Зерттеу және экскурсиялық обьектілердің сұрыпталуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2012 в 12:35, реферат

Описание работы

Экскурсиялық қызметтің дамуы тарихы, мәдени және табиғи ескерткіштердің, ансамбльдердің, мұражайлардың және әр түрлі көрмелердің ашылуымн қатар жүрді. Бұл жағдайда ғылыми қоғамдардың ұсы ныстық қызметі, зиялы қауым өкілдерінің ұсыныстары әсер етті. Экскурсиялардың өзі бірнеше түрге бөлінеді. Экскурсияны зерттеу құрылысы да сол бөлімдеріне байланысты болып келеді. Экскурсияны зерттеу тиімді әдіс бойынша белгілі бір жерлерге экскурсияға шыққан кезде анықталады.

Работа содержит 1 файл

Зерттеу және экскурсиялық обьектілердің сұрыпталуы.doc

— 77.50 Кб (Скачать)


           Зерттеу және экскурсиялық обьектілердің сұрыпталуы.

 

Экскурсиялық қызметтің дамуы тарихы, мәдени және табиғи ескерткіштердің, ансамбльдердің, мұражайлардың және әр түрлі көрмелердің ашылуымн қатар жүрді. Бұл жағдайда ғылыми қоғамдардың ұсы ныстық қызметі, зиялы қауым өкілдерінің ұсыныстары әсер етті. Экскурсиялардың өзі бірнеше түрге бөлінеді. Экскурсияны зерттеу құрылысы да сол бөлімдеріне байланысты болып келеді. Экскурсияны зерттеу тиімді әдіс бойынша белгілі бір жерлерге экскурсияға шыққан кезде анықталады. Мысалы, белгілі бір обьектілер бойынша түсініктемелер айта отырып экскурсияны сөзге тартып, сөзге тартып сұрақтар қойып оларды ойлауға белгілі бір көзқарас тудырып баға беруге мүмкіншілік бреді. Обьектіні көрсетіп, бақылау жүргізу. Тәжірибеде экскурсия бірнеше аспектілерді қарастырады. 1. Білім беру мен жеке тәрбиелеу үшін. 2.Әрбір аспектіні жаңа бьекті бойынша3. 3. қаланың болашағын таныстыру.

Жібек жолы бойында туризмді дамыту:

  Тек қана мәдени құндылықтары басымдық танытатын Өзбекстанмен салыстырғанда Қазақстанның бәсекелік артықшылығы Жібек жолының қазақстандық бөлігінің бірегей табиғат ландшафтарымен, эндемикалық флора және фаунамен және көшпелілердің тарихи-мәдени мұрасымен әрі көне қалалар халықтарының мәдениетімен үйлесім тапқан құрама турлар болып келуінде. 

  Аталған жобаны іске асыру үшін мыналар жоспарланып отыр:

“Жібек жолы меруерті” халықаралық туристік пойызын ұйымдастыру жөніндегі жобаның бірінші кезеңін  Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент-Самарқанд-Үргеніш-Бішкек-Рыбачье-Алматы бағдары бойынша 2007-2008 жылдары жүзеге асыру;

“Жібек жолы меруерті” халықаралық туристік пойызын ұйымдастыру жөніндегі жобаның екінші кезеңін Алматы-Тегеран бағдары бойынша жүзеге асыру жөнінде мемлекетаралық келіссөздер жүргізу және бағдарды Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округы арқылы 2008 жылдың аяғына қарай Пекин қаласына дейін ұзартуды қамтитын үшінші кезеңін іске асыруға дайындау; 

“Қорғас” және “Достық” шекара пункттерінен Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласына дейін жол бойы инфрақұрылымының объектілерін көрсете отырып жол картасын жасау; 

Түркістан қаласында, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының, Дүниежүзілік туристік ұйым мен ЮНЕСКО-ның (Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы) өңірлік бағдарламасының “Жібек жолы: өңірлік ынтымақтастық және даму мақсатында әлеуетті нығайту”  халықаралық жобасын іске асыру шеңберінде қонақ үйлер мен керуен-сарайлар желісін салу және оларды дамыту;

Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа қатысушы мемлекеттер үшін туристік визаларды өзара тану және одан әрі бірыңғай туристік виза енгізу мәселелерін шешу жөніндегі мемлекетаралық келіссөздер процесін, оның ішінде аталған ұйымдар қызметінің шеңберінде жандандыру.  Туристік обьектілерді осы бағытта дамыту арқылы экскурсия жасау.   

Туризмді дамыту мақсатында, Оңтүстік Қазақстан облысындағы негізгі тарихи жерлер бойынша экскурсияны ұсынып, жүргізу. Ұсынылып отырған туристік маршрутымыз Қазақстанның Оңтүстік облысындағы туристерді қызықтыратын тарихи орындар, оның ішінде Қожа Ахмет Яссауи; Арыстан баб кесенелері, көне қала Отырар және тағы басқа туристік обьектілер қамтамасыз етілген.

              Бірінші маршруттық жолымыз Шымкент қаласы болып табылады. "Шымкент" атауы 1425 жылы Шараф ад-дина Али Шаздидің "Зафар-Нама" шығармасында кездеседі; ол жерде Шымкент атауы Сайрам жанындағы ауыл ретінде, 1366 ж. Әмір-Темір шабуылымен байланыстырып суреттелген. Кездейсоқ табылған тастан жасалған бұйымдар, бұл жерде адамдардың тас ғасыр дәуірінде - бірнеше он мың жылдаған бұрын пайда болғанын көрсетіп отыр.

Содан соң жолымыз Сайрамға (бұрынғы Испиджаб) қарай бағытталады. Бұл жерде Қожа Ахмет Яссауидң ата-анасы - Ибрагим ата мен Қарашаш ана кесенелеріне баруды қарастырып отырмыз. Сонымен қатар мұнда 4-6 ғғ. жерасты шіркеуін көруге болады. Сайрамнан кейін маршрутымыз Ордабасы ауданына бағытталады, мұнда біз Алтынтөбе орнына тоқталып кете аламыз. Алтынтөбе мекені 3-5 ғғ. сипатталған, ол Шымкент қаласының батыс жағына қарай 15 шақырым жерде орналасқан, бастау тегі Ақбұлақ өзеніне шыққан. Бұл кішкене төбе атақтылығы, ол жерде 3-5 ғғ. мекеннің болуымен байланысты. Кішкене жүргеннен кейін - Ақбұлақ өзенінің жағасында түнеу, бұл жердің бұрынғы атауы Панфилов болған, ертеректе бронесс Вревскидің аты бойынша Вревское деп аталған, ол 1877-1878 ж. аралығында орыс-түрік соғыс жылдары өз ақшасына поездар арқылы қру-жарақ жіберіп, және өзі сонда рақымшылық жолында жұмыс істеген. 1997 жылы ол жерге өзінің тарихи аты Ақбұлақ деген атын қайтарды. Осы ауылдың шет жағасында 10-12 ғғ. қарахан дәуіріндегі қорғалған мекен бекінісі орналасқан. 2000 жылы бұл мекеннен археологтар жазу тапқан болатын. Келесі күні таңертең жолымыз Ордабасы жеріне барудан басталады. Бұл жер қазақ тарихындағы үлкен оқиғамен байланысты. 1727-1728 жж. Жоңғар шапқыншылығы уақытында Ұлы, Орта, Кіші жүз басқарушылары (Төле би, Айтеке би, Қаздауысты Қазыбек би)  жауға қарсы күресте әскер күштерін біріктіру  мақсатында  осы жерде кездескен болатын. 1993 жылы бұл жерде Қазақстан , Өзбекстан, Қырғызстан президенттерінің кездесулері өткен болатын. Қазіргі таңда Ордабасында тарихи-мәдени қорық ұйымдастырылған. 1993 жылы Қазақстан тарихының қиын кезең беттерін еске түсіретін, қазақ халқының бірлігін бейнелейтін ескерткіш ашылды. Ордабасында археологиялық қазба жұмыс кезінде көптеген бейіттер табылып ашылған. Содан соң маршрутымыз Арыс өзенінің жағасына тоқталады, туристік топ Күлтегін ауылына 2 күн түнейді. Ол жерде Жуантөбе қалашығымен танысу жұмысы жүргізіледі. Қалашық ауылдың солтүстік-шығысында, Арыстың сол жақ жағалауында орналасқан. Археологиялқ әдебиеттерде ол 1893 жылы күміс пен мыс тиындарының (5 мыңнан астам) және тұрмыстық заттардың табылуымен атақты болған. Келесі күн - Бөріжар бейітімен танысу, ол б.з. 8-ші ғасырында кездеседі. Әр түрлі уақыттағы қорған кешендерінен, жеке бейіттерден құралған. Арыс өзенінің  жанында созылып жатқан бұл бейіт Қазақстан шекарасындағы ең ірі бейіттердің болып есептеледі (жобамен 7 шақырым метр). Зерттеу жұмысы 1949 ж   жылдан басталып келеді. Әрі қарай жолымыз Шәулдір ауылына қарай бағытталады, мұнда Отырар мұражайын көре аламыз. Өз тиынын шығарған, ескерткішке бай Отырардан кейін, және Сырдария өзенінің жанында бір түннен кейін, туристік топ Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы Арыстан баб кесенесіне қарай шығады. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне бармай тұрып ұстазына бару қажет деген сөз бар. Сондықтан Арыстан баб кесенесінен кейін Түркістан қаласына барамыз. Қаланың бұрынғы аты Иассы, 16 ғасырдан бастап Түркістан атына ауыстырылған. Қала ұзақ жылдар бойы қазақ хандығының хандық сарайы болған. Шымкент қаласында күн шуағынан алтын жарқырап тұрған кесененің бір қабырғасының суреті бар. Оны суретке Бахыт Ашірбаев түсірген болатын. Кейінірек, академик Байпаковтың химиялық зерттеу нәтижесінде, ол жерден алтын жіп табылған. Кері қарай қайтар жолымызда Түркістаннан шығар жолымызда Қызыл көпірден өтеміз. Ол 1886 ж. салынған болатын. Бұл көпір өткен ғасырдың 70-шы жылдарына дейін іске асып тұрған. Әрі қарай - Темірлан ауылы. Бұл ауылда спорттық жетістіктері үшін 48 алтын, күміс және қола медальдарына ие болған, атақты қазақ күресші Қажы Мұқан Мұңайтпасовтың кесенесі бар. Соңғы түн - Арыс өзененің жағасында қону. Шымкент жолының бойында үлкен қорған Қарауылтөбеден өтеміз. Бұрынғы уақытта Қарауылтөбенің шыңында қауіпті жағдай болған уақытта үлкен алау жағып, солайша қауіп  төніп тұрғанын тез арда біліп отырған. Бұл жер маршрутымыздың соңғы орны.

Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан ежелгі, тарихи аңызға айналған қаламыздың бірі Тараз шаһары. Бүгінгі күнде таза, жасыл қала атанған Тараз қаласында сапар шеккенге қолайлы мәдени, тарихи жәдігерлеріміз әлі күнге дейін бой түзеп тұрғаны анық. Тараз қаласындағы көрнекті жерлер қазіргі таңдағы туристерді қызықтырып алып кетері сөзсіз. Сол мәдени көрікті жерлерге тоқталып өтейік.

 

Ескерткіштер мен көрнекті жерлер.

Мұхамед Хайдар Дулати.Ескерткіш 1998 жылы Сүлейменов көшесіндегі университеттің бас корпусының алдына Мұхамед Хайдар Дулати мырзаның 500 жылдығына арналып салынған.Авторы – О. Әуезов.Мүсіншілер – Д.Ж. Әлдеков, Н.А. Рүстемов. Ескерткіштің биіктігі 3 м. Постамент қызыл граниттен жасалған. Мұхамед Хайдар Дулати – көрнекті мемлекеттік  қайраткер, дипломат, тарихшы, публицист. М.Х. Дулатидің бас еңбегі «Тарих және Рашиди»  Орта Азия халықтарының тарихы туралы.Ол өз шығармасының кейіпкері, мемуаршы, осы қасиеттері орта ғасыр әдебиетінің ұлы ескерткіші Орта Азия жалпы әсіресе, қазақ халқы үшін ерекше. «Тарих және Рашиди» Алтын Орданың құлауынан кейінгі мемлекеттің дамуы және Қазақ мемлекеттінің құрылуы. 1533 жылы М.Х. Дулати өз өмірін қорғап қалу мақсатымен Индияғакеледі, онда Кашмирді жеңіп алып қалған бар өмірінде оны билейді.

Бауыржан Момышұлының ескерткіші.Бауыржан Момышұлының ескерткіші 2000 жылы 12 қазанда Ұлы Жеңістік 55 жылдығына және батырдың 90 жылдығына арнап салынды.

Авторлар ұжымы: мүсіншілер: М. Рүстемов, Д. Әлдеков.Сәулетшілер: С. Дамбай, Н. Баекеев. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «2004-2006 жылғы мәдени мұралар» мемлекеттік бағдарламасы жарлығын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімінің 2004 жылғы 26 ақпанындағы шешімі №40 мәдени басқармасында «тарихи – мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру және сақтау» туралы мемлекеттік  мекеме ашылды. «Дирекцияның» негізгі міндеті Жамбыл облысында көп жылғы археологиялық және тарихи археологиялық зерттеу нәтижесінде аңықталған тарихи-мәдени мұраларды қорғау, сақталған ескерткіштер облысымыздың тарихи-мұрасының бағалы қоры. Жамбыл облысында 2006 жылы 1080 ескерткіш есепке алынды, оның ішінде 844 археологилық, 111 тарихи, 97 архитектуралық, 28 монументальды өнер туындысы. Ескерткіштердің ішінде 29-ының Республикалық мәні бар, ал қалған 1051 ескерткіштің жергілікті мәні бар.

Әбдіқадыр мешіті.Әбдіқадыр мешітінің кіре-берісі. Әбдіқадыр мешіті басында Абай және Қапал көшелерінің қиылысына орналасқан еді. Қазіргі кезде кіре-беріс мен күмбезі сақталған. Кіре-беріс шеті үш-төрт бағандармен безендірілген, Кіре-берісте саяздау етіп салынған терезе орны. Құрылыс азанға арналған алаңмен аяқталды. Қабырғаларында 6 тікелей тесіктерге төрт бұрышты терезелер салынған. Құрылыс қазіргі күйдірілген қызыл кірпіштен салынған формасы квадрат тәрізді.Мешіт ғимараты 30-жылдары 20 ғасырда бұзылған. Қазір бұл жерде медресе жұмыс істейді «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік қорық-мұражайының ғылыми қызметкерлері зерттеді 1980, 1999, 2002 жылдары жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жамбыл Жабаев ескерткіші.Жамбыл Жабаев ескерткіші Жамбыл алаңында орналасқан. 1961 жылы ақынның 115 жылдың мерей тойына арналып салынды. Жобаның авторы – сәулетші В. Сашенко мүсінші Қазақ ССР-інің халық суретші Х. Наурызбаев. Мүсін Ленинградта жасалған. Қола мүсін тік бұрышты ашық қызыл плитадан жасалған биік таста тұр. Жамбыл ұзын шапанда, бөрік киген, сол қолында домбыра, оң қолы жоғары көтірілген.Жамбыл Жабаев халық ақыны, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында туған. Халық ауыз әдебиетінің ірі өкілі. Қазан төңкерісіне дейінгі өлеңдері сүйікті шығармашылығы – айтыс. Батырлар туралы өз халқын қорғаған ерлік істері туралы жырлаған ақын. Соғыс жылдарында Қоршаудағы Ленинград қаласын қорғаған батырларға арнап жазаған «Ленинградтық өренім» атты өлеңі көп ұлтты кеңес әдебиетінің ең үздік шығармасы.Биік ірге тасты қолында қылышы бар ұлғы тұлға айбынды жауынгер, философ интернационалист, жазушы. Екінші шешуші дүние жүзілік соғыстың батырының ескерткішінен халық көптеген ұрпақтың айбында батырларының бейнесін көреді. Ол каһарлы соғыс мектабін өткен ажал көріне бірнеше рет қараған, әр ұлттың жауынгерін жеңіске жету мақсатында тәрбиелеген. Ол үнемі үкімет оппозиясында болып, өзінің тәуелсіз мінезімен, әділетсіздікті сынап отырған. Кеңес Одағының Батыры халық батыры Бауыржан Момышұлының өмір жолы туралы Отан тарихына арналған кинотаспаларда, энциклопедияларда бейнеленген, оның образы ТМД елдері мен Шетел галлереяларында. Баукеңнің атымен оның туған жері Жуалы ауданы аталады, онда оған арналған мұражай, сонымен бірге Кременевка ауылы да Баукеңнің атымен аталады, алаң, көше, мектеп, лицейлерге Баукең аты берілді.

Шығыс моншасы ( Х-ХІІ ғ ).Шығыс моншасы Тараз қалашығы аймағында, қазіргі орталық базар аймағында орналасқан. Ғимарат күйдірілген кірпіштен салынған, сылағының иіліп жасалуы моншаның көп күмбезділігін білдіреді ілекі қабырғалары 4-ке бөлінген оңтүстік – батыс бұрышында моншаның ауыз үйі, 2-3-інші бөлімдері жуынатын бөлмелер, 4 бөлме процедураға арналған. Монша канализациясы күрделі жасалған және жылу жүйесі керамикалық құбырлардан жасалған. Солтүстік батасында кешенге жақындатылып тастан қаланған құдық тұр.Ортағасырлық Орта Азия мен Қазақстанда сумен қамтамасыз етуді оқуда бағалы. 1973 жылы Жамбыл облыстың тарихи-өлкетану мұражайдың экспедициялық отряды зерттеген.

Ақтөбе қалашығы ( VI-XIII ғ ).Жамбыл облысының Шу ауданында Ақтөбе ауылының оңтүстік шығысынан 3 км қамыктықта Ақсу өзенінің екі жағалауында орналасқан. Бірінші рет әдебиетте 1894 жылы айтылды (В.В. Бартольд), 1941 жылы Жамбыл археологиялық бөлімінің экспедициясы ашты (Т.И. Пацевич), 1954 жылы ККАЭ отряды Қырғыз ССР-і Ғ.А. зерттеді (П.Н. Кожемяко). Қазба жұмыстарын 1974-1980 жылдары ҚазМУ археологиялық экспедициясы жүргізді (У.Х. Шалекенов) Ақтөбеде САЭ (К.А. Екішев) жұмыс істейді. Қалашық екі шахристаннан тұрады. Шахристан 1-дің формасы төрт бұрышты, биіктігі 6-7 м. Орталық бөлігінде квадрат формалы биіктігі 10 метр, қабырғасы 100 метр қамал орналасқан.шахристанның биіктігі 3-6 м. Қалашық айналасы ұзын дуалдармен қоршалған бірінші қамалдың ұзындығы – 17 км. Екіншісі – 25 км. Екінші дуалға батыс және оңтүстік жағынан 4 иілген қамалдар тіркеседі. Қазба жұмыстары қалашықтың барлық бөлігінде жүргізілді. Археологиялық қазбалар нәтижесі қамал қалыңдығы 9 м 3 хронологиялық кезеңді қамтиды 8 ғасырдың 6 кезеңі, 8-10 ғ. екінші жартысын, 11 ғасыр мен 13 ғасырдың басын, 1-2 кезеңде қамалда қабырғалар салынған өртеніп қайта қалпына келтірілген. Кейінірек бекініс қабырғаларының құрылысы жалғасып, сонымен бірге сарай кешені және шаруашылық ғимараты салынған. Шахристандағы қазба жұмыстары үлкен қызығушылық туғызады. 21 ғимарат ашылды. Олардың соғылу принципі анықталды. Қазба жұмысының негізгі материалдары шаруашылық керамикасы, қола шамдар, қарахан тиындары. Үйлерден 10-12 ғасырдағы 2 виносаушының қалдықтары табылды. 10-13 ғасырларда қорған қазылып 8 ғимарат және даладан кіретін бір есік арқылы шығатын жанасқан көшенің бөлігі. Керамика, шамдар 10-11 ғасырға тән бұйымдар .

Кесенелер

Айша бибі кесенесі XI-XII ғасырлардың архитектуралық ескерткіші.Біздің кезімізге кесененің тек батыс бөлігі ғана сақталып қалған. Қазір кесене толық жөндеуден өткізілді. Аймақ маңы түгіл көгеріштендірілген.Орта Азия мен Қазақстанда архитектуралық-құрылыс мәденинтінде ұқсастық жоқ. Қарахан дәүірінің архитектуралық ескерткіші болып табылады.60-қа жуық өрнектермен және түрлі формалы плитаралымен ерекшеленеді. Бағаналарында эпиграфиялық белбеу бөлшектері сақталған.Ескерткіш өзінің ерекше архитектурасымен ғана емес, тарихи аңыздары шығыс елінің сұлуы Айшаның  және айбынды жауынгер Қараханның махаббаты туристерді қызықтырады. Айша шығыс данышпаны Зеңгі бабанын қызы болып саналады. Аңыз бойынша Айша сүйіктісі Қараханға бара жатып жылан шағып өледі.

Бабаджа қатын кесенесі Айша бибі кесенесінің жанында орналасқан.XI-XII ғасырдың архитектуралық ескерткіші болып табылады. Кесене қарапайымдылығы мен формасының әдемілігімен ерекшелініп, соның арқасында біздің кезге дейін сақталған. Соңғы жөндеу жұмысы 2002 жылы жүргізілді. Архитектурада кесененің шатырлы жабылулы біздің аймаққа дәстүрлі еместігімен қызығушылық туғызады. Кесене порталы бізге осы жерде жерленген әйел атын жеткізді.Аңыз бойынша ол Айшанын күтушісі болған. Оны осы қайрылы жолға еріп барған. Айша қазаға ұшырағаннан кейін, онын қабірінде шырақ жағып отырған. Екі кесенеде архитектуралы нысандар ғана емес, қаржылық орын болып табылады. Мұсылман әлемінде мұндай жерлері әуліелі деп аталады.

XI ғ. Қарахан және XIII ғ. Дәуітбек кесенелер кешені.XI ғ. Қарахан кесенесі діни-мемориалдық кешен, ортағасырлық Тараз аймағына қалыптасқан. Алғашқы құрылысы Қарахан дәүірінің XI ғасырында салынған. 1905-1906 жылы кесене қайта салынған. Қайта салу кезінде алғашқы жоспары мен архитектуралық принциптері сақталған.

Кесененің ортағасырлық кірпішін пайдаланған. Ортаазиялық діни архитектура-үлгісіне сай кұмбезді етіп салынған. Бұл кесененің құрылысын өзін Айша бибі және Бабаджа қатын кесенелерімен байланыстырады. Тарих ғылымында жерлен адам X-XII ғасырларда біздің аймақты билеген Қарахан хан әулетімен байланастырады. Тарих ғалымында жермен адам Х-ХІІ ғасырларда біздің аймақты билеген Қарахан хан әулетімен байланыстырады.

ХІІІ ғ. Дәуітбек кесенесі (Шамансұр)Қарахан кесенесімен бірге мемориалдық-діни кешенге кіреді. Кесене дәстүрлі ХІІІ ғ. ірі әскербасына арналған күмбезді формамен салынған. Кесене ортасында тасты ескерткіш орнатылған, онда арабша ойып жазылған жазу бар. Жазу жерленген адамның аты мен өлген мерзімімнің көрсетеді.Екі кесененің аумағы да көгертіндірілген.

ХІХ ғ. Қали-Юнустың шығыс моншасы.Монша ғимаратың ХІХ ғ Әулие-ата тұрғындары салған.  Құрылысты салуда архитектуралық принциптер мен шығыс моншаларына тән жылу жүйелерінің принциптері сақталған. Қазір монша қайта жөндеуден өткізіліп архитектуралық ескерткіш болып саналады. Монша туристік саяхат сапары болды. Аймақ көгерілетіндірілген.

Информация о работе Зерттеу және экскурсиялық обьектілердің сұрыпталуы