Мемлекет нысанының түсінігі,оның құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 19:09, курсовая работа

Описание работы

Еліміздегі экологиялық дағдарысқа химия, мұнай металлургия, отын өнеркәсібінің жедел және көп мөлшерде дамуы да әсерін молайтып отыр. Жыл сайын Қазақстандағы су қоймаларына химиялық қоспалар мен ластанған 6 млрд. м³ ағын су құйылады, 3 млн. тонна зиянды заттар ауа қабатына сіңеді, 200 млн. тонна қатты қалдықтар қоқысқа тасталады. Басқа да шикізат көздерін игеру ауаны ластаумен қатар жүргізілуде, олардың қатарына мыс, қорғасын, мырыш, күміс, хром, ванадий, фосфорит, барит, сурьма, тас көмір, мұнай т.б. кен орындары жатады. Ірі өндіріс орны болмаса да Алматыда да ауаның қалыптан тыс ластануы байқалады. Бұл, әрине, қаланың географиялық орналасқан орнына байланысты

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА АУЫР МЕТАЛДЫҢ ӘСЕРІ.......................................5
2. АТМОСФЕРАНЫҢ ЛАСТАНУЫ ................………..…..……........................8
3. БИОСФЕРАНЫҢ АУЫР МЕТАЛДАРМЕН ЛАСТАНУЫ..........................11
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................15

Работа содержит 1 файл

ҚО ауыр металмен ластануы.doc

— 87.50 Кб (Скачать)

 

 

 

3. БИОСФЕРАНЫҢ АУЫР МЕТАЛДАРМЕН ЛАСТАНУЫ

 

Биосфераның ауыр металдармен  ластануы — ғылыми техникалық прогресстiң аса маңызды проблемаларының бiрi болып отыр. Кейбiр есептеулер бойынша бүкiл адамзат қоғамы кезеңiнде 20 млрд тонна темiр өндiрiлген болса, оның түрлi техника, құрал жабдықтар, қондырғылардағы мөлшерi 6 млрд тонна ғана, олай болса 14 млрд тонна темiр қоршаған ортаға таралып, ластап отыр деуге болады. Бұдан басқа жыл сайын өндiрiлген сынап пен қорғасынның 80-90 % биосфераға таралған. Көмiр жанған кезде күл жəне түрлi газдармен бiрге қоршаған ортаға таралатын кейбiр элементтердiң мөлшерi олардың өндiрiлген мөлшерiнен де асып түседi. Мысалы, магний — 1,5 есе, молибден — 3 есе, мышьяк — 7 есе, уран, титан — 10 есе, аллюминий, иод, кобальт — 15 есе, сынап-50 есе, литий, ванадий, стронций, бериллий, цезий — 100 деген есе, галлий мен германий — мыңдаған есе, иттрий — 10 мыңдаған есе, т.с.с.

Ауаның ластануы адамның  денсаулығына, экожүйелердiң қалыпты  жұмыс iстеуiне, т.с.с. көптеген организмдерге  зиянды əсерiн тигiзедi.

Ауа бассейнiнiң мөлдiрлiгiнiң  өзгеруiне атмосферадағы көмiрқышқыл  газының үлкен əсерi бар. Жыл сайын  атмосферадағы оның мөлшерi 0,4 % артып отыр, қазiргi кездегi атмосферадағы көмiрқышқыл газының мөлшерi 0,032 %. Кейбiр есептеулер бойынша атмосферадағы көмiрқышқыл газының мөлшерi əр 23 жыл сайын 2 еселенiп отырады. Көмiрқышқыл газы инфрақызыл сəуленi — жылу сəулесiн сiңiредi, оның мөлшерi белгiлi бiр концентрацияға жеткенде қоршаған ортадағы жалпы температураның жоғарылауына əкелiп соғуы мүмкiн. Атмосферадағы озонның мөлшерi (көлем бойынша) 2 х 10 %, бiрақ ол Жер бетiн күн радиациясынан қорғап тұрады жəне бактерицидтiк қасиетi бар.

Атмосфераның күкiрттi қосылыстармен ластануы қазiргi таңдағы  аса маңызды проблемалардың бiрi болып отыр. Күкiрт атмосфераға 5000 жылдан астам уақыт бойы бөлiнiп отыр.

Күкiрт оксидтерi өсiмдiктерге, жануарлар мен адам организмiне зиянды əсер етедi. Атмосферада күкiрт (1V) оксидi күкiрт (V1) оксидiне дейiн тотығады да, су буларымен қосылып, күкiрт қышқылына айналады. Күкiрт қышқылы атмосфералық жауын шашынмен бiрге қышқыл жаңбыр түрiнде жерге жауады. Қышқыл жаңбырлар су экожүйелерiне зиянды əсерiн тигiзедi, ағаштар мен ауыл шаруашылық дақылдарының өсуiн тежейдi, сөйтiп үлкен экономикалық шығын келтiредi. Атмосфераға бөлiнген ауыр металдар заттардың табиғи айналымына қосылады. Олардың су мен топырақта көп мөлшерде жинақталуы тiршiлiкке үлкен зиян келтiредi. Мышьяк пен хром рак ауруларының тууына себеп болады. Ал селенмен уланған организм өлiмге ұшырайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Табиғат анамен жылдар бойы қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуы  ХХ1 ғасырда бұрын-соңды болмаған деңгейіне жетті. Ғаламат жаңалықтармен бірге өндірістің жедел дамуы,зауыттардың еселеніп салынуы,жер құнарының тас-талқанын шығарған 1953-1962 жылдардағы тың игеру, қазақ жеріндегі сынақ алаңдары күнделікті тіршілікке араласып, жетістігімен қатар апатын да ала келді.

Қазақстанның қазіргі экологиялық жағдайы ғаламдық шеңберде проблема тудыратын мәселеге айналып отыр.

Жалпы ірі өндіріс  орындарын дамыту 3 факторларға байланысты:

1. Шикізат көзі.

2. Адам күші.

3. Су ресурстары.

Осы 3 фактордың арақатынасын сақтамай ірі өнеркәсіп орындарын дамыту мүмкін емес.Біздің ірі өндіріс орындарының барлығында жоғарыда аталған экологиялық шарттар ескерілмеген.Ірі өндіріс орындарынан шығатын улы газдар,ауыр металдар,өндіріс орындарының айналасындағы халықтың денсаулығына,топырақтың,ауаның құрамының өзгеруіне үлкен әсер етеді.

Батыс Қазақстан өнеркәсіптік экологиялық аймағына-Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу,металлургия,құрылыс  материалдары және тағы басқа да салаларға  маманданған.Бұл аймақтағы негізгі  мәселелер—табиғи ортаның мұнаймен ластануы, радиактивті қалдықтармен ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп,шөлдену процестерінің жүруіне,биокөптүрліліктің жойылуына әкелуде.Сондай-ақ мұнда тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандарда,орташа саны басқа облыстармен салыстырғанда жоғары.

Батыс аймақта Маңғыстау  облысы экологиясы ауыр аймақтардың  алдыңғы қатарына жатады.Қауіпті  нүктнлердің топырақ қабаттарын тексергенде бұл өңірді Семей,Аралдан  кейінгі үшінші орында.

Маңғыстау облысында  жергілікті тұрғындарға қасірет төндіріп тұрған Қошқар ата улы көлінің су астында 104 млн т улы қоспа жатыр.Қзір уран өндірмейді,ал су буланып,жаға ашық қалған.Әбден кепкен топырақ шаң болып өңірге тарайды.Одан адамдар арасында түрлі аурулар пайда болуда.Әсіресе инсульт ауруы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Майстренко В.Н., Хамитов Р.З., Будников Г.К. Эколого-аналитический мониторинг супертокисикантов. – М.: Химия, 1996. – С. 5-6.
  2. Туркебаев Э.А., Садыков Г.Х. Комплексное использование отходов промышленности. – А-Ата, 1988. – 140 с.
  3. Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан (10.12.2003 ж.). – Алматы, 2003.
  4. Надиров Н.К. Высоковязкие нефти и природные битумы // В 5 т. Сер.: Добыча. Подготовка. Транспортировка. – Алматы: Ғылым, 2001. – Т. 2. – 444 с.



Информация о работе Мемлекет нысанының түсінігі,оның құрылымы