Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 23:30, курсовая работа

Описание работы

Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына өтуде. Сондықтан да, бухгалтерлер қаржылық есеп беруді халықаралық стандарттардың негіздеріне сәйкес жүргізеді.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.

Содержание

Кіріспе
1 Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеудің теориялық негіздері
1.1. Ұзақ мерзімді активтер, жалпы сипаттамасы мен олардың жіктелуі
1.2. Ұзақ мерзімді активтердің есебін аудиттеудің маңызы, міндеттері ақпараттық көздері
1.3. Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеуді нормативтік-әдістемелік реттеу
2. Кәсіпорын нысанындағы ұзақ мерзімді активтерді аудиттеуді ұйымдастыру қызметтері
2.1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне сипаттама және есеп саясаты
2.2. Кәсіпорын бойынша ұзақ мерзімді активтердің есебін реттеу тәртібі, жағдайы, қозғалысы
2.3. Кәсіпорындағы ұзақ мерзімді активтердің аудиті
3. Негізгі құралдардың аудитін жетілдіру жолдары
3.1. Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы негізгі құралдардың аудитін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған ақпарат көздері

Работа содержит 1 файл

аудит курсовой.doc

— 525.00 Кб (Скачать)

5. Талап – құқығына ие болу, пайдалы үлгілерге, өндірістік үлгілерге құқықтарды алу Патенттік ведомоствада тіркелуге тиісті лицензиялық келісім-шарттармен расталуға тиісті:

а) «ноу-хауды» иелікке алуды көрсету үшін кәсіпорын оны бейнелеу мен сипаттауға билігі болуы керек:

ә)тауарлық белгіні немесе қызмет көрсету белгісін сатып алу.

6. Материалдық емес активтер құнының бастапқы бағасы дұрыс көрсетілді ме? Ол мынадай түрде айқындалады:             

а) жарғы капиталына салымдар жағдайында-тараптардың келісімі бойынша;

ә) басқа заңды және жеке тұлғалардан ақы төлеп иелікке алу мен кәсіпорында объектілерін құру жағдайында-іс жүзінде нақты жасалған иелікке алу (құру) және бұл объектілерді әзірлік деңгейі жағдайына келтіру (ҚҚС-сыз және арнайы салықтар) бойынша шығындарға негізделеді;

б) басқа кәсіпорындардан және тұлғалардан өтеусіз алуда сараптау жолымен.

7. Пайдаланушыларда аталмыш объектінің патентін алу фактісін растайтын құжаттамасы бар ма? Кәсіпорынға МЕА түсуі МЕА-1 қабылдау-тапсыру актісі бойынша, НҚ-1 негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісіне ұқсас пішінде (формада) ресімделеді.

8. Материалдықемес активтердің объектілері кәсіпорынның баланс есебінен дұрыс шығарылды ма?

9. Материалдық емес активтер объектілерге тозу дұрыс есептелді ме? Амортизациялық аударымының мөллшері жалпы ережеге сәйкес бастапқы құн мен пайдалы қызмет мерзіміне (бірақ кәсіпорынның іс-әрекеті мерзімінен аспауы тиіс) негізделіп есептелген нормалар бойынша ай сайын анықталуы тиіс.

10. Материалдық емес активтердің синтетикалық және аналитикалық есебі дұрыс жүргізіле ме?

11. Есептің журнал-ордерлік түрінде материалдық емес активтердің амортизациясын есептеуге;

12. 2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы-гудвилл», 2740 «материалдық емес активтердің амортизациясы басқа да МЕА» материалдық емес активтер шоттары  бойынша бухгалтерлік кореспонденциялар дұрыс жасалды  ма?

13. Материалдық емес активтердің синтетикалық және аналитикалық себебі мен олардың тозу мәліметтері Бас кітаптағы  және басқа бухгалтерлік регисторларға жазбалармен сәйкес пе?                                                                                                                                                    14. Материалдық емес активтердің жасау бойынша барлық шығыстар 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шотында «материалдық  емес активтерді жасау бойынша  шығыстар» аралық шотында шоғырланады.             

15. Субъектің ұйымдастырушылық шығыстары              шыққан  шығыстардың нақтылы құнмен Д-т 2730 «Ұйымдастыру шығындары» шотында К-т 1040,1010,3310шоттарында көрсетіледі.                                  

16. Пайдалану барысында материалдық емес активтер бойынша амортизацияны есептеу үшін келесі негізгі корреспонденциялар қолданылады:

а) Д-т 2930 шотына К-т 2740 шотатарында;Д-т 2110 шотында,   К-т 3130 шотында ҚҚС сомасында құрылыста, қайта құруда және басқадай күрделі қаржыда;

ә) Д-т 8045 шотына К-т 2740 шоттарындағы өнім өндіруде, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызметте;

б) өнімді; жұмысты және көрсетілген қызметті өткізу процесінде Д-т 7110 шотында К-т 2740 шоттарында;

в) жалпы және әкімшілік шығыстары-Д-т 7210 шотына К-т 2740 шоттарында.

17. Төменде көрсетілгендердің нәтижесінде материалдық емес активтердің істен (есептен) шығуы:

а) өткізуге байланысты есептен шығару:

- қалдық құны бойынша –Д-т7410 шоты К-т 2730 шоттары;

-жинақталған амортизация сомасына –Д-т 2740 шоты, К-т 2730 шотына;

-келісім-шарттық құнға (ҚҚС-сыз)-Д-т 2110 шотына К-т 6210 шотына, Д-т 2110 шотына К-т 3130 шотына ҚҚСсомасына;

ә) мыналарға өтеусіз берілсе:

-баланстық құнға Д-т 7410 шотына К-т 2730 шотына; ҚҚС сомасына-Д-т 7210 шотына К-т 3130 шотына;

б) жарғы капиталына салым ретінде мыналарға беру:

-баланстық құнға-Д-т 7410 шотына К-т 2730 шотына; жинақталған амортизация сомасына –Д-т 2740 шотына К-т 2730 шотына;

-МЕА келісілген құнына (егер ол баланстан асатын болса)

-Д-т 2310 шотына К-т 6210 шотына;

-берілген МЕА келісілген құнына, егер ол баланстыққа сәйкес болса, онда баланстық құнға – Д-т 2740 шотына К-т 2730 шотына;

-бұрын есептелген тозу сомасына Д-т 2740 шотына К-т 2730 шотына.

18. Материалдық емес активтерді өткізуден түскен табыс К-Т 6210 «Материалдық емес активтердің шығарылуынан түсетін табыс» шоты бойынша Д-т 1070 «Банктердегі аккредитивтердегі, чектердегі, карт-шоттарындағы және басқа да шоттардағы ақша» бөлімшесінің шотынан, 1040 «Ұлттық валютада ағымдағы, корреспонденттік шоттардағы ақша», 1010 «Кассадағы қолда бар ақшалар», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі» немесе 1430 «Басқа да дебиторлық берешек» шотынан.

Ұзақ мерзімді инвестициялар аудиті

Инвестициялар – бұл активтердің бір түрі, инвестицияланған капиталдың өсуін немесе басқадай табыс табу мақсатымен субъект ие болған объектілер (мысалы, БЕС 8 «Қаржылық инвестиция есебі» коммерциялық есебі нәтижесінде проценттерді, роялтиді, дивиденттерді, жал төлемін, табысты көрсетеді).

Басқа жақтағы тысқары ұйымдардың құнды қағаздарға, мемлекеттік және жергілікті қарыздардың процентік облигацияларына, салымдар сондай-ақ басқа заңды және жеке тұлғаларға берілген қарыздар қаржылық инвестициялар болып саналады.

Сонымен, инвестициялар деп экономика салаларына капитал түрінде салынып жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз.

Инвестиция аудиті мақсаты шаруашылық жүргізуші субъекті қолданатын Қазқстан Республикасының тексерілетін кезеңде қолданылып жүрген құқықтық-нормативтік актілерге, инвестиция есебі бойынша операцияларға салық салу мен есеп әдістемесіне сәйкес белгілеу болып табылады, ол  қаржылық есеп берудің анықтығы туралы пікірді барлық елеулі аспектілерде қалыптастыру үшін керек. Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай бастапқы мәселелер шешілуі қажет:

1) шаруашылық жүргізуші  субъектілердің активтерін инвестицияларға жатқызылу дұрыстығын тексеру;

2) инвестиция есебінде оларды тиісті жіктеу белгілері бойынша шектеу              3) инвестицияларды есепке қойғанда олардың құнын дұрыс бағалау;

4) инвестицияларға байланысты операциялары есебінің дұрыстығын тексеру;

5) инвестициялардың синтетикалық және аналитикалық есептерде жүргізу жағдайын талдау;

6) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте шаруашылық операцияларыне көрсетудің толықтығы мен дұрыстығын бағалау;

7) инвестицияларды түгендеу мен олардың нәтижелерін бухгалтерлік есепте дұрыс көрсету:

8) инвестициямен байланысты операциялар бойынша салықтық заңнама талаптарының толық сақталуы.

Аудит объектілері аудитордың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттемелерге негізделіп анықталады; ұзақ мерзімдік инвестициялар, соның ішінде - еншілес және тәуелді ұйымдарға; ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, басқа да инвестициялар; инвестицияны артық бағалаудан түскен төленбеген қосымша капитал; негізгі емес қызметтен түскен табысы (зияны).              Инвестиция аудитінде аудиттелетін саладағы өзара қарым-қатынастардағы реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді мұхият зерттеу қажет.

Инвестициялардың бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйесінің жағдайы туралы мәліметтерді алуда ішкі  бақылаудың жүйесінің жағдайы туралы мәліметтерді алуда ішкі бақылаудың тәуекелдігін алдын-ала бағалау үшін тестілердің ойланып-толғанған жүйесі бар болғаны дұрыс. (мыс. 6 - кестеде келтірілгендей).

 

6-кесте

Инвестицияның ішкі бақылауы мен бухгалтерлік есеп жүйесі жағдайын тексеру тестілері

 

Зерттеу мәселесі немесе объектісі

Тексеру қорытындысы

Аудитордың тұжырымдары мен шешімдері

1

2

3

                                                А.Ішкі бақылау

Бағалы қағаздардың сақталуы мен олар жайлы ақпараттың таралмауына жауапты бөлімше не жеке қызметкерлер анықталды ма?

Бұл мәселе туралы шаруашылық жүргізуші субъекті басшысының бұйрығы бар

Бұйрық белгіленген талаптарға сай

Инвестицияның және олар жайлы ақпараттың сақталуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасалды ма?

Бағалы қағаздар кассада сақталады, оларды ресімдеу мен құжаттауға рұқсат шектеулі

Бағалы қағаздардың сақталуын қамтамасыз ететін жағдайлар қанағатанарлық

Инвестицияны түгендеу жүргізіле ме?

Басшының бұйрығымен тағайындалған түгендеу комиссиясы жыл соңында тек бір-ақ рет жүргізіледі

Тұтастай түгендеу жүргізу керек

Инвестициялы операциялары санкциялау тәртібі қалай?

Шешімдері директорлар кеңесі қабылдайды, өкімдермен ресімделеді 

Ішкі бақылау қанағаттанарлықтай. Атқару мерзімдерін анықтау 

Инвестициялар себебінде кірісе алудың толықтығы мен уақытылығын тексеру жүргізіле ме?

Іріктемелі бақылау жүзеге асырылады

Бақылаудың тәуекелдігі жоғарғы. Тұтастай тексеру жүргізу

                                           Ә.Бухгалтерлік есеп жүйесі

Иевестицияны тиісті топтарға жіктеу жүргізілді ме?

Иә, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестиция түрлері бойвнша 

Жіктеудің дұрыстығын талдау

Инвестицияларды шоттарда көрсетудің сызбасы жасалды ма?   

Шоттардың жұмыс жоспары белгіленді, сызбалар жоқ.

Шоттарда корреспонденцияларында  қателердің ықтималдығы жоғары 

Инвестициялардың аналитикалық себебі ұйымдастырылды ма?

Аналитикалық есеп инвестиция түрлері бойынша жүргізіледі

Аналитикалық есептің регистрлер бойынша мәліметтерін талдап шығу

Инвестициялардың          аналитикалық және синетикалық  есептің мәліметтері қандай мерзімділікпен салыстырылады.

Тоқсан сайын

Мерзімді есептелікте қателердің болу ықтималдығы жоғары емес.

Информация о работе Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеу