Туризм Италии

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 20:52, реферат

Описание работы

Италия - одна из наиболее любимых туристами стран Европы, и не только благодаря ее знаменитой кухне или благоприятному климату. В районах Восточных Альп, например Южный Тироль и Доломиты, Западных Альп, а также провинциях Валле-д'Аоста, как и многих районах Апеннин, созданы великолепные возможности для альпинистов и горнолыжников. Любители пеших прогулок найдут здесь первозданную природу в окрестностях Мерано и Кортина Д'Ампеццо.

Работа содержит 1 файл

Туризм.docx

— 29.10 Кб (Скачать)

Италияның елшілігі ескі астана Алматыдан Қазақстанның жаңа астанасы Астанаға 2005 жылы 15 сәуірде көшкен болатын. Жасалынған келісімдердің алғашқысы  Астанадағы 2003 жылы мамырда Италия Елшілігінің Жеке Секциясының ашылуы, оның ашылу салтанатын Сыртқы Істер  Вице-Министрі Бонивер мен Алғашқы  Сыртқы Істер Вице-Министрі Абусеитов  өткізді: ашылу кезінде италияның  Елшілікті ескі астанадан жаңа астанаға көшіру жұмыстарын өзіне алатынын мәлімдеді. Ендігі кезекте келесі айларда Европалық  Одақ елдерінің Елшіліктері көшіп  келетін болады.

2007 жылы 8 қазанда ресми  салтанаттан кейін Ақорда сарайында  Қазақстан Президенті мен Италияның  Кеңес Министрлерінің Төрағасымен  кең ауқымды келіссөздер жүргізді. Екі жақ екі ел арасындағы  ауқымды сұрақтарға жауап берді,  инвестициялық, сауда-экономикалық  және саяси сфералардағы өзара  ықпал перспективаларын анықтады. Қазақстан мен Италияны ғаламдық  және аумақтақ саясат сұрақтарына  бірдей араласуы біріктіреді.  Келіссөздер кезінде Нұрсұлтан  Назарбаев пен Романо Проди  ЕО, БҰҰ, ЕЫҚҰ және басқа да  халықаралық құрылымдар бойынша  ықпалдығын күшейтуге сөз берді.  Қазіргі таңда Қазақстанда итальян  компанияларының өкілдері мен  бірлескен кәсіпорындарының 100 жуығы  тіркелген. Италия қазақстандық  бидайды алудағы ең ірі импортер, соңғы жылдары бидайдың 1 миллион  тоннадан астамын сатып алған.  Сонымен қоса, Италия – қазақстандық  экономиканың ірі инвесторы, оның  инвестиция көлемі 1 миллиард долларға  жетеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан  Назарбаев 90 жылдары Романо Проди  Италия үкіметінің Басшысы болғанда  екі ел арасындағы тығыз экономикалық  байланыс орнатқанын еске салып  өтті. Қазақстан – итальян қарым-қатынастарының  іргетасын Романо Проди қалаған  деді. Бүгін Италия әлемде саудамен  әріптестік ретінде Ресейден  кейін екінші орынды Италия  алатынын да айтты. Италия Европалық  Одақтың төрағасы болғанда Қазақстан  Европалық одақпен тығыз байланысқа  түсе алды. Италиямен жан-жақты  байланыс Қазақстан сыртқы саясатының  алғашқы бағыттарының біріне  айналды және Қазақстан Италияны  адал экономикалық және саяси  әріптесі ретінде қарастырады.  Қазіргі таңда қазақстан-италия  қарым-қатынастары негізінен экономикалық  салада жақсы қарқынмен дамуда. Мұның дәлелдемесі ретінде сауда айналымының көрсеткіші бұрынғы бес жылға қарағанда жеті есеге өскенін көрсетуге болады. 2007 жылы сауда айналымының көлемі 8,3 миллиард долларды құрады, осы жылғы айлар көрсеткіші 20 пайызға ұлғайғанын көрсетіп отыр. Бірақ шикізат, жоғары технологиялық қарым-қатынастарының дамымағанын айтты. Президент Назарбаев әскери-техникалық, авиация-космостық, байланыс пен телекоммуникация, білім мен медицина, туризм, мұнай керек-жарақтарын өндіру мен жоспарлау, автомобиль жолдарын салу, машина жасау салаларында өзара тиімді бірлестік жасауға болатынын мәлімдеді. Бұл мақсатта екі жақ қазақстан-итальян жұмыс күштерін айырбас пен экономикалық және өндірістік бойынша жұмыстарын белсендіре жүргізуде. Италияның премьер-министрі Р. Проди БАҚ-на Қазақстанға осыдан 10 жыл бұрын келгенін естеріне салды және осы соңғы жылда Қазақстан мүлде басқа ел болып өзгергенін айтты. Ол жаңа астана – Астана қаласындағы құрылыстармен тамсанды. Италия Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ төрайым болуы мен ДСҰ енуін қолдайтын болады. Қазақстан Италия өткізіп жатқан бүкіл әлемде өлімдік жазаны жою кампаниясын және 2015 жылы бүкіләлемдік ЭКСПО көрмесінің итальян қаласы Миланда өткізу кандидатурасын қолдайтын болады. Премьер-министр келіссөздер кезінде қаржылық сала мен жоғарғы технология аумағындағы бірлестіктерді сөз еткенін мәлімдеді. Мысал ретінде, Романо Проди осы жылы италияның «UniCredit» банкі көлемі бойынша Қазақстандағы үшінші банк АТФ Банкты алғанын айтуға болатыны еске салды. Осы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша республика ұйымдары мен кәсіпорындары жасаған құрылыс-монтажды жасаған жұмыстарының көлемі 895,4 млрд. долларды құрады. Ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 24,2 пайызға өскенін көрсетеді.

2007 жылы 8 қазанда астаналық  қонақ үй «Радиссонда» бірқатар  халықаралық кездесулер өтті. Оның  басы «Қазақстанның инвестициялық  және экономикалық потенциалы»  семинарынан басталды, оған итальян  бизнес өкілдері қатысты. 

Семинардың тақырыбы мынадай  болды: құрылыс және құрылыс заттары; ауыл шаруашылық машиналары және ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудегі құралдар; құтыдағы өнім; халық тұтынатын тауардың жоғары сапалығы; мұнай мен газ. Осы  күннің екінші жартысында Халықаралық  экономикалық форум өз жұмысын бастады, оған Қазақстанның және Италияның Премьер-министрлері  Карим Масимов пен Романо Проди, Италияның халықаралық сауда  министрі Емма Бонино, индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов, ірі қазақстан кәсіпкерлері, Италияның  өндіріс Конфедерациясының жетекшілері, итальян банк Ассоциациясы және басқалары  қатысты.

2007 жылы 12 қазанда Қазақстандағы  итальян миссиясы өтеді. Италияның  сыртқы сауда институты Италияның  өндіріс Конфедерациясымен бірге  және Италияның банк Ассоциациясы 2007 жылы 8 қазаннан 10 қазанға дейін  миссиясын ұйымдастырды. Астанада  және Алматыда Қазақстанға ресми  сапар төңірегінде италияның  премьер-министрі Романо Проди  келіп қайтты. Италия Қазақстанның  негізгі серіктестерінің бірі, және  Ресей, Қытай, Германиядан кейінгі  орынды алады. Рим Қазақстан  Республикасының экономикасына  шетел инвестициясының көлемі  бойынша 10 орынды иемденеді. 2006 жылы  Италияның Қазақстанға салған  экспортының көлемі 623,45 миллион  евроны құрады, яғни 2005 жылмен салыстырғанда  55 пайызға көбірек. Миссия төңірегінде  қазақстанның әр түрлі өндіріс  саласына итальян компанияларының  қатысуы қаралды. 

 

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІСКЕРЛІК  ТУРИЗМІНДЕ ИТАЛИЯНЫҢ ҮЛЕСІ 

 

2.1 Қазақстандағы Италия  компаниялары және олардың ұйымдастыратын  көрмелері, жәрмеңкелері 

 

Сауда-экономикалық саласында  қазақстан-италья ынтымақтастығы белсенді дамуда. Яғни іскерлік туризмнің де дамуына негіз. Италия Қазақстанның ірі сыртқы сауда серіктесі санына кіреді.

2003 жылы екі ел арасындағы  тауар айналымы 1,3 млрд. доллар құрады, оның ішінде экспорт – 1,1 млр.доллар, импорт – 200 млн. доллар. 2004 жылы  тауар айналымының мөлшері 3,5 млрд.долларды құраған. Экспорт  – 3,1 млр.доллар, импорт – 400 млн.доллар. 2005 жылы 4,8 млрд.еуро құрады.

Экспорттың негізгі құрылымы – мұнай, табиғи газ, асыл металдар, мұнай өңдеу өнімдері, мыс, цинк, басқа да түсті металдар мен одан жасалған бұйымдар, қара металдар, мақта, химиялық өнімдер, құрылыс материалдары, машинаға қатысты жабдықтар және т.б.

Импорт номенклатурасы да дамып барады. Оның негізгі бөлігі киім-кешек, аяқ-киім, жиһаз, жабдықтар, ХТТ, тамақ өнеркәсіп тауарлары, көлік, химия және фармацевтік өнімдерін  сатып алуға бағытталған.

Қазақстанда 42 қазақстан-италья бірлескен кәсіпорны және 8 италия компанияларының өкілдігі тіркелген. Жұмыс әр салада - пайдалы қазба  байлық орындарда, ауыл-шаруашылық тауарларын өңдеуде, тамақ өнеркәсібінде, ауыл-шаруашылық машина жасауда, ауыр, жеңіл өнеркәсіпте, энергетика, ХТТ шығаруда дамып келеді.

1993-2004 жылдар аралығында  ҚР-ға шетел инвесторларының мөлшері  бойынша АҚШ, Оңтүстік Корея  және Ұлыбританиядан кейін Италия 4-і орында. 2004 жылдың аяқ кезеңдегі  көрсеткіші бойынша Қазақстан  экономикасына итальяндық инвестициясының  көлемі 1,6 млрд. АҚШ доллардан асады. 

Италия компаниялары ҚР жылу энергетикасы кешеніне қатысты Қазақстан  нарығын меңгеруде белсенділік  танытуда.

2005 жылы Италия компанияларымен  жалпы сомасы 749,12 млн. АҚШ доллар  құрайтын Karachaganak Petroleum Operating, Agip Kazakhstan North Caspian Operating Company, TengizChevroil жобаларына 817 шарттар  жасалынды. 2006 жылдың І-ші тоқсанында  итальяндық компаниялар аталған  жобаларға 58,73 млн. АҚШ доллар  құрайтын 205 шарттар жасасты. 

SACE экспорттық несиелерді  сақтандыру жөніндегі Италияның  мемлекеттік компаниясы Қазақстанның  несиеге қатысты ұстанымын қарастырып, оны Ресеймен бірге төртінші  деңгейге көтерді. Бұл жөнінде  компанияның сарапшылары ҚР макроэкономикалық  көрсеткішінің тұрақтылығы, тауар  айналымының өсу динамикасы, банк  жүйесінің беріктігі және басқа  да себептермен түсіндіреді. 

Экспорт несиелерін сақтандыру саласында да ынтымақтастық дамуда. 2005 жылы АҚ «Экспорттық несиелер мен  инвестицияны сақтандыру жөніндегі  мемлекеттік сақтау корпорациясы»  мен «SACE» экспорт несиелерін сақтандыру жөніндегі Италияның мемлекеттік  компаниясы арасында өзара түсінушілік  туралы Меморандумға қол қойылды.

Сауда-экономикалық салада Қазақстан-Италия арасындағы қатынасы дамуының негізгі  қадамы өнеркәсіп және экономикалық ынтымақтастық пен (ҮАЖТ) алмасу жөніндегі  Үкіметаралық жұмыс тобының мәжілісі болып саналады. Мәжіліс 1998 жылы 15 қыркүйекте Рим қаласында, 2002 жылы 23 мамырда  Астана қаласында және 2004 жылы 11 қарашада Рим қаласында өткен болатын. 3-ші ҮАЖТ мәжілісі барысында екі  жақты экспорттық-импорттық тасқынның  диверсификациясы жолымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай тереңдету  мәселесі талқыланды. Сонымен қатар  бірлескен кәсіпорындарды құру және мұнайгаз машина жасауда, тоқыма және былғары саласына итальяндық инвесторларды  тарту ұсыныстары жасалды.

2004 жылы 24 ақпанда Рим қаласында  ҚР сауда-өнеркәсіп палаталар  Кеңесінің Өкілдігін ашу рәсімі  өтті. Ашылу рәсімінде қазақстандық  кәсіпкерлер (8 компания өкілдері) мен Италияның бизнесмендері  (75 адам) қатысты. 

2005 жылғы 8 наурызда Милан  қаласында “ҚазИнвест” АҚ төрағасы  А.Баталовтың қатысуымен Қазақстаннның  “ҚазИнвест” инвестицияларға жәрдемдесу  орталығының тұсаукесері өтті.

2005 жылғы 15 наурызда Равенна  қаласында Жерорта теңізі оффшор  конференциясына орай Agip KCO ұйымдастыруымен  “Қашаған” жобасы бойынша тауар  мен қызмет нарығымен танысуға  арналған халықаралық тұсаукесері  өтті.

2006 жылы 20-23 маусым аралығында  Астана қаласында итальян кәсіпкерлері  үшін ҚР кластерлік бағдарламасының  тұсаукесері өтті. “Италия-Қазақстан”  Ассоциациясының қатысуымен 20-дан  астам италияндық компаниялар  мен 100-ден астам қазақстандық  компаниялар екі жақты ынтымақтасу  мүмкіншіліктерін талқылады. Осы  кезде ынтымақтастық дәрежесін  көтеру мақсатында 100-ден астам  Италия азаматтары мен 500-ден  астам Қазақстан азамататтарына  бизнес турлар ұйымдастырылды. Тұсаукесердің  нәтижесі бойынша екі жақты  байланыс орнатылды. Мұндай кездесулер  Астанада және Батыс Қазақстанда  жиі-жиі болып тұрады.

Аймақтық ынтымақтастық. 2003 жылы Оңтүстік-Қазақстан облысынан  келген делегация Токсана аймағында  болып қайтты. Саяси кездесулермен  қатар екі аймақтың бизнес өкілдерінің  қатысуымен бизнес-форум ұйымдастырылды. Қазіргі таңда аталмыш аймақтар өкілдері арасында ниет білдіру хаттамасы  қол қоюға дайын, сонымен қатар  Тоскананың бизнес өкілдерінің Қазақстанға  келуі дайындық үстінде.

Лигурия, Абруццо, Пулья, Марке  және Молиз аймақтарында Қазақстан  бизнесі деп аталатын тұсаукесер өтті. Тұсаукесер барысында Италия кәсіпкерлері Қазақстанмен екі жақты  қатынас дамытуға қызығушылық танытты.

Нәтижесінде екі жақ Лигурия  және Батыс-Қазақстан, сондай-ақ, Абруццо  және Солтүстік-Қазақстан облыстары  арасында бауырластық орнатуға уәделесті. Бүгінде аталған аймақтардың  әкімшіліктері мен іскер топтары  екі ел арасындағы байланысты арттыруға  атсалысуда. Сонымен бірге Бари Университеті Қазақстанның Ауыл-шаруашылық университетімен  Ынтымақтастық жөніндегі келісімге  қол қоюға ниет білдірді.

Жоғарыда айтылғанға қарасақ  Италия мен Қазақстанның экономикалық қарым-қатынастың тығыздығын көріп  тұрмыз. Соған байланысты италияндық компаниялары, бизнесмендері жыл  сайын үлкен және орташа масштабты  жәрмеңелер, көрмелер, бизнес-форумдар мен конгрессиялар жүргізеді. Соның  есесіне Қазақстан турфирмалары көптген бизнес-турлар ұйымдастырады.


Информация о работе Туризм Италии