Урғашы малдың жанас органдарының анатомиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 19:17, реферат

Описание работы

Аналық малдың жыныс процессінің эволюциясы аталықтың эволюциясына ұқсас. Егер біз аталық жыныс клеткалары белсенді жылжу қасиеттерімен сипатталады десек, керісінше аналық гаметалар өз бетімен жылжу қасиеттерін жоғалтып, оның орнына барлық эмбриональды мезгілде немесе зародыштың дамуы мен өсуіне керек пластикалық заттар қорына ие болады.

Содержание

І Кіріспе 3
ІІ Негізгі бөлім 4
2.1 Ішкі жыныстық мүшелер. 4
2.2 Сыртқы жыныстық мүшелер 7
ІІІ Қорытынды 8
ІV Қолданылған әдебиеттер тізімі 9

Работа содержит 1 файл

анатомия жен орг.doc

— 59.50 Кб (Скачать)

Жоспар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І Кіріспе

Аналық малдардың  жыныс аппаратының және жыныс  процесінің эволюциясы.

Аналық малдың жыныс процессінің эволюциясы аталықтың  эволюциясына ұқсас. Егер біз аталық жыныс клеткалары белсенді жылжу қасиеттерімен сипатталады десек, керісінше аналық гаметалар өз бетімен жылжу қасиеттерін жоғалтып, оның орнына барлық эмбриональды мезгілде немесе зародыштың дамуы мен өсуіне керек пластикалық заттар қорына ие болады.

 Жыныс процесінің  әрі қарай дамуы кезінде аналық пен аталық аралығында ерекше қарым-қатынас пайда болады. Осы көрініс аналық және аталық гаметалардың кездесуін жеңілдетіп, соның арқасында ұрықтану болады.

 Ұрықтану  ішкі және сыртқы түрге бөлінеді. Сыртқы ұрықтану амфибиялар мен балықтарда, ал ішкі ұрықтану сүт қоректілер мен құстарда және барлық дала жануарларында өтеді.

 Ішкі ұрықтану  кезінде ұрықтар аналық жыныс  жолдарына түседі де, осы жерде ұрықтану процессі өтеді.

 Аналық ұрық  дамыған кезде жыныс өскінінен  аналық жыныс безі, ал мюллеров каналының краниальдық бөлігінен фаллопиев тұрбасымен үлкейткіш пайда болады, каудальды бөліктері несеп-жыныс синусіне құйылады. Каудальдық шеттерінің өсіп кетуіне байланысты жақын немесе едәуір қашықтықта қынап, жатыр мүйіздері денесі және мойыны пайда болады. Вольфов жолы жойылады.

Ұрғашы малдың сыртқы жыныстық органдарына жыныстық ернеулер, қынап кіреберісі және шүртекей, ал ішкі жыныстық органдарына қынап, жатыр, жатыр түтікшесі, аналық жыныстық бездер жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ  Негізгі бөлім

2.1 Ішкі жыныстық  мүшелер.

Аналық  жыныстық без – жұп орган, сиыр мен қой, ешкіде жамбас қуысында, ал биеде, мегежінде, итте және мысықта құрсақ қуысының каудалдік бөлігінде орналасқан. Сыртқы пішіні дөңгелек, сәл сопақшы болып келеді. Тығыз, көлемі сиырда 3х2 см; ұсақ малда 1,5х1 см. Биелердің аналық жынысытық безі бүйрек тәрізді, көлемі 5х3 см, кейде одан да үлкен, 10 см дейін жетуі мүмкін, ал мегежіндердің аналық жыныстық безі 3х2 см, сырты бұжырланып тұрады.

Аналық бездің сырты сірлі  қабықпен қапталған, оның астында ұрықты эпителий жатады. Кесіп қарағанда оның ішкі құрылысы екі қабаттан тұратындығы байқалады: сыртқы қыртысты қабатта ұрықты эпителийден дамыған, әртүрлі сатыдағы фолликулдер және сары денелер орналасады. Ішкі қабаты негізінен қан тамырлары мен жүйке талшықтары және дәнекер ұлпадан тұрады.

Аналық бездің негізгі  қызметі аналық ұрық торшасын және жыныстық гормондар түзу.

Жұмыртқалық – аналық жыныс торшалары овоциттер жетіліп, аналық жыныс гормондары бөлінетін, пішіні сопақша келген жұп паренхималы мүше.

Үй жануарларында жұмыртқалық  бел аумағының жамбас қуысына  кіреберісінде, шажырқайға ілініп тұрады. Шажырқай арқылы жұмыртқалыққа қоректендіретін  өан және лимфа тамырлары мен  жүйкелер енеді.

Бие жұмыртқалығының пішіні жас малдарда сопақша, ал кейін жасы ұлғая келе лобия тәрізденіп өзгереді. Жұмыртқалықтың ұзындығы 5 – 8 см, салмағы 80 г. Сиыр жұмыртқалығының пішіні сопақша келген, салмағы 14 – 19 г. Қой мен ешкі жұмыртқалықтарының пішіні дөңгелек болып келеді. Мегежін жұмыртқалығында бір мезгілде ондаған жұмыртқа торшалары пісіп жетіледі, осыған байланысты оның сыртқы беті бұдырлы келеді.

Жатыр түтікшесі өте жіңішке, иректелген түтік, аналық без бен жатыр тармағын жалғастырып жатады. Ұзындығы бие, түйе, сиыр, мегежінде 25 – 30 см, қой мен ешкіде 10 – 15 см. Түтіктің ішкі диаметрі аналық безге жақындаған сайын кеңи тұседі де, соңына қарай етегі желбіршектеніп бітеді, тіпті аналық безді қоршап жатады.

Жатыр түтікшесінің қабырғасы  үш: сыртқы сірлі, ортаңғы етті, ішкі кілегейлі қабаттан тұрады. Кілегейлі қабат ұзына бойымен орналасқан бірнеше қатпарлы, түкті эпителийден тұрады. Жатыр түтікшесінің қызметі аналық және аталық ұрық торшаларын өткізіп, олардың қосылуын, пайда болған зиготаны жатырға апарып салуды қамтамасыз етеді.

Жатыр – плацентарлы сүтқоректі жануарларда ұрық толық дамып жетілген қуысты түтікше мүше. Жатыр жамбас қуысында, тік ішектің астында орналасқан. Биенің, мегежіннің, ит пен мысықтың жатыр тармақтары құрсақ қуысында жатады. Олар жатыр шарбысы арқылы бел омыртқа бұлшық еттеріне бекітілген. Жатырдың өзі: мойыны, денесі және тармағы болып үш бөліктен тұрады. Жатыр тармағының ерекшеліктері бойынша: биелерде қостармақты екіге бөлінбеген, ал күйіс малдарында, мегежінде, ит және мысықтарда өос тармақты, екіге бөлінген болып келеді. Кеміргіштерде – жатыр қосарланған немесе қос жатыр, яғни тармақтары жекеленіп, қынапқа екі жатыр мойыны келіп ашылады. Адам мен маймылдарды жатыр тармақтары жоқ, қарапайым жатыр болып саналады.

Жатыр мойыны қынап пен жатыр денесін жалғастырып тұрады, өте тығыз, бұлшық етті орган. Ұзындығы кәрі сиырларда 10 – 15 см жетеді, диаметрі 3 – 4 см цилиндр тәрізді орган, жатыр мойынының қабырғасы үш қабаттан тұрады: сырты жылтыр сірлі қабат, ортасында етті қабат, ішкісі кілегейлі қабат, сөл бөліп шығаратын безді эпителиймен қапталған. Жатыр мойынының кілегейлі қабығы әсіресе, сиырда өте ірі, ұзына бойы және көлденең орналасқан қатпарлар түзеді. Бұл қатпарлар оның бетіндегі кілегейлі шырыш қоюланып, тығын тәрізді жатыр аузының мықтап, саңылаусыз жабылуын қамтамасыз етеді. Жатыр мойыны тек қана мал күйлеген кезде және туар кезде ашылады.

Жатыр мойыны қынапқа қарай 2 – 3 см шығңқырап тұрады, ал мегежінде ондай көрініс жоқ, қынап пен жатыр мойының арасы қалыңдап, ешқандай кедергісіз жалғасып жатады. Жатыр денесі жұмсақ, ұзындығы 2 – 3 см жетеді. Биенің жатыр денесі кең, ұзындығы 10 – 15 см, себебі биенің жатыр денесі төл өсіп дамитын орын болып саналады.

Жатыр тармақтары жатыр денесінен жіңішкере келіп жатыр түтікшесіне барып жалғасады. Сиырдың жатыр тармақтары қошқар мүйізі тәрізді астына қарай иірленіп жатады, ұзындығы 20 – 30 см. биенің жатыр тармақтары алға қарай, төмен түсіп барып ұшы жоғары қайырылап тұрады, яғни дөңес жағы астында да, ойыс жағы үстіне қараған. Мегежіннің жатыр тармақтары құрсақ қуысында ішек тәрізді иректеліп жатады, ұзындығы 1,5 – 2 м жетеді.

Жатыр тармағының қабырғасы үш қабаттан тұрады: сыртқы қабаты сірлі қабат, ортасында етті қабат, ең ішкі қабаты кілегейлі қабат. Ол сөл бөліп шығаратын безді эпителиймен қапталған. Күйіс малдарының жатырының кілегейлі қабатында сүйел тәрізді, сопақша келген диаметрі 2 – 5 мм болатын арнайы құрылымдар болады, олардың жалпы саны 80 – 120-ға дейін жетеді. Олар жатыр денесінде ретсіз, ал жатыр тармағында 3 – 4  қатар болып, тізіліп орналасады. Оны карункул деп атайды. Ол ана мен төл организмін байланыстырып тұратын болашақ плацентаның аналық бөлігі.

Қынап жыныстық қатынасты және төлдің туу процесін қамтамасыз ететін, жатыр мен несеп – жыныс кіреберісі аралығында орналасқан тақ түтікше мүше. Ол жамбас қуысында жатырдан кейін орналасып, ешқандай шекарасыз несеп – жыныстық кіреберіске өтеді. Қынап ұзындығы ірі малда 30 – 35 см, ұсақ малда 10 – 12 см болатын түтік, оның диаметрі малдың жасына, салмағына байланысты әртүрлі болады. Оның қабырғасы басқа түтікше органдар сияқты үш қабаттан: сыртқы қабаты – каудальдік бөлігі адвинтициядан,  ал краниалдік бөлігі – сірлі қабаттан, ортаңғы етті қабаттан және ішкі кілегейлі қабаттан тұрады. Қынаптың кілегейлі қабаты көп қабатты, жалпақ эпителиймен қапталған. Кілегейлі қабаты ұзына бойымен орналасқан көптеген қатпарлар түзеді. Соның есебінен қынаптың диаметрі қажетіне қарай кеңейе береді. Ортаңғы етті қабық ішкі сақинаша және сыртқы ұзынша қабаттардан құралған. Бұл органдар жыныстық аппараттың ішкі бөлігін құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Сыртқы жыныстық мүшелер

Жыныстық  ернеулер немесе сарпай қосылып жыныстық саңылауды құрайды. Сырты қатпарланған тері, оның астында майлы дәнекер ұлпа, тер және сөл бөліп шығаратын бездер, қан тамырлары орналасқан, ішкі жағы кілегейлі қабат болып келеді.

Шүртекей жыныстық ернеулердің төменгі өосылған жерінде, ішкі жағында орналасқан, оның негізін каверналық етті дене құрайды, дөңгеленген кішкентай басы болады. Жалпы ұзындығы сиырда 1 – 2 см жетеді. Бұл орган еркек малдың жыныстық мүшесінің қалдығы, яғни рудименті, жыныстық қатынас кезінде қозу импульстерін қабылдап, үлкейіп қатая бастайды.

Қынап кіреберісі жыныстық саңылаудан басталып, қынапқа қосылатын, ұзындығы ірі малда 8 – 10 см болып келетін түтік. Қабырғасы үш қабаттан тұрады: сыртқы дәнекер ұлпалы клетчатка, ортасында етті қабат, ішкі кілегейлі қабат. Қынап сияқты көптеген ұзын қатпалар түзеді. Кілегейлі қабықтың астынан, қынап кіре берісіне бартолини бездерінің түтікшелері ашылады. Қынап кіреберісі мен қынаптың шекарасында кішкентай, әлсіз дамыған көлденең қатпарша – қыздық перде орналасады.

Қынап кіреберісі мен қынаптың атқаратын негізгі  қызметі жыныстық қатынасты қамтамасыз ету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ Қорытынды

 

ІV Қолданылған  әдебиеттер тізімі

  1. Бозымов Қ., Есенғалиев Қ., Дурткаринов Е «Мал анатомиясы» - Астана, 2011ж.
  2. Жаңабеков К, Жаңабекова Г.К. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» - 2005ж.
  3. Н. И. Полянцев. «Сиырларды қысыр қалдырмау шаралары» - Алматы : "Қайнар", 1977.
  4. Ш. Қ. Қалтаев, Б. Д. Жукин «Ветеринарлық акушерлік, гинекология және көбею битехникасы» - Алматы, 2011ж.

 


Информация о работе Урғашы малдың жанас органдарының анатомиясы