Понятие инфраструктуры

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2013 в 21:12, реферат

Описание работы

Развитие инфраструктуры идет параллельно с развитием самого рынка, с ростом оборотов на нем. Пока число сделок невелико и обороты рынка малы, содержание инфраструктуры обходится дорого, поэтому она остается на примитивном уровне. В частности, процедуры перехода ценных бумаг осложнены, поиск партнера по сделке случаен, гарантии совершения сделки практически отсутствуют. По мере роста оборота выполнение отдельных этапов купли-продажи становится самостоятельным видом бизнеса.

Работа содержит 1 файл

Понятие инфраструктуры.docx

— 199.48 Кб (Скачать)

       Сонымен қатар көмір, темір рудасы, ауыл шаруашылығы өнімдері сияқты жүктердің көлемді түрлеріне тарифтердің залалдығы сақталуда (мұндай жүктерді тасымалдау негізгі болып табылады және тасымалдау жүйесінде шамамен 50% алады).

       Әлеуметтік мәні бар бағыттарда (шамамен 40 %) жүретін жолаушылар тасымалының шығындары республикалық бюджеттен толық көлемде субсидияланбауда, жолаушылар вагондарын жаңарту проблемасы шешілмеген.

       Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының темір жол саласын одан әрі дамытудың және реформалаудың 2008 - 2010 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 321 қаулысына сәйкес, Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жоғарыда көрсетілген Темір жол саласын 2010 жылға дейін дамытудың кешенді іс-шаралар жоспарын әзірледі.

       Кешенді  іс-шаралар жоспарының негізгі міндеттері: 1) бәсекелестікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, 2) тарифтік саясатты және нормативтік базаны жетілдіру, 3) темір жол көлігінің қызметіне тең қол жеткізіуді қамтамасыз ету, 4) инфрақұрылымды дамытуға жеке инвестициялар тарту.

       «ҚТЖ» ҰК» АҚ негізгі өндірістік-экономикалық көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер 

Өлшем бірлігі 

Кезең

 

2007 жыл 

2008 жыл 

2009 жыл

 

Тасымалданған жүктер 

млн. тонна 

260,5 (+ 5,5 %) 

268,9 (+3%) 

92,8 (-18%)

 

Тасымалданған жолаушылар 

млн. жолаушы 

18 (+3,8 %) 

16,6 (-2%) 

7,1 (+13,0%)

 

Кірістер 

млрд. теңге 

375 443 

434 921 

169 381 (-2,0%)

 

Шығыстар 

млрд. теңге 

347 628 

397 816 

161 727 (+13,0%)

 

Қаржылық нәтиже 

млрд. тг. 

27,8 

37,1 

5,4 (-71%)

 

 

 

Қатынастар бойынша жүктер тасымалданды

 

Көрсеткіштер 

Өлшем бірлігі 

Кезең

 

2007 жыл 

2008 жыл 

2009 жыл (5 ай)

 

республикаішілік 

млн. тонн 

140,3 (+3,9 %) 

140,3 (=) 

27,8 (-15%)

 

экспорт 

84,8 (+1,2 %) 

93,3 (+10%) 

30,4 (-19%)

 

импорт 

22,2 (+25,4 %) 

20, 1 (-10%) 

6,5 (-24%)

 

транзит 

13,2(28,1 %) 

15, 4 (+17%) 

10,0 (-3,0%)

 

 

 

2009 жылғы 1 маусымдағы жай-күй бойынша вагондар

 

Атауы 

мүкәммал паркі 

жұмыс паркі 

жұмыс істемейтін парк

 

жолаушылар вагондары 

1801 

1526 

275

 

жүк вагондары 

59 000 

46 212 

12 788

 

 

 

      Жүк вагондарының жеке меншік паркі 2009 жылғы 1 қаңтарға - 35 161 бірлік (бұдан әрі - бірлік) (37,3 %) 188 меншік иелерінде.

       2007 жылы  жолаушы тасымалдау рыногында  жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдауды 7 компания жүзеге асырды, конкурстың қорытындысы бойынша 2008 жылы тасымалдауды - 12 компания, 2009 жылы - 8 компания жүзеге асырды.

       Өспелі қорытынды бойынша жолаушы вагондарының тапшылығы 2008 жылы - 315 бірлікті, 2009 жылы - 489, 2010 жылы - 608 бірлікті, 2011 жылы - 720 бірлікті, 2012 жылы - 807 бірлікті құрайды.

       Өспелі қорытындымен жолаушылар вагондарының тапшылығы

 

Жылдар 

2008 

2009 

2010 

2011 

2012

 

Жолаушылар вагондарының тапшылығы, бірлік 

477 

583 

559 

776 

920

 

 

 

Локомотивтер

 

Атауы 

Мүкәммал паркі (бірл.) 

Қажеттілік (бірл.)

 

2009 ж 01.06. 

2009 ж 01.06.

 

Магистральдық тепловоздар 

619 

437

 

Электровоздар 

579 

342

 

Маневрлік тепловоздар 

469 

425

 

 

 

Тарифтердің жыл сайынғы өсуі есепке алынған 2008 жылдан 2012 жылға дейінгі инвестициялар

 

Атауы 

2008 ж. 

2009 ж. 

2010 ж. 

2011 ж. 

2012 ж. 

Барлығы

 

Құны, млрд. теңге

 

Магистральдық торап 

69 

57.1 

75 

76 

81 

379

 

Локомотив шаруашылығы 

22.3 

23 

26.7 

72.1 

109.7 

254.2

 

Вагон шаруашылығы 

25.3 

27.1 

45.4 

70.5 

77.1 

254.5

 

Барлығы 

116.7 

107.2 

146.9 

218.3 

267.9 

887.8

 

 

 

      2008 жылы  темір жол саласының инвестициясы 90 834 млн. теңгені құрады, соның ішінде:

       Концессионердің өз қаражаты 3900 млн. теңге (Шар - Өскемен темір жол желісін салу);

       республикалық бюджеттің қаражаты 97 млн. теңге («Өзен - Түркіменстанмен мемлекеттік шекара жаңа темір жол желісін салу» жобасының жобалық-сметалық құжаттамасын жасау);

       республикалық бюджеттің қаражаты 9 520 млн. теңге (жолаушылар тасымалын субсидиялау);

       республикалық бюджеттің қаражаты 13 200 млн. теңге (қолданбалы ғылыми зерттеулер);

       республикалық бюджеттің қаражаты 64 117 млн. теңге (техникалық регламенттер мен стандарттарды әзірлеу және қайта дайындау).

       2012 жылға дейін магистральдық желінің 3000 км жақсарту, 500 бірлік локомотив және 23 000 жүк вагондарын сатып алу жоспарлануда.

       Негізгі  инфрақұрылымдық жобалар

 

      Ескерту.  Кесте жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.09.03 № 883 Қаулысымен.

 

Р/с № 

Жобалар 

Ұзындығы, км 

Құны, млрд. теңге 

Қаржыландыру көзі 

Іске асыру мерзімі

 

Темір жол желілерін салу

 

Өзен-Түрікменстанмен мемлекеттік шекара 

146 

65 

Республикалық бюджет және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың қарыз қаражаты 

2009-2011

 

Қорғас-Жетіген 

293,2 

165 

Республикалық бюджет және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың меншікті және қарыз қаражаты 

2009-2012

 

Ералиев-Құрық 

14,4 

7,5 

Концессия 

2011-2013

 

 

 

Темір жол саласын реформалау

 

р/с

№ 

Іс-шаралар 

саны

 

1

   

Бәсекелестік секторға шығарылған кәсіпорындар 

58

 

Жолдарды жөндеу бойынша 2 кәсіпорын, 15 кәсіпорын жүк вагондарын жөндеу бойынша, 31 кәсіпорын локомотивтерді жөндеу бойынша, 10 кір жуатын комбинаттар

 

Бәсекелестік секторына жататын жөндеу кәсіпорындары  

12

 

Жолды жөндеу бойынша 1 кәсіпорын, жүк вагондарын жөндеу бойынша 3 кәсіпорын, локомотивтерді жөндеу бойынша 8 кәсіпорын

 

Бәсекелестік секторына шығаруға жататын қызметті қамтамасыз ететін кәсіпорындар 

7

 

«Кедентранссервис» АҚ, «Жолаушылартранс» Компаниясы» ЖШС, «Қазтранссервис» АҚ (49 %), «Транстелеком» АҚ (49 %), ППҚ: «Ақжайық-Батыс», «Ертіс-Сервис», «Қазығұрт-Оңтүстік»

 

«ҚТЖ» ҰК »АҚ құрамында қалдырылатын кәсіпорындар  

12

 

«ВЖДО» АҚ, «Локомотив» АҚ, «Локомотивный сервисный центр» АҚ, «Көліктік сервис орталығы» АҚ, «Ақпараттандырылған сервис орталығы» АҚ, «Казтемиртранс» АҚ, «Теміржолжылу» АҚ, «Теміржолсу» АҚ, «Орман қорғау» АҚ, «Казтранссервис» АҚ (51 %), «Транстелеком» АҚ (51 %), «Казкортранссервис» АҚ (12,69 %)

 

Коммуналдық меншікке берілген вокзалдар 

94

 

Коммуналдық меншікке берілуге жататын вокзалдар 

22

 

Ақмола облысы бойынша. - 6, Қостанай облысы бойынша - 9, Ақтөбе облысы бойынша - 7

 

 

 

      Автожол  саласы.

       Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарының ұзақтығы 128 мың км құрайды, оның 93,6 мың км астамы жалпы пайдаланымдағы автожолдар.

       Жалпы  пайдаланымдағы автожолдардың жалпы ұзақтығының 23,5 мың км республикалық маңызы бар жол, 70,1 мың км жергілікті желілерге жатады.

       Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1227 қаулысымен Автожолдар саласын дамытудың 2006 - 2012 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді, соған сәйкес, жөндеудің барлық түрімен қаржыландыру көлемі 1,3 трлн.теңге немесе 10 млрд. АҚШ доллары болатын жалпы пайдаланымдағы автожолдардың 42 мың км қамту жоспарлануда, бұл ретте 2007 жылдан бастап Республикалық бюджеттен жолдардың жергілікті желілеріне трансферттер бөлінеді, 2013 жылға дейін барлығы 141 млрд.теңге бөлу жоспарлануда.

       2012 жылдың соңына қарай республикалық маңызы бар автожолдардың 86 % және жергілікті желілердің шамамен 70 % жай-күйін жақсарту күтілуде.

       2005 жылдан  бастап республикада жолдарды  салу мен қайта жаңарту оське 13 тоннаға дейін есептік жүктемемен жүргізілуде, барлық халықаралық дәліздер II техникалық санаттан төмен емес параметрлер бойынша қайта жаңартылуда. 5 сатылы сапа бақылауы енгізілді.

       Соңғы 9 жылда саланы дамытуға жергілікті желіні қоса алғанда, 775 млрд. теңге бөлінді, бұл ретте егер 2001 жылы 27,7 млрд. теңге қаржыландырылған болса, 2009 жылдың өзінде 199,5 млрд. теңге болды. Осы жылдары 93 мың км жалпы пайдаланымдағы жолдардың 33 мың. км астамы қайта жаңартылды және әр түрлі жөндеуден өтті, соның ішінде республикалық желіде - 21 мың км.

       2009 жылы  автожол саласын дамытуға Жол картасын қоса алғанда, 199,5 млрд. теңге бөлінген. Көзделген қаражат 6 859 км жолды жөндеу жұмыстарына бағытталды.

       Соның ішінде жолдардың республикалық желісі бойынша 1 931 км жолды қайта жаңарту мен жөндеуге 101,1 млрд. теңге бөлінді және 98,4 млрд. теңге жолдың жергілікті желісінің 14 928 км дамытуға бағытталған (көрсетілген қаражаттан трансферттер 21,7 млрд. теңге құрайды және Жол картасы бойынша 51,8 млрд. теңге бағытталған).

       Бөлінген қаражат шеңберінде Алматы - Астана - Петропавл, Самара - Шымкент, Омбы - Майқапшағай, Астрахань - Атырау - Ақтау - Түрікменбашы, Астана - Қостанай - Челябинск, Ташкент - Шымкент - Алматы - Қорғас, Таскескен - Бақты автомобиль жолдарының учаскелерін қайта жаңарту бойынша жұмыстар көлемі орындалды және 412 км жол пайдалануға берілді, сондай-ақ 1 221 км жол күрделі, орташа жөнделді.

       «Батыс  Еуропа - Батыс Қытай» дәлізінің ұзақтығы 8 445 км құрайды, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша - 2 787 км, 2 452 км қайта жаңартуға жатады.

       Қазақстан бойынша дәліз 5 облыстың (Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы) аумағы бойынша өтеді. Жобаның құны - 825,1 млрд.теңгені құрайды.

       Жоба  шеңберінде халықаралық қаржы институттарымен 3,4 млрд. АҚШ доллары сомасында займдар бөлу туралы келісімге қол қойылды.

       Бұл ретте ұзақтығы 510 км «Алматы - Қорғас», «Ташкент - Шымкент - Жамбыл облысының шекарасы» учаскелерін концессиялық негізде іске асыру жоспарланып отыр.

       2008 жылғы 5 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне концессия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда экономиканың әр түрлі саласында концессияның тартымдылығын жоғарылату үшін оның мәселелерін одан әрі реттеуге бағытталған 3 кодексе және 7 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

       Атап  айтқанда, концессионер қызметіне мемлекеттік қолдаудың қосымша түрлері заңмен бекітілді (қоса қаржыландыру және инвестициялық шығындарға өтемақы), ақылы автомобиль жолдарын қалыптастыру мәселелері толық реттелді, концессионерлерге қойылатын біліктілік талаптары күшейтілді, мемлекеттік органдардың құзыреті және концессионерді таңдау бойынша байқау өткізу тәртібі нақтыланды.

       2009 жылы  жалпы ұзақтығы 713 км және құны 455,1 млрд теңге «Астана - Қарағанды», «Алматы - Қапшағай», «Алматы - Қорғас» Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы концессиялық жобаларының I кезеңін іске асыру басталды. Қазіргі кезде концессионерді таңдау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

       2010 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша республикалық маңызы бар автожолдар желісінің жай-күйі: жақсы - 32 %; қанағаттанарлық - 45 %; қанағаттанғысыз - 23 %.

       Жергілікті  маңызы бар автожолдардың 2010 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша жағдайы: жақсы - 8 %; қанағаттанарлық - 48 %; қанағаттанғысыз - 44 %.

       Азаматтық авиация.

       Республикада 53 авиакомпания қызметті жүзеге асырады, 23 авиакомпания жолаушылар және жүк тасымалын жүзеге асырады, оның ішінде 5-уі тұрақты тасымал жасайды. 30 әуе компаниясы авиациялық жұмыстарды жүргізеді (авиациялық-химиялық, орман күзету, мұнай - және газ құбырларын аралап ұшып шығу, Каспий шельфін игеру және басқа да жұмыс түрлері).

       Қазіргі уақытта 20 әуежай жұмыс істейді, оның ішінде 15 әуежай халықаралық мәртебеге, 9 әуежай ИКАО санатына ие.

       Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде 620 әуе кемесі есепте тұр, оның ішінде 522 ұшақ және 98 тікұшақ.

       Қазақстандық авиатасымалдаушылар ("Эйр Астана" АҚ, "Скат" АҚ) 17 шетел мемлекетіне ұшуларды орындайды. Қазақстанда тұрақты жолаушы ұшуларын 19 шетел мемлекетінен 25 шетелдік әуе компаниясы жүзеге асырады. Ішкі әуе қатынасы саласында 40 бағыт бойынша тұрақты ұшулар жүзеге асырылады.

       "Ішкі әуе тасымалын субсидиялау" бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен (2009 жылы 727,7 млн.теңге) 9 әуе бағыты бойынша Астана, Жезқазған, Петропавл, Семей, Павлодар, Талдықорған қалаларымен және төрт облысаралық Қарағанды - Өскемен және Қарағанды - Қызылорда, Алматы - Тараз, Алматы - Көкшетау бағытымен байланыстыратын әуе тасымалдары орындалады.

       2008 жылы қазақстандық авиакомпаниялар 2,85 млн. жолаушыны тасымалдады, өсімі - 5% (2007 жылы - 2,7 млн. жолаушы).

       2008 жылы  республиканың әуежайлары 5,7 млн. жолаушыға қызмет көрсетті, өсімі - 5 % (2007 жылы - 5,4 млн.).

       2009 жылғы қаңтар-қазан айларында республиканың авиакомпаниялары 2,2 млн. жолаушы (6%-ға төмендеу) және 16 мың тонна жүк (19%-ға төмендеу) тасымалдады.

       Ағымдағы жылдың 10 айында республиканың әуежайлары 4,6 млн. жолаушыға қызмет көрсетті (6%-ға төмендеу), 60,1 мың тонна жүкті (18%-ға төмендеу) өңдеді.

       Болжамдық деректер бойынша 2009 жылы 2,6 млн.жолаушы, 19 мың тонна жүк тасымалданып, әуежайлардың 5,2 млн.жолаушыға қызмет көрсетуі күтілуде.

       Әуе кемелерінің паркі жаңартылуда. 2007 жылы "Эйр Астана" әуе компаниясы операциялық лизингке 6 әуе кемесін сатып алды (соның ішінде 2 бірлік - "Вoeing" 767/300, 2 бірлік - Airbus 320, 2 бірлік -  Airbus 321), компанияның жалпы авиапаркі 18 бірлікке жетті.

       Республиканың авиа компаниялары өз меншіктеріне халыққа қызмет көрсетуге және теңіз бұрғылау қондырғыларына ұшу үшін 8 жаңа "Eurocopter" тікұшағын сатып алды.

       2008 жылы "Эйр Астана" операциялық лизингке 3 авиа кемесін сатып алды (1 бірлік - Airbus-319, 2 бірлік - Airbus-320), "SCAT" әуе компаниясы операциялық лизингке 2 Боинг-737-500 әуе кемесін сатып алды.

       2008 жылдың соңына қарай әуе кемелерінің қазіргі заманғы паркі 23 бірлікті құрады.

       «Эйр  Астана» АҚ 2014 жылға дейін операциялық және қаржы лизингі негізінде 14 әуе кемесін сатып алуды жоспарлап отыр.

Информация о работе Понятие инфраструктуры