Туризм саласындағы негізгі терминдер

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 19:50, реферат

Описание работы

«Турист» – ең болмағанда бір рет түнейтін және келу мақсатын үш топтың біреуіне: бос уақытпен демалыс, іскерлік мүдделер немесе басқа туристік мақсаттарға жатқызуға болатын уақытша келуші (ЮНВТО). Сондай-ақ тұрақтайтын орнынан 12 айдан аспайтын уақытқа баратын және мақсаты барған жерінде ақылы жүмыс істеуге болмайтын кез келген саяхатшы «турист» терминімен айқындалады.

Работа содержит 1 файл

мк терминдер.docx

— 33.37 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

 

 

 

 

   Тақырыбы:      Туризм саласындағы негізгі терминдер


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                              Орындаған: Бекен А.Н.  111 топ

                                                                               Қабылдаған: Абдреева Ш.Т.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2012ж

«Туризм» -  жеке тұлғалардың ұзақтығы 24 сағаттан 1 жылға дейін, немесе 24 сағаттан кем, бірақ түнеусіз, баратын елінде (жерінде) табыс табу мақсатында емес жасалған саяхат.

«Турист» – ең болмағанда бір рет түнейтін және келу мақсатын үш топтың біреуіне: бос уақытпен демалыс, іскерлік мүдделер немесе басқа туристік мақсаттарға жатқызуға болатын уақытша келуші (ЮНВТО). Сондай-ақ тұрақтайтын орнынан 12 айдан аспайтын уақытқа баратын және мақсаты барған жерінде ақылы жүмыс істеуге болмайтын кез келген саяхатшы «турист» терминімен айқындалады.

«Экскурсант» –жеке тұлға, басқа елді мекенге, аймаққа немесе мемлекетке 24 сағаттан аспайтын туризм мақсатымен  уақытша келуші.

«Туристік операторлық  қызмет» - қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке және занды тұлғалардың өздерінің туристік өнімдерін қалыптастыру, ұсыну және туристік агентер мен туристерге өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі.

«Турустік  агенттік қызмет» - қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке және занды тұлғалардың туристтік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі.

«Экскурсиялық қызмет» - уақытша болатын елдегі туристтік ресурстарға  танымдық мақсатта келуді ұйымдастыру жөніндегі  кәсіпкерлік қызмет. Туристерді орналастыру жөніндегі қызметті көздемейді және  жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімді қамтиды.

«Туристік өнім» - туристердің саяхаттау барысында қажеттілігін қанағаттандыруына жеткілікті туристік қызметтер жиынтығы.

«Туристік әрекет» – туристік қызмет көрсететін жеке немесе юристік тұлға .

«Туристік қызмет» – туристік саяхат кезінде көрсететін, туристің қажеттілігін қамтамасыз ететін  қызмет және осы саяхатпен байланысты ( орналастыру, тамақтандыру, тасымалдау, экскурсиялар, туризм инстукторларының, гидттердің қызметтері және бару мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер).

«Тур» – белгілі маршрут бойынша саяхаттау кезінде, белгілі мерзім аралығында, туристік қызметтердің жиынтығы.

«Туристік рекреациялық ресурс» - демалыс пен туризмді дамытуға  арналған эстетикалық жағынан тартымды, емдік-сауықтыру қасиеті бар табиғи ортаның компоненттері мен антропогендік іс-әрекеттің объектілері.

«Туристік ресурс» – туристердің рухани қажеттілігін қамтамасыз ететін, физикалық күшін қалпына келтіріп және дамытатын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру объектілері, туристік көрсетуге арналған басқа да объектілер.

«Рекреациялық мүмкіндік (потенциал) дегеніміз» - белгілі бір территорияда рекреациялық шаруашылықты ұйымдастыруға және жүзеге асыруға болатын табиғи, тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және т.б. алғы-шарттардың жиынтығы. Территорияның рекреациялық мүмкіншілік түсінігін "рекреациялық шаруашылықты жүзеге асыруға болатын қолайлы жағдайлар мен факторлар жиыны" деп қарастыруға болады.

«Туристік жергілікті орын (местность)» - туристік құндылық, инфрақұрылым және көліктік қолайлығы жағынан туристік миграцияның кезеңін немесе пунктін құрайтын жайылым көрсеткіші (қала, аудан, ауыл).

«Туристік орталық» - шоғырланған туристік-рекреациялық ресурстар негізінде туристік-экскурсиялық қызмет көрсету комплексі ұйымдастырылған тұрғылықты орын, жер учаскесі, табиғи обьект және т.б. болып табылады. Аталған комплекс құрамына туристерді орналастыру мекемелері (турбаза, қонақ үй, пансионаттар және т.б.), тамақтандыру, сауда-саттық орындары, спорттық ғимараттар, экскурсиялық және тағы басқа туристік қызмет көрсету орындары кіреді. Туристік орталықтар дәрежесіне қарай (халықаралық, мемлекеттік, аудандық, жергілікті), функционалдық бағытына қарай (емдік, сауықтыру, танымдық, комплексті) және басқа да көрсеткіштер бойынша бөлінеді.

«Туристік аудан» - туристік функциясы басым болып келетін немесе елеулі орын алатын, туризмді дамытуға қолайлы табиғи, тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігі бар, салалық экономикалық аудан. Аудандарды деңгейіне байланысты - жергілікті, облыстық, мемлекеттік, ұлттық, халықаралық туризм деп бөлуге болады. «Рекреацияның шаруашылық потенциалы» немесе "демалыс пен туризмнің материалдық-техникалық базасы" анықтамалары, рекреациялық география және туризм географиясында да күрделі және ауқымды түсініктемелер мен талдауларға ие (кей ғалымдар оны "туризм инфрақұрылымы" деп те атайды). Бұл, ең бастысы, демалушыларға тауарлар мен қызмет түрлерін өндіру, сату және ұсыну арқылы жүзеге асырылатын негізгі фонд, қолайлы рекреациялық жағдай жасауға тікелей араласпайтын қосымша еңбек бөлінісі.

«Түнеу орны» - туристік шаруашылықтың негізгі элементі, оның ішіне туристердің түнеуіне барлық қолайлы жағдайлар жасайтын обьектілер мен құрылғылар жиынын жатқызуға болады. Оны екі түрде қарастыруға болады: түнеу мекемелері (қонақ үйлер, турбазалар, демалыс орындары, пансионаттар, мотельдер) және лагерлер (кемпинг, палаталар қалашығы). Қолданыс ерекшелігіне байланысты: жыл бойғы және маусым аралық; қызмет көрсету жағынан - ашық (бәріне қол жетерлік) және жабық (арнайы тұтынушылар тобы). Түнеу орындары мемлекеттік немесе жекеменшік (тұрғылықты халықтың пәтерді жалға беру) болуы мүмкін.

«Тамақтандыру орындар» -Туристер мен демалушылардың тамақ пен сусындарға деген сұраныс- қанағаттарын өтеуге көмектеседі, оның ішіне мейрамхана, кафе, бар, буфет, асхана және т.б. кіреді. Түнеу орындары сияқты жыл бойғы немесе маусым аралық болып бөлінеді; қызмет көрсету жағынан - ашық, жабық немесе аралас; мемлекеттік, жекеменшік немесе өзге меншік басшылығында болуы мүмкін.

   «Коммуникациялық база» негізінен көліктік қызмет көрсетумен байланысты. Көліксіз туристік қызметті ұйымдастыру өте қиын, жаяу туризмді есепке алмағанда. Соңғы кездері, туризм саласында ақпаратық байланыс жүйесі ерекше рөл алуда, оның өсу қарқына жаһандық тұрғыда кеңею үстінде.

«Қосалқы қызмет базасына» туристерге келесі негізгі қызмет көрсету түрлері кіреді: табиғаттың қолайлы жақтары (пляждар ұйымдастыру, шомылу орындары, тамашалау алаңдары және т.б.); спорттпен шұғылдану; ойын-сауықтарды ұйымдастыру; туристік құрал-жабдықтар мен сувенирлерді өндіріп шығару; ақпараттық қызметтер және т.б.

«Туристік территория немесе объект сыйымдылығы» - түнеу орнының (түнеу орындарының саны), тамақтандыру мекемесінің (ас мәзірі берілетін орындар саны) және қосалқы қызмет базасының (орындар саны немесе аудан көлемі) жалпы сыйымдылығы негізінде анықталатын, туристік базаның жекелеген объектілерін бір мезетте қолдана алатын, туристік ағымға қатысушылардың жалпы саны.

 «Туристік аттрактивтілігі» Туризм географиясының негізгі түсініктерінің біріне, тұрғылықты жердің немесе объектінің  (тартымдылығы) кіреді. Туризмнің көптеген түрлері мен формаларына байланысты бұл түсініктің құрылым өте күрделі болып келеді. Туристік аттрактивтілік "туристік ұсыныс" түсінігімен көп ұқсастықтары байқалады.

«Туризм индустриясы» - туристік-экскурсиялық ресурстарды зерттеп, жүзеге асыратын, туризм базасының материалды-техникалық тұрғыдан құрастырылуын,   туристерге арналған туарлар мен қызметтерді өндіру, сұрыптау, айырбас және тұтынуды қамтамасыз ететін, өндірістің материалды және материалды емес саласында жұмыс жасайтын мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдардың жиынтығы.

«Туристік шаруашылық» (ТШ) - туристердің келуімен ынталандырылатын экономиканың әр секторларының кешені (іс-әрекет бағыттары). Тікелей ТШ тек қана туристерге қызмет көрсетуге бағытталған нысандар және мекемелер (туристік қонақ үйлер, турбазалар, арнайы туристік көлік, туристік орталықтарында тамақтану мекемелер, т.б.).  Жанама ТШ туристік емес (жалпы), бірақ туристермен пайдаланылатын нысандар және мекемелер (жалпы мемлекеттік көліктік магистральдар, коммуникациялар, мейрамхана жүйесі, дүкен, мәдениет мекемелері, тұрмыс жүйесі және т.б.).

«Туристік көлік» - туристерді тасымалдауға арнайы жабдықталған көлік құралдары және жалпы көлік, оның ішінде қоғамдық көлік.

«Туристік маркетинг» - туристік кәсіпкерліктер іс-әрекетін, сонымен қатар, туризм саласындағы мемлекеттік саясатты да жүйелі түрде өзгерту және бақылау.Туристік маркетингті коммерциялық мақсатта туристік қызметтерге қоғамның қажеттілігін анықтау және пайдалану стратегиясы ретінде түсінуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№5 Дәріс. Туристік шаруашылық

Туристік шаруашылық дегеніміз  әртүрлі бөлімдердің белгілі  бір кешені, олардың құрылуы және дамуы туристердің келуі және тұруымен байланысты. Туристік шаруашылық бірін-бірі толықтырып тұратын салалардан қалыптасқан, туристердің сұранысын біріккен бір кешенде ғана өтей алады.

Туристік шаруашылық ұғымының анықтамаларымен әр кезде О. Рогалевский (1974), Я. Варшиньска, А. Яцковский (1978), К. Наумович (1990) сияқты поляк ғалымдары айналыс-қан. Олардың анықтамасы мынадай: «туристік шаруашылық дегеніміз туристік ресурстары бар аумақты туристік қозғалыс қатысушыларының пайдалануы үшін бейімдеу процесі». Осы үрдістің нәтижесі – туристік техникалық әлеует құрамына кіретін жабдықтар жиынтығының пайда болуы.

Туристік сұраныстың негізгі  элементтерінің бірі ретінде туристік шаруашылық аумақтық жүйеге және туристік қозғалыс ауқымына үлкен әсер етеді. Жылдан жылға өсіп келе жатқан сұраныс, демалыс түрлерінің одан әрі жіктелуі, туристердің әлеуметтік құрылымының  өзгеруі нәтижесінде туристік шаруа-шылық  құрылымы және географиясы жағынан  да өзгерістерге үнемі ұшырауда.

Туристік шаруашылық –  бұл туристік ресурстардың, материалдық  өндіріс сферасында өндірілетін  тауарлардың, туристік ресурстарды  тұтынуға мүмкіндік беретін қызметтердің жиынтығы, яғни туристік өнімнің өндірісі, таратылуы және тұтынуы. Туристік шаруашылық нарық жүйесінде (техникалық қондырғылар, кәсіпорындарының, кооперативтердің, инсти-туттардың, мекемелердің қызметі) адамдардың туристік (рекреациялық) қажеттіліктерін  қанағаттандырады.

Туристік шаруашылық экономикалық элементтерді мемлекеттің әлеуметтік-саяси  мақсаттарымен: тәрбиемен, рекреация  және спортпен, ағартумен, денсаулық  сақтаумен, адам күйін қалпына келтірумен, оның бос уақытын пайдалануымен, өлкетанумен, демалысымен, қоршаған ортаны қорғаумен байланыстырады (А. Корнак, 1998).

Туристік шаруашылықтың  басты мақсаты – адамның жұмыс  пен оқудан бос уақытындағы қажеттіліктерін  қанағаттандыру болады. Туристік шаруашылық туристік сұранысты қанағат-тандырады.

Қорыта айтсақ, туристік шаруашылық – бұл адамның туристік тауарлар мен қызметтерге деген  артып келе жатқан қажеттіліктерін  қанағаттандыру мақсатында тікелей  немесе жанама түрде дамитын әртүрлі  шаруашылық және қоғамдық функциялардың  кешені (В. Гаворецкий, 1997).

4. Әлемдік туризм  индустриясының жалпы сипаттамасы

Кез-келген экономикалық шаруашылық, белгілі туристік тауар мен қызмет көрсету көлемі мен түрінің өндіруге кеткен уақытпен, өндірілетін орнымен  және тағы басқа шаруашылық факторлары көрсеткіштерімен анықталады. Өндірілетін  тауар және көрсетілетін қызметтер  адамдардың қажеттіліктерін өтеуге бағытталуы қажет, қарастырып отырған  жағдайда, туризмдегі қажеттіліктерді.

Туристік қызмет көрсету  жүйесін, халық шаруашылығына кіретін  басқа да бір сатылы жүйелердің қатарында  қарастыру керек. "Халық шаруашылығы" жүйесі тұтынушылардың туристік туарлар  мен қызметтерге қажеттіліктері мен сұранысын қарастырады, туризм индустриясының қаржылық, материалды-техникалық, еңбек ресурстары, құқықтық тұрғыдан дамуын айқындайды, басқа да жүйелермен қатынасын реттеп отырады.

Турист энциклопедиясы (М., 1993 ж) келесі анықтаманы ұсынған: "Туризм индустриясы - туристік-экскурсиялық ресурстарды  зерттеп, жүзеге асыратын, туризм базасының  материалды-техникалық тұрғыдан құрастырылуын,   туристерге арналған туарлар мен  қызметтерді өндіру, сұрыптау, айырбас  және тұтынуды қамтамасыз ететін, өндірістің материалды және материалды емес саласында  жұмыс жасайтын мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдардың жиынтығы. Негізінен  алғанда, туризм индустриясындағы мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдар 3 топқа бөлініп  қарастырылады:

1 Маршруттар мен демалыс  орындарында комплексті туристік-экскурсиялық  қызмет көрсетенін мекемелер  (турбазалар, қонақ үйлер, санаторилар,  кемпингер және т.б.); саяхат және  экскурсиялық бюролар (шетелде  - туроператорлар, турагенттер); туристік-экскурсиялық  тасымалдауды жүзеге асыратын  арнайы көлік мекемелері; демалыс  орындары мен туристік орталықтарда  туристерге сауықтыру, сувенир  сату, олардың сұраныс қызметтерін  жүзеге асыратын мекемелер мен  кәсіпорындар (бальнеологиялық курорттар,  арнайы дүкендер және т.б.).

Информация о работе Туризм саласындағы негізгі терминдер