«Идеал-Маркет» ЖШС-нде жеке тұлғаларына салық салу механизмі және оны жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 08:55, курсовая работа

Описание работы

Салықтар өз қызметін жүзеге асыруда мемлекет экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу механизмы жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету болып табылады, яғни өндірістің дұрыс әрі толық дамуын қамтамасыз ету. Салықтық реттеудің механизмдері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Макро деңгейде салықтық реттеу экономиканы реттеу болып табылса, ал микро деңгейде шаруашылық қызметті реттеу құралы болып табылады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................3
1. Жеке тұлғаларға салық салудың мәні мен экономикалық мазмұны…...6
1.1 Жеке тұлғаларға салық салудың мазмұны………………………………..6
1.2 Жеке тұлғалаға салынатын салық түрлері…………………………….…11
1.3 Жеке тұлғаларға салынатын салықтың объектісі……………………….21

2. «Идеал-Маркет» ЖШС-нің экономикалық сипаттамасы және қаржы жұмысының ұйымдастырылуы
2.1 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің құрылу және даму тарихы
2.2 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің экономикалық сипаттамасы
2.3 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің қаржылай жағдайының ұйымдастырылуы

3. «Идеал-Маркет» ЖШС-нде жеке тұлғаларына салық салу механизмі және оны жетілдіру
3.1 «Идеал-Маркет» ЖШС-нде төленетін жеке тұлғалар салығының салық салу объектісі
3.2 «Идеал-Маркет» ЖШС-нде жеке тұлғалар салығын есептеп, төлеу тәртібі
3.3 ҚР жеке тұлғаларға салық салуда кездесетін мәселелер
3.4 ҚР- нда жеке тұлғаларға салық салуды жетілдіру бағыттары

Қорытындылар мен ұсыныстар
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………

Работа содержит 1 файл

Жеке табыс салыгы- Кажапиева Айдана.doc

— 540.00 Кб (Скачать)

1) Қазақстан  Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебiнен төленетiн атаулы әлеуметтiк көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар;

2) жеке тұлғаның  өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген  зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеу;

3) қызметкерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда – оларға осындай жұмыстың әрбір күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мұндай төлемдерді есепке жазу күні қолданыста болатын 0,35 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі өтемақы төлемдері;

4) қызметтiк, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерді оқыту, оның біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезiндегі: Қазақстан Республикасы шегіндегі іссапар бойынша – іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде – іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар; Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге іссапар бойынша – іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде – іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;

5) Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінің  қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде жүргізетін қызметтік, оның ішінде  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерді оқыту, оның біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар;

6) Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінің  қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен  қамтылатын мемлекеттік мекемелер  Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерде және тәртіппен жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерді оқыту, оның біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар;

7) қызметкер басқа жерге жұмысқа ауысқан не жұмыс берушімен бiрге басқа жерге көшкен кездегi жол жүру, мүлкiн көшiру, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге үй-жай жалдау бойынша құжатпен расталған шығыстар өтемақысы;

8) жұмыс берушiнiң  табыс алуға бағытталған қызметті  жүзеге асырумен байланысты емес және нақты жеке тұлғаларға бөлінбейтін шегерiмдерге жатқызылмайтын шығыстары;

9) мұндай жұмыстың  әрбір күнтізбелік күні үшін  республикалық бюджет туралы  заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста  болатын айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде далалық жағдайда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердiң далалық үлесі;

10) жұмыс берушiнiң  вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн  адамдардың өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн: тұрғын үй жалдау бойынша; тәулiктiк өтемақы шегiнде тамақтануға арналған шығыстары;

11)   қызметкерлердi Қазақстан Республикасында тұратын (болатын) жерiнен жұмыс орнына дейiн және керi қарай жеткiзуге байланысты шығыстар;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалар бойынша берiлген арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқ киiмнiң, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құны соған тең басқа да емдеу-профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнiмдерiнiң құны;

13) сақтандырудың  міндетті түрін реттейтін Қазақстан  Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес жұмыс берушімен жасалған, қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері;

14) материалдық  нұқсанды өтеудің сот шешiмi  бойынша тағайындалған сомасы;

15) төлем көзiнен  осындай салықтың ұсталғанын  растайтын құжаттар болған кезде  бұрын төлем көзiнен жеке табыс  салығы салынған дивидендтер,  сыйақылар, ұтыстар сомалары;

16) жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитетті) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы жинағының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына бағытталған, зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша құнын өтеп сатып алу сомалары;

17) Қазақстан  Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде мiндеттi зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды уақтылы ұстамағаны (есебіне жазбағаны) және (немесе) аудармағаны үшiн есебіне жазылған өсiмпұл сомалары;

18) гуманитарлық  көмек түрiнде алынған мүлiктiң  құны;

19) Қазақстан  Республикасында мемлекеттiк тiркелуге  жататын және меншік құқығында  бір жыл және меншік құқығын тіркеген күннен бастап одан да ұзақ уақыт болатын механикалық көлік құралы мен тіркемелерді өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

20) меншік құқығын  тіркеу күнінен бастап бір  жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

21) бір жыл  және одан да ұзақ уақыт  Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын объектілер орналасқан, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

22) егер жер  учаскесін және (немесе) жер үлесін  сатып алуға және иеліктен  шығаруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылды немесе одан да ұзақ уақытты құраса, Қазақстан Республикасының аумағындағы, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

23) Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес  мемлекеттік мұқтаждар үшін құнын  өтеп сатып алынған мүлік құнының  өсімі;

24) дара кәсіпкер  болып табылмайтын жалға беруші  жеке тұлғаның жалға берілген  мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстарын өтеу немесе жалға алушының жалдау шарты бойынша төлем есебіне есептелмейтін, жеке тұлғадан жалға алған мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстары;

25) опционды  орындау кезінде опционның базалық  активінің нарықтық құнының опционды атқару бағасынан асып түсуі. Опционды жеке тұлғаға беруге негіз болған тиісті құжатта опционның базалық активі бекітілген баға опционды орындау бағасы болып табылады;

26) егер мұндай  тауар бірлігінің құны республикалық  бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тауарды осындай беру күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, жарнама мақсатында өтеусіз (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны;

27) адамдарды қабылдау және оларға қызмет көрсету бойынша жүргізілген өкілдік шығыстар;

28) заңды тұлғалардан  және дара кәсіпкерлерден алынған,  оның ішінде қызметкердің өз  жұмыс берушісінен алған кредиттерді  (қарыздарды, микрокредиттерді) пайдаланғаны  үшін сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда.

Салық төлеушінің салық жылы ішіндегі салық салынатын  табыстарына мынадай ставкалар  бойынша салық салынады:

• қызметкерлердің Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген, жылына ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен аспайтын   жалақысының төлем көздерінен салық салынатын кірістеріне, қызметкерлердің тоқсан ішіндегі орташа айлық кірісі ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайтын жағдайда "0" ставкасы бойынша;

• дивидендтер, сыйақылар (жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сыйақыларды қоспағанда) мен ұтыстар түріндегі табыстарға 15 пайыздық ставка бойынша;

  1. «Идеал-Маркет» ЖШС-де жеке тұлғаларға салық салу ерекшеліктері 
    2.1  «Идеал-Маркет» ЖШС-де жеке тұлғаларға салық салу

"Идеал Маркет" ЖШС компаниясы Қазақстандағы ірі сауда желісі. "Идеал Маркет" ЖШС компаниясы 2005 жылдан бастап нарықта қызмет етуде. Компанияның орталық офисі Атырау қаласында орналасқан. Компания штатында екі мыңнан астам адам жұмыс жасауда. Мұнда тағам супермаркеті, аспазхана, ет және кондитер цехтары бар. Қазақстанның ірі қалаларында бірнеше сауда нүктелері бар, халық тұтынатын барлық тауарларды сатып жүзеге асыратын супермаркеттері бар.

"Идеал Маркет" ЖШС Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес қызмет етеді. Серіктестік заңды тұлға болып табылады және Жарғы негізінде, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық етеді. "Идеал Маркет" ЖШС компаниясы 2004 жылы заңды тұлға ретінде тіркелген. Қазіргі уақытта Компания үш бағытта дамуда:

  1. Бұл эконом класындағы дискаунтер- дүкендер;
  2. Жоғарғы санаттағы супермаркет- дүкендер;
  3. Коммерциялық жылжымайтын мүлік- (сауда орталықтары).

"Идеал Маркет" ЖШС компаниясының  негізгі мақсаты пайда табу. Компания  заңмен тыйым салынбаған қызметтің барлық түрлерімен айналысуға құқылы. Компанияның өсу перспективілігі, ең алдымен, өмір сүру деңгейі мен сапасының төмендеуімен байланысты, өйткені біз бұрыннан білетініміздей, ел қаншалықты нашар тұрса, соншалықты ол тұтынушылық тауарларды көбірек тұтынады. Сол себепті ассортиментінің шектеулілігі мен өнімнің  көп бөлігінің сапасының төмендігіне қарамастан, тағам мен тұтыну тауарлары қазақстандықтар үшін “бірінші кезекті” өнім болып қалуда.Өндірісті басқаруды қарастыра отырып ерекше атап кететін жайт, тағам супермаркеті күн сайын халықты қажетті тауармен қамтамасыз ететін сауда желісі болып табылады. "Идеал Маркет" ЖШС еліміздегі ірі тағам мен тұтыну тауарлар супермаркеттерінің бірі.

       Компанияның басқару құрылымы 9 департаменттен тұрады, олардың басшылығында компанияның басқарушы жұмыскерлері болып табылатын бас директор тұрады.

         1. Бас директор – тікелей басшылықты және акционерлік қоғамның қызметіне қатысты басқарушылық шешімдерді қабылдауды жүзеге асырады.

2. Материалдық – техникалық жабдықтау департаменті - өндірісті қажетті шикізаттармен және материалдармен қамтамасыз ету.

3. Бухгалтерлік есеп пен есептілік департаменті – бухгалтерлік есептің жүргізілуін, сәйкес органдарға есеп беруді бақылайды.

4. Бөлшек сауда департаменті – фирмалық дүкендер арқылы өнімдердің сатылуын бақылайды.

5. Қауіпсіздік департаменті – тауарды алып келу мен алып кетуді бақылау жүргізілетін территорияны тікелей қорғайды.

6. Маркетинг бөлімі – жарнама және өнімнің нарықта жылжу мәселелерін қарастырады.    

 

      "Идеал Маркет" ЖШС таза табысының өсуі келесі факторлардың әсерінен болды:

  • өнімнің сапасы мен ассортимент құрылымының жақсаруы;
  • негізгі өндірістік құралдардың тиімді пайдаланылуы;
  • өткізілмеген өнім қалдықтарының азаюы;
  • еңбек өнімділігінің көбеюі.

 

3 кесте. "Идеал Маркет" ЖШС негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер

өлшем

2011ж.

теңге

2012 ж.

Ауытқу

Өсу қарқыны, %

бірлігі

1

Өнімді өткізуден  түскен табыс

мың. теңге

1968805161

2271375871

302570710

115,3

2

Өнімнің өзіндік құны

мың. теңге

1383718111

1623762030

240043919

117,3

3

Жалпы табыс

мың. теңге

585087050

647613841

62526791

110,6

4

Кезең шығындары

мың. теңге

505515062

544461443

38946381

107,7

5

Негізгі қызметтен  түскен табыс

мың. теңге

79571988

103152398

23580410

129,6

6

Негізгі емес қызметтен  түскен табыс

мың. теңге

4126165

6029617

1903452

-146,1

7

Салық салуға дейінгі  табыс

мың. теңге

83698153

97122781

13424628

116,0

8

Салық салғаннан  кейінгі табыс

мың. теңге

55079239

75886971

20807732

137,7

9

Таза пайда

мың. теңге

55079239

75886971

20807732

137,7

10

Жұмыскерлер саны

адам

437

587

150

134,3

11

Соның ішінде: жұмысшылар саны

адам

360

362

2

100,5

12

1 жұмыскердің  еңбек өнімділігі

мың. теңге

4505274,9

3869464,8

-635810,1

85,8

13

1 жұмысшының  еңбек өнімділігі

мың. теңге

5468903,2

6274518,9

805615,7

114,7

14

Жұмыскерлердің  еңбекақы қоры

мың. теңге

1792189

3155127

1362938

176,1

15

Соның ішінде: жұмысшылардың еңбекақы қоры

мың. теңге

570376,0

831691,4

261315,4

145,8

16

1 жұмыскердің  орташа айлық еңбекақысы

мың. теңге

45106,5

56398,7

11292,2

125,1

17

1 жұмысшының  орташа айлық еңбекақысы

мың. теңге

13203,1

19145,7

5942,6

145,0

18

Негізгі құралдардың  орташа жылдық құны

мың. теңге

713136553

864146054

151009501

121,1

19

Айналым құралдарының орташа жылдық құны

мың. теңге

366671136

419204823

52533687

114,3

20

Сатылымдар  рентабельділігі

%

2,8

3,3

0,5

117,8

21

Өндіріс рентабельділігі

%

5,1

5,9

0,8

115,6

22

Өнім рентабельділігі

%

2,9

3,5

0,6

120,6

23

1 тг өнімге  кеткен шығындар

теңге

0,9

0,9

0

100

Информация о работе «Идеал-Маркет» ЖШС-нде жеке тұлғаларына салық салу механизмі және оны жетілдіру