Өндірістік кәсіпорын

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 21:11, реферат

Описание работы

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бүл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әдебиеттерде "табыстар" ұғымы келесідей түрде анықгалады:
"Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе ак-тивтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың үлғаюы болып табылады, бүл акционерлер салымдары-ның есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі"

Работа содержит 1 файл

1_3.doc

— 277.50 Кб (Скачать)

= -0,0783-22075= -1728 мың теңге.  Өткізілген өнімнен алынатын табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығын-дардың азаюы нәтижесінде жалпы табыс 1728 мың теңгеге өсті. Жалпы табысқа шығындардың тигізетін ықпалының дәл осы нәтижесін, есепті жылдағы нақты шығындардың өнімді өткізуден алынған табыстың өсу (кему) индексіне қайта есептелген, өткен жылдың нақты шығындарымен салыстыру арқылы алуға болады:

 

1696-(20689- 20689*9.5/100)=1696-16996-(20689- 1965)

= 16996-18724 = -1728 мың теңге.

Өнімнің өзіндік  құны осы сомаға кеміген және сәйкесінше бұл жалпы табыстың өсуіне әкеледі.

Үш фактордың  ықпалы нәтижесінде жалщ>і табыс 2480 мың теңгеге (+1104-352+1728) =2480 өсті/^

Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші -негізгі қызметтен алынған (түскеи) табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады:

Д" =ДЖК.

Мұндағы: Дн  - негізгі қызметтен алынған табыс; Дж - жалпы табыс;

Рк - кезең шығындары.

Жалпы табыс  көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс соншалықты жоғары болады. Сондықтан да негізгі қызметтен алынатын табысқа жүргізілетін талдауды жоғарыда аталған көрсеткіштермен, сондай-ақ маржи-налды табыспен үздіксіз байланыста жүргізу қажет.

Өндірістік  өзіндік құнның калькуляция баптары бойынша мәліметтері коммерциялық құпия болып саналатындықтан және де сыртқы пайдаланушылар шығындарды түрақты және айнымалы шығындарға дәл бөле алмайтынына байланысты, жалпы табыс көлемін маржи-налды табыс көлемімен теңестіруге және оны талдау-дың прогрессивті әдісін қолдануға болады.

Келесі тақырыпта біз, бұл көрсеткіштің мәнін оның нарықтық экономикадағы ролін қарастырамыз және мар-жиналды (жалпы) табысты прогрессивті әдіс арқылы талдай отырып, негізгі қызметтен алынатын табыстың өзгеруіне әр түрлі факторлардың тигізетін әсерін анықтаймыз.

 

МАРЖИНАЛДЫ ТАБЫСТЫ ТАЛДАУ

Нарықтық  экономикаға өту өндіріс шығындарын есепке алуды ұйымдастыруды қайта қарауды және оның прогрессивті әдістерін ендіруді талап етеді. Осы мақсатта ҚР бухгалтерлік есеп теориясы мен прак-тикасы үшін нарықтық экономикасы дамыған елдердегі шығындарды есепке алуда "директ-костинг" жүйесі бойынша ұйымдастыру тәжірибесі көңіл аудартады. Бұл жүйе АҚШ-та пайда болған. Оның негізгі идеялары "Өндірістік есептің Ұлттық қауымдастығының бюлле-тенінде 1996 жылдың қаңтарында жарияланған амери-кандық зерттеуші И. Н. Гарристің мақаласында айтылған. Директ-костингті нақты енгізу АҚШ-та 1953 жылы іске асты, сол кезде бухгалтерлердің Үлттық қауымдастығы осы әдістің сипатамасын жариялады. "Үлыбританияда бұл әдіс "маржиналь-кост", ал Францияда -"маржиналдық бухгалтерия" деп аталады", - деп жазған В. И. Ткач және М.В. Ткач (35). Директ-костинг жүйе-сінің негізінде "Шығындарды тұрақты және айнымалы деп бөлу - директ-костинг жүйесінің бірінші ерекше белгісі", - деп біздің ғалым, профессор С.С. Сатыбалдин тұжырымдайды (36).

Айнымалы шығындарға өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеретін тікелей шығындар жатады: шикізат және негізгі материалдар, технологиялық мақсаттарға жұмсалатын отын және энергия, өндірістік персоналдың жалақысы, тиісті төлемдерімен бірге жабдықтарды күту және пайдалану шығындары және бірқатар басқа да үстеме шығындар.

Тұрақты шығындарға әкімшілік, басқарушылық, коммерциялық және жалпы шаруашылық шығындары жатады. "Тұрақты шығындар кезеңдік шығындар болып есептеледі және бұйымдар арасында бөлінбейді, олар тура нәтижелерге жатқызылады"

Айнымалы шығындар тұрақты  шығындармен салыстырғанда күшейтілген бақылауды талап етеді. Тұрақты шығындардың мөлшері тұрақты болып қалады және өндіріс көлеміне пропорционалды өзгермейді, мысалы, жал төлемі, несиені пайдаланғаны үшін пайыз-дар, негізгі құралдарға есептелген амортизация, кәсіпо-рын басшысының жалақыларының кейбір түрлері және басқа да шығындар.

Тұрақты шығындар бірдей уақыт аралығында бірдей сомамен есептеледі. Оларға кәсіпорын және оның бөлім-шелері бойынша смета есептеледі. Ескерілген ауытқулар (үнемдеу немесе артық шығындалу) негізінде кәсіпорынның шаруашылық нәтижесіне әр бөлімшенің салы-мын анықтауға болады. Айнымалы шығындарға қара-ғанда, тұрақты шығындар, жоғарыда аталғандай өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелді емес. Сондықтан оларды азайтудың басты резерві өндіріс көлемінің өсуінде жатыр. Шығарылған өнім көлемі қаншалықты көп болса, өнім бірлігіне тұрақты шығындар соншалықты аз келеді.

Шығындарды  тұрақты және өзгермелі деп жіктеу біршама шартты сипатта екенін айта кеткен жөн, себебі шығындардың бір бабы әр түрлі жағдайда өндіріс көлеміне тәуелді немесе тәуелсіз болуы мүмкін. Мысалы, кәсіпорын қызметінің саласын кеңейту, тиісті қызмет бөлімшелерінің қызметкерлерінің жұмыс көлемін ұлғайтады (бухгалтериялар, маркетинг бөлімі, жоспар-лау-өндірістік бөлімі және т.б.)- Бұл жағдайда белгілі бір кезеңде басқару аппаратын ұстау шығындарының өсуі пайда болады, ол шығындар белгілі бір кезеңде тұрақты ретінде қарастырылады.

Сонымен қатар, тұрақты шығындар қатарына жатқызылған жеке баптар бойынша өнім шығару көле-мінің тұрақсыздығына тәуелсіз бір кезеңнен екіншіге өзгеру байқалуы мүмкін (мысалы, жал төлемінің өсуі, материалдар   мен  тауарларды   сақтау   бойынша  шығындардың көбеюі және т.б.)- Басқа бір жағынан алғанда, айнымалы шығындар, өндірісті ұйымдастыру және технологияның жаңаруы сияқты факторлардың салдары-нан өндіріс көлемінің өзгеруі кезінде өзгеріссіз қалмай-ды. Шығындарды түрақты және айнымалы деп бөлу қысқартылған (толық емес, шектеулі) өзіндік қүнды есептеу мақсатында жүргізіледі. Оны есепке алу және жоспарлауға тек айнымалы шығындар ғана қосылады, яғни "директ-костинг" жүйесі кезінде өнімнің толық өзіндік қүнын калькуляциялау әдісі қолданылмайды. Біздің елімізде бухгалтерлік есептің қазақстандық стан-дартына көшпес бүрын, толық өзіндік құнды есептеу және калькуляциялау жүйесі кеңінен тарады, ал "директ-костинг" жүйесі іс жүзінде қолданылмады.

Бухгалтерлік есептің  №3 "Қаржы-шаруашылық қыз-метінің нәтижесі туралы есеп" стандартының мазмұны ҚР-да шығындарды есептеуді ұйымдастыру "директ-костинг" жүйесі бойынша жүргізілуі керек екендігін куәландырады. Бұл есепте тұрақты шығындар, ендірістік өзіндік құнға жатқызылмайтын және кәсіпорынның жалпы табысынан алынып тасталатын кезең шығын-дарына жатқызылған. Жыл бойы бұл шығындар субъек-тінің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебі-нің шоттарының Бас жоспарындағы 821 "Жалпы және әкімшілік шығындары", 831 "Пайыздар бойынша шығындар" және 811 "Тауарларды өткізу бойынша шы-ғындар" шоттарында жинақталады.

 Бұл жүйенің  мәні туралы арнайы әдебиетте  (37, 38) біржақты көзқарас жоқ екенін атап өту керек. Бұл авторлар "директ-костинг" - бұл өндіріс шығындарының есебінің жүйесі деп есептейді. С.С. Стуков оны "өн-дірістік шығындардың қысқартылған номенклатурасы бойынша тек айнымалы шығындар бөлігінде есепті жүргізу деп атайды (39). Басқа авторлар "директ-костинг" жүйесін калькуляциялау әдісіне жатқызады. С.С. Сатыбалдин былай деп жазады: "Біздің көзқарасымыз бойынша, осы жүйенің мазмұнын әлдеқайда дүры-сырақ сипаттайтын термин айнымалы шығындардың өзіндік құнын калькуляциялау болып табылады" (36), дегенмен осы сілтеме алынған оның монографиясының тарауы "Директ-костинг" жүйесі бойынша өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік қүнын каль-куляциялау" деп аталады. Осы жүйені калькуляция-лаудың бір әдісі деп тани отырып, В.И. Ткач және М.В. Ткач "директ-костинг" терминінің орыс тіліндегі дұрыс аудармасы "қиылған өзіндік қүн" емес, "пропор-ционалды өзіндік құн" деп есептейді (35). В.Ф. Палий (40) өз еңбегінде "директ-костинг" жүйесін "тікелей шығындар бойьшша калькуляциялау" деп, ал С.А. Стуков "шектелген өзіндік құнды есепке алу әдісі (41)" деп атайды.

Соңғы сілтеменің тұжырымы мынадай, яғни автор "директ-костинг" жүйесі өндіріс шығындарын есептеудің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың біртекті әдісі деп санайды, ал Н.Г. Чумаченко бұл жүйе кезінде өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құ-нын калькуляциялау жеке қолданылады деп есептейді (37).

Біз қарастырып отырған мәселе бойынша бірнеше авторлардың көзқарастарын келтірдік. Біздің көзқарасы-мыз бойынша "директ-костинг" жүйесі, өндіріс шығын-дарының есебін және өнімнің өзіндік құнын калькуля-циялауды бірге байланыстырады.

"Директ-костинг"  жүйесін қолдану белгілі бір қиындықтармен байланысты. Шығындарды тұрақты жә-не айнымалы деп жіктеу, тіпті нақты кәсіпорын бойынша да мүлдем анықталуы мүмкін емес, ол қызметтің өзгермелі жағдайларына байланысты қарастырылуы тиіс. "Директ-костинг" жүйесін қолдану барысында калькуляциялау және баға белгілеу үшін өнімнің толық өзіндік құнын жүйеден тыс жолмен анықтауға тура келеді. Сонымен қатар, салық органдарымен де өзара қатынастар қиындайды,  себебі өндіріс шығындары мен салық салуға жататын табыс есептік жолмен анықтала-ды. "Сонымен қатар, - деп жазады проф. В.К. Радосговец -шығындарды түрақты және өзгермелі деп бөлу есептің бақылау және талдау мүмкіндіктерін күшейтеді, ұтымды шешім қабылдауға ықпал етеді" (42). Басқаша айтқанда, шығындарды бөлу шарттылығының кемшіліктері "ди-рект-костинг" жүйесінің аналитикалық артықшылық-тарымен жабылады, олардың негізгілері:

  • шығарылған өнімдердің сүрыпталымы мен табысын үйлестіру;
  • жаңа  өнім   бағасын   анықтау,   кәсіпорынның   өндірістік қуатының өзгеру нұсқаларын есептеу;
  • өндіріс    тиімділігін    бағалау    (жартылай    фабрикаттарды алу);
  • қосымша тапсырыс қабылдау, жабдықтарды ауыстыру   тиімділігін   бағалау   және   тағы   басқалар болып табылады.

"Директ-костинг"  жүйесі - бүл шығындарды олар-дың түрлері, пайда болу орындары мен таратушылары бойынша шығындардың есебінен, өндірістік қызмет нәтижелерінің есебінен, сонымен бірге шығындар мен нәтижелерін талдау және басқару шешімдерін қабыл-даудан тұратын басқарушылық (өндірістік) есеп жүйесі. С. С. Сатыбалдиннің ойынша бұл жүйе кезінде "өнді-рістік және қаржылық есеп интеграциясы" орын алады, бүл "директ-костинг" жүйесінің екінші ерекшелігі болып табылады (36). Бұл көзқараспен С.А. Николаева келіс-пейді, ол "бүл жүйе бойынша ендірістік есеп қаржылық есептен бөлек және онымен бірлесе ұйымдастырылады" -деп санайды (43). С.С. Сатыбалдин бұл жүйе қаржы жүйесінен жеке ұйымдастырылуы мүмкін екенін мойын-даған және олардың интеграциясына негізделген "директ-костингтің" харрисовтық жүйесін дұрыс көр-сетеді. Американдық оқулықта оны "есеп жүргізудің монистикалық жүйесі" деп те атайды. "Оның мәні -деп жазады С.С. Сатыбалдин өндірістік және қаржылық есептің жазулары жалпы жүйеге келесі жолмен біріктіріледі, өндірістік есептің ішкі операциялары бас кітапта көрсетіледі. Өндірістік шығындар және пайда мен шығындар туралы есеп басшылыққа "құн-көлем-пайда" мәліметтерінің тәуелділігі түрінде беріледі... Бірақ бұл жүйенің американ ғалымының кезқарасы бойынша белгілі бір кемшіліктері бар. Олар мыналар: біріншіден, өндірістік және қаржылық есептің сипаты мен мақсаты әр түрлі, сондықтан оларды біріктіру дұрыс емес. Есепті өндірістік және қаржылық деп бөлу негізінде коммерциялық құпияны сақтауда жатыр" (36).

Профессор С.С. Сатыбалдин, АҚШ-та тәжірибе ал-масуда болып, осы мәселені терең және жан-жақты зерттеді. Ол біздің көзқарасымызша "директ-костинг" жүйесінің ерекшеліктерін дұрыс көрсеткен. Ол оның үшінші белгісі деп өнеркәсіптік фирманың табыстары туралы көп сатылы есеп процесін атайды, оның негізгі моделі келесі түрде керінеді:

  1. Өнімді өткізуден түскен табыс - 14416.
  2. Айнымалы шығындар - 7089.
  3. Маржиналды табыс - 7327.
  4. Тұрақты шығындар - 4925.
  5. Негізгі қызметтен алынған табыс - 2402. 
    Маржиналды  табыс -  бұл  өнімді  өткізуден  түскен

табыс пен айнымалы шығындар арасындағы айырма (14416-7089). Екінші жағынан, ол - тұрақты шығындар мен негізгі қызметтен түскен табыс сомасы (4925+2402). Бұл жағдай көп сатылы есеп құруға мүмкіндік береді, оның есепті жіктеу үшін маңызы зор.

Көп сатылы есептер  кем дегенде екі бөлімнен тұрады: жоғарғысы маржиналды табысты, ал төменгісі негізгі қызметтен түскен табысты көрсетеді.

"Директ-костинг"  жүйесі бойынша жасалған табыс туралы есепте айнымалы шығындардың, өткізу баға-сының және өткізілетін өнім санының өзгеруі салдары-нан    негізгі    қызметтен    түскен    табыстың    өзгеріске ұшырағаны көрінеді. Жүйеде алынатын ақпараттар баға мен көлемнің ең тиімді әдістерін табуға, негізгі қызметтен түсетін табыс көлемін болжауға мүмкіндік береді. Бүл "директ-костинг" жүйесінің төртінші ерек-шелігі болып табылады.

Жалпы, айнымалы және тұрақты шығындардың өткізілген өнім көлемі, маржиналды табыс және негізгі қызметтен түскен табыспен өзара байланысын анық көрсету үшін графикалық әдісті пайдаланамыз. Декорт координатының тігінен ("у" белгіленетін ордината осі) өзіндік құн және өткізілген өнімнен түскен табыстың мәліметтерін, ал көлденеңінен ("х" белгіленетін абцисса осі) - табиғи өндірілген өнім саны туралы мәліметтерді келтіреміз.

Кәсіпорын икемді сұранысқа ие болатын бір атаулы өнім өндіреді делік. Келесі ақпараттар негізінде график қүрамыз. Өнім бірлігіне келетін өзгермелі шығындар -9 теңге, іскерлік белсенділіктің мүмкін болатын маңыз-ды көлемі - 10-нан 70 мың данаға дейін бұйым, осы көлемдегі тұрақты шығындар - 450 мың теңге, өзгер-мелі шығындар - 630 мың теңге, жалпы шығындар -1080 мың теңге, өткізілген өнім бірлігінің бағасы - 24 теңге. Өнім өндірудің қандай көлемінде, өткізуден түс-кен табыс өнімнің толық өзіндік құнына тең болатын және табыс та, шығын да болмайтын өткізудің қауіпті көлеміне қалай қол жеткізеді деген сұрақ туады. Егер өнімді өткізуден алынған нақты табыс, оның толық өзіндік қүнынан жоғары болса, онда кәсіпорын негізгі қызметтен табыс алады, ал егер керісінше болса, онда шығынға ұшырайды.

Зиянсыздық  нүктесін анықтау үшін (өндірудің  қауіп-ті көлемінің нүктесі, немесе "өлі нүкте") өзіндік құн, өткізу көлемі және табыс арасындағы өзара байланысты көрсететін келесі негізгі теңцеуді пайдалануға болады:

д" =го+с + д°.

Мұнда:  Д^-      өнімді өткізуден түскен табыс;

Уо  -    айнымалы      шығындардың      жалпы

сомасы; С -       тұрақты шығындар;

Д° -    негізгі қызметтен түскен табыс. Өндіріс көлемінің қауіпті нүктесі үшін теңдеу келесі түрде болады:

Dn=Vo+C

Біздің  мәліметтер бойынша өндіріс көлемінің  қауіпті нүктесіндегі тұрақты шығындар көлемін анықтаймыз:

Информация о работе Өндірістік кәсіпорын