Қазақстанның туристік индустриясының қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 17:39, лекция

Описание работы

Қазақстан – Евразия материгінің кіндігінде орналасқан, шығыс пен батыс дәстүрін байланыстырушы дәнекер жол. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Қазақстан көне замандардан бүкіл түркі әлеміне танылған тарихи мекен. Сол себепті бірегей табиғаты ғажайып қорықтар, емдік сулар, археологиялық және тарихи ескерткіштер, қалалар әу бастан саяхат пен туризм көздері саналған. Соңғы кездері әлем бойынша елімізге туристік бағыт салатын туристер саны қарқынды өсіп келеді. Шетелдік сарапшылар Қазақстандағы ішкі саяси тұрақтылықпен қоғамдық келісім туристік саланың дамуына оң әсерін тигізіп отыр деп баға беруде.