Халықтың саны және ұдайы өсуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 10:05, лекция

Описание работы

Адамзаттың шығу тегі мен жер шарында таралуы. Жер шарында адамзаттың пайда болған орны мен мерзімі жөніндегі мәселе ғалымдар арасында әлі күнге дейін талас тудырып келеді. Адамның шығу тегі мен даму ерекшеліктерін зерттейтін антропология ғылымында адамзаттың тегі туралы қарама-қайшы көзқарас қалыптасқан. Осыған сәйкес, антропологияда бүкіл адамзаттың ататегі ортақ деп есептейтін "моногенизм" бағыты және керісшше, әр нәсіл дербес ататектен тарағандығы туралы пікірді үстанатын "полигенизм" бағыты бар. Көпшілік ғалымдардың пікірінше, алғашқы адамдар Шығыс Африкадағы Ұлы жарықтар маңында пайда болған. XX ғасырдың 70-жылдарындаКения азаматтары болып есептелетін әйгілі ғалымдар Луис және Мэри Лики Танзанияның солтүстігіндегі Олдувай шатқалынан өздері зинджантроп деп атаған ежелгі адамның қаңқасын тапты.

Работа содержит 1 файл

география лекция(5).docx

— 278.21 Кб (Скачать)

Лекция  №2

Халықтың  саны және ұдайы өсуі


 
Дүниежүзі халқының саны және ұдайы  өсуі. 
Адамзаттың шығу тегі мен жер шарында таралуы. Жер шарында адамзаттың пайда болған орны мен мерзімі жөніндегі мәселе ғалымдар арасында әлі күнге дейін талас тудырып келеді. Адамның шығу тегі мен даму ерекшеліктерін зерттейтін антропология ғылымында адамзаттың тегі туралы қарама-қайшы көзқарас қалыптасқан. Осыған сәйкес, антропологияда бүкіл адамзаттың ататегі ортақ деп есептейтін "моногенизм" бағыты және керісшше, әр нәсіл дербес ататектен тарағандығы туралы пікірді үстанатын "полигенизм" бағыты бар. Көпшілік ғалымдардың пікірінше, алғашқы адамдар Шығыс Африкадағы Ұлы жарықтар маңында пайда болған. XX ғасырдың 70-жылдарындаКения азаматтары болып есептелетін әйгілі ғалымдар Луис және Мэри Лики Танзанияның солтүстігіндегі Олдувай шатқалынан өздері зинджантроп деп атаған ежелгі адамның қаңқасын тапты. Оның жасы шамамен, 1,7 млн жыл деп анықталды. Кейінгі археологиялық қазба жұмыстары барысында Рудольф көлінің шығыс жағалауынан табылған қаңқалар адамның ата- тегінің одан да ерте (шамамен 5 млн жыл бұрын) пайда болғанын дәлелдеді. Осы зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар адамзаттың пайда болған орны Шығыс Африка болған деген қорытындыға келді. Дегенмен полигенизм бағытын ұстанған ғалымдар адамзаттың әр нәсілдің жеке дүние бөлігінде дербес пайда болып, дамығаны туралы болжамдар келтіреді. Саналы адам (Homo sapiens) осыдан, шамамен, 50—100 мың жылдай бұрын пайда болған. (Адамның ататегінің даму сатылары туралы биология сабақтарынан алған білімдеріңді еске түсіріңдер.) Ғалымдардың көпшілігі алғашқы адамдар палеолиттің соңында Африкадан алдымен Еуропа мен Азияға, кейіннен Азиядан Америка мен Аустралияға, одан соң Мұхит аралдарына таралған деп есептейді Уақыт өте келе, қоршаған орта жағдайларына бейімделу нөтижесінде дүние бөліктерінде тіршілік ететін адамдар әзіндік антропологиялық ерекшеліктерге ие болды.

Мазмұны

  • 1 Халық санағы
  • 2 Дуниежүзі халқының саны
  • 3 Халық санының ұдайы өсуі

4 Пайдаланылған әдебиет

 

Халық санағы


Халық саны туралы нақты ақпарат  ұйымдасқан түрде жүргізілетін халық  санақтары нәтижесінде ғана белгілі  болатындықтан, ерте кезеңдердегі ғана емес, тіпті орта ғасырлардағы адам саны жөніндегі мәліметтер де тек  шамамен алынады. Ғалымдар 15 мың  жыл бұрын ғаламшарымыздың тұрғындарының  саны 3 млн адамнан аспаған деп  шамалайды.

Мемлекеттің әскери және салық саясатына  орай, алғашқы халық санақтары  б.з.д. III мыңжылдықта Ежелгі Қытайда  және Египетте жүргізілген. Жан-жақты  сипат алған халық санақтары XVIII ғасырдан бастап жекелеген мемлекеттерде (Австрия-Венгрия, Скандинавия елдері, АҚШ) жүргізіле бастады. Ал XIX ғасырда еуропалық елдер мен Ресей империясының, Үндістан мен Латын Америкасындағы кейбір елдердің халық саны жөнінде ресми мәліметтер алынды. XX ғасырда барлық елдерде дерлік халық санағы жүргізілді: көптеген Азия елдерінде алғашқы санақтар Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өткізілді. 1950 жылы дүниежүзі халқының шамамен 80%-ы халық санағына қамтылды. Африка елдерінде халық санағы 1950 жылдарда халықаралық ұйымдар арнайы бөлген қаржының көмегімен жүзеге асты. Қаржы тапшылығынан мешеу елдердің кейбірінде сол кезеңнен бері санақ жүргізілмеген. Мысалы, алғашқы халық санағы Ауғанстанда 1979 жылы, Оманда 1993 жылы өткізілген. Соның нәтижесінде XX ғасырдың соңына қарай Жер шары халқы түгелімен дерлік ресми халық санағына қамтылған. БҰҰ ел ішінде халық санағын әрбір он жыл сайын өткізіп тұруды ұсынды, бірақ бұл шараны аталған мерзімде қаржы қоры жеткілікті елдер ғана жүзеге асыра алады. Қазақстанда халық санағы Кеңес дәуірінде әрбір он жыл сайын өткізіліп тұрған, еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі халық санағы 1999 жылы өтті. Кезекті халық санағы 2009 жылы өткізілді. 2009 жылғы хальық санағы бойынша еліміздегі халық саны 16 млн 196 мың 180 адамға жетті. Жалпы алғанда, дамушы елдерде қаржының жетіспеуі, елдін ішкері аудандарында жол қатынасының қиындығы, жергілікті халықтың сауатсыздығы бұл елдердегі халық саны жөнінде нақты мәліметтер жинақтауға бөгет болады. Сонымен қатар дамушы елдер де ресми мәліметтердің іс жүзіндегі халық санынан улкен ауытқушылық жасауы да жиі ұшырасады.

Дуниежүзі халқының саны

Демографиялық көрсеткіштер. Жер шары халқы алғашында өте баяу өскен. Мұны адамның табиғат апаттарына тәелділігімен , жиі болған соғыстармен  және жұқпалы аурулардың кең таралуымен түсіндіруге болады. Мысалы, XIV ғасырда  Еуропаны жайлаған оба дертінен халықтың шамамен 20%-ға жуығы қырылған. Өндірістің жетілуі, адамдардың тұрмыс жағдайының жақсаруы және медицинаның алға басуы  нәтижесінде дүниежүзі халқы  жылдам қарқынмен өсе бастады. Әсіресе XX ғасырда халық санының айрықша  жылдам артуы байқалды. Мысалы, 1930 жылы Жер шары халқы 2 млрд адам болса, 1962 жылы — 3 млрд, 1976 жылы — 4 млрд, 1987 жылы — 5 млрд, ал 1999 жылы 6 млрд адамға жетті. Халық санының мұндай күрт өсуі демографиялық  жарылыс деп аталады. Бұл құбылысты  адамның өмір жасының ұзаруы, сәбилер  өлімінің азаюы жағдайында туу көрсеткішінің  өзгеріссіз қалуымен түсіндіруге болады. Дегенмен 1980 жылдардың ортасына қарай  халық санының өсуі баяулай бастады. Бұл туу көрсеткішінің күрт кемуімен байланысты болды. Дамыған елдердің көпшілігінде халық санының өсуі тұрақтанып, кейбір елдерде табиғи өсу мүлде тоқтады. Дүниежүзіндегі халық саны көп елдер. Дүниежүзі  аймақтарындағы, жеке елдердегі демографиялық  жағдайды сипаттау үшін абсолюттік және салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер пайдаланылады. Абсолютті көрсеткіштер қатарына табиғи өсу (туу мен өлудің арақатынасы) мен механикалық өсу (иммигранттар мен эмигранттар саны арасындағы айырма) жатады. Туу мен өлім көрсеткіштері әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, мемлекеттің демографиялық саясатына тікелей байланысты болса, халықтың көшіп-қонуына экономикалық және саяси алғышарттар, экологиялық ахуал себепші болады. Туу мен иммиграция көрсеткішінің жоғарылауы халық санын арттырса, өлім мен эмиграция халық санын кемітеді.

 
Адамның өмір жасының орташа ұзақтығына елдегі экономикалық көрсеткіш, әлеуметтік тұрақтылық, экологиялық жағдай және денсаулық сақтау жүйесінің қызметі  тікелей әсер етеді. Бұл көрсеткіш  тарихи кезеңдерде үлкен өзгерістерге ұшырап отырған.

Жеке елдердегі адамның өмір жасынын орташа ұзақтығы 25—30 жыл  өмір сүрсе, XX ғасырдың орта шенінде  дүниежүзі бойынша бұл көрсеткіш 46 жасқа, ал 2008 жылы 68 жасқа жетті. Қазақстан  Республикасында адамның өмір жасының  орташа ұзақтығы 67 жасқа тең: әйелдерде  — 72, ер адамдар үшін 61 жасты құрайды. Қазіргі кезде өмір жасының орташа ұзақтығы женінен андорралықтар  алдыңғы орында болса, Африканың  мешеу елдерінде бұл көрсеткіш  өте төмен.

Халық санының ұдайы  өсуі


Демографиялық саясат. Адамзаттың үздіксіз жаңарып, ауысып отыруын қамтамасыз ететін туу мен өлу және табиғи өсу көрсеткіштерітң жиынтығын  халықтың ұдайы өсуі деп атайды.

Ұдайы өсудің дәстүрлі типі тән болатын  мешеу елдерде өлім көрсеткішінің  жоғары болуы халықтың тұрмыс жағдайының нашарлығымен, жқұпалы аурулардың кең  тарауымен түсіндіріледі. Бұл елдерде  табиғат апаттары мен апштық нәтижесінде  халық санының күрт қысқаруы да байқалады. Мысалы, 1984—1985 жылдарда болған құрғақшылық нәтижесінде Эфиопияда аштықтан миллиондаған адам қайтыс болды. Өтпелі тип тән болатын елдерде соңғы жылдары халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына байланысты өлім азайған, бірақ туу жоғары деңгейде қалып отыр. Ұдайы өсудің үшінші — казіргі типі демографиялық көрсеткіштердің төмендігімен сипатталады. Германия мен Швецияда өлгендер саны туғандар санынан артық, халық санының аздап өсуі тек сырттан келгендер есебінен өсуде.[1]

Пайдаланылған әдебиет

География: Дүниежүзіне жалпы  шолу. ТМД елдері. Жалпы білім  беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б. — Өңд

Лекция №3

Халықтардың қоныстануы, көшіп қонуы


Халықтардың қоныстану  географиясы – Жер шары бойынша халықтың таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым, экономикалық географияның бір саласы. Әр түрлі әлеуметтік, экономикалық, тарихи және табиғи жағдайлардағы халықтың құрамын, елді мекендердің қалыптасуы мен дамуының кеңістіктегі ерекшеліктерін қарастырады.

Халықтардың қоныстану географиясының зерттейтін бағыттары:

  • халықтың табиғи қозғалысының, демографиялық құрылымының аймақтық ерекшеліктерін;
  • халықтың әлеуметтік және этникалық құрамын;
  • еңбек ресурстары мен оларды пайдалануды;
  • көші-қон бағытын, қарқыны мен құрамын;
  • халықтың тығыздығын және аумақ бойынша қоныстануын зерттейді.

Дүние жүзінің әр түрлі  аймақтарындағы халықтың тыныс-тіршілігі  ежелден бері саяхатшылардың назарында  болғанымен, 18 ғасырға дейін халықтар елтанушылық бағытта танымдық-сипаттамалық түрде ғана зерттелді. Сол замандағы халықтардың қоныстану географиясы мазмұнындағы еңбектерде кереғар бағыттағы қағидалар да орын алды. Мәселен, 18 ғасырдың соңында ағылшын діндары Т.Мальтустің «Халықтың қоныстану ұстанымы очеркі» трактатында халықтың тез өсуі нәтижесінде тағам жетіспеушілігі туындайды, сол себепті оның тууын тежеуші зұлмат күш керек, – деп адамзат баласына жат теріс пиғылдағы тұжырымға келді. 19 ғасырда географияғылымынан антропогеография бағыты бөлініп шықты. Оның негізін салушы неміс ғалымы Ф.Ратцель халықты табиғатқа тікелей тәуелді тұрғыдан қарастырып, оны биогеография ғылымының саласы ретінде ұсынды. Ал француздық «адамдар географиясы» мектебін құрушы Видаль де ла Блаш адам мен табиғат арақатынасын тарихи, экономикалық, психологиялық, тағы да басқа факторлармен байланыста түсіндірді. КСРО-да Халықтардың қоныстану географиясы жеке сала ретінде 1940 жылдардан дами бастады. Оның негізін құрушы Н.Н.Баранский 2-дүниежүзілік соғысы жылдары Қазақстанда тұрып, республикамызды экономика-географиялық аудандастыру бағытындағы зерттеу еңбектерінде елді мекендердің орналасуы мен еңбек ресурстарына үлкен мән берді. Республикадағы халық санының өсуі мен даму заңдылықтарын зерттеумен М.Тәтімов, У.Шалекенов, Ұ.Ысқақов т.б. ғалымдар айналысуда. Қазіргі таңда Халықтардың қоныстану географиясы қоғамдық және нарықтық, өндіріс пен өндіргіш күштердің даму үрдісін, халықтың аумақтық орналасуы мен оның құрылымын зерттеумен айналысады. Халықтың саны, оның ұдайы өсу заңдылықтары, құрамы мен құрылымындағы айырмашылықтар, халықтың аумақтық қоныстануы мен көші-қоны, еңбек дағдылары мен мәдени-тұрмыстық ерекшеліктері, елді мекендер мен олардың жүйелі орналасуы геогр. тұрғыда зерттелуде. Халықтың саны мен құрамын зерттеп білуде халық санағын жүргізудің маңызы зор. Дүние жүзі бойынша халық санағын Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықтар туралы комиссиясы жүргізеді. Халықтардың қоныстану географиясы құрамының күрделіленуі мен мазмұнының кеңейіп дамуы барысында бірнеше жеке тармақтарға: ауыл халқының географиясы, геоурбанистика, көші-қон, т.б. жіктеледі. Халықтардың қоныстану географиясының басқа ғылымдармен тоғысуы нәтижесінде жаңа ғылым салалар пайда болады. Мысалы, оның демография және этнография ғылымдарының түйісу шебінде демогеографиясалалары бастау алды. Адамзат қоғамының даму үрдісін кешенді зерттеу мәселесінде Халықтардың қоныстану географиясының өзіндік орны мен болашағы бар. [1]

Көші-қон


Көші-қон – адамдардың тұрғылықты мекенінен әр түрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы. Көші-қон адамдардың белгілі бір аумақтың шекарасынан асып, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты мекенге қоныс аударуы арқылы жүзеге асады. Халықтың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, саяси, діни, әскери және басқа себептермен ұйымдасқан түрде (мемлекеттің және басқа қоғамдық құрылымдардың қатысуымен) және ұйымдаспаған түрде (көшіп келушілердің өздерінің күшімен) көшіп-қонуы мүмкін. Қазіргі кезде көші-қонды туғызатын себептердің ішіндегі ең бастысы экономикалық себеп болып отыр. Қазақстанда бұған экологиялық апат аймақтарына байланысты себепті де қосуға болады. Халықтың көшіп-қонуы ежелгі заманнан бері бар. Көші-қон алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісімен (бақташылар тайпасының бөлініп шығуымен), егіншіліктің дамуымен, егіншіліктен қолөнердің бөлінуімен, халықтардың ұлы қоныс аударуымен, ұлы географиялық ашылымдармен, индустрияның дамуымен (19 ғасырдың басында) байланысты болды. 20 ғасырда көші-қонға соғыстар зор әсерін тигізді. Көші-қон адамзаттың дамуында, аумақтардың халықтар арасында қайта бөліске түсуінде зор рөл атқарды. Көші-қон тұрғылықты халықтың да, көшіп кетушілердің де тұрмыс деңгейіне, халықтың демографиялық және әлеуметтік құрылымына, қоныстануына, этнографиялық құрамының өзгеруіне елеулі ықпал етеді. Тұрақты тұрғылықты мекенінің түпкілікті ауысуына байланысты:

  • қайтып оралмайтын көші-қон;
  • тым ұзақ мерзімге қоныс аударумен байланысты уақытша көші-қон.;
  • жылдың белгілі бір кезеңінде орын ауыстырумен байланысты маусымдық көші-қон;
  • басқа жердегі жұмыс, оқу орындарына ұдайы әрлі-бері жүріп-тұратын қатынамалы қөші-қон;
  • елден сырт жерге көшіп кету, елге көшіп келу түріндегі сыртқы көші-қон;
  • ел ішінде қоныс аударумен байланысты ішкі көші-қон түрлеріне бөлінеді.

Ал ішкі көші-қон ауыл халқының көші-қоны және қала халқының көші-қоны түрлеріне ажыратылады. Қазақ халқының ежелгі замандардан бері келе жатқан көшпелі, жартылай көшпелі тұрмыс-тіршілігі, мал шаруашылығының дамуына байланысты жайылым жаңғыртып отыруы, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп-қонуы, айталық, малға өріс іздеудің ыңғайымен көктем, жаз айларында қырға көшіп, қыста Сырға құлауы қазақ жерінде маусымдық көші-қонның дамығандығын көрсетеді. Сондай-ақ, 15 – 18 ғасырларда жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқы “ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға” ұшырап, ата мекенінен үдере көшіп, мәжбүрліктен қоныс аударып отырған. 19 ғасырдың 2-жартысы – 20 ғасырдың басында Ресей империясының отарлау саясатымен қазақ жеріне қара шекпенді орыс қоныстанушылары көшіп келді.

  • 18 – 19 ғасырдың қазақ халқының патшалық самодержавияға қарсы ұлт-азаттық көтерілістері мен соғыстары,
  • Орта Азия мен Қазақстандағы 1916 жылы Маусым жарлығына қарсылықпен басталған ұлт-азаттық қозғалысы,
  • 1917 жылы ақпан буржуазиялық-демократиялық және Қазан төңкерістері, Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы,
  • 1918 – 20 жылдардағы азамат соғысы,
  • 1920 – 21 жылдардағы ашаршылық, “соғыс коммунизмі”, азық-түлік отрядтарының жорығы Қазақстан жеріндегі көші-қонның саяси себептері еді. Бұл кезеңдерде талай қазақтар қанды қырғын мен аштықтан бас сауғалап, жат жерге ауып кетті.
  • 1928 – 30 жылдары бай-кулак ретінде тәркіленген ауқаттылар ата мекенінен аласталып, жер аударылды.

Қазақстан аумағы кеңестік империяның басқа аймақтарынан жер аударылған шаруалардың, саяси тұтқындардың мекеніне айналды. Жаппай күштеп ұжымдастыру кезеңінде қазақтарға қарсы геноцидтік саясаттың жүргізілуі салдарынан қазақ халқы ашаршылыққа ұшырап, қырылған зұлмат жылдарда (1931 – 33 жылдары) 1 млн-нан астам қазақ ата жұртынан ауып кетті, олардың 616 мыңы тарихи отанына қайтып оралмады. Олар шалғай шет жерде – Моңғолия, Қытай, Ауғанстан, Пәкстан, Иран, Түркия елдерінде, сондай-ақ, кейбір Батыс Еуропа елдерінде қазақ диаспорасын құрады. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары (1939 – 45) тұтқындалған, Еуропа елдеріндегі Қарсыласу қозғалыстарына қатысқан, Түркістан легионында болған көптеген қандастарымыз шет мемлекеттерде қалып қойды. 1937 жылдың күзінен тоталитарлық саясаттың құрбанына айналған тұтас халықтар өз жұртынан қазақ жеріне күштеп көшірілді. Атап айтқанда, 1937 жылы Қазақстанға Манчжурия өлкесінен 102 мың корей қоныс аударуға мәжбүр болды. 1938 – 44 жылдары қазақ жеріне Кавказдан шешендер, ингуштар, балқарлар, қарашайлар, Қара т-дің солтүстік жағалауынан қырым татарлары, месхед-түріктер, поляктар, болгарлар, курдтар, Еділ бойынан немістер, 1947 – 52 жылдары мыңдаған латыштар, эстондар, батыс украиндар қазақ жеріне зорлықпен көшіріліп, түпкілікті қоныстандырылды. 1953 жылы еврейлер, абхаздар жер аударылды. 1953 – 55 жылдары тың игеру деген желеумен Қазақстан жеріне өзге ұлттардың миллиондаған өкілдері көшіп келді. Сөйтіп, кеңестік тоталитарлық жымысқы саясаттың салдарынан байырғы ұлт – қазақ халқы өз жерінде азшылыққа ұшырап, Қазақстан 130-дан астам этнографиялық диаспораның өкілі тұратын “интернационалдық” мекенге айналды. Ал 5 млн-нан астам қазақ диаспорасы шет жерде мекендеді. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізіп, егеменді елге айналған 20 ғасырдың 90-жылдарынан бастап соңғы он жыл ішінде көші-қон басқаша сипат алды. Қазақстан Республикасының 1992 жылы 26 маусымда қабылданған “Көшіп келу туралы”, 1997 жылы 13 желтоқсанда қабылданған “Халықтың көші-қоны туралы” заңдары көші-қон саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, көші-қон үдерістерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгіледі. Сөйтіп, өзінің тарихи отанына қайтып оралатын адамдар мен отбасылар үшін жаңа жерде қажетті тіршілік жағдайларын жасау мәселесін мемлекет тұрғыда шешу ісі қолға алынды. Осыған орай Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы сияқты мемлекет және беймемлекет мекемелер құрылды, шет жұрттан ата жұртына көшіп келетін оралмандарға жыл сайын өсіп отыратын квота белгіленіп, олардың белгіленген аймақтарға қоныс теуіп жайғасуы үшін мемл. және жергілікті бюджеттерден қаржы бөлініп тұратын болды. Сондай-ақ, Қазақстанға мәжбүрлі жағдайда көшіп келіп, тұрақтап қалған көптеген ұлт өкілдері өздерінің ата жұртына көшіп баруға мүмкіндік алды; [1]

Информация о работе Халықтың саны және ұдайы өсуі