Халықтың саны және ұдайы өсуі
Лекция, 03 Апреля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Адамзаттың шығу тегі мен жер шарында таралуы. Жер шарында адамзаттың пайда болған орны мен мерзімі жөніндегі мәселе ғалымдар арасында әлі күнге дейін талас тудырып келеді. Адамның шығу тегі мен даму ерекшеліктерін зерттейтін антропология ғылымында адамзаттың тегі туралы қарама-қайшы көзқарас қалыптасқан. Осыған сәйкес, антропологияда бүкіл адамзаттың ататегі ортақ деп есептейтін "моногенизм" бағыты және керісшше, әр нәсіл дербес ататектен тарағандығы туралы пікірді үстанатын "полигенизм" бағыты бар. Көпшілік ғалымдардың пікірінше, алғашқы адамдар Шығыс Африкадағы Ұлы жарықтар маңында пайда болған. XX ғасырдың 70-жылдарындаКения азаматтары болып есептелетін әйгілі ғалымдар Луис және Мэри Лики Танзанияның солтүстігіндегі Олдувай шатқалынан өздері зинджантроп деп атаған ежелгі адамның қаңқасын тапты.
Работа содержит 1 файл
география лекция(5).docx
— 278.21 Кб (Скачать)
Майлы дақылдар астық дақылдарынан
кейінгі 2-орында. Дүние жүзінде соя
жинаудан 1-орынды АҚШ (50%-тен астамы),
жер жаңғағы жөнінен —
Пайдаланылған әдебиет
1.География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б. — Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б.,
Лекция №6
Ауыл шаруашылық географиясы
Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және шаруашылығы да кіреді.[1]
Мазмұны
- Ауыл шаруашылығының маңызы
- Аграрлық қатынастар
- Ауыл шаруашылығының даму бағыттары
- 6 Ауыл шаруашылығы ауданы
- 6.1 Ауыл шаруашылығы тұрғысынан аудандау
- 7 Ауыл шаруашылығы географиясы
- 7.1 Ауыл шаруашылығы жерлері
- 7.2 Ауыл шаруашылығы карталары
8 Пайдаланылған әдебиеттер
Ауыл шаруашылығының маңызы
Ауыл шаруашылығы —
шаруашылық салаларының ішіндегі ең
ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей
тәуелді саласы. Сонымен қатар
ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп
тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде
халқы ауыл шаруашылығының түрлі
салаларымен айналыспайтын
Ауыл шаруашылығында еңбек ететіндер үлесі
Аймақтар |
Жұмыс істейтіндер саны, млн адам |
ЭБХ-тың ауыл шаруашылығында істейтін бөлігі, % |
Дүниежүзі бойынша ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер санындағы жеке аймақтар үлесі, % |
Азия |
1034 |
57,5 |
79,1 |
Африка |
190 |
58,7 |
14,5 |
Солтүстік Америка |
21 |
9,2 |
1,6 |
Оңтүстік Америка |
27 |
18,8 |
2.1 |
Еуропа (Ресеймен бірге) |
33 |
9,3 |
2.5 |
Аустралия мен Мұхит аралдары |
3 |
19,0 |
0.2 |
Дүниежүзі |
1308 |
45,6 |
100.0 |
Жеке елдер бойынша ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер саны үлкен айырма жасайды. Мысалы, Батыс Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш — 8%, АҚШ- та — 3%, Канадада — 4%, Ресейде — 14%, Қазақстанда 40%-ға жуық болса, ал дамушы елдерде ол өте жоғары (44-сызбанұсқаға қараңдар).
Ауылшаруашылық географиясы климаттық, әлеуметтік және өндірістік факторлары әсерінен ұзақ тарихи уақыт аралығында қалыптасып, дамып отырды. Соңғы уақытқа дейін ауыл шаруашылығы климаттық факторларға тікелей тәуелді болып келді. Олар: вегетациялық мерзімнің ұзақтығы; өсімдіктердің өсуіне мүмкіндік туғызатын 10°С-тан жоғары температуралар жиынтығы; жылдық жауын-шашынның мөлшері мен түсу мерзімі; топырақтың механикалық құрамы мен құнарлылығы сияқты мәселелер. Жер шарындағы ең құнарлы топырақ қатарына құрамында карашірігі мол қара топырақ, минералды заттары мол жанартаулық топырақ және тұнба жыныстардан түзілген өзен анғарлары бойындағы топырақтар жатады. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың озық жетістіктері ауыл шаруашылығында кеңінен колданылып отырған еллерде климаттық жағдайға тәуелділік әлдеқайда төмендейді. Мысалы, Сауд Арабиясы көпшілік бөлігін шөлдер алып жатқанына қарамастан, соңғы жылдары бидаймен өзін толық қамтамасыз етіп, тіпті оны экспортқа шығара бастады.
Аграрлық қатынастар
Дүниежүзінің кез келген
елінің ауыл шаруашылығы өзара бір-бірімен
тығыз байланысты екі саладан
— өсімдік және мал шаруашылығынан
құралады. Олардың арасалмағы әр елдің
әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен
еңбек ресурстарының
Бүгінгі таңда жерге иелік
етудің бірнеше түрі қатар кездеседі.
Олар: жеке-меншіктік, мемлекеттік меншік
және кооперативтік меншік. Ең көп
таралғаны жерге жекеменшік иелігі,
олар дүниежүзіндегі тауарлық ауылшаруашылық
өнімдерінің басым бөлігін
Жоғары дамыған елдердің
көпшілігінде жер қорының біраз
бөлігі ірі жер иеленушілердің —
фермерлердің қолында шоғырланған.
Оларға берілген орташа жер мөлшері
— 40—50 га. Бірақ жердің басты қожасы
— мемлекет. Мысалы, АҚШ-та жер қорының
1/4-і мемлекет меншігінде. Дамушы елдерде
аграрлық қатынастар түрліше сипатты
болып келеді. Азия мен Африканың
бірқатар елдерінде жергілікті және
сырттан әкелінген күрделі
Ауыл шаруашылығының даму бағыттары
Ауыл шаруашылығы өзінің дамуы мен өркендеу сипатына қарай үш топқа ажыратылады.
- Дәстүрлі (тұтынушы) ауыл шаруашылығында қауымдық және ру-тайпалық қатынастар әлі де сақталған. Бұл топ ауыл шаруашылығының екі түрінен тұрады. Біріншісі — Африка, Оңтүстік Америка және Азияның ылғалды тропиктік ормандарына тән аңшылық, балық аулау және өсімдіктерді жинаумен қатар жер өңдеуді ұштастыру. Негізгі өсіретін дақылдары — тамыр және түйнек жемістілер, астық, бұршақ тұқымдастары, май пальмасы. Жер өңдеуде дәстүрлі көне тәсілдер (кетпен, соқа) қолданылады. Бұл шаруашылық өртеп-кесу шаруашылығы деп те аталады. Ал екіншісі — көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Әсіресе Африка мен Азияның тропиктік, қоңыржай белдеулерінің құрғақ аудандарында (түйе, қой, ірі қара, жылқы өсіру) және Солтүстік Еуропа мен Азияның тундра зонасында (бұғы өсіру) кең тараған. Бұл шаруашылық дамушы елдерге тән, өте ұсақ шаруашылық жиынтықтарынан құралады. Олардағы еңбек өнімділігі дамыған елдермен салыстырғанда 25 есе төмен. Кейде егіншілік мал шаруашылығымен ұштаспай, одан бөлек дамиды және көп жағдайда бір ғана дақыл өсіруге бағытталған. Мысалы, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері — күріш, Африка елдері — кофе мен жержаңғақ, ал Латын Америкасы елдері — қант құрағы мен какао өсіруге маманданған.
- Тауарлы және жартылай тауарлы дәстүрлі шаруашылық пен помещиктік-латифундиялық шаруашылық — ауыл шаруашылығында үш түрлі бағытта жүргізіледі:
а) егіншілік шаруашылығы (көп еңбек күшін қажет ететін Азиядағы күріш өсіру);
ә) егіншілік және егіншілік пен мал шаруашылығы — Африка мен Азияға және Латын Америкасына тән. Сұранысқа ие дәнді дақылдар мен жемістер, сергітпе және техникалық дақылдар (банан, кофе, какао, шай, каучук және талшық алынатын өсімдіктер) күш-көлік ретінде және өнім алу үшін өсірілетін мал шаруашылығымен ұштасады;
б) көпсалалы тауарлы егіншілік
пен мал шаруашылығы —
- Жоғары маманданған тауарлы
ауылшаруашылығы — ол ауыспалы
егістіктері бар өсімдік
а) дәнді дақылдар шаруашылығы (бидай, жүгері). Солтүстік Америка, Аустралия, Еуропа (Ресей, Украина), Азия (Қытай, Қазақстан) аумақтары;
ә) интенсивті егіншілік (дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, жеміс және бау-бақша). Еуропа мен Солтүстік Америка елдері, Азия (Қытай, Жапония) аумақтары;
б) плантациялық шаруашылық (жеміс, сергітпе және техникалық, дақылдар). Латын Америкасы, Азия мен Африканың тропиктік, субтропиктік аймақтарындағы дамушы елдер;
в) экстенсивті жайылымдық мал шаруашылығы (етті бағыттағы ірі қара, қой). Солтүстік Америка (АҚШ), Оңтүстік Америка (Аргентина, Уругвай), Еуропа (Ресей), Азия (Ңазакстан), Аустралия аумақтары;
г) интенсивті мал шаруашылығы (сүтті және сүтті-етті ірі қара, ет бағытындағы ірі қара бордақылау, шошқа және құс өсіру). Батыс Еуропа (Ұлыбритания, Германия), Шығыс Еуропа (Украина, Ресей), Солтүстік Америка (АҚШ), Жаңа Зеландия аумақтары;
ғ) интенсивті егіншілік пен мал шаруашылығы (бау-бақша, жем дайындау, сүтті-етті ірі қара, шошқа және құс өсіру). Еуропа, Солтүстік Америка елдері мен Жапонияға тән.
1.Әбілмәжінова, т.б. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б.
2.Қазақ энциклопедиясы
3.Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мекгеп" баспасы, 2007. — 264 бет.