Туризм және туристік индустрия

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 19:52, практическая работа

Описание работы

Туризмдегi мемлекеттiк реттеу жүйесiн жетілдiру туристiк қызметтi жүзеге асырудың өзгерген әлеуметтiк-экономикалық жағдайларға толық жауап беретiн мақсаттарына, қағидаттарына және міндеттеріне сай жаңа көзқарастарды талап етедi. Бүгiнгі таңда атқарушы билiк органдары мен туризм саласында әрекет ететiн ұйымдардың арасындағы өзара iс-қимылды реттеудегi мемлекеттiң рөлiн арттыру қажет. Туризмдi кешендi дамытудың табысты iске асырылуын қамтамасыз ету саланы мемлекеттiк басқару әдiстерiн дұрыс таңдауға тiкелей байланысты.

Работа содержит 1 файл

СРС Амирбек Жибек Т-141.pptx

— 1.36 Мб (Скачать)

  
 
Туризм және туристік индустрия 
 
 
 
 
 
 
 

Туризмдi дамытудың мақсаты:  

 

сапасы, халықаралық туристiк рынок жағдайында өндiруге, сатуға және бәсекелестiкке төтеп беретiн өнiм өндiруге және сатуға қабілеттi, рентабельдi туризм индустриясын құру жолымен туризмдi экономиканың табысы жоғары салаға айналдыру;

республиканың туристiк әлеуетiн арттыру

тарихи-мәдени және табиғи-рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды  пайдалану

халықтың  барлық жiктерiнiң туристiк ресурстарға қол жеткiзуiн қамтамасыз ету, туристiк қызмет көрсетуге деген сұранысты барынша қанағаттандыру;

тұрғындардың  жұмыспен қамтылуын ынталандыру;

мемлекеттік және жеке құрылымдардың туризм саласындағы өзара бiрлескен iс-қимылының тиiмдiлiгiн арттыру;

шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту болып табылады

  
Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеу  

 

    • Туризмдегi мемлекеттiк реттеу жүйесiн жетілдiру туристiк қызметтi жүзеге асырудың өзгерген әлеуметтiк-экономикалық жағдайларға толық жауап беретiн мақсаттарына, қағидаттарына және міндеттеріне сай жаңа көзқарастарды талап етедi. Бүгiнгі таңда атқарушы билiк органдары мен туризм саласында әрекет ететiн ұйымдардың арасындағы өзара iс-қимылды реттеудегi мемлекеттiң рөлiн арттыру қажет. Туризмдi кешендi дамытудың табысты iске асырылуын қамтамасыз ету саланы мемлекеттiк басқару әдiстерiн дұрыс таңдауға тiкелей байланысты.

2010 жылы туристік салаға тартылған инвестиция көлемі 2009 жылмен салыстырғанда (122,9 млрд. теңге) 58,3% өсіп 194,6 млрд. теңгені құрады.Қазақстанда мекен ұсынатын және тамақтандыру қызметтерін көрсететін 1720 мекеме тіркелген. Қызмет көрсетілген келушілер саны, мың адам

Негізгі міндеті және саланы дамыту бағыты  
Туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін және Қазақстанның туристік бағыт ретіндегі тартымдылығын арттыру. 
Салана дамыту туризм индустриясы инфрақұрылымының бәсекеге қабілеттілігін құру, ұлттық туристік өнімдерді жасау және олардың ішкі және халықаралық нарықта алға басуын қамтамасыз ету бағыттарында жүргізіледі.

Қазақстан инвесторларға не ұсынады: 
Туристік әлеует  
Қазақстанда көптеген тамаша табиғат қорықтар және ұлттық парктер, 100 көп емдеу-сауықтыру мекемелері, сонымен бірге тоғыз мыңға жуық археологиялық және тарихи ескерткіштер бар. Қазақстан келушілерді жабайы таза табиғатымен, керемет ландшафтысымен, зерттелмеген туристік бағыттарымен және тұғыш ашушы болуға ұмтылатын барлық әуесқой туристерді қызықтырады. 
Ел территориясын Ұлы жібек жолының солтүстік тарауы басып өтеді. Бұл бірден-бір тарихи, археологиялық және сәулеттік ескерткіштер кешені. Отырар, Сауран және Түркістан қалалары сауда орталығы ғана емес, сонымен бірге ол ғылым мен білімнің ордасы болды. Қазақстанда белсенді түрде демалғанды жақсы көретін әуесқой демалушыларға арналған жерлер көп. Туристер арасында танымалдыққа ие «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты, «Медеу» жоғары тау мұз айдыны, «Қазақстандық Швейцияға» теңелген Шучье-Бурабай курорты бар.

Туризм  инфрақұрылымын  дамыту  

 

Дамыту үшін:

жалпы пайдалану және туристiк мұқтажды қанағаттандыру үшiн жол-көлiк инфрақұрылымын дамыту;

iлеспе инфрақұрылымды: қолданыстағы және ықтимал туристiк аймақтардағы сумен, электрмен жабдықтау, кәрiздер және қатты қалдықтарды жою жүйесiн, телекоммуникацияларды дамыту;

туристiк кешендердi, этнографиялық мұражайларды және демалыс аймақтарын құру;

тарихи-мәдени және этнографиялық  ескерткiштердi қалпына келтiру және мұражайға айналдыру;

жыл бойы пайдаланылуын ескере отырып, туристiк объектiлер жобаларын оның iшiнде орташа және шағын орналастыру құралдарын жасау және оларды салу.

 Қазiргi заманғы туризм индустриясын құру саланы дамыту проблемаларын, туризм рыногы дамуының құрылымын, тетiгi мен заңдылықтарын ғылыми тұрғыда зерделемейінше, сондай-ақ саланы дамытудың ғылыми қамтамасыз ету жүйесiн құрмайынша мүмкiн болмайды. Дегенмен, Қазақстанда бұл мәселелер туризм экономикасын зерттеушiлер үшiн әлi күнге игерiлмеген "тың" күйінде қалып отыр. Ең алдымен, Қазақстан Республикасының рекреациялық ресурстарын түгендеу және олардың мониторингi жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру қажет. Экономиканың саласы ретiнде туризмдi ғылыми қамтамасыз ету үшiн оны болжауда және дамытуда тиiстi Ғылыми құрылымдар қажет.


Информация о работе Туризм және туристік индустрия