Сыртқы аудит және оның ерекшелігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2012 в 19:26, курсовая работа

Описание работы

Аудиттің ақпараттық негізі бухгалтерлік есеп болып табылатындықтан ұйымдарды тексеретін аудиторлар бухгалтерлік есептеме нақтылығымен олардың аудиторлық дәлелдерін және өндірісті жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, жобаларды бизнес жоспарлармен жоспарларды жасау үшін дәйекті ақпараттар алу және қызмет процесін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқа іс-шараларды іске асыру үшін тексерудің арнаулы әдістері мен тәсілдерін қолдана білу керек.

Содержание

Кіріспе

1.1 Аудиттің пайда болуы мен дамуы, мәні және түрлері

1.2 Сыртқы аудит және оның ерекшелігі

1.3 Ішкі аудитті өткізу мақсаттары мен талаптары

1.3 Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

курсовая аудит.docx

— 46.90 Кб (Скачать)

   Аудит  қызметі қалыптасқан елдерде  ішкі аудит,үлкен және орталау  шаруашылық субьектілерінен құралады.Оның  ұйымдастыру ерекшеліктері:

   1)шаруашылық  субьектілерінің басшылары, әкімшіліктері  ішкі аудит қажет

      деп тапқан дағдайда өзіне,ішкі  тобын құруға шешім қабылдап,

      куәлігі бар маман іздейді;  

   2)аудитор  маманы мен кәсіпорын басшылары  келісім-шарт жасасып:

           а) аудитор тобының атқаратын  қызметін нақты анықтайды;

           б) жұмыс атқару тәртібі, жұмыс  орны, аудитордың және 

               тапсырушының міндеті нақты көрсетіледі; 

           в) аудитор тобының штаты анықталып,  еңбекақы төлем сомасы 

                анықталады.

   Ішкі  аудиттің ең негізгі мақсаты-  ол, кәсіпорын шаруашылығы туралы  құралған мәліметтің дұрыстығына,  шындығына бақылау жасау, сөйтіп  басқару барысында қолданылатын  мәліметтің шындығын, дұрыстығын  қамтамасыз ету. 

   Ішкі  аудиттің мақсаты кәсіпорынның  экономикалық саясатының орындалуына  бақылау жасау, қазіргі кезде  біздің елімізде есеп саясатының  орындалуына немесе өзгеріс болса  оның себебін орынды немесе  орынсыз екеніне аудиторлық анықтама  жасау.

   Ішкі  аудиторлық тексерудің обьектісі,  қаржы ақпараты, өндіріс процесі  және компьютер жүйесі. Себебі, шаруашылық  субьектілерінің негізгі шығыны  осы көрсетілген шаруашылыққа  тиісті. Оның ішінде өндіріс барысының  шығыны,әсіресе материал шығыны,өндіріс  қызметкерлеріне еңбек ақы шығыны,табиғи  және өндірістік қосалқы шығын,  ішкі аудитті ұйымдастыру шығыны, тағы басқа шығындар кәсіпорын  және олардың басшысы үшін  арнайы тексеру немесе ішкі  бақылау барысын ұйымдастыру  ішкі аудит жағдайында жан-жақты  қарастырылуы қажет.

   Ішкі  аудит жалпы бақылау жоспарын  жасайды,оның ішінде шаруашылық  іс-әрекеттеріне оперативтік,жедел  бақылау-тексеруді жетілдіру,әсіресе  сату барысы,өндіріс шығыны,таза  табысты болжау,өндіріске негізгі  құралды енгізу,қаржыландыру,көзін  қарастыру мәселелерімен айналысады.

   Келесі  ерекше мәселе, ол ішкі аудит  құрамына білікті мамандар жинап  алу. Қазіргі кезде бухгалтер  мамандығы жеткіліксіз, ал білікті  аудитор одан да аз. Оған тағы  бір себеп аудит қызметін өте  тығыз уақытта жүргізілу ерекшелігі. Қатал, қаурыт графикпен қызмет  атқаруға кез-келген маман шыдас  бере бермейді.

   Аудит  тобының жоспары бір жылдық  көлемге жасалады, ол құжатпен  кәсіпорын бөлімінің басшысы  ішкі аудит тобы цех, бөлім  бастықтарына міндетті түрде  өз жұмыстары туралы мәлімет  беріп отырады. Ол жоспар құпиялықта  сақталуы қажет. Ішкі аудиттің  жылдық жоспары орындалмаған  жағдайда оның қалдығы келесі  жылға аударылады. Кейбір жағдайда, ішкі аудит мамандары жоспарланған  жұмысты игере алмауы немесе  мамандық біліктілігі жетпеген  жағдайда олар сыртқы аудит  мамандарынан көмек сұрайды. Осы  орайда айтатын болсақ, сыртқы  және ішкі аудит қызметкерлері  тығыз байланыста жұмыс жасайды,  бір-біріне көмек көрсетеді. Олардың  арасындағы бір-біріне сенімділік  олардың аудиторлық этика кодексімен  бекітіледі.

   Ішкі  және сыртқы аудиттің мақсаттарының  әр түрлігіне қарамастан, оларға  жету жолдары көп жағдайда  ұқсас келеді. Ішкі аудитордың  жұмысы сыртқы аудиторлық процедуралардың  мерзімі мен дәрежесіне, сипатына  өзгерістер енгізу үшін қолданылуы  мүмкін. Әрине, сыртқы аудитор  өзінің аудиторлық пікірі үшін  толық жауапкершілікті ішкі аудиторда  сондай дәрежедегі тәуелсіздік  бола алмайтындықтан ғана мойындамайды.

    Ішкі  аудиторлардың тәуелсіздігі сыртқы  аудиторлардың тәуелсіздігінен  өзгеше болып келеді. Ішкі аудиторлардың  тәуелсіздігі олардың үй ішіндегі  беделімен, яғни атқаратын қызметімен  және бағынуымен, тәуелсіздік клиент-фирманың, оның басшылығы мен иелерінің  алдында қандайда бір міндеттемелердің  немесе оларға бағытталған қаржылық  қызығушылықтың жоқтығымен анықталады.

   Сыртқы  аудит өз қызметінің барысында  ішкі аудит тобы бар кәсіпорынға  аудит қызметін көрсететін болса,  олар ішкі аудит жұмысына үлкен  сеніммен қарайды да, өзінің тексеруі  барысында ішкі аудит материалын  қайта тексермейді. Сыртқы және  ішкі аудиттің обьектісі, тексеру  әдістері бірдей болғанмен олардың  мазмұны мен мақсат, міндеттерінде  айырмашылық бар екені анық.

 

 

 

 

 

      Кесте 3.          Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары  

      

Элементтері

              Ішкі аудит 

      Сыртқы аудит 

  Аудит обьектісі

Тапсырушы анықтайды.Нақты кәсіпорын  активін тексеру,табыстылығын қамтамасыз ету мәлімет жүйесін дұрыс  қолдану.

Сыртқы аудит статусы анықтайды.Қаржы  есебін тексеру, оның көрсеткіштерінің дұрыс екенін анықтау.Дамыған елдерде  өндіріс барысының аудиті.

 Біліктілік

Кәсіпорын басшыларының қалауы бойынша  анықталады. Тәуелсіздік. Мамандарды бақылау. 

Мемлекет тұрғысынан өте қатал  талап қойылады., оны біліктілік комиссиясы шешеді. Шексіз дербес-тәуелсіздік.

Әдістері 

Ішкі және сыртқы аудит қызметінде әдістері бірдей.Ерекшеліктері аудит  обьектісі мен мақсатына сәйкес әртүрлі болады.

Ішкі және сыртқы аудиттің әдістері бірдей. Олардың айырмашылығы аудит  күрделігіне сәйкес бөлінеді.

Мақсаты

Тапсырушылар басшысымен және жұмыс  жоспарымен анықталады.

Заң талабына сәйкес аудит принциптерімен анықталады. Сол сияқты мәлімет қолданатын талапкерлер үшін. 

Ақпарат

Тапсырушыға, кәсіпорын басшыларына.

Тапсырушыға


 

 

   Келтірілген  кестеден ішкі аудиттің сыртқы  аудиттен ерекшелігі, ол кәсіпорын  құрылымына жататындығы, сонымен  қатар кәсіпорын басшысының қол  астында қызмет атқарады, тікелей  басқаруында болады. Ішкі аудит  кәсіпорынның бөлімдерін тәуелсіз  түрде тексереді, бірақ фирма,  бірлестіктер тұрғысынан бақылауда  болады. Сонда да болса ішкі  аудиттің кәсіпорын үшін беделі, атқаратын рөлі өте жоғары. Себебі, олар оперативтік бақылау, тексеру  жүргізуде көп қызмет көрсетеді. 

   Сондықтан  да ішкі аудиттің ерекше атқаратын  қызметі , ол күнделікті кәсіпорынның  негізгі құралының, материалдарының,  тауарының , өндіріс барысының,  дайын өнімнің бухгалтерлік есебін  күнделікті бақылап отыруында. Қазіргі кезде ішкі аудит кәсіпорындағы күнделікті бухгалтерлік есеп жұмысын күнделікті  бақылап, қадағалап тексеріп отыруы керек. Сондықтанда ішкі аудит тек қана кәсіпорын шаруашылығына бақылау жасап қоймай олар сол кәсіпорынның басқару, менеджмент мәселелерін зерттеп, кемшіліктерін көрсетіп, жұмысын жақсарту жолдарын көрсету мақсатымен қызмет көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

    Нарықтық  қатынастар жағдайында көптеген  кәсіпорындар, банктер, сақтандыру  компаниялары, көлік және коммерциялық  ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар  мен қызмет көрсетулерді орындау  , коммерциялық операцияларды ақша  қаражаттары мен инвестицияларды  займын жүргізу бойынша сан  алуан келісім – шарттық қатынастарға  түседі. Қажетті ақпаратты алудағы  мәмілеге қатысушылар арасындағы  осы қатынастардың нақтылығын  тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз  аудитор ғана дәлелдей алады. 

   Тексеруді  жүзеге асыра отырып тәуелсіз  аудиторлар екі негізгі қызметті  орындайды: 

   1. Қаржылық  есеп берудің толықтығы мен  дұрыстығын дәлелдеуге арналған  дәлелдемелерді жинау және бағалау.

   2. Қаржылық  есеп беру мәліметтерін есептің  жалпы қабылданған стандарттарына  сәйкес тексеру. 

   Аудиторлық  қызметтің негізгі міндеті экономикалық  субьектінің қаржы-шаруашылық қызметін  реттейтін заңның сақталуын, бухгалтерлік  есептің жүргізілуін , қорытынды  есепті құруды және пайдаланушыларды  қаржылық жағдай туралы ақпаратпен  жабдықтауды сапалы тексеруді  қамтамасыз етуде болып табылады. Іскерлік ортада қорытынды есеп  беру мәліметтері аудиторлық  қорытындымен дәлелденбеген кәсіпкерлерге  сенім аз болады. Сенімге ие  болу үшін экономикалық қатынастардың   тұрақтылығын дәлелдейтін ұзақ  серіктік қатынастар қажет болады.

   Аудиттің  түрлері субьект ретінде ішкі  және сыртқы аудит болып бөлінеді. Заңдылық тұрғыдан ерікті және  міндетті болып, ал жұмыс көлеміне  қарай толық және бөлікті тексеру  болып, ал техникалық орындалу  тұрғысынан қол жұмысы түрінде  және компьютерді пайдалану болып  бөлінеді.

   Ішкі  аудиторлық тексерудің обьектісі,  қаржы ақпараты, өндіріс процесі  және компьютер жүйесі. Себебі, шаруашылық  субьектілерінің негізгі шығыны  осы көрсетілген шаруашылыққа  тиісті. Оның ішінде өндіріс барысының  шығыны,әсіресе материал шығыны,өндіріс  қызметкерлеріне еңбек ақы шығыны,табиғи  және өндірістік қосалқы шығын,  ішкі аудитті ұйымдастыру шығыны, тағы басқа шығындар кәсіпорын  және олардың басшысы үшін  арнайы тексеру немесе ішкі  бақылау барысын ұйымдастыру  ішкі аудит жағдайында жан-жақты  қарастырылуы қажет

   Сыртқы  аудиттің обьектісі- ол, шаруашылық  субьектілері. Сыртқы аудиттің мақсаты  тапсырушының талабына сәйкес  анықталады. Тапсырушылар- кәсіпорын  мемлекеттік құрылым және қаржы,  мүлік егелері. Мемлекеттік құрылымның  тапсыруымен аудит тексеруі жүргізілген  жағдайда әлеуметтік –экономикалық мәселелер көтеріледі де, аудитор кәсіпорынның немесе кәсіпкерлердің, меншік егелерінің шаруашылығының тиімді жүргізілуіне қатты көңіл бөлінеді. Оған себеп, олар шаруашылығын пайда табуға тиімді жолмен жүргізсе, мемлекетке салық төлемі көбейеді, әрине ол өз кезегінде мемлекеттің әлеуметтік қаржысын, бюджетін толықтыруда өз үлесін қосады.

   Сыртқы  аудит соңғы жылдары тек қана  қаржы ақпаратын тексеріп қана  қоймай кәсіпорын шаруашылығына  экономикалық талдау жасап, оның  кәсіпкерлігінің табыс сомасына  баға береді, оның жұмысының табыстылық  және экономикалық тиімділігін  анықтайды. Сыртқы аудит қазіргі  кезде «Заңды аудит» деп атайды. Себебі, ол тапсырушы алдында  тәуелсіз , тек қана сыртқы мәлімет  пен пайдаланушылар алдында ғана  жауапкершілікте. 

   Қазіргі  кезде Қазақстан Республикасында  шет ел аудит фирмаларының  бөлімдері – филиалдары жұмыс  істейді. Оның ішінде «Артур  Андерсен», «Эрнст энд Янг», «Прайс  Уотеерхауз» тағы басқалары. Қазақстан  Республикасында акционерлік бірлестік  «Казахстанаудит», дербес аудит  бірлестігі «Центраудит» тағы  басқа көптеген аудит фирмалары  және аудиторлар бар. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Сыртқы аудит және оның ерекшелігі