Қазақстан мен Туркия туристік байланыстары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 13:37, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың міндеті:
1. Түркияның табиғи рекреациялық және туристік ресурстарын анықтау.
2. Түркия туризмінің өзіндік ерекшелігін ашып көрсету.
3. Туризмнің ішкі нарыққа тигізген әсерін анықтау.
4. Түркияның қазіргі туризм индустриясын талдау.
5. Қазіргі Түркия мемлекетінің Қазақстандағы туризмнің деңгейін көтерудегі рөлін көрсету. Екі ел арасындағы туристік байланыстың маңыздылығы мен тәжірибе алмасудың болашағына талдау жасау.

Содержание

КІРІСПЕ
1ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ОБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ ТҮРКИЯНЫҢ СИПАТТАМАСЫ...................................................................................................5
1.1Жалпы елдің табиғаты және оның өзіндік ерекшелігі..................................5
1.2Тарихы мен мәдениеті........................................................................................9
1.3Маңызды туристік аудандары.........................................................................10
2ТҮРКИЯ- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ДАМЫҒАН ЕЛДЕРДІҢ БІРІ..........................................................................................................................14
2.1Туристерді тартатын ірі қалалары..................................................................14
2.2Туризмнің жақсы дамыған түрлері.................................................................20
2.3Туристік инфрақұрылымы...............................................................................22
3ТҮРКИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ ДАМУЫ.........................................................................25
3.1Түрік- қазақ туристік байланыстарын нығайту және дамыту
жолдары..................................................................................................................25
3.2Түркия Қазақстандағы емдік туризмнің дамуына өз үлесін қоса алады.......................................................................................................................30
3.3Қазақстан мен Түркияның мамандары туризм саласында өзара тәжірибе алмасуы...................................................................................................................31
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................34

Работа содержит 1 файл

моя курсовая.doc

— 893.50 Кб (Скачать)

Антальяда жыл сайын өтетін әртүрлі футбо  турнирлерінің саны да азаюда. Кейбір турнир демеушілері бірігіп 1 турнир өткізетін болады. Мысалы жыл сайын  өтетін ірі турнир EFES CUP биыл өтпейді, олар

қатысушы  команда санын көбейтіп RADYOSPORT FM атында басқа турнирге демеушілік жасайтын болды.

Туризм  мамандарының айтуы бойынша қаржылық дағдарысқа байланысты бұрын жылына 2-3 рет келетін Ресей және ТМД  командалары биыл 1 ақ рет келетін  болады. Антальяға баратын қазақстандық командалар саны да аз болатын сияқты. Біздің командалар енді дайындық лагерлері үшін көршілес Өзбекстан, Тәжікстандарды таңдай бастайтын шығар.  

             2.3 Туристік инфрақұрылымы 
 

            Түркияға келген туристер саны 2011 жылдың ақпан айында 2 млн. адамға жетті. 2010 жылмен салыстырғанда, олардың саны 13,17%  өскен, яғни 1 млн 79 мың 505 адамды құраған.Осы жылдың екі айының өзінде Түркияға келушілердің саны 2 млн 55 мың 228 туристке жетті. 2011 жылдың қантар- ақпан айларында 2010 жылдың қантар- ақпан айларымен алыстырғанда туристер 16,52% өсті. Осы жылдың ақпан айында шет ел туристерінің

14,96% Германиядан,  9,71% Иран азаматтары, 7,99% Болгариядан келген туристер. Одан кейінгі орында – Сирия, Ресей федерациясының, Грузия, Франция, Әзербайжан, Ұлыбритания мен Грецияның азаматтары құраған. 
2011 жылдың екі айының қорытындысы бойынша ең көп туристер келегі Германиядан– 13,27%, екінші орын- иран елінің туристері (10,11%), үшінші  
болгария елінің туристері (8,45%) алып отыр. [26] 
          Халықаралық туризм тек қана дем алысты өткізу түрі ғана емес, бұл сондай-ақ экономиканың дамып жатқан саласы болып табылады.

Түркия  туризм инфрақұрылымы жақсы дамыған. Негізгі әуе тасымалдаушылсы Turkish Airlines әуе компаниясы. Темір жол  көлігі де жақсы дамыған. Түркияның  барлық құрлықтағы темір жолдарының ұзындығы 10991 шақырым.  Оның ішінде 2274 шықырымы электрленген жолдары. Жаңа жоғарғы жылдамдығы бар поезд Стамбул мен Анкара арасында жүреді. Жалпы пассажир сыйымдылығы 108330 адам, ал жүк вагондарының тоннажы  691634 тоннаны тасымалдай алады. Еуропа мен Түркия арасындағы темір жол қақпасы Стамбул қаласы болып табылады. Мұндағы басты темір жол вокзалы Сиркечиге Болгариядан, Югославиядан, Румыниядан, Венгриядан, Салоникиден (Греция) келеді. 2002 жылдан бері Стамбул мен Алеппо (Сирия) арасындағы темір жол байланысы қалпына келтірілді. Аптасына екі рет Тегеранға (Иран) пассажир поезді шығып тұрады. Сирия мен Иранға шығатын поездер қатаң түрде Стамбул вокзалы Хейдарпашадан шығады. Вокзал қаланың азиялық бөлігінде орналасқан. Автобус қатынасы да жақсы дамыған. Күніне 30 астам Стамбулға Софиядан, Бухаресттен, Будапешттен, Сараеводан және Батыс Еуропадан басқа да елдерінен автобустар келіп тұрады. Олардың бәре Болгария территориясы арқылы өтеді. Кеден Каптан-Андреево/Капикуле және түрік қаласы Эдирне арқылы өту қажет. Сондай-ақ Кишинев, Одесса және Ресейдің бірніші қаласымен автобус қатынасы бар. Соңғы жылдары шоп-турлары танымал бола бастағаннан кейін тұрақты түрде Батуми, Тбилиси, Баку (Трабзон арқылы) автобус қатынасы дамуда. Негізгі автотрассалары келесі: Белград - София - Пловдив - Свиленград - Эдирне - Стамбул; Черновцы - Бухарест - В.Тырново - Свиленград - Эдирне - Стамбул; Салоники - Кавала - Алуксадруополис - Стамбул; Владикавказ - Тбилиси - Батуми - Трабзон. Түркияның құрлықтағы авто шекаралық бекеттер көп орналасқан. Мысалы, Болгариямен шекаралық кеден бекеттер саны үш, Грекиямен екі, Грузиямен екі, Азербайжанмен бір, Иранмен төрт, Иракпен бір, Сириямен шекаралық кеден бекеттер саны бес. Су жолдарының ұзындығы шамамен 1200 шақырым. Су құбырларының ұзындығы: газ 3177 шақырым, май 3562 шақырым. Барлығы 526 су көлігі 4666895 GRT/7311504 DWT бар. 

Сондай-ақ паром қатынастары да жақсы дамыған. Тұрақты түрде Новороссийсктен  Стамбулға, Трабзонға және Самсонға, Сочиден Трабзонға, Украинада Одесса-Стамбул, Одесса – Элиндже, Севастополь-Стамбул, Евпатория – Стамбул, Скадвоск – Самсун бағыты бойынша паромдар шығып тұрады. Паром қатынасын жүзеге асыратын негізгі түрік Ukrferry атты компаниясы. Сондай-ақ Түркия мен Солтүстік Кипр (Аланья-Гирне, Ташуджу – Гирне, Мерсин – Марока) арасындағы паром қатынасы жақсы дамыған. Билеттің орташа құны 35 пен 45 АҚШ доллар арасында. Түрік жолдары жоғары сапасымен ерекшелінеді. Қозғалыс оң жақты. Жылдамдық шектеулері сағатына 50 шақырым, ал қала сыртында сағатына 90 шақырым. Түнде жүруге қауіпті, себебі, түріктер жиі шамсыз жүреді, және жол ортасында тоқтау қаупі бар. Сонымен қатар Рамадан айы кезіндежәне басқа да діни мерекелер кезінде қауіпсіздік сапасы төмендей бастайды. Автокөлікпен жүрген кезде құжаттарды өзінменен алып жүру қажет. Құрлықтағы авто жолдар ұзындығы 354421 шақырым. Грунт жолдарының ұзындығы 207017 шақырым [12].

Түркияда  интернет желісі жақсы дамыған. Интернет орташа деңгейдегі және жоғарғы деңгейдегі қызмет көрсететін отельдердің бәрінде  бар. Бір сағат құны шамамен 1-1,5 АҚШ доллар. Ұялы байланыс та жақсы дамыған. Елдің ең ірі трансұлттық байланыс операторы Vodafone, одан кейінгі түрік операторы TelSim. Туристер үшін баланс толтыру карталарын пайдаланған ыңғайлы болады.

Түркияға  виза бойынша кіру қажет. Виза шетел азаматтарымен мемлекетке кірер кезде алынады. Төқұжатқа жапстырылатын «марка» құны 10 АҚШ доллар, бұл  – 580000 түрік лирасы болады.

Ең күшті  отельдер қатарына келесілер жатады:

Divan Hotel *****(Cumhuriyet Caddesi, 2). Бұл Стамбул қаласындағы тұңғыщ элиталы отелі. Мұнда 180 номер, 10 апартамент, 7 конференц залы 400 адамды сыйғызады. казино, сауда орталығы, саунасы бар (Сурет 3). 

 

Сурет 3. Divan Hotel *****(Cumhuriyet Caddesi, 2) [24] 

Ramada Hotel ***** (Odru Caddesi, 226). Стабул қаласында орналасқан. Мұнда ең үздік қытай мейрамханасы орналасқан. Түркиядағы бес жұлдызды отельдердің бағасы шамамен тәулігіне 110-320 $, ал сьют номерлері

150-360 $.

Pera Palas Hotel **** (Mesrutiyet Caddesi, 2) отелі 1892 жылы  «Шығыс экспресс» пассжирлері үшін арнайы салынды. Отел Алтын бұқаға қаратып салынған ескі отельдердің бірі. Мұнда кезінде Агата Кристи, Грета Гарбо, Кемаль Ататюрк, Валерии, Жискар д’ Эстен, Хулио Иглесиас тоқтаған.

Төрт  жұлдызды отельдеродің бағасы шамамен  қарапайым номер үшін 55-160 $, сьют 65-187$.

Pierre Loti Hotel *** - Стамбул қаласында орналасқан. Отель Айя Софии мешіті, Топ  – Кана сарайы маңында орналасқан. Үш жұлдызды отельдерде қарапайым  номер құны 40-75$, сьют 60-95$.

      Түркия  мейрамханалырың көбінде арақ ішуге  тыйым салынған, және төлем ретінде Eurocard, Visa қабылдайды.

 

3ТҮРКИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ ДАМУЫ 

             3.1.Түрік- қазақ  туристік байланыстарын  нығайту және дамыту жолдары 
 

            Зертеу жүргізе келіп қазақ – түрік арасындағы қатынасты жақсарту үшін келесі шараларды қолдану түрткі болады деп ойлаймын. Біріншіден, Қазақстанға ірі түрік инвистицияларын кең көлемде тарту. Қазір Қазақстандағы инвестициялардың  жалпы масштабты көлемі 150 мың доллар. Бұл өте аз көрсеткіш. Қазақстан Түркия мемлекетіне өнімнің көп түрін экспорттайды: мұнай өнімдері, металл, металлургия өнімдері. Бірақ Түркияда көптегн салалар жақсы дамыған. Сондай бола тұрса да, гректер жағынын экспорт өте аз. Қазақстандықтар үйлерін салу үшін түрік мраморын қолданады, бірақ грек мраморы оған қарағанда әлде қайда сапасы жоғары. Сол себепті қазіргі Астана – құрылыс қаласы болғандықтан, түрік мраморын импорттау тиімді. Екіжақты келісімдер жасасуға жол ашу. Түркия Қазақстан туралы полиграфиялық және аудио бейне жарнамаларды туристердің  назарын аудару үшін шығару және белсенді түрде тарату қажет. Негізгі саяхат бағыттары Түркия болып келеді, оның себебі түрік маркетингісінің дамуы, визаның оңай алынуы.

Туризм  ғана Қазақстанға экспортты әкелетіндігі мәлім. 

Түріктердің көп бөлігі түрік тілінде сөйлейді. Әрбір басқа мемлекеттердегідей, Қазақстанда қазақ тілінде сөйлейтін шет ел азаматын көрсек  оған сыйлы сезім пайда болады. Сондықтан, қазақстандықтар туралы түрік сана сезімінде  жақсы ой қалдыру үшін кішкене болса да түрік тілін білу керек. Әрине, тек қарым қатынас үшін керекті сөздерді білсек те жеткілікті. Бұл күнделікті қолданылатын сөздер төмедегі кестеде көрсетілген.

1993 ж  Қазақстан Дүниежүзілік туристік  ұйымға мүше болып кірді. Ал, 1997 ж Қазақстанға дүниежүзілік  туристік ұйымнан алғашқы рет еліміздің туристік потенциалын зерттеу мақсатында техникалық көмек көрсетілді. 2000 жылдың 30-31 қазанынд еліміздің Президенті Дүниежүзілік туристік ұйымының штаб-пәтері Мадиридке сапар шегіп, Назарбаев Н.Ә. мен Дүниежүзілік туристік ұйымының бас хатшысы Франческо Франжиаллимен кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік туристік ұйымының келешек қарым-қатынастары талқыланды. Дүниежүзілік туристік ұйымымен қатынасты бекітіп одан әрі дамыту мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жарлығымен Испан патшалығында Қазақстан Республикасының өкілі Хамзаев А.Н. мырза Дүниежүзілік туристік ұйымында еліміздің өкілі қызметіне тағайындалды. Қазіргі таңда Хамзаев А.Н. орнында Даненов Н.Ж. қызметін атқарады.

2009 жылдың сәуір айының 21-25 жұлдыздарында Франческо Франжиалли мырза еліміздің Президенті арнайы шақыруымен Қазақстанға келді.

Туризмнің экономикалық маңызын анализдеу  мен стаистиканы жүргізу мақсатында Дүниежүзілік туристік ұйымымен Туризмдегі қосымша есеп әдістемесі енгізілді. Туризмдегі қосымша есебі бұл туризмнің экономикаға ықпалын анықтайтын анықтамалар, классификациялар жүйесі. Қазақстанда да бұл жүйе жұмыс істеуде. 2006 жылдың ортасында Қазақстан статистика агенттері Туризмдегі қосымша есеп жүйесін енгізу мәселесі бойынша оқудан өтті. Нәтижесінде, «Ұлы жібек жолын кешенді зерртеу» бағдарламасы іске асырылды.

2001 жылдың 17-18 қазанында Алматы қаласында  «Экотуризм 21 ғасырдағы ТМД, Қытай,  Монғолстан мемлекеттері үшін  тұрақты даму құралы» атты  Дүниежүзілік туристік ұйымының аймақтық семинары өткізілді. Семинар мақсаттары экологиялық туризмнің дамуының анализін жасау, жинақталған тәжірибемен алмасу, экологиялық туризмнің зиянды факторларын минимумға түсіру. Семинарға ТМД, Қытай, Монғолстан, Австрия, Ұлыбритания, Испания, Швейцария, Чили мен Жапониядан 200 делегат қатысты. Семинар нәтижелері 2002 жылғы Квебекте өткен халықаралық Экотуризм саммитінде талқыланды.

Дүниежүзілік  туристік ұйымының мүше-елдер арасындағы ынтымақтастықтың маңызды элементі – Қазақстанның туристік беделін қалыптастыру. Еліміздің туристік өнімін әлем нарығына жылжыту мақсатында Дүниежүзілік туристік ұйым Қазақстанның туристік мүмкіндіктері туралы мәліметтерді Дүниежүзілік туристік ұйымның Интернет – сайтына енгізді (www.world-tourism.org.). Сонымен қатар, Дүниежүзілік туристік ұйымының қолдауымен 2002 жылдың 24-30 сәуір аралығында Қазақстанға алғашқы рет ақпараттық тур ұйымдастырылды. Турға Австрия, Германия, Греция, Италия, Испания, Канада, Нидерланды, Франция, Оңтүстік Корея топ журналистері қатысып, Қазақстанның туристік мүмкіндіктері мен олардың шетелге популяризациялау туралы ақпарат берілді. 2006 жылы Қазақстанның туристік орталықтарына екінші пресс-трип өткізді.

Қазақстанда келесі халықаралық маңызы бар жобалар іске асырылуда:

Алматы, Ақмола, Оңтүстiк Қазақстан облыстарында туризм инфрақұрылымының объектiлерi салынып  жатыр. Оңтүстiк Қазақстан облысының  Түркiстан қаласында Жiбек жолының  қазақстандық учаскесiнiң орталығындағы  туристiк индустрия объектiлерi зерттеліп, жаңғыртылуда, Ақмола облысының «Бурабай» ұлттық табиғи паркiнде экологиялық туризм инфрақұрылымы дамып келе жатыр.

Ақмола  облысы Аршалы ауданының Мартыновка ауылында (Астана қаласынан 30 км) «Шеберлер  сарайы» көрме орталығы бар «Шебер ауылы» этнографиялық кешенiн салу маңызды орын алады.

«Қорғас» және «Достық» шекара пункттерiнен Оңтүстiк Қазақстан облысының Түркiстан қаласына дейiн жол бойы инфрақұрылымының объектiлерiн көрсете отырып, жол картасын жасалынған.

«Жiбек  жолы меруертi» халықаралық туристiк пойызын ұйымдастыру жөнiндегі жобаның Өкiметiне ақпарат кезеңiн Алматы – Түркiстан- Самара - Ташкент - Самарқанд - Бұқара - Yргенiш - Мары - Ашхабад - Алматы бағыты бойынша iске асыруды қамтамасыз ету ;

«Жібек  жолы – Қазақстан» үшін маңызы бар «Жiбек жолы меруертi» халықаралық туристiк пойызын  ұйымдастыру жөнiндегi жобаның II кезеңiн Алматы - Тегеран бағыты бойынша жүзеге асыру жөнiнде мемлекетаралық келiссөздер өткiзіліп және бағытты Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық округi арқылы Пекин қаласына дейiн ұзартуды  қамтитын III кезеңдi iске асыру қажет.

Мемлекетаралық  келiссөздер, оның iшiнде Шанхай 
ынтымақтастық ұйымы, Еуразия экономикалық қоғамдастығы және Бiрыіңғай экономикалық кеңiстiк шеңберiнде қатысушы елдер үшiн туристiк визаларды өзара тану және бұдан әрi бiрыңғай туристiк виза енгiзу мәселесiн шешу жґнiндегі өдерiстi жандандыру;

Каспий  теңiзi бойынша: Ақтау (Қазақстан) –  Астрахань (Ресей) - Махачкала(Дағыстан) – Баку (Әзiрбайжан) - Энзели (Иран) –  Түркiменбашы (Түркiменстан) – Ақтау (Қазақстан) халықаралық круизiн дайындау және ұйымдастыру;

Каспий  өңiрiнде туризмдi дамыту мақсатында теңiз круиздерiн ұйдастыру;

Ресейдiң, Әзiрбайжанның, Иранның, Түркiменстанның және Қазақстанның қатысуымен Каспий теңiзi бойынша круиз ұйымдастыру халықаралық жобасын iске асыру;

Алматы  облысында «Талхиз» туристiк - этнографиялық  кешенiн құру мәселесiн пысықау Жағажай туризмiн дамыту мақсатында Кендiрлi аралында демалыс аймағын жайластыру;

Ақтау, Атырау қалаларында туризм индустриясы  объектiлерiн салу;

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының маңайында  туристiк 
индустрия кешенiн құру;

«Байқоңыр»  кешенiне баратын сырттан келушiлер  туризмiн  және iшкi туризмдi дамыту.

Туризмді  дамытудың негізгі бағыты бұл  мемлекет тарапынан реттелуі. Қазақстан  Республикасында туризмге қатысты негізгі заңы «Туристік қызмет туралы Заң» 2001 жылы 13 маусымда Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген. Туристік қызмет туралы заң Қазақстан Республикасының конституциясына негізделген. Мемлекет:

Информация о работе Қазақстан мен Туркия туристік байланыстары