Құқық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 13:02, автореферат

Описание работы

Конституцияның 4-бабында “Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады” деп жарияланды.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................
І. Құқық туралы түсінік......................................................................
1.1 Құқық ұғымы, белгілері.........................................................................
1.2 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны.............................
ІІ. Құқықтық норма..................................................................................
2.1 Құқықтың қайнар көздері....................................................................
2.2 Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы.............................
ІІІ. Құқықтық қатынас..................................................................
3.1 Құқықтық қатынастың түсінігі........................................................
3.2 Құқықтық қатынастың құрылымы .................................................
3.3 Құқықтық қатынастың түрлері ........................................................
3.4 Заңды айғақ...................................... ..................................................
Қорытынды...............................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...............................................................

Работа содержит 1 файл

құқық құбылыстары.docx

— 20.88 Кб (Скачать)

Кіріспе......................................................................................................

І. Құқық туралы түсінік......................................................................

1.1 Құқық ұғымы, белгілері.........................................................................

1.2 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны.............................

ІІ. Құқықтық норма..................................................................................

2.1 Құқықтың қайнар көздері....................................................................

2.2 Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы.............................

ІІІ. Құқықтық қатынас..................................................................

3.1 Құқықтық қатынастың түсінігі........................................................

3.2 Құқықтық қатынастың құрылымы .................................................

3.3 Құқықтық қатынастың түрлері ........................................................

3.4 Заңды айғақ...................................... ..................................................

Қорытынды...............................................................................................

Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................... 

  

КІРІСПЕ

Конституцияның 4-бабында  “Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық  шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соттың нормативтік  қаулыларының нормалары болып табылады. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады” деп жарияланды.

Қазіргі заманда  құқық, құқықтық норма және құқықтық қатынас туралы көптеген ғылыми көзқарастар  бар. Осы ғылыми көзқарастарға байланысты ерте заманнан қазіргі уақытқа дейінгі  негізгі ойды қалыптастырады. Құқық, құқықтық норма және құқықтық қатынастар туралы негізгі бағытта тарихи тұрғыдан қарасақ бірнеше ой-пікірлер туындатады. Соның барлығын бірнеше монография, оқулық, ғылыми статьяларда орын табуда.

Құқық - өте күрделі құбылыс. Оның бірнеше нысаны бар. Ал құқықтық норма құқықтың алғашқы торшасы, бөлігі десек болар. 

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Адам қоғамында сан алуан  құқықтық қатынастар, яғни байланыстар  туындайды. Осы құқықтық қатынастарды реттеу, тәртіптеу ережелер, қағидалар, нормалар негізінде болады. Құқықтық норма – заңға сәйкес келетін  мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді.

Ал құқықтық қатынас  бұл – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар. Құқықтық қатынастар - құқық санаттарының кіндікті түйінділерінің бірі. Мұның көптеген аужайлары (аспектілері) әлі күнгі ғылымны” даулы мәселелеріне жатады.

Құқықтық қатынастардың  белгілері мен мәні, сондай-ақ олардың нақтыландырылған сипаттамалары осындай даулы мәселелерге жататын аужайлар (аспектілер) болып табылады.

Құқықтық қатынастарды тар және кең мағынада қарастыруға  болады, яғни оларды заң нормаларымен арақатынастық байланыстары бойынша  екі түрге бөліп атауға болады. Құқықтық қатынастарды кең мағынада түсінуді заң пайда болғанға дейін объективті түрде туындайтын әлеуметтік өзара ықпалдасулардың ерекше түрі деп ұғыну қажет. Бұл ықпалдасуларға қатысушылардың бір - біріне өзара қатысы болып келетін құқықтары мен міндеттері болады.

Олар сол құқықтар мен міндеттерін мемлекет тиым салмаған ерекше тәртіп бойынша өз мүдделеріне сай келетін қажеттіліктерін өтеу мақсатында жүзеге асырады.

Құқықтық қатынасты  тар мағынада түсіну оны заң нормаларымен реттелген әлеуметтік қатынастардың  бірі деп ұғыну және бұл қатынасқа түсушілердің өзара кірігіп-бірігіп араласып кеткен құқықтарымен міндеттері болады.

Бұл құқықтары мен  міндеттерін олар өз мұқтаждықтарын өтеу үшін мемлекеттің кепілдендіруімен (органдар арқылы) ерекше тәртіп бойынша жүзеге асырып отырады. Басқаша айтқанда бұл түрдегі құқықтық қатынас деп заң нормаларының қызмет істеуі, әрекет етуі түсініледі. Белгілі іс-әрекеттерді атқаруға құқығы бар адамдар құқықтық өкілеттілігі барлар, яғни құқыққа өкілеттілер әрекет ету, іс атқару жүктелгендер - міндеттелгендер, яғни міндеттілер деп аталады.

Заңға дейін (заң  пайда болғанға дейін) туындайтын құқықтық қатынастар заң нормаларының қайнар көздері болып қызмет атқарады, яғни қоғамдық ерік – ықтиярды қалыптастырады демек, ол мемлекеттік ерікті де құрайды.

Заң нормалары негізінде  туындайтын құқықтық қатынастар заңға  негізделген айғақты (нақты құрамды) өздеріне етіп алған болып табылады. Олар (құқықтық қатынастар) заң нормаларындағы, өздерінің жалпы сипаты бар (өзіне тән еркшелігі жоқ) мемлекеттік ерік жігері мен ықтиярды жүзеге асырады, мемлекет тарапынан кепілдендіріледі және қорғалады.

Бұл дипломдық жұмысым заң ғылымына қатысты елеулі еңбектерін жазған ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып жазылды. Олар: Н.Н.Рыбушкин, Н.И.Матозов, А.В.Малько, М.И.Байтин, В.М.Баранов, В.К.Бабаева, А.С. Пиголкин, А.Керимов, С.Ф.Кечекъян, Н.М.Коркунов, М.Н.Марченко, Г.Ф. Шершеневич, М.Т.Баймаханов, С.Н.Сәбікенов, С.Зиманов, А.С.Ибраева, Г.Сапаргалиев, М.Т.Баймаханов, Д.А.Булгакова, У.Шапақ т.с.с.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Құқықтық норма мен құқықтық қатынастың мазмұнын және қарым қатынасын  ашу. 

Дипломдық жұмыстың міндеті. Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы, құқықтық қатынастың түсінігі, құқықтық қатынастың құрылымы, құқықтық қатынастың түрлері, заңды айғақты  қарастыру және мазмұнын мәнін ашу. Сонымен қатар құқықтық норма мен құқықтық қатынастың арақатынасын қарастыру.

Аталған құқық, құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары біздің бітіру жұмысымыздың арқауы болып отыр. Жұмыс үш тараудан тұрады, әр тарау 2 бөлімді қамтиды. “Құқық туралы түсінік” атты 1-ші тарауда құқық ұғымы жайлы жалпы түсінік пен оның белгілері және нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың алар орны жайлы сөз етіледі.

Құқық ұғымы жайлы  түсінік бергенде, оның жалпы мәнін ашуға тырыстық. Заң ғылымында “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады. Құқықты ресми түрде танылған қоғам мүшелерінің әрекет ету мүмкіндігі деп қарастырса, келесіде “құқық” деп құқық нормаларының жүйеленген жиынтығы деседі. Ендігі ретте “құқықты” оқу пәнінің ұғымы ретінде қолданылады делінеді. Осыдан өзге ғалымдар құқыққа субъективті де, объективті де тұрғыда анықтама беруге тырысады.

Міне, осындайлық құқық  терминіне анықтама беруден бастап, бұл бөлімде сонымен қатар  оның өзіне ғана тән белгілерін аштық.

“Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны” –  бөлімінде нормативтік реттеу жүйесі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан  тұратындығы, олар әлеуметтік және әлеуметтік-техникалық нормаларға бөлінетіндігі жөнінде сөз қозғалды. Осыларды аша келе І тарау мағынасы ашылды.

Құқықтық норма  атты ІІ тарауда құқықтық қайнар көздер және құқықтық норманың ұғымы, түрлері  және оның құрылымы жайлы айтылды. Аталған  бөлімдерде құқық пен мораль ара-қатынасы жөнінде, құқықтың құқықтық норма тудыратыны және ол нормалар жазбаша нысанда болатыны жөнінде, құқықтық нормаларға жалпы және айрықша белгілер тән болып келетіндігі жайлы ауқымды дәлелдер келтірілді. Сонымен қатар, құқық, құқықтық норма жөнінде сөз еткенде міндетті түрде олардың қайдан бастау алатынын, яғни қайнар көздер жайлы айтылуы тиіс. Сол әдетінші, біз де осы бөлімде құқық негіздерін 4 түрге бөліп қарастырдық.

Құқықтық қатынас  атты ІІІ бөлімде құқықтық қатынас  түсінігі, түрлері, құрылымы және заңды  айғаққа қатысты ғалымдардың тұжырымын келтіре отырып, диплом тақырыбын ашуға тырыстық.

Құқықтық қатынас  – бұл құқық нормаларымен ықтиярлық  қоғамдық қатынастар. Барлық құқық қатынастар келесі ерекшеліктермен сипатталады.

Ол тек құқық  негізінде пайда болады. Онда құқық қатынастарға қатысушылардың ықтиярлары берілген. Оны қамтамасыз ету әдісі –мемлекеттің мәжбүр ету күші. Жоғарыда айтылғандай, құқық қатынастарының ерекшелігі олардың тек құқық нормаларының негізінде пайда болады және өмір сүреді.

Құқық нормалары  әр уақытта айтарлық сипатта болады, себебі олар жалпыға бірдей тәртіп ережелері. Құқық қатынастар индивидуальды – нақты, себебі нақты адамдардың өзара байланыс формасы ретінде көрінеді және бұл адамдар құқықтық қатынастарға түсе отырып сәйкес құқықтарға және міндеттерге ие болады. Басқаша айтқанда, оларға қатысты құқық нормалары қолданылады немесе индивидуалданады. Құқықтық қатынастарған олар саналы түрде түсетіндіктен олардың мақсаттары да сай келеді. Сондықтан құқық қатынастарда олардың жалпы еркі көрінеді. Мұндай еріксіз құқықтық қатынастар мүмкін емес, себебі барлық қатынас – бұл негізінде жалпылық жатқан екі жақты өзара байланыс.

Азаматтар әр түрлі  құқықтық қатынастардың субъектісі болып саналады. Бірақ олардың қатысуы құқық нормаларын реттейтін қоғамдық қатынастардың сипатына байланысты. Әкімшілік құқықтық қатынастардың субъектісі болып тек соған қатысы бар тұлғалар саналады. Пенсиямен қамтамасыз ету құқық қатынасымен байланысы жоқ адамдар бұл қатынасқа субъекті бола алмайды, себебі олар пенсия жасына жетпеген, не пенсия жасына жетсе де оған құқығы жоқ.

Шетелдіктер. Азаматтығы жоқ немесе екі азаматтығы бар  тұлғалар құқық қатынастарына қатысушылардың ішінде ерекше орын алады. Субъективтік құқықтарды пайдалану немесе міндеттерді орындау шетелдік азаматтығы жоқ тұлғалар үшін жұмыс істеуші заңмен олардың статусына байланысты шектеледі. Мысалы, олар парламентке мүше бола алмайды, қарулы күштердің қатарында қызмет етпейді, мемлекеттік құрылымдарды басқармайды және оларда жұмыс істемейді және т.б. екі азаматтығы бар тұлғалар екі елдің азаматы ретінде оның екеуінде құқық қатынастардың барлық салаларына тең құқықты субъектісі бола алады, тек заңмен қаралған жағдайларда басқа кезде, мысалы, екі азаматтығы бар тұлғалар Қазақстан президенті бола алмайды.

Заңды тұлғалар құқық  субъектілері ретінде келесі белгілермен  сипатталады: бір ұйымдығымен, өз атынан түседі, өзінің мүлкі және банкте есеп шоты бар, өзіндік мүліктік жауапкершілігі бар, сотта, арбитражда сотта, (третейский) аралық сотта талап етуші және жауапты бола алады. Құқық қатынастардың субъектілері болып заңды тұлға емес ұйымдар да саналуы мүмкін.

Мысалы; жолдастық  сот, ол кінәліге істеген теріс қылмыстары үшін айып салуға өкілеттілігі бар.

Құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі  қатынастар. Құқықтық қатынастарға тән мынандай белгілер:

Құқық қатынас –  бұл қоғамдық қатынас, былайша айтқанда адамдардың арасындағы қатынас және олардың іс-әрекетімен, мінез құлқымен тікелей байланысты. Меншік иесінің өз заттарына хақысы бар, бірақ бұл қатынас жасағанда жұзеге асырылады.

Құқықтық  қатынас тек қана адамның мінез-құлқын құқықтық норма әсер еткенде пайда болады. Құқықтық норма мен құқықтық қатынас арасында бұлтартпастық бар, өмірде тек қана құқықтық нормада көрсетілген құқықтық қатынас пайда болады. Кейде заңда көрсетілмеген жағдайда да қатынас құқықтық сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы, құқықтық қатынас болған жағдайда құқықтық норма өзінде тікелей көрсетілмеген қатынастарға қолданылады. 

Құқықтық қатынас  – бұл субъективтік құқықтар мен  міндеттер арқылы пайда болатын  адамдар арасындағы байланыс. Субъективтік құқыққа ие болушы соны пайдаланатын тұлға, ал құқықтық міндет пайда болу үшін қатынасушылардың еркі қажет. Кейбір құқықтық жүктелген сол міндетті орындауға тиіс тұлға. Құқықтық қатынаста хақысы бар тұлға және міндет бар тұлға болады: адам, ұйым, мемлекет органы. 

Құқықтық қатынас  еріктік қатынас. Құқықтық қатынастар пайда болу үшін тараптардың еркі қажет (мүліктік қатынастар). Ал кейбір құқықтық қатынас тек бір тараптың еркіне байланысты пайда болады (қылмыстық іс заң қорғаушы органның еркі бойынша қозғалады).

Құқықтық қатынасты  мемлекет қорғайды. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет құқықтық қатынастарды да қорғайды. Мемлекет қорғайтын құқықтық қатынастар қоғамдағы құқықтық тәртібінің негізі болып саналады.

Сонымен, құқықтық қатынастар дегеніміз - қатысушыларының  субъективті құқықтары мен заңда  көрсетілген айғақтарға (фактілерге) сәйкес туындайтын, ерік-ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар.

Информация о работе Құқық негіздері