Өндірістік кәсіпорын

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 21:11, реферат

Описание работы

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бүл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әдебиеттерде "табыстар" ұғымы келесідей түрде анықгалады:
"Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе ак-тивтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың үлғаюы болып табылады, бүл акционерлер салымдары-ның есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі"

Работа содержит 1 файл

1_3.doc

— 277.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

ТАБЫСТЫЛЫҚТЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ КӨРСЕТКІШТЕРШ ТАЛДАУ

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржы-лық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топ-тастырылады. Табыстылық коэффиценттері салыстырма-лы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын баға-лау-дың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.

Табыстылық  көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:

1) жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекелеген элементтері;

ә) өнімдер;

б) ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері.

Кәсіпорын активтерін (мүлкін) пайдалану тиімділігі — берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды бел-гілердің бірі болып саналады.

Кәсіпорын мүліктерінің (активтерінің) тиімділігін өлшеудің бірден-бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі - табыстылық коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетеді. Активтер-дің табыстылық деңгейін капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған табысымен салыстырған жөн.

Табыстылық  коэффициентіне талдау жүргізушілер:

•   басқару  тиімділігінің көрсеткіштері;

  • кәсшорынның инвестициялау мақсатында қажетті табысты жеткілікті түрде  ала  алу  қабілетін  көрсететін өлшеуіш;табысты болжау әдісі;
  • шешім   қабылдау   және   бақылау   құралы   ретінде пайдаланады.

Басқару тиімділігінің  көрсеткіші ретінде, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасының  индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялау-ға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, авансталған (жалпы) капи-талдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады.

Бұл көрсеткішті  табысты (пайданы) болжау мақса-тында пайдаланудың тиімділігі сонда, ол кэсіпорынның болашақта алынатын табысын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл бол-жаудың нақтылығын жоғарылатады.

Активтердің тиімділік деңгейі, кәсіпорындарда ин-вестициялық шешімдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорын, табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақылап отырады және сәйкесінше осы нэтижелер негізінде бөлімше басшыларына сыйақылар беріледі. Активтерге немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бүл есептер, шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.

Барлық активтердің  тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептеледі:

Талданып  отырған кәсіпорын мәліметтері  бойынша кәсіпорынның барлық капиталының табыстылық коэф-фициенті, 18-кестеде берілген мәліметтермен сипатталады.

 

 

18-кесте

Авансталған  капиталдың (жалпы активтер) табыстылық

 

Көрсеткіштер

Өткен

жыл

Есепті жыл

Ауытқуы (+,-)

А

Б

1

2

3

1.

Таза табыс, мың теңге

5040

6538

+ 1498

2.

Жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал=баланс ва-лютасьі^

30512

37254

+6742

3.

Жалпы активтердің  табысты-лық деңгейі (авансталған ка-питал), %

16,52

17,55

+ 1,03


Жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал) өткен жылмен салыстырғанда 1,03 пунктке өскен және 17,55%-ды құрайды. Алайда бұл көрсет-кіштің деңгейін білу жеткіліксіз. Оның қандай фактор-лардың есебінен құрылғанын және активтердің табыс-тылық деңгейін өсіру және сақтау үшін бұл факторлар-дың сенімділігін талдау, әлдеқайда маңызды болып табылады.

Арнайы оқулықтарда (әдебиеттерде) бұл көрсеткіш деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларға және оларды есептеуге қатысты екі түрлі көзқарас кездеседі. Факторларды сандық және сапалық етіп бөлу және активтерді есептеу, дәстүрлі көзқарас болып табылады. Сандық фактор сомасы бойынша жыл басына және жыл аяғына есептеліп, 2-ге бөлінген, активтердің орташа жылдық құны жатады, ал сапалық факторға кәсіпорын-ның таза табысы жатқызылады.


Информация о работе Өндірістік кәсіпорын