Бухгалтерский учет негизи жаксыгой

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2011 в 22:38, курсовая работа

Описание работы

Бухгалтерлік есеп және аудит – ұйымның қалыпты шаруашылық қызметін жүргізу үшін жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттерге бизнес пен бухгалтерлік есепті таныстыруға арналған бірқатар тақырыптардың құрылымынан тұрады. Курстың басты мақсаты – экономика саласында кез- келген мамандыққа оқып жатқан студенттерді бизнес тілімен таныстыру. Оларға бухгалтерлік есеп ақпараттарын қалай қолдану қажеттілігін және осы ақпараттардың қайдан алынғандығы жайлы түсінікпен таныстыруды көздейді. Бұл курс қаржылық есептің бастамасы, яғни бастапқы курсы болып табылады және де мұнда қаржылық қорытынды есеп беруді дайындау мен бухгалтерлік есеп кезеңдеріне және аудит негіздеріне шолу жүргізіледі.

Работа содержит 1 файл

бух учет курсовой.doc

— 543.00 Кб (Скачать)

      Өзіндік құн ( өнімнің, жұмыстардың, қызметтердің) фирманың өзінің тауарларын өндіруге, басқаруға және өткізуге жұмсалған ақшалай нысандағы шығындары.

      Өтімділік - Міндеттемелерді өз уақытында төлеуге жететін қолда бар қаражаттар.

      Шек қою - Шектеу, белгілі бір нәрсені  алып пайдалануға норма қойып  қажетті саны мен көлемін қою.

      Өзіндік құн және нарықтық құнның төменгі мәнімен  есептеу тәсілі - Әрбір жекелеген босалқылардың өзіндік және нарықтық құны салыстырылады, бұдан соң әрбір жекелеген босалқы осы екі құнның ең төменгі дәрежесімен есепке алынады.

      Үстеме  шығындар субъектінің өндірістері ұйымдарға, басқаруға және оған қызмет көрсетуге жұмсайтын шығыны.

      Үлес - компанияның үлесіне қатысу. Компанияның акционерлік капиталынан және таза пайдадан тиесілі табыс алу, сондай-ақ компания жойылған жағдайда активтерден үлес алу құқығын білдіруші қағаз (акция). Пайыздық үлес процесіде құнды қағаздар негізінде бірлесіп құрылған қордан (серіктестік, құрылыс салушы қоғам) немесе бір нәрседен үлес алу.

      Патент – белгілі бір тауарлар өндіру немесе белгілі бір процестерді пайдалану жөнінде бірнеше жылдарға үкіметтің берген құқығы.

      Пайдалық - фирманың, оның қызметінің пайдалылығы, табыстылығының көрсеткіші.

      Пайыздың  номиналдық ставкасы – акция ұстаушыларға төленетін, облтгациялардың номиналдық құнына негізделген пайыздық ставка.

      Пайыздар - Алынған несиелер бойынша несиелерді пайдаланғаны немесе сйыақыландыру үшін төленетін пайыздық шығындар.

      Регистрлар  – Заңды маңызы бар бухгалтерлік есеп мәліметтері мен көрсеткіштерін өңдеп түсіріп отыруға арналған бухгалтерлік құжаттар.

      Реуквизиттер – Құжаттар мен актілердегі, вексельдер мен т.б. мәліметтердің дұрыстығын анықтаушы (құжаттардың аты, мұндағы сома, сан, қаржылық ақша төлеушілердің аты, т.с.с.) жазулар.

      Рефакция  – Қарсы әрекет - Келісім-шарт және стандарт сәйкестігі деңгейінде көрсетілген тауарлар сапасының төмендігінен қойылған бағаны реттеудің тәсілі. Тауарлардың бағасы мен салмағының пайыздық дәрежесіне қарай тауарлар құнын арзандатып отыру үшін қажет.

      Резиденттер - ҚР тиісті заңнамаларына сай ҚР аймақтарында құрылған және орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ ҚР тұрақты тұратын жеке тұлғалар.

      Резидент  еместер - Шет мемлекеттер заңнамаларына сай құрылған және ҚР тыс аймақтарда орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ ҚР тыс аймақтарда тұрақты тұратын жеке тұлғалар.

      Салық салу объектісі - белгілі бір салық өндіріп алынатын мүлік.

      Сатып алу (сату) - фирманы сатып алу – сату немесе акциялардың бақылау пакетін сатып алу жөніндегі тікелей мәміле жолы мен фирманы сатып алу (сату).

      Сальдо ( итал. Saldo – қалдық) - белгілі бір күнгі жай-күй бойынша кез-келген есеп айырысуда ақшалай түсімдер арасындағы айырма.

      Санация – түзету, жақсарту – Банкроттыққа айнала бастаған кәсіпорындардың қаржы және несие жүйесін жақсартуға бағытталған  шаралар. Мұндай түзетулердің негізгі бағыты: жаңадан акциялар мен облигациялар шығару, үкімет тарапынан жәрдем ақша (субсидиялар), жаңадан банк несиелерін алу, бұрын алынған несиелердің қайтару мерзімін ұзарту, зиянды кәсіпорындарды таратып, бұлардың негізінде жаңадан мықты материалды-технологиялық жүйе жасау, кәсіпорынды экономикасы қуатты ірі компанияның құрамына енгізу, немесе бірнеше кіші кәсіпорындар құру. Түзету мен жақсарту әдістері бюджетті тұрақтандыру мен қағаз ақша айналысын шектеуге, бағаның орынсыз өсуін тоқтатуға, валюталық және сыртқы сауданы шектеуге, шет ел несиелерін қатыстыруға т.б. бағытталған.

      Сатудың жалпы сомасы - Есепті кезең ішінде ақша қаражаттарына және несиеге сатылатын тауарлардың жалпы құны.

      Сатуды  арзандату - Несиеге сатылған соманы мерзімінен бұрын төлегені үшін сатып алушыларға қойылған сомадан шегеру. Сатуды арзандату счеты табыстар счетының қарсы счеты болып табылады.

      Сатылып алынған тауарларды тасымалдау - Қайта сату үшін алынған тасымалдау шығындары. «Сатып алуды тасымалдау» деп те аталынады.

      Салықтандыруға  дейінгі пайда - Операциялық шығындарды шегергеннен кейінгі жалпы пайда. Сондай-ақ операциялық пайда немесе қызметтен түскен пайда деп те аталынады.

      Салыстыру балансы -Тексеру және теңестіру мақсатындағы счеттардағы дебеттік және кредиттік қалдықтарды Бас кітаптағы қалдықтармен салыстыру.

      Сәйкестендірудің  айырықша (арнаулы) тәсілі - Жылдың соңында қалған әрбір жекелеген босалқылар құны өзіндік құнын есептеу тәсілі бойынша анықталады.

      Сенімсіз  немесе күмәнды счеттар - Төлей алмайтын немесе төлегісі келмейтін сатып алушыларға арналған алынатын счеттар.

      Сенімділік  принципі - Сенімділік білдіруші қасиеттерді бекітуші ақпараттарды сапалық тұрғыда сипаттау.

      Сериялық  облигациялар - Әр түрлі уақыттар уақыттарда жабылатын мерзімі көрсетілген облигациялар шығару.

      Сыйақы - Шығарылған облигациялар бағасының номиналдық құнынан жоғарылауы.

      Табыс - активтерді арттыру есебінен есепті кезең ішіндегі экономикалық пайданы көбейту немесе меншікті капиталдың өсуіне әкеліп соғатын міндеттемелердің азаюы.

      Талдамалық  есеп - ақшалай және заттай түрде егжей-тегжейленген шаруашылық операцияның бухгалтерлік есебі.

      Таза  активтердің құны - инвестициялық қорлар активтері құнының оның міндеттемелерінен асып түсуі.

      Таза  табыс жалпы табыс пен төленген салықтарды қосқанда өндіріске жұмсалған шығындардың арасындағы айырма, яғни субъект есепті кезеңде алған қалдықтық нәтиже.    

      Таза  сату - Сатып алғаннан қайтарылатын, басқалай шегерімдердің барлығын шегергеннен кейінгі тауарлар сатудан жалпы түсім сомасы.

      Тану  сәті - Операцияларды алдын-ала белгіленген уақытта тану. Әдетте меншік құқығы сатып алушыларға өткен сәтті – тану сәті деп атаймыз.

      Тарихи  құн принципі - Активтер, міндеттемемелер немесе меншікті капиталды құраушылар сатылғанға дейін, бұларды пайдаланудың мерзімі аяқталғанға дейін, сондай-ақ бұлар толығымен жойылғанға дейін немесе басқа жағдайларға байланысты есептен шығарылғанға дейін өзгеріске түспейтін бастапқа құнды – тарихи құн принципі деп атаймыз.

      Түсініктілік  принципі - Берілетін ақпараттарды барынша қанағаттанарлық дәрежеде сапалық сипаттау.

      Тәуелсіздік принципі - Бухгалтерлік есептің объектитілігін төмендетпейтін немесе сапасын жоғарылатын арақатынастық операциялар.

      Тозу - негізгі құрал-жабдық объектілердің табиғи және сапалық қасиетін, көрсеткіштерін, сипаттамаларын жоғалту процессі немесе бейматериалдық активтерді пайдалану барысында құнын көшіруі, олардың табыс әкелу қабілетін жоғалтуы, құның нормалар шегінде шығынға жүйелі көшірілуі түріндегі тозудың құндық  тұлғалануы өтелім ( амартизация) деп аталады.

      Түгендеу (лат. inventarium-мүліктің тізімі) - субъектінің балансында есептеулі мүліктің бар-жоғын, оның сақталуын және сақталуының дұрыстығын; міндеттерді; қаражат алу құқықтарын; қойма шаруашылығының жүргізілуін, есеп деректерінің нақтылығын дүркіндік тексеру.

      Төлеуге қойылған вексельдер - Басқа тұлғаларға төлеу жөнінде уәде берушінің қолындағы қарапайым вексельдер.

      Шоттар  корреспонденциясы - операсияларды екі қайтара жазу, бухгалтерлік шоттардағы жүргізу тәсілі, ол операциялардың бір шамада екі шотта жазылуын көрініс табады.

      Шығыс ақшалай қаражаттың жылыстауы нысанында немесе активтерінің тозуы істен шығуы немесе меншікті капиталдың азаюына апарып соқтыратын міндеттемелердің пайда болуы салдарынан есепті кезең бойына экономикалық пайданың азаюы.

      Шығаруға  рұқсат етілген капитал – Шығаруға рұқсат етілген акциялар: Өз жарғысын өзгертпестен корпорацияның шығаратын акцияларының ең жоғары саны.

      Шығындар - субъектінің өнімді өндіруге (жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге) айналысқа жіберуге және өткізуге ақшалай нысанда жұмсалған шығыстары.

      Эмиссиялық  табыс – Шығарылған акциялардың номиналдық құнынан артық дәрежеде алынған табыс. 
 
 

2. Студенттің алған  білімінің нәтижесін бағалау 

Әріппен бағалау Балл Пайыздық  өлшем Байырғы тәсімен бағалау
             А

             А -

4,00

3,67

95 – 100

90 – 94

Өте жақсы
             В+

             В

             В-

3,33

3,00

2,67

85 – 89

80 – 84

75 – 79

Жақсы
             С+

             С

             С-

             Д+

             Д

2,33

2,00

1,67

1,33

1,00

70 – 74

65 – 69

60 – 64

55 – 59

50 – 54

Қанағаттанарлық
             Ғ 0,67 0 - 49 Қанағаттанарсыз
 

   

    3 Аралық бақылаудың  қорытынды бағасын  анықтау 

    Оқу пәні бойынша аралық бақылаудың қорытынды бағасына мыналар енгізіледі: 

Бақылау түрі Баллдары
1 Сабаққа қатысу 15 дейін
2 Адиториядағы  жұмыс (дәріс және семинар кезіндегі  белсенділік):

- тақырып  бойынша шолу;

- қысқаша  шолу;

- терминдердің  аудармасы (орысшадан қазақшаға);

- кез-келген  тақырыпқа презентация;

- іскерлік  ойындарға қатысу;

- нақты  оқу есептерін шешу;

- топпен  жобаны қорғау;

- жекеше  жобаны қорғау

30 дейін
3 СӨЖ орындау:

- үй  жұмысы;

- эссе;

- тестілер;

- жиынтық  есептер;

- топпен  жоба дайындау;

- жекеше жоба дайындау және т.б.

25 дейін
4 Аралық бақылау 30 дейін
  Оқытушы семестр  ішінде студент оқу тәртібін бұзғаны  үшін 10 баллға дайін төмендетуге  құқылы, яғни:

- керіскен  жағдайда;

- оқытушыны  немесе басқа студентті ренжіткен  жағдайда;

- оқу процесіне  байланысты оқытушының талабын орындамаған жағдайда;

- сабақ  кезінде ұялы телефонмен сөйлескен  жағдайда;

- аудиторияның  тазалығын сақтамаған кезде.

 
  Аралық бақылаудың ең жоғары баллы

Келесі  аралық бақылауға немесе қорытынды  емтиханға өту баллы

100

50

Информация о работе Бухгалтерский учет негизи жаксыгой