Ұйымдағы қаржылық тәуекелділіктер және оның басқару есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 22:00, дипломная работа

Описание работы

Серіктестіктің өзінің жеке балансы, банк мекемелерінде, басқада несие қаржы мекемелерінде есеп шоттары, дөңгелек мөрі, фирмалық бланкісі бар. Кәсіпорынның жеке меншік құқығындағы оқшауланған мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді, сотта талап етуші және жауапкер бола алады. Өзінің даму мүддесі үшін және басқа да шаруашылық субъектілермен қарым-қатынас жасау үшін серіктестік басқа заңды және жеке тұлғалармен келісім-шарт жасай алады.

Содержание

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР……………………………………………………6
АНЫҚТАМАЛАР........................................................................................................7
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……………………………………………8

КІРІСПЕ........................................................................................................................9

1 ҚАРЖЫ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ
Тәуекелдің экономикалық әсері және оны бағалау..........................................15
Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері...............19
Кәсіпорын бухгалтерлік есебіндегі тәуекел менеджменті..............................21

2 АБУ-СЕР» ЖШС-нің ҚАРЖЫ ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
2.1 Кәсіпорынның ақша есебі ..................................................................................24
2.2 Кәсіпорынның тауарлы –материалдық қорлардың есебі................................27
2.3 Кәсіпорынның негізгі құралдар есебі................................................................30
2.4 Кәсіпорынның міндеттемелер есебі...................................................................38
2.5 Кәсіпорынның жиынтық табыс (залал) есебі....................................................46


3 «АБУ-СЕР» ЖШС-нің ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІН ТАЛДАУ
3.1.Кәсіпорын қызметін қаржылық талдау.............................................................52
3.2.Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау..............................58
3.3 Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін жетілдіру.........................64



ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................69
ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

АБУ СЕР.doc

— 691.00 Кб (Скачать)

Табыстылықтың абсолютті  көрсеткіштерін талдау.

Нарықтық экономка жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

Табыстылықтың бірінші  абсолютті көрсеткіші өнімді өткізуден  алынатын табыс боып табылады. Ол  қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепке қосымша құн салығы акциздер және т.с.с міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.

Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен  тауарларды өткізуден түсетін табыс  алады, оның мөлшері өнім өндір деңгейі  мен оның сапасы мен және төменде  қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. «АБУ-СЕР» ЖШС-нің  ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІН ТАЛДАУ

3.1.Кәсіпорын қызметін қаржылық талдау

Жалпы төлемқабілетсіздік жағдайы және барлық кәсіпорындардың  банкроттық іс әрекеттері және нақты  қаржылық жағдайды бағалау қазіргі  кезде маңызды орын алады. Мұндай бағалаудың басты критериі кәсіпорынның төлемқабілеттілік көрсеткіштері және өтімділік деңгейі болып табылады.

     Кәсіпорын  өтімділігін талдауға көшуден  бұрын, актив, баланс, кәсіпорын  өтімділігі не екенін анықтау  қажет. Өтімділіктің екі концепциясы белгілі. Бірінші концепцияға сәйкес, өтімділік – бұл кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін төлей алуы(кесте).

 

Кесте 4

«АБУ-СЕР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өтімділігін  талдау

 

 

 

Активтер

 

 

2009ж.

 

 

2010ж

 

 

Міндеттемелер

 

 

2009ж.

 

 

2010ж.

Төлемдік артықшылық(+). Жеткіліксіздік(-)

2009ж.

2010ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

Ең өтімді активтер, А1

9841

1861

Жедел міндеттемелер,

П1

918120

904030

-908279

-902169

Тез өтімді активтер,

A2

151381

142034

Қысқа мерзімді міндеттемелер,

П2

0

0

+151381

+142034

Баяу өтімді активтер,

A3

119729

82793

Ұзақ мерзімді міндеттемелер,

П3

0

0

+119729

+82793

Қиын өтімді активтер,

A4

2099281

2277002

Тұрақты міндеттемелер,

П4

1462112

1599660

+637169

+677342

БАЛАНС

2380232

2503690

БАЛАНС

2380232

2503690

-

-


 

 

 

Келесі концепцияға  сәйкес өтімділік – ағымдағы активтердің  ақша қаражаттарына айналу дайындығы  мен жылдамдығы. Кәсіпорынның өтімділік  мәні өзімен бірге баланс өтімділігін  ұсынады. Баланс өтімділігін талдау өтімділік деңгейі бойынша топтастырылған актив қаражаттары және өтеу мерзімі бойынша топтастырылған пассив міндеттемелерін салыстыруға негізделеді. Өтімділік қаражаттары мен міндеттерді сәйкестендіру мынадай көрсеткіштерді есептеуге мүмкіндік береді: ағымдағы өтімділік пен перспективадағы өтімділік.

Осыған байланысты баланс өтімділігін жеткілікті деп атауға болады. Кезеңнің басы мен соңындағы  ағымдағы өтімділік көрсеткіштері  төлемділік жеткіліксіздігін көрсетті, яғни қарастырылып отырған кезеңге  жақын уақытта кәсіпорын өз міндеттемелерін  төлеуде қиындыққа шалдығады, бірақ перспективалық өтімділік көрсеткішінің өсімі болжамды төлемқабілеттілігінің артуын куәландырады, яғни болашақ ақшалай түсімдерге қарағанда кәсіпорын тқаржылық қиындықтарға ұшырамайды. Нәтижесінде есеп беру кезеңнің соңында кәсіпорын жеделдігі жоғарылау міндеттемелерінің 0,2 % төлей алады, бұл қаржылық жағдайдың шектелгендігін көрсетеді.

 

     Ағымдағы  өтімділік кәсіпорынның қарастырылатын  уақыт ішінде төлемқабілеттілігі  және төлемқабілетсіздігі туралы  куәландырады және келесі формуламен есептелінеді:

ТЛ = (  А1 + А2 ) – ( П1 + П2 ),     (1.1)

мұндағы ТЛ – ағымдағы өтімділік, А1 және П1 – актив және пассив бойынша сәйкес топтардың қорытындылары.

     Перспективалық  өтімділік – бұл болашақтағы  түсімдер мен төлемдер негізінде болжау. Ол келесі формуламен есептелінеді:

ПЛ = А3 – П3,     (1.2)

мұндағы ПЛ – перспективалық өтімділік, А3 және П3 – актив және пассив бойынша сәйкес топтардың қорытындылары/10,134б./.

     Баланс  өтімділігін талдау №1 аналитикалық кестеде көрсетілген. Абсолютті өтімділік көрсеткіштері (1.1) және (1.2) формулалары арқылы есептелінеді.

ТЛ2009  = ( 9841 + 151381 ) – ( 9181120 + 0 ) = - 756898 мың теңге

ТЛ2010 = ( 1861 + 142034 ) – ( 904030 + 0 ) = - 760135 мың теңге

ПЛ2009 = 119729 – 0 = 119729 мың теңге

ПЛ2010 = 82793 – 0 = 82793 мың теңге.

     Есептеу  нәтижелері кәсіпорынның есеп  беру кезеңінің соңына активтер  мен міндеттемлер бойынша топтар  нәтижелерін сәйкестендіру келесі  нәтижелерді көрсетті: А1 < П1, А2 > П2, А3 > П3, А4 < П4. Осыған байланысты баланс өтімділігін жеткілікті деп атауға болады. Кезеңнің басы мен соңындағы ағымдағы өтімділік көрсеткіштері төлемділік жеткіліксіздігін көрсетті, яғни қарастырылып отырған кезеңге жақын уақытта кәсіпорын өз міндеттемелерін  төлеуде қиындыққа шалдығады, бірақ перспективалық өтімділік көрсеткішінің өсімі болжамды төлемқабілеттілігінің артуын куәландырады, яғни болашақ ақшалай түсімдерге қарағанда кәсіпорын тқаржылық қиындықтарға ұшырамайды. Нәтижесінде есеп беру кезеңнің соңында кәсіпорын жеделдігі жоғарылау міндеттемелерінің 0,2 % төлей алады, бұл қаржылық жағдайдың шектелгендігін көрсетеді.

     Қаржылық  жағдайды талдаудың басты міндеті  кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын  сипаттайтын көрсеткіштерді зерттеу  болып табылады.

 

Кесте 5

«АБУ-СЕР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2009-2010 жылдардағы қаржылық тұрақтылығын бағалау, мың теңгемен

 

 

Көрсеткіш атауы

Көрсеткіш мәні

      Өзгеріс  

2009 ж.

2010ж.

Абсолюттік

%-бен

1. Өзіндік қаражаттар  көздері

1462112

1599660

+137548

+9,41

2. Ұзақ мерзімді активтер

2103175

2279897

+176722

+8,4

3.Меншікті айналым  қаражаттары

-641063

-680237

-39174

+6,11

4.Ұзақ мерзімді міндеттемелер

0

0

-

-

5. Запастар мен шығыстарды  құру үшін меншікті айналым  қаражаттары және ұзақ мерзімді  міндеттемелер болуы

-641063

-680237

-39174

+6,11

6. Қысқа мерзімді міндеттемелер

918120

904030

-14090

-1,53

7. Запастар мен шығыстардың  құрылуының негізгі көздерінің  жалпы көлемі

277057

223793

-53264

-19,22

8.Запастар мен шығыстар  көлемі

115835

79898

-35937

-31,02

9. Запастар мен шығыстардың құрылуы үшін меншікті айналым қаражаттарының артықшылығы (жеткіліксіздігі)

-756898

-760135

-3237

+0,43

10. Запастар мен шығыстардың  құрылуы үшін негізгі құралдардың  артықшылығы (жеткіліксіздігі)

+161222

+143895

-17327

-10,75


 

     «АБУ-СЕР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қаржылық тұрақтылығын жалпы бағалау №2 кестеде көрсетілген. Есептеу мәліметтері кезең басында кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты емес екенін көрсетеді. 2009 жылдың соңында қаржылық жағдайы нашарлаған және қаржылық тұрақсыздық жағдайды тұр. Бұл қорытынды келесілер негізінде жасалады:

- запастар мен шығыстар өзіндік айналым қаражаттарымен өтелмейді;

- кәсіпрын қаржылық жағдайынынң тұрақсыздығын ұстап тұрған басты себеп – запастар мен шығыстар өсімінен құрылу көздері өсімінің төмендеуі, пайда болу көздерінің жалпы көлемі 19,22%-ға төмендесе, запастар мен шығыстар құны 31,02% төмендеді.

 

Кесте 6

 «АБУ-СЕР» Жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі 2009-2010 жылдардағы дебиторлық қарызын талдау

 

Бап атауы

       01.01.05

           01.01.04

Ауытқу(+,-)

Сома,

Мың тг

Үлес салмақ

 

Сома, мың тг

Үлес салмақ

Алынуға тиісті шоттар

138051

91,19

1332342

93,18

-5709

Басқа дебиторлық қарыз

13330

8,81

9692

6,82

-3638

Барлығы

151381

100

142034

100

-9347


 

     Дебиторлық  қарыз кәсіпорын активтерінің негізігі бөлігі болып табылады. Дебиторлық қарыз жағдайын талдау №3 кестеде көрсетілген.

     Кесте мәліметтері  бойынша сатып алушылар мен  тапсырыс берушілермен есеп айырусулар  негізгі бөлікті құрайды. Сатып  алушылар мен тапсырыс берушілердің қарыздары қарыздардың жалпы сомасынан  01.01.2009 жылға 91,19% және 01.01.2010 жылға 93,18% құрайды. Дебиторлық қарыздың  9347 теңгеге немесе 6,2% төмендеу қаржылық тұрақтылық өсуін көрсетеді.

     Кез келген  кәсіпорынның қызмет ету тиімділігі  қажетті табыс әкелу мүмкіндігіне тәуелді екені белгілі. Бұл мүмкіндікті бағалау рентабельділікті талдау арқылы жүргізіледі, ол келесі сұрақтарға жауап беруге көмек береді: алынған табыстар мен шығарылған шығыстар қаншалықты тұрақты; жүргізілген шығыстардың қаншалықты өндірістік; кәсіпорынға капитал салымының тиімділігі; кәсіпорынды басқару қаншалықты тиімді және т.б.

 

Кесте 7

 «АБУ-СЕР» Жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі 2009-2010 жылдардағы қаржылық нәтижелерінің динамикасы мен деңгейін талдау, мың теңгемен

 

Көрсеткіш

2009ж.

2010ж.

Абсолютті өзгеріс

Өсім қарқыны,%

1

2

3

4

5

1. Өткізуден түскен  табыс

1937586

2120816

183230

9,46

2. Өткізілген өнімнің  өзіндік құны

910665

998420

87755

9,64


Кесте жалғасы

 

3. Жалпы табыс

1026921

1122396

95475

9,3

4. Кезең шығыстары

172804

212703

39899

23,09

4.1. Жалпы және ұйымдаст. Шығындары

159343

207803

48460

30,41

4.2. %-рді төлеу шығындары

13461

4900

-8561

-63,6

5. Негізгі қызметтен  табыс(шығыс)

854117

909693

55576

-6,51

6. Салық салудан бұрын  қарапайым қызметтен табыс(шығыс)

863314

917776

54462

6,31

7.Табыс салығы

112663

-

-112663

-100

8. Салық салудан кейін  қарапайым қызметтен табыс(шығыс)

750651

917776

167125

22,26

9. төтенше жағдайлардан  табыс(шығыс)

-

-

-

-

10.таза табыс(шығыс)

750651

917776

167125

22,26

11.таза табысты дұрыстау

29718

37928

8210

27,63

12. дұрыстау есебімен  таза табыс

780369

955704

175335

22,47


 

     Ең алдымен,  «АБУ-СЕР» Жауапкершілігі шектеулі  серіктестігі қаржылық нәтижелердің  деңгейі мен динамикасын талдау  жүргізіледі. (№4 кесте)

     Талданған  кезеңде өткізуден түскен табыс 9,46% өсті, яғни кәсіпорын қызметінің масштабы өсті. Өзіндік құны 9,46% өсті. Өнімнің өзіндік құн өсуінің қарқыны өткізуден түскен табыстардың қарқынынан жоғары. Бұл кәсіпорында өндіріске шығыстарды өсіру бағытсыз жүргенін көрсетеді.

     Өткізуден  түскен табыс өсімі нәтижесінде  жалпы табыс 95475 теңгеге немесе 9,3% өсті. Сонымен қатар талданған кезде шығындар 23,09% өсті, сның ішінде жалпы және ұйымдастырушылық шығындары өсуі есебінен.

     Негізгі  қызметтен табыс 854117 теңгеден 909693 теңгеге немесе 6,5%-

ға өсті. Талданған  кезеңде кәсіпорында негізгі  емес қызметтен табыс 12,11%-

ға төмендеді. Осының нәтижесінде қарапайым қызмет табысынан  салық салуға дейін 917776 теңге құрады, яғни 6,31%-ға өсті. Қарапайым қызметтен табыс салығын төлемеу себебінен салық салудан кейін 22,26%-ға өсті және 2009 жылы 750651 мың теңге және 2010 жылы 917776 мың теңге құрады.

     Есеп беру  кезеңінде төтенше жағдайлар  бойынша шығыстар болмаған жағдайларынан  таза табыс өзгеріссіз қалды,  бірақ негізгі құралдарды қайта бағалау бөліміндегі таза табысты дұрыстау жүргізілді, оның нәтижесінде таза табыс кезең соңында 955704 мың теңге құрады және 22,47%-ға өсті.

 

 

 

Кесте 8

«АБУ-СЕР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2009-2010 жылдардағы рентабельділік көрсеткіштері

 

Көрсеткіш атауы

Есептеу

Көрсеткіш мәні

Өзгеріс мәні

 

2009ж

 

2010ж

1. Өнім рентабельділігі

(Таза табыс/өткізуден табыс)*100

40,28

45,06

+4,78

2.Жалпы рентабельділік

(салық салудан бұрын  қарапайым қызметтен табыс/өткізуден  түскен табыс)*100

44,56

43,27

-1,29

3.меншік капитал рентабельділігі

(таза табыс/меншікті капитал)*100

53,37

59,74

+6,37

4.Экономикалық рентабельділік

(таза табыс/баланс)*100

32,79

38,17

+5,38

5.Қор рентабельділігі

(таза табыс/ұзақ мерзімді  активтер)*100

37,1

41,92

+20,87

6.Негізгі қызмет рентабельділігі

(негізгі қызметтен  табы/өткізілген өнімнің өзіндік  құны)*100

93,79

91,11

-2,68

Информация о работе Ұйымдағы қаржылық тәуекелділіктер және оның басқару есебі