Алматы метрополитени

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2012 в 21:02, реферат

Описание работы

Біздің тәуелсіз еліміз үшін 2011 жылдың 16-желтоқсаны есте қаларлық тарихи күн. Себебі, осы күні Алматы қаласында тұңғыш рет метрополитен іске қосылды. Дүние жүзінде 200-ден артық мемлекеттің 40-ында метро бар болса, біз сол 40-тың қатарына қосылдық. Менің әлі күнге есімде, 1980 жылы Алматыға Брежнев келгенде Л.И.Брежнев келгенде, метро құрылысы шешілген еді. Қанша қиыншылық кезең болса да, метро жұмысын тоқтатқан жоқ. Әсіресе, оның жұмысы соңғы 4-5 жылда қарқынды жүргізілді. Осының нәтижесі ретінде тәулігіне 300 мың, жылына 110 млн. адам таситын метро – Алматының экологиясына, көлік мәдениетіне, Алматының дүние жүзіне таныту үшін үлкен табыс әрі жетістік болып саналады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................3

І-Тарау. Алматы қаласындағы метрополитен.....................................4

ІІ-Тарау. Алматы метро кешенi жобасының жүзеге асырылуы ......11

ІІІ-Тарау. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына тарту ретінде Алматы метросы іске қосылды...........................................................................................15

Қорытынды.............................................................................................16

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................17

Қосымшалар...........................................................................................18

Работа содержит 1 файл

Баяндама Алматы Метросы.doc

— 2.18 Мб (Скачать)

ЖОСПАРЫ

 

 

Кіріспе.......................................................................................................3

 

      І-Тарау. Алматы қаласындағы метрополитен.....................................4

   

     ІІ-Тарау. Алматы метро кешенi жобасының жүзеге асырылуы ......11

 

    ІІІ-Тарау. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына тарту ретінде Алматы метросы іске қосылды...........................................................................................15

             

Қорытынды.............................................................................................16

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................17

 

Қосымшалар...........................................................................................18

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Біздің тәуелсіз еліміз үшін 2011 жылдың 16-желтоқсаны есте қаларлық тарихи күн. Себебі, осы күні Алматы қаласында тұңғыш рет метрополитен іске қосылды. Дүние жүзінде 200-ден артық мемлекеттің 40-ында метро бар болса, біз сол 40-тың қатарына қосылдық. Менің әлі күнге есімде, 1980 жылы Алматыға Брежнев келгенде Л.И.Брежнев келгенде, метро құрылысы шешілген еді. Қанша қиыншылық кезең болса да, метро жұмысын тоқтатқан жоқ. Әсіресе, оның жұмысы соңғы 4-5 жылда қарқынды жүргізілді. Осының нәтижесі ретінде тәулігіне 300 мың, жылына 110 млн. адам таситын метро – Алматының экологиясына, көлік мәдениетіне, Алматының дүние жүзіне таныту үшін үлкен табыс әрі жетістік болып саналады. Бұл тәуелсіздігімізге үлкен сыйлық болды. Мұнда халықтың жүруіне барлық жағдайлар жасалған. Қыста жылы, жазда салқын. Ауасы да желдетіліп отырады. Жер сілкінісіне қарсы қондырғылар да орнатылған. Барлық қауіпсіздік шаралары қарастырылған заманауи метро. Бұрын біз Мәскеудің метросын көріп таң қалушы едік. Енді басқалар да бізге таңқалатын болсын. Барлық қала тұрғындарымен қала қонақтарына айтарым метроны көздің қарашығындай сақтаңыздар. Метро елдің игілігіне, халықтың аманшылығына қызмет ететін болсын. Метро 1 минут те тоқтамайды. Жұмысы әрі қарай жалғаса береді, - деді Елбасы Н.А.Назарбаев[1].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І-Тарау. Алматы қаласындағы метрополитен

 

Алматы метрополитені ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіздіктің жетістігінің бірі. Заманауи технологияларды енгізу бойынша жоспарды жүзеге асыру үшін Алматы метрополитенін салу барысында жоғары өндірісті «Herrenknecht AG» неміс компаниясының «Herrenknecht S-320» тоннел қазушы кешені сатып алынған. Алматы метрополитені еліміз үшін стратегиялық маңызды нысан болып табылады. Жоба бойынша метроның алғашқы кезегі Фурманов пен Райымбек даңғылының қиылысы мен Абай және Гагарин көшелерінің қиылысын жалғайды. Туннельдерде рельс салу, бейне-теле бақылау жұмыстары ресейлік «Лайтон» ААҚ қоғамының еншісінде. Алматы метрополитені Қазақстандағы алғашқы, Орталық Азияда екінші (Ташкент метрополитенінен кейін) және ТМД-дағы 16-шы немесе 17-ші метрополитен болмақшы. Алғашқы кезеңде вагондарды жөндеу мен техникалық тұрғыдан қызмет көрсету жұмыстары депода жүргізіледі. «2012 жылы Алматы метросындағы жолаушылар ағымы тәулігіне орташа есеппен 30-40 мың адам болады, кейінірек 2015-2020 жылдары бұл көрсеткіш 300 000 адамға дейін жетеді» деген болжам бар. Бұл мәліметтерді «Алматыметроқұрылыс» АҚ директоры Мұрат Үкшебаев мырза да растады. Алматы метрополитені өткен жылдың желтоқсан айында, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілді [2].

Алматы метрополитенінде болатын үш бағыттың жалпы ұзындығы 45 км. болады. Оның ұзындығы 8,56 км. құрайтын алғашқы бағыты 7 бекеттен тұрды (оның ішінде төртеуі терең, қалғандары таяз орналасқан). Бағыт Райымбек даңғылынан оңтүстікке қарай Фурманов көшесінің астымен Абай даңғылына, одан әрі батысқа қарай Гагарин даңғылына және Жароков көшесіне дейін тартылған. Алғашқыда 4-вагонды 7 пойыздар жүргізіп жатыр. Жүру кезегі 2 минуттан 5 минутқа дейін. Пойыздардың орташа жылдамдығы 40 км/сағат.

2005 жылы 7 қараша айында еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев оңтүстік астанамыз Алматы қаласындағы метро құрылысын аралап көргеннен кейін бірінші бөлігін 2006-2007 жыл аралығында іске қосуын тағайындады. 2006-2008 жылдағы еліміздің әлеуметтік-экономикасын дамыту бағдарламасына сәйкес  2006-2007 жылы Республика бюджетінен 18 миллион теңге, ал 2008 жылы 36 млрд. тенге метроның құрылысына бөлінді.

Алматы қаласының бас жоспарында осымен қатар 2 метро құрылысын салу  жобасы тұр. Оның бірі қаланың оңтүстігінен бастап қаланың орталығынан өтеді, ал  екінші құрылыс Алматы-1 теміржол бекетіне дейін созылып, метроның ұзындығы 45 шақырымды құрайтын болады.

2003 жылы 10 наурызда № 1019 Қазақстан Республика Президентінің бекітілген қаулысы бойынша 2003-2010 жж. метрополитен құрылысы Алматы қаласын дамыту мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезегінде тұрды. Алматы метро құрылысы жобаланған кезде осы аймақтың таулы қыратты геологиялық жағдайы, сейсмотұрақтылығы есепке алынды.

Былтыр, 16 желтоқсанда алғашқы желісі  пайдалануға берілген  Алматы метрополитені ҚР  Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдық мерекесі қарсаңында халыққа жасалған  ең үлкен тарту. Құрылысы  23 жылға созылған бұл көлік  қатынасының алғашқы желісінің салынып, пайдалануға берілуі тек алматылықтардың ғана емес, күллі қазақстандықтардың мерейін өсіріп, рухын көтерді. Өйткені метро сияқты аса үлкен қаржыны қажет ететін көлік қозғалысы әлемнің 45 елінде ғана бар. Енді олардың қатарына тәуелсіздігін алғанына биыл 20 жыл толып отырған Қазақстан қосылып отыр.

Қоғамдық көліктің рельсті түрі дегенді білдіретін француздың «метрополитен» сөзі бүгінгі таңда көптеген  елдерде мақтанышпен қолданылады. Оның 3,6 шақырымдық алғашқы жолы 1863 жылы 10 қаңтарда Лондонда іске қосылды. Еуропа құрлығындағы  тарихы ең ұзын  метролар  Будапешт (1896), Вена (1898), Париж (1900), Берлин (1902) және Гамбург (1912)  қалаларында. Ал бұрынғы кеңестік республикаларда  тұңғыш  метро желісі Мәскеуде 1935 жылы 15 мамырда ашылды.  Одан кейін  бұл көлік түрі Санкт-Петербург (1955), Киев (1960), Тбилиси (1966), Баку (1967),  Харьков (1975), Тәшкент (1977),   Ереван (1981),  Минск (1984), Нижний Новгород (1985), Новосібір (1986),  Самара (1987) және  Екатеринбург (1991) қалаларында  қосылды.

Тәуелсіздіктің бесігі саналатын Алматы астаналық мәртебесінен айрылғанына қарамастан,  еліміздің  экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени өміріндегі рөлі өте зор. Қазіргі таңда ол тек Қазақстанның ғана емес,  Орталық Азия аймағындағы   ең қарқынды дамып келе жатқан қала болып отыр. Алатаудың бөктеріндегі жасыл желекті бұл шаһар  елдің жалпы ішкі өнімінің бестен бірін, ал мемлекеттік бюджетінің төрттен бір  бөлігін береді.  Мұнда Қазақстанның ең ірі жоғары оқу орындары мен жетекші ғылыми-зерттеу институттары шоғырланған. Студенттерінің саны жағынан, қазір ол тұрғындарының  бірнеше есе көптігіне қарамастан, Мәскеудің өзін басып озды. 

Алматылықтардың  үштен бірін бүгінгі таңда 16-29 жас аралығындағы жастар құрайды. Бұл  оның Қазақстанның өсуі  мен гүлденуіндегі  орасан зор әлеуетін көрсетеді. Сондықтан Елбасы жыл сайын  халыққа арнайтын дәстүрлі Жолдауында былтыр «Болашақ экономикасының секторы Алматы мен Астанада дамуы тиіс» дегенді айтты. Осы арада  Нұрсұлтан Әбішұлының  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін  жариялап, конституциялық заңға қол қойған күннің ертесінде митингіде сөйлеген сөзінде «Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шындап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда»,-деді.

«Тарих көші ұзақ. Асықсақ та аптықпайық. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін» деген сөздері еріксіз еске түсіп отыр. Қазір оның бәрі шындыққа айналды. Президенттің сарабдал саясатының арқасында Қазақстан  20 жылдыққа зор  табыстармен  келіп   отыр. Оған Алматының да қосқан үлесі қомақты екеніне ешкім дау тудыра алмайды.

Алматы метрополитенінің тарихына көз жүгіртер болсақ  оны салу, салмау мәселесі   кеңестік дәуірдің сонау 70-жылдары көтерілген болатын. Қала қарқынды өсіп келе жатқанына қарамастан, сейсмикалық жағынан аса қауіпті аймақта орналасқандықтан, Алматы метрополитенінің салынуына қарсылық білдірушілер аз болған жоқ.

Кеңес Одағында ол кезде метро миллион тұрғыны бар қалаларда ғана салынатын. Оның қажеттілігі Алматыда уақыт өткен сайын айқын сезіле бастады. Сондықтан ұзақ пікірсайыстан кейін 1980 жылы КСРО Министрлер кеңесінің төрағасы А. Косыгин арнайы үкімет қаулысына қол қойды.  Ал 1981 жылдың желтоқсанында Алматының миллионыншы тұрғыны өмірге келгені туралы ресми ақпарат таратылды. Бұл метро құрылысын бастауға түрткі болып, Мәскеудегі «Метрогипротранс» институты метроның техникалық экономикалық негіздемесін және оның  бірінші желісінің алғашқы кезеңінің жобасын  жасауға кірісті. Бастапқы кезде КСРО Жол және қатынас  министрлігі тапсырыс беруші болып, құрылыс жобасын түзету жұмысына Ленинградтағы «Ленметрогипротранс» институты қатысты.

Алматы метрополитені туралы ресми мәлімдемені 1982 жылы  Қазақстан Компартиясының 60 жылдығына арналған салтанатты жиында КПСС ОК Саяси бюросының мүшесі, Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев жасады. Д. Ахметұлы республиканың  одан әрі дамыту жолдарын айтқан кезде  «Л. Брежневтің қолдауымен республика астанасында метро салу да көзделуде», деді. 1982  жылы  14 маусымда метрополтитен бекеттерінің атауы бекітілді[3].        

Алматы метрополитенінің алғашқы желісінің құрылысы КСРО Министрлер кеңесінің 1980 жылғы 4 тамыздағы №1537  ұйғарымы мен КПСС ОК-нің   1985 жылғы 21 ақпандағы қаулысында  1986-1990 жылдарға  жоспарланды.   Ал 1985 жылы  Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы, ҚР Тұңғыш Президенті  Н.Назарбаев  құзырлы органдарға әзірлік жасап, «Метроқұрылысы» өндірістік базасын құруды аяқтауға тапсырма берді.

Жалпы мамандардың сөзіне қарағанда, Алматыметрополитені құрылысын 4 кезеңге бөліп қарастыруға болады.

Біріншісі, 1981-88 жылдар аралығындағы дайындық кезеңі. 

Екіншісі,  1988-1993 жылдардағы белсенді кезең. Бұл құрылыстың басталуы оның белсенді фазасы болды. 1988 жылы 7 қыркүйекте сағат  16:25-те Фурманов пен  Октябрдің  50-жылдығы атындағы даңғылдың қиылысында бірінші экскаватор қалағы Алматы метрополитенінің бірінші  - «Октябрьская» бекеті құрылысы топырағын қазуды бастады.

Үшіншісі, 1994-2000 жылдардағы күту режимі.   Бұл кезде құрылыс күрт құлдырап, жобаны қаржыландыру ең төменгі шегіне жетті. Үкімет жылына 100 миллион ғана теңге бөліп отырды. Бұл 100 метрге ғана жететін. Соның нәтижесінде жылына 3 шақырымнан астам туннель қазуға мүмкіндігі бар Алматы метрошылары  1994 жылы - 300 метр, 1995 жылы  - 176 метр, 1996 жылы - 152 метр, 1997 жылы -  90 метр ғана жерді қаза алды.

Төртіншісі, жаңғыру кезеңі. 2003 жылы  10-ақпанда ҚР Президентінің «Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 1019 Жарлығы шықты. Бұл бағдарламаға метро құрылысы енгізіліп, қаржыландыру көздері мен көлемі нақты айқындалды.   2006 жылы ақпанда Алматының сол кездегі әкімі И. Тасмағамбетов «Райымбек» пен «Алатау» бекеттері аралығындағы бірінші желіні 2009 жылы пайдалануға беруді қамтамасыз етудің кешенді шараларын бекетті.  Алайда әлемдік қаржы дағдарысы оған өз ықпалын тигізді. Осы арада жыл сайын айтарлықтай қомақты қаржыны  қажет ететін метро құрылысын тоқтатып, оған  жұмсалатын қаржыны басқа мақсатқа пайдалану керек деген пікірлердің  де болғанын жасыруға болмайды. Бұл  мәселені тіпті мемлекеттің басты заң шығарушы органы саналатын Парламент депутаттары да көтерді. Атап айтқанда мұндай ұсынысты  2010 жылы Мәжілісте депутат Амангелді Момышев та жасады. Дегенмен жалпы жұртшылық бұл мәселеге түсіністікпен қарап, қаланың көліктік және экологиялық мәселесін шешуде метроның  маңызды рөл атқаратынына сенім білдірді.

Жалпы қаланың Бас жоспарына  сәйкес метроны  аяқтау және пайдалануға беру үш желi бойынша кезең-кезеңмен iске асырылуда.  Бiрiншi желiнiң құрамына жалпы ұзындығы - 8,56 шақырым болатын 7 бекет кiрдi. Олардың орташа арақашықты 1,27 шақырым, ал ең қысқасы  - 0,99 км, ұзыны - 1,61 км болады. Метро электропойыздары  сағатына 40 шақырымдық жылдамдықпен жүріп,  бір бекеттен екіншісіне жолаушылар 2-3 минуттың ішінде жететін болады. Метро пойыздары әр 4-4,5 минут сайын жүріп, жолаушылар көп жүретін уақытта ол 2-2,5 минутты құрамақ. Ал пойыздар бұл желіні 12 минутта жүріп өтпек. Онда қазақстандық стандарттар бойынша  арнайы жасалған Оңтүстiк Кореяның «Hyundai Rotem» корпорациясы  шығарған 4 пойыз қатынайды. Қазіргі кезде метроның Қалқаман кентіне бағытталған бірінші  желiсiнің екінші кезеңінің қазба жұмыстары жүріп жатыр.   Ұзындығы 8,5 шақырым болатын бұл аралықта 5 бекет болмақ.  Ал  8,6 шақырым болатын екінші желі  «Райымбек» бекетінен 1-Алматыға дейінгі аралықты қамтып,  6 бекеттің арасын қоспақ.    Метроның алғашқы желiсiнiң бiрiншi кезеңi сәттi iске қосылып кетсе, алдағы жылы метродағы жолаушылар ағымы тәулiгiне орташа есеппен 30-40 мың адам болмақ. Ал 2015-2020 жылдарға қарай бұл көрсеткiш 300 мың адамға жетедi деп күтiлуде.                

Райымбек даңғылынан басталатын метро қозғалысының алғашқы  кезеңі Фурманов көшесi бойымен Абай даңғылына дейiн және одан батысқа қарай  Гагарин даңғылына  дейін созылады.  Онда  «Райымбек батыр», «Жiбек жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр», «Мұхтар Әуезов атындағы театр» және «Алатау» деп аталатын жетi бекет бар. Алматы метрополитенiн жобалау кезiнде қаланың таугеологиялық жағдайы, сейсмикалық және жағрафиялық орналасуы қатаң есепке алынған.

Жобаның жалпы ұзақтығы жерасты тауы арқылы 21,74 шақырымды құрайды. Бұл  озық технологиялармен салынған ең жаңа және қазіргі кезеңде еш теңдесі жоқ метро болғалы  отыр. Мәселен   қазба жұмыстарында пайданылатын техникаларды айтпағанның өзінде, жерасты жолына  төселетін рельстердiң  табанына   жаңа әдiспен  монолиттiк темiр-бетон қойылды. Жолдың үстiңгi қабаты да  бүтiндей темiр-бетон  құрылғыларынан жасалды. Ол  қозғалыстың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етiп қана қоймай, жолдың пайдалану мерзiмiн де біршама ұзартпақ. Аталмыш технология қазiр тек  Еуропаның жекелеген мемлекеттерiнде ғана қолданылады, ал ТМД аумағында  ол Алматы метрополитенiнде тұңғыш рет пайдаланылып отыр және 29 түрлі қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз етілген. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарының метро көлігін пайдаланған кезде өзін барынша қауіпсіз сезінуіне мүмкіндік бермек. Метро қызметі  Алматы сияқты ірі қалада жолаушылардың діттеген жеріне жылдам жетуіне қолайлы жағдай тудырып қана қоймай, олардың көңіл-күйі мен жұмысқа деген ынтасын  көтере түсері күмәнсіз.

Қазіргі таңда ірі  қалалардағы жол-көлік қозғалысында  қауіпсіздігі, жайлылығы  және  тартымдылығы жағынан  әлемде метромен бәсеке түсетін бірде көлік түрі жоқ. Оның бұл артықшылықтарына 2011жылдың 16 желтоқсаннан бастап Қазақстанда ең бірінші болып алматылықтар көз жеткізді. Бұл тәуелсіздіктің алтын бесігі саналатын жаңарған, жасарған Алматының болашағын бұрынғыдан да жарқын ететін жәйттердің бірі. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та метрополитен жұмысымен барысымен танысу кезінде «Бүгінгі Алматы бұдан 20 жыл бұрынғы қаламен салыстырғанда, сапасы мүлдем өзгерген қала», - деген болатын[4].  Осындайда бұрынғы ата-бабаларымыздың «50 жылда ел жаңа десе, жүз жылда қазан» деген сөзі еріксіз түседі. Өйткені жасампаздықтың жарқын үлгісін көрсетіп, қысқа уақыттың ішінде Сарыарқадан әсем Астананы тұрғызып,  әлемдік деңгейдегі үлкен басқосуларды өз төрінде өткізіп жүрген Қазақстанның алар асуы әлі алда екеніне қазір ешкім күмән келтірмейді.

 

 

 

 

ІІ-Тарау. Алматы метро кешенi жобасының жүзеге асырылуы

 

Өткен жылы тойланған Тәуелсiздiгiмiздiң 20  жылдық мерейтойына тарту көп болды. Азаттығын  ерекше құрметке бөлеген қазақ елiнiң әр  аймағы торқалы тойға өзiнше сый дайындады. Бұл  орайда басты назарға алынатын Алматы  шаһарының да үлкен-үлкен сияпатын атауға болады. Тәуелсiздiк мерекесiне есiгiн айқара ашқан Алматы метросы  осының дәлелі. Құрылыс жұмыстары 20 жылдан астам уақыт  бойы жүргiзiлген қаладағы алып құрылыс кешенiнiң  тарихы сонау Кеңес заманынан, дәлiрек айтқанда, 1978  жылы Алматы қаласының Бас жоспары жасалған  сәттен бастау алды. Ал 1988 жылы жерасты  жолының құрылыс жұмыстары алғаш қолға алынды. Тәуелсiздiкке қол жеткiзген жылдар бедерiнде  қиыншылыққа тап болған елiмiз үшiн метроны  қаржыландыру кейiнге қалдырылған мәселелердiң  қатарында болды. Алайда, Елбасының бастамасымен  2005 жылы Алматы қаласын дамыту бағдарламасы  бекiтiлiп, сол бағдарламаның iшiнде осы метро  жобасына аса мән берiлуi тұрақтап қалған жер  астындағы құрылысты қайта жандандырды. Осынша  уақыт аралығында метроның салынуына 166 млрд.  теңге жұмсалды. Оңтүстiккореялық Hyundai Rotem  компаниясының демеуiмен жүргiзiлiп жатқан  алпауыт жоба соңғы үлгiдегi заманауи озық  технологиялармен жарақтандырылған. Әсiресе, кәрiс  азаматтарының қауiпсiздiк саласына аса мән бергендiгi  қуантады. Өйткенi, мұнда ТМД шеңберiнде кездеспейтiн қауiпсiздiк жүйесi орнатылған. «Метрожоба»  ЖШС өкiлдерi оның сүзгiсiнен суық қару мен  жарылғыш заттар, тiптi, есiрткi заттары да мүлт  кетпейдi деп сендiруде. Ендеше, қазiргiдей лаңкестiк  оқиғалардың шетi көрiне бастаған мына заманда бұл  мәлiмет көңiлдi бiр жайландыратыны сөзсiз.

Кешендi жобаның жүргiзiлу барысындағы  қаржылық, техникалық, құжаттамалық мәселелерiнен  бұрын, алматылықтар үшiн ең бастысы – метроның  ұлттық бояумен келбеттi шығуы болды. Бұл  тұрғыда әлемдегi озық метроларды сараптасақ,  әсемдiк, үйлесiмдiлiкке мейлiнше ден қойған  еуропалық шеберлер ұшқыр қиялдың небiр керемет  үлгiлерiн көрсете бiлді. Осы орайда, қазақ жерiндегi  орны бөлек осы заман көлiгiн безендiруде қазақтың иiсін сiңiре бiлсек дұрыс болар едi. Бұл ойымызды дөп басқан  жобалаушылар аялдамаларды әрлендiруде қазақы  өрнектерге басымдық бергенi бiрден байқалады.  Сонымен бiрге, қазақ халқының тарихи болмысынан  сыр шертетiн композициялық суреттер де жерасты  жолының сәнiн келiстiре түскен.

Бұған қоса, әрбiр бекеттiң келбетi өзiнiң атауына  сай көрiнiс тапқан. Мәселен, «Алмалы» бекетінде ұлттық нақыштағы өрнектермен қатар, Алматының  басты белгiсi – алма суреттерi бейнеленген. Алматы  қаласы ежелден қалыптасқан Жiбек жолының  бойында орналасқандықтан, аялдамалардың бiрi –  «Жiбек жолы» деп аталған. Бұл жерде де өз атауына  сай түйеге тауар артқан керуен жолы салынған. Сол  сияқты, «М.Әуезов» аялдамасында қазақы пайымдағы  аңыз кейiпкер қанатты пырақтар бедерленсе,  «Байқоңыр» бекетiнде тұрып өзiңiздi бейне бiр ғарыш  әлемiне енгендей сезiнесiз. Бұл бейнелердiң барлығы  аялдамаларының бет-бейнесiн қалыптастырған. Ал  алдағы уақытта салынатын қалған бөлiгiнiң келбетi  қалай болатыны дизайнерлердiң еншiсiнде.

Сонымен, Қазақстанда алғаш, Орталық Азияда  Ташкенттен кейiн екiншi рет, ал ТМД аумағында 16-болып ашылып отырған Алматы метросы қазақ елi  үшiн үлкен қуаныш болып тұр. Әзiрге 8,5  шақырымдық бiрiншi кезең қала тұрғындарын 7  аялдама аралығында тасып жатыр. Ал жобаның  екiншi кезеңi батыс және солтүстiк бағытта қатар  дамып, 2017 жылдың соңына дейiн қолданысқа  берiлмек. Ендiгi қолға алынатын қос бағыт 227,325  млрд. теңгеге бағаланып отыр.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов «Hyundai Rotem» президенті Ли Мин Хо басқарған «Hyundai» делегациясымен кездесті. Онда қала басшысы қонақтарға Алматыда, жалпы Қазақстанда тұңғыш рет метрополитеннің ашылып жатқандығын паш етті.

Бұл – ірі және құнды жоба. Сондықтан да оған қалың жұртшылық, ел басшылығы, саяси, қоғамдық ұйымдар тарапынан ерекше назар аударылуда. Жобаның негізгі серіктесттерін анықтау барысында жылжымалы состав пен түрлі қондырғыларын ұсынған көптеген компаниялар болды.

Алматы әкімі аталған компаниямен жасалған іскерлік байланыстың дұрыстығын, нәтижесінде метро құрылысының бірінші кезегінің аяқталғанын қанағаттандырарлықпен айтты. «Біз қалалықтарға, жұртшылыққа, ҚР-ының Президентіне Алматы метросы биылғы жылдың 1 желтоқсанында беріледі деп уәде еттік. Өткен айда дәл осы залда Мемлекет басшысы біздің алдымызға осындай міндет қойған болатын. Ол үшін Үкімет тарапынан қажетті қаржы бөлініп, жұмыстың нақтылы кестесі жасалынып, метро 16-желтоқсанда ашылды. Осылайша, билік тарапынан барлық мәселе біртіндеп өз шешімін табуда», - деді Ахметжан Есімов.

«Hyundai Rotem» президенті Ли Мин Хо метроның басқа кезеңдерінің де дер кезінде іске қосылуына өздері жағынан барынша күш жұмсалатындығын жеткізді. «Бұл Алматы үшін ғана емес, біздің компания үшін де маңызды жоба. Сондықтан мен өз тарапымнан бұл жобаға жіті көңіл бөлемін әрі істің беліленген мерзімде толық іске асуын бақылайтын боламын. Біздің жылжымалы состав пен түрлі жабдықтарымыз ойдағыдай жұмыс істеп, Алматы метросы барлық ТМД елдері үшін үлгі болады деген сенімдемін»,- деді Ли Мин Хо.

 

Алматы қаласында метро бекеттерінің орналасқан жерлері:

 

1.Райымбек бекеті Райымбек атындағы даңғыл мен Фурманов атындағы көшесінің қиылысында.

2. Жібек жолы бекеті Гоголь атындағы көше мен Панфилов атындағы көшенің қиылысында.

3. Алмалы бекеті  –  Қарасай батыр атындағы көше мен Панфилов атындағы көшенің қиылысында.

4. Абай бекеті – Абай  атындағы даңғыл мен  Фурманов атындағы көшенің қиылысында.

5. Байқоңыр бекеті Абай  атындағы даңғыл мен  Байтұрсынұлы атындағы көшенің қиылысында.

6. Әуезов театры – Абай  атындағы даңғыл мн Жандосов атындағы көшенің қиылысында.

7. Алатау бекеті  – Абай  атындағы даңғыл мен  Жароков атындағы көшеннің қиылысында.

Бүгінде метро құрылысшылары Қалқаман мен бірініші Алматы вокзалын байланыстыратын екінші кезеңіне қызу қарқынмен кірісіп кетті.

ІІІ-Тарау. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына тарту ретінде Алматы метросы іске қосылды

 

 

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Алматы метросы іске қосылып, қала тұрғындарына үлкен сый жасалынды. Сөйтіп метро қаланың көлік, адамдарды тасымалдау жағдайын ғана жақсартып қойған жоқ, экологиясына да жақсы әсерін тигізетін болады.

Метро құрылысы кеңестік кезеңде 1988 жылдан бастап жүрізілген еді. Дегенімен, сол  кездегі тоқырау, экономикалық қиыншылықтарға байланысты, метро құрылысы тоқтап қалғаны белгілі. Тәуелсіз еліміз қаржылық-экономикалық жағдайын жақсартқаннан кейін, сырт елдерден жер астын қазу жұмыстарына арналған ең соңғы үлгідегі техникаларды алып, құрылысқа жергілікті мамандар тартылып, метро құрылысына қайтадан жан бітірген болатын. 20 жылдан астам уақыт  бойы салынған метроға ел қазынасынан 166 млрд.теңгеден астам қаржы жұмсалды. Дүниежүзі елдерімен салыстырсақ, Алматы метросы әсемдік, үйлесімділік жағынан ешқайсысына есе жібермейді. Пайдалануға берілген бірінші кезең 7 бекеттен тұр. Олар: «Райымбек батыр», «Жібек жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр», «М.Әуезов» және «Алатау» бекеттері. Жер асты жолының бұл желісі Райымбек даңғылынан Фурманов көшесінің асты арқылы Абай даңғылына шығып, батыс бағыттағы Гагарин даңғылына дейін жалғасады. Жолдың жалпы ұзындығы 8,56 шақырым. Жер астында «Hyundai» корпорациясының соңғы үлгідегі 4 вагоннан тұратын 7 пойызы қатынауда. Әр вагонның сыйымдылығы 173 адамға арналған, тәулігіне орта есеппен 30-40 мың адамды тасымалдауда. Жол жүру ақысы әзірше 80 теңге.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Елбасымыз сан жылдар бойы ынтықтырған метро көлігінің тұсауын кескен кезде алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының қуанышында шек болмады. Алған әсерімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Метроның іші- сыртындағы автоматика жүйелері, перрондағы ұлттық бағыштағы сәулеттік кескіндемелердің безендірілуі жолаушылардың көңілінен шыққанына риза болдым. Бейнебір мұражай ғимаратына, ежелгі ертегі қойнына еніп кеткен сияқтысың. Оңтүстік Кореядан жеткізілген электр пойыздары да өте жайлы әрі ыңғайлы екен. Ең бастысы 8,5 шақырымға созылған бағытты 10 минутта жүріп өтеді екенсіз. Бұл дегеніңіз жолаушылар үшін өте тиімді емеспе?! Егер автобуспен жүрсеңіз бұл аралықты 1 сағаттан аса мерзімде жүрер едік. Мұндай жетістік ел экономикасының жоғары деңгейге жеткендігінен және президентіміздің сара да дара саясатынан деп түсінемін өз басым. 

Елбасы метрополитен жұмысына жоғары баға бере келе, Алматы метросының іске қосылуытек автобус бағыттарының қысқаруына ғана емес, жаңа көлік мәдениетінің пайда болуына ықпал ететінін  атап көрсетті. Елбасы еліміз үшін маңызды осы жобаны іске асырудағы жақсы әрі игілікті жұмыстар үшін метро құрылысшыларына, барлық ұйымдастырушылар мен оған атсалысқандарға зор ризашылығын білдіре отырып, оны көзіміздің қарашығындай сақтауға шақырды.

Алматы қаласының азаматтары мен қонақтары! Метромызды бағалай білейік, сақтай білейік. Құтты болсын! Метромыз баянды болсын! Тәуелсіздігіміз ұзағынан болсын!

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

1.Егеменді Қазақстан газеті.- 143-144 (4546), 3 желтоқсан, 2011 жыл

 

2. Алматы ақшамы газеті.- 143-144 (4546), 3 желтоқсан, 2011 жыл

 

3. Мөлдір бұлақ журналы.- 1, 2012 жыл

 

4. Алматы ақшамы газеті.- 145 (4547), 6 желтоқсан, 2011 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

Метро бекеттерінің белгісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы метрополитенінің картасы (сызба нұсқасы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Алматы метросын алтын кілтпен ашты

 

 

 

 

Ел басы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы метросында

 

 

Алматы метросының поезы

 

 

Метро поезының басқару жүйесі

 

 

 

Метро поезының ішкі көрінісі

 

 

 

 

Метро поезының бекеттегі көрінісі

 

 

Алматы метросының бекеттерінің атаулары

 

 

 

 

Алатау бекетінің ішкі көрнісі

 

 

 

Алатау бекетінің жалпы платформасы

 

 

 

М. Әуезов бекетінің ішкі көрнісі

 

 

Байқоңыр бекетінің ішкі көрінісі

 

 

Байқоңыр бекетінің ішкі көрінісі

 

 

Абай бекетінің төрі

 

 

 

Абай бекетіндегі эскалатор

 

 

 

Алмалы бекетінің оң қапталы

 

 

Жібек жолы бекетінің төрі

 

 

Жібек жолы бекетінің орталық алаңы

 

 

 

 

 

2

 

Информация о работе Алматы метрополитени