Экологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 18:13, курсовая работа

Описание работы

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 2002 жылды Халықаралық экотуризм жылы деп жариялады. Сол жылы мамыр айында Квебек провинциясында (Канада) Дүниежүзілік экотуризм саммиті өтті. Осы саммитқа дайындық барысында Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) тәжірибе алмасу мақсатында аймақтық конференциялар мен семинарлар өткізу инициативасын ұсынды. Соған байланысты Алматы қаласында (Қазақстан) «Экотуризм – XXI ғасырдағы ТМД, Қытай және Моңғолия елдерінің өтпелі экономикаларының тұрақты даму құралы» атты, 2001 жылы қазан айында, семинары өтті.

Содержание

Кіріспе………………………………………………….................................. 3
1 Экологиялық туризм географиясының теориялық және методологиялық сұрақтары………………………………….................. 4-10
1.1 Экологиялық туризм ұғымы........................................................... 4-
1.2 Экологиялық туризм ерекшеліктері……………………................ 7
1.3 Экологиялық туризмнің әлеуметтік-экономикалық маңызы………………………………………………………............ 9
1.4 Қазіргі заманғы классификациядағы экологиялық туризмнің алатын орны……………………………………............................. 10
2 Экологиялық туризм және тұрақты даму…………………...... 13
2.1 Мемлекеттердің тұрақты даму концепциясы……………............ 13
2.2 Экологиялық туризм тұрақты дамуға жету құралы ретінде……………………………………………………….......... 16
2.3 Тұрақты дамудағы экологиялық туризм ролінің географиялық аспектілері………………………………….................................... 18
2.4 Әлемнің кейбір мемлекеттеріндегі экологиялық туризмнің маңызы мен ролі………………………………….......................... 22
2.5 Биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы экологиялық туризмнің ролі………………………………………………............................ 25
3 Экологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары…………………........................31
3.1 Қазақстандағы экологиялық туризм дамуының жағдайы мен оның талғануы……………………………………………............. 31
3.2 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы республиканың ресурстық потенциалы…………………….................................... 34
3.3 Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуының проблемалары мен перспективалары………………………….............................. 38
Қорытынды………………………………………………………………...... 40
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………… 42

Работа содержит 1 файл

Экологиялық туризм және оның маңызы.doc

— 293.50 Кб (Скачать)

     Экотуризмнің табиғатқа минимальді әсерін тигізуі, әсіресе құрылыста, яғни үлкен турбазалардың болмаумен ерекшеленеді. Экотуризмде күнделікті өмір сүру жағдайы табиғатқа ең жақын (басқа туризм салаларына қарағанда) болып келеді, мысалы, жұлдызды отельдер орнында дәстүрлі тұрғын үйлер, жасанды әрі қымбат өнімдер орнына табиғи ауылшаруашылығы өнімдерін пайдалану.

     Экотуризм жоғалу қарсаңындағы өсімдіктер мен  жануарлар түрлерінің қорғауымен өте  тығыз байланысты, ал олар негізінен  экзотикалық болғандықтан өз кезегінде  экотуризм объектілеріне айналады.

     ЕҚТТ (Ерекше қорғалатын табиғи территориялар) ғаламшардың экологиялық бірқалыптылығын  сақтаудағы басты ролді ойнайтығын барлығына мәлім. Экотуризм ЕҚТТ қорғап әрі қолдай отырып табиғатты  қорғауға өз үлесін тигізеді.

     Кей жерлерде туризмнің дамуы жергілікті халықпен конфронтанцияға әкеліп соқтырады. Ал экотуристер өз кезегінде жергілікті мәдениет және қоршаған ортамен әлдеқайда тығыз қарым-қатынаста болады.

     Туристік  дамудың көрсеткіші адамның физикалық  және психикалық денсаулылығы болып табылады. Экотуризм  жағынан қарастырсақ адамның физикалық және психикалық күшінің қайта қалпына келуі белсенді демалыс, табиғатпен тілдесу арқылы болады. Ол өз кезегінде адамның өмір- және жұмыс істеу қабілетін әлдеқайда жоғарылатады.

     Экологиялық білім беру деңгейінің өсуі – адам капиталының өсуіне қажетті түсім – тұрақты дамудың ғана емес, сонымен қатар экономика жоғарылауының талаптарының бірі болып саналады.

     Экотуризмнің  дұрыс әрі әсерлі дамуы әлеуметтік құрылымдар мен институттарсыз мүмкін емес. Ол сәйкесінше туризм министрліктері, табиғатты қорғау ұйымдары, департаменттер, жергілікті комитеттер,қоғамдық және ғылыми ұйымдар. Осы ұйымдар тұрақты дамуды қадағалап және бағыттап отыруға шақырылады.

     Экотуризмнің  дамуы, туристерді қабылдаушы елдің қазынасының толтырылуына әсерін тигізеді. Табиғатты қорғау Дүниежүзілік қорының (WWF) зерттеулерінің көрсеткіштері бойынша 90 жылдардың басындағы дамушы елдердің туризмнен түскен 55 млрд АҚШ долларының 12 млрд доллары экотуризм үлесіне тиген. Мысалы, Коста-Риканың жалпы туристерінің 40% экотуристер құрайды. 1990 жылы Эквадордағы экотуристерді қабылдау мемлекетке 193 млн АҚШ доллары көлемінде табыс әкелді.

     Тұрақты дамуға ауысу кезінде экологиялық туризм көпшілік туризм альтернативасы ретінде қарастырылады.  

       

2.3 Тұрақты дамудағы  экологиялық туризмнің  ролінің географиялық  аспектілері 

      Сонымен экологиялық туризм қоршаған орта туризмінң  секторына жақын болып табылады, онда шынайы әлемді көру кезінде пайда  болған деп сенімді түрде айтуға болады. Осындай типтегі туристік азық-түліктер топтастырылған, негізінен үлкен биологиялық түрлілігі және бұзылмаған қоршаған ортасы бар Оңтүстік жартышар елдерінде кездеседі. Бұл Оңтүстік Америка және Африка, Австралия, Жаңа Зеландия және т.б. елдері. Солтүстік жартышар елдерінде экотуристерге арналған базарлар бар. Оларға Солтүстік Америка және Европа елдері жатады.

      Экотуризм тұрақты дамуға көшу кезінде басқа  туризм түрлерімен салыстырғанда экономикалық және экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз етуге қабілетті. Экономикалық даму деңгейі мен қоршаған орта макро аудандарының жағдайы бірдей еместігіне байланысты және дамушы елдер үшін тұрақты дамуға өту ерекшеліктеріне тән.

      Дамушы  елдерде тұрақтылықтың алғашқы  шарты экономикалық даму болып табылады. Дамыған елдермен салыстырғанда мұнда табиға территориялардың біраз бөлігі сақталған немесе аздаған антропогендік әрекетке ұшыраған.

      Көп жағдайларда үлкен өзгерістерге аз әсерлі ауыл шарушылығы территориялары ұшырайды. Бұл шаруашылық қарқынды өсіп келе жатқан халық үшін жалғыз өмір сүру көзі болып табылады. Тек осы мемлекеттердің экономикалық дамуы қоршаған ортаға антропогендік ауырлықтардың түсуін бәсеңдетіп, табиғи территорияларды сақтауға көмектеседі. Бұл территориялар планетаның экологиялық тепе-теңдігін және әлемдік мұра болып саналатын дәстүрлі мәдениеттерді қолдау үшін өте маңызды болып табылады.

      Экологиялық даму адамдық және әлеуметтік капиталдың өсуісіз мүмкін емес. Бұлардың өсуі – дамушы елдердің экологиялық тәуелділіктен  босатылудың шарттарының бірі болып  табылады.

      Дамыған елдер табиғи ортаның өзгерунің  арқасындағы нәтижеде өзінің экономикалық күшінің дамуына, сонымен қоса адамдардың дамуның жоғарғы сатысына қол жеткізді. Бұл елдерде өзгеріске аз ұшыраған территориялардың тек аз ғана бөлігі сақталған. Табиғаттың өзгергіштігі, ең алдымен өмір деңгейінің сапасына әсер етеді, бірақ экономикалық дамудың артықшылықтарымен бұл мәселелер жабылып кетеді. Сондықтан ландшафттарды қайта қалпына келтіру және мүмкіндігінше осы бақылау маңыздылығы артады, ол ауылды жердің дамуына тікелей байланысты болып келеді.

      Сонымен, дамушы елдер табиғи капитал артықшылықтарына ие, бірақ оның ауқатын арттыру  мақсатында пайдалану әсері аз. Дамыған  елдер болса, адамдық және әлеуметтік капиталдың үлкен бөлігіне ие, ал табиғи ортадағы жетіспеушілікті дамушы елдердегі белсенді экотуристік әрекетпен толықтырылады. Дамыған елдерде табиғи орта дамушы елдердегіге қарағанда тұрақсыз болып келеді. Ал әлеуметтік жағы керісінше тұрақты болады.

      Орталық және Шығыс Европаның сонымен  қатар ТМД елдері жататын өзгермелі экономикасы бар елдердің барлығы бір уақытта дамыған және дамушы елдерге тән мәселелерді бастан кешіреді. Осылайша өзгермелі экономикасы бар Европалық елдерде өзгеріске ұшыраған табиғи орта әлеуметтік сипаттағы мәселелер ұштасады. ТМД елдерінде, әсіресе Ресейде, Қазақстанда, антропогендік өзгерістерге аз ұшыраған табиғи территориялардың үлкен аудандары сақталған, ал әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақсыздығы табиғатқа тым көп ауыртпалықтар түсірумен анықталады. өкінішке орай бұл мемлекеттер басшылығы өздерінің негізгі күштерін әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа жету үшін табиғаттың тұрақтылығының есебінен бағытталған. Бұл жағынан ауыспалы экономикасы бар елдер дамушы елдерге ұқсас.

      Дамудың тұрақтылығы жөніндегі айырмашылықтар тұрақтылыққа жету жолындағы экологиялық туризм ролінің географиялық спецификасын анықтайды.

      Экотуризм саласындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы географиялық айырмашылықтар оны ұйымдастыруды және сипаттамасы  арасында айырмашылықтар тудырады. Сұраныс  көп жағдайда әлеуметтік-экономикалық факторларға тәуелді (халық табысының өсуі, бос уақыттың көбеюі, табиғатта демалудың қажеттілігі), олардың біраз бөлігі дамыған елдерде шоғырланған. Ұсыныс, әлеуметтік- экономикалық факторлармен және табиғи факторлармен де анықталады, және де дамыған елдрмен қатар дамушы елдерде де шоғырланған. Осылайша ішкі және халықаралық экотуризмді айыруға болады. Ішкі және халықаралық экотуристердің мақсаттары әр түрлі болады. Дамыған және дамушы елдердің экологиялық туризмді дамыту мақсаттары түрлі болады. Осының негізінде экотуризмді ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша мемлекеттердің төрт тобын айыруғ болады:

      Бірінші топқа барлық дамушы елдер немесе үшінші әлем елдері – Кения, Эквадор, Коста-Рика, Непал, Белиз және т.б. жатады. Дамушы елдерде табиғаттың түрлілігі және ауқымы жағынан салмақты артықшылықтарға ие. Олар тропикалық орандардан шалғынды саванналарға дейін созылып жатыр. Бұған қоса бұл мемлекеттер таза түріндегі бірегей флораның және фаунаның түрлілігін ұсынады.

      Экологиялық туризмде парасатты менеджмент болса, қоршаған ортаның өмірге лайықты альтернативалық қолданылуын қамтамассыз ете алады. Үшінші  әлем елдері үшін  экотуризмді дамыту, классикалық түкпірден шығарудың оңай жолы екендігі  таң қаларлық жағдай емес. Сонымен қатар жергілікті жабайы табиғаттың есебінен валюта табудың үлкен перспективасы ашылады. Осының салдарынан туристерге көрсету үшін осы табиғатты сақтаудағы жергілікті басқару орындарының және халықтың үлкен қызығушылығы пайда болды.

      Осылайша  каптиал жетіспеушілігі бар үшінші әлем елдерінің көпшілігі үшін экотуризмді дамыту ең ыңғайлы перспектива болып табылады. Туристердің көп бөлігі бұл елдерге шетелден келушілер. Олардың негізгі мақсаттары – территорияның экзотикалық табиғатымен, жергілікті халықтың мәдениетімен және салт-дәстүрімен танысу болып келеді.

      Көп жағдайда бұл елде экотуризм тек  туризмнің саласы болып қана қоймай экономиканың маңызды саласы болып  табылады. Экотуризмді дамыту бұл  елдер үшін біріншіден – экономикалық даму құралы және тек екіншіден –  табиғатты қорғау болып саналады. Мұнда қызыметтерді ұсынудың үлкен бөлігі шетел капиталдарында шоғырланған. Сол себептен түскен қаржыныңкөп бөлігі сыртқа кетеді. Қалған бөлігі мемлекет бюджетіне және де азғантай бөлігі табиғатты қорғауға жұмсалады. Бірақ  
экотуризм табиғатты қорғаудағы жалғыз қорғаушы күш бола отырып бағаланбас рол ойнайды.

      Екінші  топқа шетелдік экотуристерді тартатын экзотикалық табиғаты мен жергілікті тұрғындар мәдениеті бар дамыған елдер кіреді. Бұл топқа Австралия, Жаңа Зеландия, ОАР жатады. Мұнда алда айтылған елдерден айырмашылығы қызмет көрсетудің едәуір бөлігі жергілікті компаниялар иелігінде, ал экологиялық туризм экономикалық даму және табиғатты қорғау құралы ретінде қарастырылады.  
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 

Экотуризмді ұйымдастырудан ерекшеленетін мемлекеттер тобы 

      Үшінші  топтың елдері үшін ішкі және халықаралық экотуризмді ұштастыру тән. АҚШ-та сұраныстың көлеміне байланысты ішкі экотуризм ауқымды дамуда, ал Канадада, Скандинавияда және Жерорта теңізі аймақтарында – халықаралық экотуризмнің дамуы басымырақ болып келеді. Бұл топ мемлекеттерінде шетелдік және ішкі экотуристерді өзіне тартатын бірегей табиғи объектілер орналасқан. Ішкі экотуризмнің дамуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табиғатта және белсенді рекреацияда демалуға сұраныстың артуы болып саналады. Мемлекеттердің бұл топтары үшін экотуризм салаларының көптүрлілігі тән – жабайы территорияларға саяхаттаудан ауылды жерлерде және тарихи мәдени территорияларда демалуға дейін. Экотуризм осы уақытқа дейін сақталған табиғи территорияларды қорғаудың және ауылды жерлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының бірқалыптылығын қамтамасыз ету құралы болып саналады.

      Төртінші  топтың мемлекеттерінде қызмет көрсетудің басым бөлігі жергілікті ұйымдардың қолында. Экотуризмді ұйымдастырудан кейбір функциялар мемлекетке жүктелген. Оларды жергілікті басқармалар және қоғамдық ұйымдар орындайды. Бұл топқа Европаның қалған дамыған мемлекеттері – Ұлыбритания, Германия, Франция, Испания және т.б. кіреді. Бұл мемлекеттерде үлкен сұранысқа ие ішкі туризм дамуда. Осы елдерде экологиялық туризм табиғи ортаны және аудандарды экономикалық маңыздылығының қайта қалпына келуіне әсер етеді. Әсіресе, әлсіз ауылшаруашылық және ескі өндірістік аудандарға.

      Экономикасы өзгермелі кезеңдегі елдерді  қазіргі заманда аталған топтардың  біреуіне жатқызу қиын. Ол экотуризмнің әлемдік нарығына жатпайтындығына  және өтпелі жағдайына байланысты болған. Бұлардың арасына экологиялық туризмнің  дамытуының барынша болашағы барлары – Ресей және Қазақстан. Егер алға қойылған өзгерістерді және өмір сүру деңгейінің жоғарылату мақсаттары орындалса, Ресей және Қазақстан үшінші топқа, Орталық және Шығыс Европа елдерін – төртінші топқа жатқызуға болады.   
 

2.4 Әлемнің кейбір  елдеріндегі экологиялық туризмнің маңызы мен ролі 

      Экологиялық туризм жиынтығында табиғатты қорғау және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді  жаңа жұмыс орнын құру арқылы шешеді. Бұл үшін гид-жолаушылар, транспорт  құралдары, экотуристер үшін азық-түлік  қоры мен тұрғылықты орын, халықтық қолөнер бұйымдарының жасалуы мен сатылуы, сондай-ақ осы секілді көптеген заттар қажет. Яғни, кез-келген елде экологиялық туризмнің дамуына мүмкіндік бар. Дегенмен, туризм пайдалы болу үшін оның алдын-ала жоспарланған ұйымы болу керек.

      Жылдам  өсуші туристік өндірістік секторы  сияқты экологиялық туризм инвестициялар  үшін қызығарлықтай ұсыныс болып  табылады және үлкен бизнестің бір  түрі бола алады.

      Канаданың жабайы табиғатты қорғау қызметінің зерттеуі бойынша экологиялық туризмнің  әлемдік нарықтағы құны – 200 млрд. АҚШ долларына тең.

      Экологиялық туризм үшінші әлемнің көптеген аймақтарында туристік нарықтың ең негізгі сегменті болып табылады. Дүниежүзілік табиғатты  қорғау қорына 1988 жылы осы елдердегі  туризмге түскен 55 млрд. доллардың 12 млрд. доллары экотуризмнен.

      Әрі қарай экологиялық туризмнің  кейбір елдердегі дамуы мен ұйымдарына мысал келтіреміз.

Информация о работе Экологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары