Қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарындағы дарысқа қарсы менеджмент

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 00:54, лекция

Описание работы

Дағдарыстың пайда болуының белгілері көп, дегенмен кейбіреулерін ерекшелеп көрсетуімізге болады:
1) Маңызды ақпараттың жетіспеушілігі;
2) Стратегиялық маңызды серіктесті жоғалту;
3) Кәсіпорынның дербестігін жоғалту (немесе оның қаупі);
4) Кәсіпорынның беделінің түсуі;
5) Өнімнің тұтынушылардың талаптарына сай келмеуі;
6) Заңнаманың немесе жоғары басқарманың қолайсыз өзгеруі;

Работа содержит 1 файл

Нариман.docx

— 16.05 Кб (Скачать)

Қонақжайлылық индустриясы  кәсіпорындарындағы дарысқа қарсы  менеджмент

               Дағдарыс - қоғамдық экономикалық жүйедегі қарама-қайшылықтардың шиеленісуі. Бұл кәсіпорынның даңқы үшін, оның қаржылық тұрақтылығы, жеке меншігі үшін нағыз сынақ. Дағдарысқа қарсы басқару процесі - дағдарыстың алдын алуында, дағдарыс жағдайында жұмыс істеуінде және одан шығуында. Мақсаты - кәсіпорынның қаржы жағынан тұрақтылықпен қамту болып есептеледі, ал ерекшелігі - мекеменің қаржылық сауықтыру шараларын ұйымдастыру. Кәсіпорын мен дағдарыс жағдайының мәселелері дағдарыстың пайда болу себебіне және мән-жайына байланысты. Дағдарыстың белгілері (жеке көрсеткіштердің төмендеуінің алғашқы көріністері) мен факторларына (көпшілік немесе барлық көрсеткіштердің төмендеуі) себепші болушы құбылыстар мен оқиғалар дағдарыстың пайда болуына әкеп соғады. Осы белгілерді дер кезінде табу оны жеңіп шығудағы бірінші қадам. Ал мүмкіндігінше алдын алудың бірден-бір жолы. Дағдарыстың пайда болуының белгілері көп, дегенмен кейбіреулерін ерекшелеп көрсетуімізге болады:

1)     Маңызды ақпараттың  жетіспеушілігі;

2)     Стратегиялық  маңызды серіктесті жоғалту;

3)     Кәсіпорынның  дербестігін жоғалту (немесе оның  қаупі);

4)     Кәсіпорынның  беделінің түсуі;

5)     Өнімнің тұтынушылардың   талаптарына сай келмеуі;

6)     Заңнаманың  немесе жоғары басқарманың қолайсыз  өзгеруі;

                  Дағдарыстың кейбір белгілерінің алдын алу мүмкін емес. Алайда, дағдарыстың толғағы жеткен сәтте тек констацияға болады. Дағдарыс нарықта жұмыс істеу уақытына,сатылым көлеміне,қызметкерлер санына байланысты пайда болады деген пікірлер бар. Олардың әрқайсысына жеке фактор ретінде қарастырымыз. Статистика бойынша бизнесті басқарудағы қиындықтар кәсіпорынның нарықта жұмыс істеу ұзақтығы болып есептеледі екенін көрсетеді:бірінші уақытша дағдарыс-компанияның қаржылық тұрақтылығы мен оның қаржылық басқаруына байланысты;ал екіншісі-көп жағдайда менеджментпен байланысты. Бұл жердегі негізгі түсініктер-мақсат, миссия, құндылықтар және т.б; регламенттенген бизнес процестер; басқарушылық және ұйымдастырушылық құрылымдар; менеджерлердің жұмысы. Келесі фактор, сатылым көлеміне байланысты: біріншіден - компанияның сатылым көлемі жылына 100 мың доллардан асатын жағдайда. Ол компанияның бизнес типіне және тауар мен қызметтеріне еш байланысы жоқ екненін айта кеткен жөн. Екіншіден-дағдарыс сатылым көлемінің екі есеге жоғарылауына байланысты қайталанады. Бизнесті ірілендіру барысында, мәселен, жаңа жабдықтамалармен қамтылуынан,жаңа бизнес-процестердің пайда болуынан және т.б қиыншылықтарға тап болуы мүмкін. Бұл кезде ескі шешімдер компанияны қанағаттандырмайды, ал жаңасы әлі табылмаған болмақ. Дағдарыстың пайда болуына ықпалын тигізетін қызметкерлер санына келетін болсақ,ол менеджмент тәжірибесінде қолданылатын «басқарушылық нормасы» деген түсінігімен сабақтас.Басқарушылық тиімділігіне және қойылған мақсаттарға жетуге байланысты қызметкерлер тобының белгілі бір оптималды саны болады. Яғни, қызметкерлер санының екі есеге өсуіне байланысты компаниядағы дағдарыс өзгеше жаңартылады деген сөз. Компания және менеджмент көп қиындықтарға ұшырайды.  Дағдарыстың белгілерін тапқаннан кейін оған байланысты барлық факторларды анализ сарасынан өткізу керек және бар мүмкін мәселелерді анықтаған жөн. Осы жұмыстардың барлығын шешіп, ой сарасынан өткізгенне кейін дағдарыстан шығудағы кезең-кезеңі мен жоспар құрылады. Жоспарды талқылап, біткеннен соң оны іске асырылуына кіріседі. Әрекетсіздік немесе, керісінше, шектен тыс әбігерлік, шешім қабылдаудағы асығыс істің шырқын бұзуы мүмкін. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы саясаты ұйымдастырушылық тәртіптегі принциптердің, әдәстердің, формаларының сабақтастығына ие және оның қаржылық және техникалық - экономикалық жағдайын сақтауға, нығайтуға, жақсартуға, басқару механизмін құруға бағытталған.  Дағдарыс кезеңінде басқару мен сапа мәселелері өндірісті сақтап қалу үшін шешуші фактор болып табылады, әлемдік қаржылық жағдайында өнімнің немесе қызметтің бәсекеге қабілеттілігін арттыруы өте маңызды. Жоғарыда айтылған жағдайларды ескере отырып төмендегі жағдайларды жетілдіру жолдары ретінде ұсынамыз:

  1. Кәсіпорынның алдын ала дайындалған дағдарысқа қарсы бағдарламасының болуы;
  2. Нарықта талдау жүргізе алатын, алдын ала көріп, болжам жасай білетін менеджерлерді дайындау;
  3. Ақпарат ағымының үздіксіздігі;
  4. Кәсіпорынның тәуекел шешімдерді қабылдауға дайын болуы;
  5. Басқарудың заманға сай жаңа үлгісін қолдану;
  6. Жұмысшылардың кәсіпорындағы өзгерістерге дайын болуы;
  7. Кәсіпорынды әлеуметтік-психологиялық ахуалды бір қалыпты ұстау.   

  «Дағдарыстар қайталанатын  болады, ал біздің мақсат оны басқаруды үйрену. Әзірге бізде бұл орындалуда» - деп елбасымыз айтпақшы, қазақстандық дағдарысқа қарсы басқару менеджменті басқа елдерге үлгі болары анық.

 

Айтбай  Нариман. Тур-37қ.


Информация о работе Қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарындағы дарысқа қарсы менеджмент