Бейматаларды тоқып-тігу әдісі арқылы өндіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 18:42, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы жолдауында көрсетілген экономика дамуының маңызды бағыттарының бірі – текстиль өнеркәсібін дамыту. Елбасы алғаш рет мемлекетіміздің экономикасын дамытуда кластерлік бағдарламаны ұсынды. Оңтүстік Қазақстан облысында мақта-текстиль кластерін құру – текстиль саласын дамытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін негізгі инновация. Қазақстан Республикасының әлемдік сауда ұйымына кіруі, текстиль бұйымдарының бәсекелестік қабілетіне қойылатын талапты жоғарылатады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
І. Бейматалар............................................................................................................4
І.1 Физика-химиялық әдіспен алынған бейматалар.............................................4
І.2 Механикалық әдіспен алынған бейматалар....................................................5
І.3 Қиыстыру, құрастыру (комбинирлеу) әдісі....................................................6
ІІ. Тоқып-тігу технологиясы...................................................................................6
ІІ.1 ВП машинасындағы тоқып-тігудің технологиялық процесі.......................6
ІІ.2 Тоқып-тігу машиналарының ілмекқалыптастырушы мүшелері................7
ІІ.3 ВП машиналарындағы ілмекқалыптастыру процесі....................................9
ІІ.4 Тоқып-тігу машиналарындағы өрім түрлері...............................................11
ІІ.5 Арахне машинасының құрылғысы және жұмысы......................................13
Бейматалардың қолданылуы...............................................................................16
Қорытынды............................................................................................................17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................18

Работа содержит 1 файл

Бейматаларды тоқып-тігу әдісі арқылы өндіру.doc

— 2.08 Мб (Скачать)

 

ІІ.5 Арахне тоқып-тігу машинасының құрылысы және жұмысы

Арахне тоқып-тігу машинасы Чехословакия мамандарының трикотаж өнеркәсібі ғылыми-зерттеу (КСРО) институтымен бірлесе  отырып құрастырған және «Ково» (Брно қаласы) машина жасау зауытында дайындалған. 1958 жылдан бастап Чехословакияда осы машиналарды өнеркәсіптік өндіруді бастады.

Арахне машинасындағы  талшықты жайғақты тігу технологиясы, ВП машинасындағы тігу технологиясына ұқсас болып келеді. Ілмекқалыптастыру механизмдерінің құрылымдық ерекшеліктері болады.

 

 Арахне машинасының құрылғысы және жұмысы

Талшықты жайғақ 9 қоректендіргіш тор 6 көмегімен  қозғалмайтын тор 8 және қозғалатын платиналардың 5 арасындағы саңылау арқылы өтіп, машинаның ілмекқалыптастыру мүшелеріне беріледі.

Қозғалмайтын тор, ВП машинасында қозғалмайтын платиналардың  қызметін атқарады, яғни инеден жайғақтың  шығуы кезінде, жайғақты ұстап қалады. Осындай жолмен жаңа ілмектің қалыптасуына және тартылуына мүмкіндік жасайды.

Ілмекқалыптастыру процесіндегі қозғалатын платиналар 5 қайтымды-үдемелі  қозғалыс жасайды, яғни инемен жайғақты түйреу кезінде алға қарай жылжиды, осыдан кейін тоқу аймағынан шығып  кетеді.

Қозғалмайтын 8 және қозғалатын 5 платиналардың бірге жұмыс істеуі нәтижесінде инемен түйреу кезінде және инелердің теріс бағытта қозғалу кезінде талшықты жайғақты ұстап қалады. Тізбеорауыштан 1 көзшелерге 4 берілетін тігу жіптері 3 оқтаудан 2 өтеді.

 

9 сурет. Арахне машинасының технологиялық                           сызбасы.

10 сурет. Арахне тігу тораптарының негізгі жұмысшы мүшелерінің жетек механизмі.

 

Қозғалмалы инелер 10, көзшелермен 4 берілетін талшықты жайғақты түйрей және жіпті тартып, талшықтың қалыңдығы арқылы оларды өткізеді. Инелердің 10 қозғалысы инешектің 11 көмегімен жүзеге асырылады, ал плиткалары 12 бар қозғалтқыштар – сызғыштың 13 көмегімен жүзеге асырылады. Тігілген беймата материалы 7 машинаның орайтын құрылғысына шығарылады.

Арахне машинасындағы  ілмекқалыптастыру процестері толығымен  ВП машинасындағы ілмекқалыптастыру процесіне ұқсас болып келеді.

Арахне машинасындағы  тігу тораптарының негізгі жұмыс  мүшелерінің қозғалысын жүзеге асыру  үшін қисықтиек-шатунды механизмдер  қолданылады.

Құбырлы инелердің және тұйықтағыштардың (10 суретте) қозғалыс ерекшеліктеріне қарсы қозғалыстары жатады. Бұл – талшықты жайғақтарда иненің болуы кезінде материалмен бірге инелердің қозғалуын қамтамасыз етеді және жайғақтың созылуын болдырмайды. Қарсы қозғалыстағы механизм жетегін, материалдың ұзындығы бойынша 5см-дегі ілмектердің саны кезінде қосады, иненің қарсы жүріс шамасын реттеуге болады.

Арахне машинасындағы тігу жіптерін беру механизмі реттеу қорабынан  және тігу жіптерінің реттеу қораптарының жұмысын басқаратын құрылғыдан тұрады.

11-суретте тігу жіптерін беру механизмдерінің керу құрылғысы көрсетілген. Секциялы катушкадан тарқатылған тігу жіптері, керу білігінің 4 төлкесінде бекітілген біриықты иінге 2 сүйенетін оқтауды 1 айналып өтеді.                         11-сурет. Арахне машинасының тігін                                            

Төлкеде, екі муфта 3 арасында                    жіптерін беру механизмінің керу құрылғысы

қысылған серіппе 5 орналасқан. Төлкенің басқа шетінде 9 білікте  бекітілген, біриықты иінмен 8 саусақша 7 арқылы байланысатын реттегіш шанышқы 6 орналастырылған. Біліктің басқа шетінде, карданды білікпен бітетін 11 білікте бекітілген басқа конусты тісті доңғалаққа 10 қозғалыс беретін, 12 конусты тісті доңғалақ бекітілген. Карданды білік, реттеу қорапшасының подшипниктерінде орнатылған саусақшамен байланысқан.

Керу құоылғысының көмегімен  реттегіштің жұмысын басқару  былай жүзеге асырылады. Тізбеорауыштың диаметрі кішірейген кезде, тігілетін  жіптердің керілуі жоғарылайды. Бұл, иіннің 2 бұрылуын және оқтаудың төмен  түсуіне әкеп соқтырады. Иін серіппе 5 кдергісін жеңіп, шанышқы 6, иін 8, білік 9 және конусты тісті доңғалақтар 12 және 10 арқылы 11 білікті бұрайды. 11 білік көмегімен реттеу механизмін басқару жүзеге асырылады.

Арахне тоқып-тігу машинасының  ВП машинасымен салыстырғанда оның жұмысын жеңілдететін басқа да ерекшеліктері бар:

    • талшықты жайғақты тігу аймағы, машинаның екі жағынан да жарақтандырылған;
    • электркнопкалары екі раманың алдыңғы (баяу, қалыпты жүріске және машинаның тоқтауына) және артқы (егер жұмысшы машинаның артында болса машинаны тоқтату үшін) жағында да орналастырылған;
    • негізігі біліктің айналым санын бақылау үшін, махометр және материалдың метрде шығарылуын есептейтін есептегіш орнатылған;
    • ілмектің ұзындығын бақылауға арналған аспапты және тізбеорауышты орналастыру үшін, машинамен бірге арнайы көтеру құрылғысы да қойылуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейматалардың  қолданылуы

  

Беймата текстиль материалдары күнделікті тұрмыста, медицинада және техникада барынша кеңінен қолданыс тапты. Беймата текстиль материалдарын қолдану аясы мынадай ерекше қасиеттерімен анықталады: көлемділігі, ауаөткізгіштігі, жылу және дыбысоқшалау және тағы басқалары.

Беймата материалдарының күнделікті тұрмыстағы түрлері өте көп және оны екіге бөлуге болады: киімдік ( пальтолық, костюмдық, көйлектік, астарлық және тағы басқалары) және үй қажеттіліктері ( көрпе, сүлгі, кілем, жасанды мех, скатерттер және тағы басқалары). Киімге арналған беймата материалдары негізгі, астар және жылусақтағыштар ретінде қолданылады. Өнеркәсіпте беймата текстиль материалдары қапталған, оқшауланған, фильтрленген, ыспалы материалдар және тағы басқа да түрде қолданылады.  Медицинада беймата текстиль материалдары байланған, компресстелген, киімдік және басқа да емдік-профилактикалық және санитарлы- гигиеналық материалдары кеңінен және күнделікті қолданылады. Кең қолданыс тапқан бір рет пайдалануға арналған бейматалар: хирургиялық және акушерлік тампондар, хирургиялық халаттар және курткалар және орау материалдары. Қысқа мерзімді пайдалануға арналған бейматалардың да медицинада маңызы өте зор, төсек-орын төсеніштері, қызметшілер халаттары, олар 5-10 рет жууға шыдайды.

Сонымен қатар бейматаларды мынадай екі топқа бөлуге болады: ұзақ мерзімді қолдануға арналған (кілемдер, жасанды мех, фильтрлер, мататәріздес төсеніштер т.б.), қысқа мерзімді және бір рет пайдалануға арналған ( бинттер, ауруханалық төсек-орын төсеніштері, салфеткалар, сүлгілер, халаттар, балалар пеленкалары және т.б.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Беймата текстиль материалдары күнделікті тұрмыста, медицинада және техникада барынша кеңінен қолданыс тапты. Беймата текстиль материалдарының қолданылу аясы мынадай ерекше қасиеттерімен анықталады: көлемділігі, ауаөткізгіштігі, жылу және дыбысоқшаулау және тағы басқа қасиеттерімен ерекшеленеді.

Беймата өндірісінің  даму тарихы өте қысқа болуына  қарамастан, оның өте арзан және тиімділігіне байланысты оларды өндіру өте тез дамыды. Бейматалар тек қана ХХ ғасырдың ІІ ширегінен бастап өндіріле бастады. Бүгінгі күнде бейматалардың қолданылу аясы күннен-күнге артып келеді. Беймата жайма өндірісін кеңейту жаңа өндіріс қуатының және жұмыс жасап жатқан кәсіпорындарды қайта жабдықтау, оларды осы заманға лайық өнімділігі жоғары құралдармен және де автоматтандырылған топтық ағынды өндіріске ендірумен қарастырылған.       

Беймата материалдарының  тұтыну және пайдалану қасиеттерін  арттырып, олардың қолданылу саласын  кеңейту керек. Сонымен  қорытындылай  келе  бейматалар  күнделікті тұрмыста, техникада, медицинада және қоғамның басқа да салаларында маңызы өте зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

    1. Бершев Е.Н., КурицынаВ.В., Куриленко А.И., Смирнов Г.П.: Технология производства нетканых материалов, - М.: Легкая и пищевая пром-сть, 1982-382с.
    2. Кокошинская В.И. Нетканые и дублированные текстильные материалы: Учебное пособие по курсу товароведение текстильных материалов, Л-1979
    3. Бернштейн Макс Хацкелевич и Ябко Яков Моисеевич. Нетканые материалы.- М., «Экономика», 1966
    4. Петрова И.Н., Андросов В.Ф. Ассортимент, свойства и применение нетканых материалов.- М.: Легпромбытиздат, 1991-208с.
    5. Бурдюков А.В., Петухов Г.Н. Механическая технология производства нетканых материалов.- М.: Легпромбытиздат, 1989-336с.
    6. Маханбеталиева К.Т., Мұхамеджанова С.Н. Текстиль материалдарының жалпы технологиясы пәнінен зертханалық практикум. – Тараз: Тараз Университеті, 2007-218б.

          7.   Құтжанова А.Ж., Абишова А.С., Онғар Т. Материалтану.              Зертханалық практикум. Алматы , АТУ , 2006 ж.




Информация о работе Бейматаларды тоқып-тігу әдісі арқылы өндіру