыстарға, жоғарыда көрсетілмеген табыстармен қоса, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі кездерден алынған табыстар да жатады.      

Жеке тұлғаларға салынатын  салықтың объектісімен ставкалары

Жеке табыс салығының ставкалары.

Салық төлеушінің салық жылы ішіндегі салық салынатын табыстарына  мынадай ставкалар бойынша салық  салынады:

• қызметкерлердің Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген, жылына ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен аспайтын   жалақысының төлем көздерінен салық салынатын кірістеріне, қызметкерлердің тоқсан ішіндегі орташа айлық кірісі ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайтын жағдайда "0" ставкасы бойынша;

• дивидендтер, сыйақылар (жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сыйақыларды қоспағанда) мен ұтыстар түріндегі табыстарға 15 пайыздық ставка бойынша;

• адвокаттардың және нотариустардың табыстарына 10 пайыздық ставка бойынша.

 

4.1. Қазақстан Республикасының жеке табыс

салығының ставкалары

Салық салынатын табыс  

      Ставкасы

15 еселенген  жылдық  есептік көрсеткішке дейін  

салық салынатын табыс  сомасынан 5 пайыз

15 еселенгеннен 40 еселенген жылдық   есептік көрсеткішке дейін         

15 еселенген жылдық  есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 8 пайыз

40 еселенгеннен 200 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін  

40  еселенген жылдық есептік  көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 13 пайыз

200 еселенгеннен 600 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін

200 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 15 пайыз

600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен және одан жоғары

600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 20 пайыз


              

  2. 1995 жылы 24 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес:

• жеке тұлғаның салық салынатын табысы мынадай ставкалар бойынша салық салынды.

Қазақстан Республикасының  1995 ж. 24 сәуірдегі жеке табыс ставкалары

1) 10 мәртеге дейінгі ең төменгі жылдық жалақыдан

салық салынатын табыс сомасынан  5 пайыз

2) 10-нан 20 мәртеге дейінгі ең төменгі жылдық жалақыдан

10 мәрте ең төменгі жылдық жалақыға салынатын салық сомасы + одан асатын сомадан 10 пайыз

3) 20-дан 30 мәртеге дейінгі ең төменгі жылдық жалақыдан

20 мәрте ең төменгі жылдық жалақыға салынатын салық сомасы + одан асатын сомадан 15 пайыз

4) 30-дан 40 мәртеге дейінгі ең төменгі жылдық жалақыдан

30 мәрте ең төменгі жылдық жалақыға салынатын салық сомасы + одан асатын сомадан 20 пайыз

5) 40-тан 50 мәртеге дейінгі ең төменгі жылдық жалақыдан

40 мәрте ең төменгі жылдық жалақыға салынатын салық сомасы + одан асатын сомадан 30 пайыз

6) 50 мәрте дейінгі ең төменгі жылдық жалақыдан

50 мәрте ең төменгі жылдық жалақыға салынатын салық сомасы + одан асатын сомадан 40 пайыз


 

Ең төменгі жылдық жалақы—күнтізбелік жыл үшін ең төменгі айлық жалақының заңмен белгіленген мөлшерінің сомасы.

Қазақстан Республикасының 1999 жылы 16 шілдедегі заңына сәйкес, жеке табыс салығының ставкасы 4.3-кестеде көрсетілген.

Қазақстан  Республикасының 1999 ж. 16 шілдедегі  жеке 

табыс ставкалары

Салық салынатын табыс

Ставкасы

15 еселенген жылдық есептік көрсет-кішке дейін

салық салынатын табыс сомасынан 5 пайыз

15 еселенгеннен 30 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін

15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 10 пайыз

30 еселенгеннен 65 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін

30 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 20 пайыз

65 еселенген жылдық есептік көрсет-кіштен және одан жоғары

65 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 30 пайыз


 

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев 2006 жылы наурызда халыққа арнаған «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» Жолдауында «2007 жылдан бастап, барлық жеке тұлғалар үшін табыс салығының орнына 10 пайыздық белгіленген мөлшерлемесі енгізілсін. Еңбекақысы аз жұмысшылар санатының табыс деңгейін сақтай мақсатында айлық есептік көрсеткіштің орнына олардың салық салынатын табысынан ең аз жалақы мөлшерін алып тастауды ұсынамын» деп атап көрсетті.

Жеке табыс салығы бойынша декларация.

Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мына резидент салық төлеушілер табыс етеді:

1) төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;

2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;

3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;

4) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң актілеріне сәйкес декларация беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;

5) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар;

6) Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестірілетін адамдардың, I және II топтағы мүгедектердің, сондай-ақ бала кезінен мүгедек адамның ата-аналарының біреуінің табыстары; III топтағы мүгедектердің бір жыл ішіндегі - айлық есептік көрсеткіштің 240 еселенген шегіндегі салық салынбайтын табысынан асып кеткен жеке тұлғалар;

7) әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының, қаржы полициясы, қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қызметкерлері жеке табыс салығы бойынша декларацияны уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ұсынады.

Жеке табыс салығы бойынша декларация табыс ету мерзімдері.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация есепке тіркелген орны бойынша салық органына салық жылынан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етеді.

Арнаулы салық режимін  қолданатын жеке   кәсіпкерлер  арнаулы салық режимі қолданылатын қызметінен түскен табыстарынан жеке табыс салығы бойынша декларация табыс етпейді.

 

 


Информация о работе Жеке табыс салығының міндеттері