Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 23:30, курсовая работа

Описание работы

Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына өтуде. Сондықтан да, бухгалтерлер қаржылық есеп беруді халықаралық стандарттардың негіздеріне сәйкес жүргізеді.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.

Содержание

Кіріспе
1 Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеудің теориялық негіздері
1.1. Ұзақ мерзімді активтер, жалпы сипаттамасы мен олардың жіктелуі
1.2. Ұзақ мерзімді активтердің есебін аудиттеудің маңызы, міндеттері ақпараттық көздері
1.3. Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеуді нормативтік-әдістемелік реттеу
2. Кәсіпорын нысанындағы ұзақ мерзімді активтерді аудиттеуді ұйымдастыру қызметтері
2.1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне сипаттама және есеп саясаты
2.2. Кәсіпорын бойынша ұзақ мерзімді активтердің есебін реттеу тәртібі, жағдайы, қозғалысы
2.3. Кәсіпорындағы ұзақ мерзімді активтердің аудиті
3. Негізгі құралдардың аудитін жетілдіру жолдары
3.1. Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы негізгі құралдардың аудитін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған ақпарат көздері

Работа содержит 1 файл

аудит курсовой.doc

— 525.00 Кб (Скачать)

 

      Негізгі құралдардың қозғалысын тексергенде аудитор мыналарға ерекше назар аудару керек:

а) мүліктің түрін негізгі құралға жатқызу мен оларды тиістілік жағынан (меншікті әлде жалға алынған), өндірістік процеске қатысу сипаты бойынша (іс жүзіндегі не жұмыс істеп тұрмаған), белгіленуі бойынша (өндірістік емес), өндірістегі ролі бойынша (белсенді-активті немесе бәсең-пассивті) және т.б. жіктеудің дұрыстығы;

ә) Бастапқы құнды, тозуды, келісу немесе сатып алу бағасын (ұлттық валютамен сатып алу сәтіндегі қайта есептеу бағамы бойынша шетелдік валюта үшін) көрсету тізбесін;

б) кәсіпорынның негізгі құрал құрамына кірмейтін, 2930 шотында бітпеген құрылыс ретінде ескерілетін, уақытша пайдалануда тұрған күрделі құрылыс объектілері;

в) әдетте, баланстан кем болмайтын нарықтық құнды белгілеу;

г) негізгі құралдарды өтеусіз бергенде оларға ҚҚС салынуға тиістілігіне, бұған өндірістік емес сала үшін сол салықпен бірге иелікке алынғанды өтеусіз беру кірмейді (беретін тарап ҚҚС-ны төлеуші болып табылады және т.б.)

Аудитор жабдықтаушы, мердігер төлейтін ҚҚС-ын есепке ала отырып, негізгі құралдарды өтеусіз мен иелікке алуға байланысты операциялардың есептілігі мен есепте көрсетілуінің дұрыстығын жете зерттейді. Осы объектілер бойынша, негізгі құралдарды қабылдау тапсыру актісі мәліметтеріне сай 12 және 10 журнал-ордерде 2411 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің шоттарында көрсетілген көрсеткіштердің анықтылығы мен негізділігі тексеріледі.

Сонымен қатар негізгі құралдардың қозғалысын қадағалауда келесі шоттардың корреспонденцияларының дұрыстығын қару қажет: 1.Негізгі құралдарды өтеусіз алуда:

а) қалдық құн бойынша - Д-т 2411-2417 шоттарында К-т 6160 шоты;

ә) жинақталған тозу сомасына – Д-Т 2412-2417 шоттарына К-т 2421-2429 шоттарына;

б) салықтық шот-фактураға сәйкес, ҚҚС ескерілген  Д-т 1420 шотын К-т  6160 шоты.

2. Негізгі құралдарды, мысалы, мұнай өндіретін ұңғыма-скважинаны субъектінің өзі дайындағанда:

а) құрылыс процесінде субъектінің шеккен нақты шығын сомаларында Д-т 2930 шотына К-т 1317, 3310, 3140 шоттарына;

ә) дайындау (құрылыс) біткен соң объектілерді кіріске алу Д-т 2412-2417 шоттарына К-т 2930 шотына;

б) негізгі құрал түскенде 12 бөлімшенің Д-т (Негізгі құрал» мен К-т 2930, 5020, 6260, 1050, 432, 1060, 1010, 1020, 3310, 3370, шоттарына корреспонденция жасалады. Өндірістік қажеттіліктер үшін алынған негізгі құралдар бойынша НҚ (негізгі құралдар) бұған кірмейді. Кәсіпорынға ұсынылған ҚҚС Д-т 3310 «Төленетін шоттар»  және  33 бөлімше «Басқа да дебиторлық берешек»  шоттары корреспонденциясында, ҚҚС қоса есептеу Дт 4410 шотында К-т 3110 шотына жазылып, есепте көрсетілуі тиіс.

3. 12 бөлімшенің шоттарында ескерілген негізгі құралдарға әр ай сайын амортизация есептеледі: Д-т2930, 8045, 7440, 7110, шоттарының және К-т 13 бөлімшенің «Негізгі құралдардың тозуы» - 2421-2429 шоттарының, Д-т 8010 шоты К-т 8045 шоты, Д-т 8014 шоты К-т 8040 шоты, Д-т 8010 шоты К-т 8014 шоты корреспонденцияларының дұрыстығы тексеріледі. Нормаланған амортизациялық кезең бойы тозуды есептеу тәртібі зерттеледі, әсіресе негізгі құралдардың жиі қолданыстағы бөлігінің жылдам тозу әдістемесі пайдаланылатын (есеп саясатымен салыстырады) объектілер бойынша амортизацияның (тозуының) бірыңғай нормаларының сақталуы анықталады.

Әдеттегідей іс-әрекеттен салық салуға дейінгі табыс (шығын) көлеміне негізгі құралдардың істен шығуынан болатын қаржылық нәтижелер тікелей әсер етеді, сондықтан аудиторлар К-т 6210 «Негізгі құралдың шығарылуынан түсетін табыс» пен Д-т 2110-1210, 1040, 1010 шоттарының корреспонденциясының дұрыстығын зерттейді.

Негізгі құралдары беру нәтижесінде болған шығындардың орнын толықтыру ықтимал көздерге,»Табыстар» мен «Шығыстар бөліктерінің шотына есептен шығарудың заңдылығына еркше көңіл бөлінеді.

Аудитор Д-т 8044, 7440, 7110 шоттарының К-т 3390 «Басқалар» «Негізгі құралдардың жөндеуге шығатын алдағы шығыстар резерві» аралық шоты, Дт  3390 шоты К-т 3310, 1310, 4230, 3140 шоттарының жөндеу қоры есебінде пайда болу дұрыстығын зертеуі қажет. Негізгі құралдар объектілерінің кем шығуы немесе бүлінуі жағдайында Д-т 2810, шоты К-т 2413-2417 шоттарының;  Д-т 7210   К-т 3130 шотының, Д-т 2423-2429 шоттары К-т 2415-2417 шоттарының Д-т 1010, 3350 шоттарының К-т 2150 шоты; Д-т 3520 шоты К-т 6210 шотының дұрыстығын білуі керек.

Негізгі құралдардың ағымдағы жөндеу бойынша шығындар бухгалтерлік жөндеу бойынша шығындар бухгалтерлік есепте түп-түгел кезең шығыстарына, ал салықтық еспте-шегерілімге жатқызылады (14).

Күрделі жөндеу шығындары бухгалтерлік есеп пен құндық баланста салық есебіндегі негізгі құралдардың тиісті тобы активтің жағдайын алғашында есептелген нормативтен артық өнімділікті арттырып, жақсартқан кезде ғана (мәселен, автомабилге жаңа двигатель қойылды) объектілердің бастапқы құнын ұлғайтады.

Аудитор жөндеу жөніндегі операцияларды көрсету дұрыстығын тексеруі тиіс, мысалы:

а) жөндеу қорын (резервін) шаруашылық тәсілмен құру:

Д-т 8030 шоты К-т 8031-8034 шоттарының;

ә) жөндеу цехының негізгі құралдарды (НҚ) жөндеу бойынша шығындарды анықтау;

Д-т 8030 шоты К-т 8031-8034 шоттарының;

б) құрылған жөндеу қоры (резерві) есебінен шығындарды есептен шығару:

Д-т 3540 шоты К-т 8030 шотының.

Негізгі құралдардың кем шығуы

а) баланстық құнға - Д-т 1251 шоты К-т 1410 шотының;

б) есепке бұрын алынған ҚҚС сомасына Д-т 7210 шоты К-т 3130 шоты.

Жал мерзіміне байланысты мүлікті былайша бөледі:

а) 3 жылдан астам мерзімге берілген ұзақ мерзімдік жал (лизинг);

ә) орташа мерзімдік (хайринг) - 1-ден 3 жылға дейін;

б) қысқа мерзімдік (рентинг, чартер) - 1 жылға дейін.

Беру шарттарына қарай мерзімдік және ағымдағы жалға алу болады.

Ағымдағы жалгерлік-жалға берушінің өз мүлкін жалға алушыға белгілі бір мерзімге міндетт түрде қайтаратындай етіп беру. Жал мерзімінде меншік иесінің құқықтары мен міндеттемелері жалға берушіде қалады, жалға алушыға мүлікке ие болуы құқы ғана ауысады.

Ұзақ мерзімді жалгерлікке келесі объектілер жатқызылады: барлық келісімшартпен алдын-ала келісілген төлеу бағасы төленген жағдайда бұрын немесе жал мерзімі өткен соң жалға алушының (төлеп алу) меншігіне көшуі қарастырылады.Ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдарды жалға беру мерзімі біткен соң, жалға берушіге қайтарылады: Д-т 3360 шотына К-т 2411-2930 шотында жүргізіледі.

Тексеру кезінде мыналарға назар аудару керек:

а) мүлікті жалға беру жал шарты бойынша жасалады және қабылдау-тапсыру актісімен беріледі (жалға алынған объектілердің қызмет мерзімі мен жал төлемінің көлемі);

ә) жалға беруші мүлікті жалға тапсырудан түскен қаржылық нәтижелер пайдада немесе болашақ кезеңдердің кірісінде көрсетіледі;

б) егер келісім шартта жалға алушының қаржысы есебінен жалға алынған   негізгі құралдарға күрделі  қаржы салу қарастырылса, онда жал мерзімі аяқталған соң жалға берушіге өтеусіз беріледі, негізгі құралдарды өтеусіз беру жайлы бухгалтерлік жазбалар мен ресімделеді және т.б.

Негізгі құралдарды пайдаланудың тиімділігін анықтау - тексерудің маңызды процедураның бірі болып табылады. Бұл үшін аудиторға әртүрлі тәуелді байланыстарды, көрсеткіштерді және коэфициенттерді есептеулерге сүйене отырып, негізгі құралдарды қалыптастыру мен пайдалану мәліметтеріне мәнді талдау жүргізу керек.

Сонымен қатар қор қайтарым, қор сиымдылығы, қордың жарақтандырылуы, айналымдылығы негізгі құрал-жабдықтардың жаңаруы, істен шығуы мен тозуы коэффициенттері, негізгі құралдарды және т.б. экстенсивті, интенсивті және интегралды коэффициенттрі сияқты көрсеткіштер есептеледі.

Материалдық емес активтердің аудиті

Материалдық емес активтердің аудиті ретінде қалыптасуды, іс-жүзіндегі нақты қолда бар, құжаттарда көрсетілудің анық сенімділігін, пайдалы қызмет ету, құны мен мерзімін бағалаудың шынайлығын, амортизациялық есептеуді, істен (есептен) шығарудың негізділігін, есепті ұйымдастыруды, оларды кәсіпорында қолданудың тиімділігін ішкі бақылауды тексеру түсіндіріледі.

Аудитор бұл объектілерді тексергенде 38 ҚЕХС (Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары), 28 БЕС (бухалтерлік есеп стандардарттары), ҚР-ның «Меншік туралы», «Тауарлық белгілер туралы», «Авторлық құқық туралы» және басқа құқықтық нормативтік актілерді басшылыққа алады.             

Ең алдымен, аудит бағдарламасына сай бас кітаптың мәліметтеріне баланс көрсеткіштерінің сәйкестігі зияткерлік меншік объектілерінің бар екендігі және оның жағдайы, алу фактісін растайтын материалдық емес активтердің қабылдау-тапсыру актілері. Бұл объектілер сипатталған немесе кесінді белгіленген жердегі ақпарат көздері мен өзге құжаттар тексеріледі.

Ұзақ мерзімді активтердегі аудит әдістемесі             

Объектілерді кәсіпорынның пайдалануына жарамды жағдайға келтіруге қажетті шығындар көлемін айқындаудың анықтығы мен материалдық емес активтердің (МЕА) құн бағалаудың дұрыстығын айқындау керек. Аудитор материалдық емес активтердің алғашқы бағалаудың әртүрлі тәсілдермен анықталатындығын ескергені жөн.

а) жарғы капиталына санаткерлік (интеллектуалдық) меншік салынған жағдайда тараптардың (құрылтайшы келісімдері бойынша);

ә) бұл объектілерді иелікке алу мен дайын жағдайға келтіру боцынша  нақты шығындарға негізделе отырып;

б) басқа кәсіпорындардан және тұлғалардан өтеусіз алу күйінде сараптама жолымен. 

5-кесте

Материалдық емес активтер аудитінің бағдарламасы

 

Аудит (процедурасы)

Ақпараттың шығу көздері

Баланс көрсеткіштері Бас кітабіның мәліметтеріне МЕА бойынша сәйкестігін тексеру

Баланс. 2730,  2740  шоттары бойынша Бас кітап.

Баланс көсесеткіштеріне Бас кітабінің мәліметтеріне МЕА құжаттарды тексеру

Бас кітап, есеп регистрлері,12,10 журнал ордерлер, (МЕА амортизацисы сомасын есептеу) әзірлеме кестесі және бастапқы құжаттар

Кәсіпорынның бұл объектіге меншіктілік құқығын растайтын МЕА бар екендігі туралы алғашқы құжаттарды тексеру

Патент, лицензия, авторлық куәлік, сызба (схема), жоба, үлгі, лицензиялық келісім-шарттар мен кеміту туралы келісім-шарттар, ас рецептурасы, геологиялық карталар және т.б.

Түскен МЕА бағалаудың дұрыстығын тексеру

Келісім-шарттық бағалардың хаттамалары, сату-сатып алу шарттары, аудиторлық қорытынды, сарапшылардың қорытындысы және т.б.

МЕА кіріске алу есебіндегі көрсетудің дұрыстығын тексеру

Қабылдау-тапсыру актісі, 1,2,3,4,6,7,8 журнал-ордерлері, Бас кітап

МЕА амортизациясын есептеудің дұрыстығын тексеру

«Материалдық емес активтердің амортизациясының сомасын есептеу» әзірлеме  кестесі, 10 журнал-ордер

МЕА істен шығару есебіндегі көрсетудің дұрыстығын тексеру

Қабылдау-тапсыру актісі, 10 – журнал ордер

МЕА түгендеу қорытындыларындағы шоттарда көрсетудің дұрыстығын тексеру

Түгендеу (инвентарлық) тізімдемесі (опись), салыстыру ведомосі, түгендеу актісі, 12 журнал-ордер

МЕА қатысты салықтарды есептеу мен есептің дұрыстығын тексеру

Салықтар бойынша есеп айырысулар, 5,8 журнал-ордерлер

 

Белгіленуі мена атқарылатын функцияларына байланысты материалдық емес активтер үш негізгі топқа бөлінеді;

      1. Санаткерлік меншік

      2. Мүліктік құқықтар

      3. Кейінге қалдырылған шығындар.

Санаткерлік (интеллектуалдық) меншіктің объектілері мыналар: патенттер, лицензиялар, пайдалы үлгілер (модельдер), жаңалықтар, өнер тапқыштар, өндірістік  үлгілер, ЭЕМ (электронды есептегіш машиналар) үшін               бағдаламалар сараптау жүйелері, «ноу-хау», «гудвилл», сауда белгілері, фирмалық атаулар, қызмет ету белгілері, авторлық және басқа аралас құқықтар.

Мүлік пайдалану жөнінде мұнай-газ секторындағы кәсіпорындарда мына құқықтар жатады: табиғат ресурстарын (жер қойнауын, минералды қазбалармен т.б.) жер телімдерін (учаскелерін), мүліктің әрқилы түрлерін және т.с.с.

Кейінге қалдырылған шығындарға мыналар жатады:

              а) ұйымдастыру шығыстары;

                       ә) ғылыми-зерттеу жұмыстары;

              б) тәжірибелік-конструкторлық әзірлеме.

Алайда 38 ҚЕХС пен 28 БЕС-қа сәйкес ақшалай емес   материалдық емес баптар бойынша шығындар сол болған есепті кезең шығысы ретінде осындайда танылады:

1)                бухгалтерлік есептің басқа стандарттарына сәйкес атқарылатын

материалдық емес баптарға жатпаса;

2)    оны тану белгілері (критерийлері) мен анықтамасына сай келетін

материалдық емес актив құнының бөлігін құраса.

       Материалдық емес активті тексергенде мынадай жағдайларға назар аударған жөн:

1. «Гудвилл» (Гфб) – фирма бағасы (іскерлік бедел) - әдетте дамыған елдерде біртұтас мүліктік–қаржылық кешен (МҚК) ретіндегі фирманың құны мен олардың актив құны (АҚ) арасындағы айырманы сипаттайтын құндық категория:

Гфб=МҚК-АҚ

2. ҚР бухгалтерлік  есеп жүйесінде «Гудвилл» (Гоф) заңды түрде әзірге аукционнан және конкурс бойынша жекешелендіру процесі үшін қолданылады. Осыған байланысты отандық фирма (ОФ) иелікке алатын баланстық құны (БҚ) мен сатылымдық бағасы (СБ) арасындағы айырма ретінде белгіленді:

Гоф=СБ-БҚ.

3. Азаматтың санаткерлік (интеллектуалды) және іскерлік жақтары, оның ішінде біліктілігі мен еңбекке деген қабілеті одан алынып, басқа адамға берілуі мүмкін емес болғандықтан, материалдық емес актив болып танылмайды.

4. Материалдық емес активтер объектісінің бар екендігі құжат түрінде рәсімделді ме? Есепке алынатын материалдық емес активтің кез келген объектісі оны елестетуге болатындай объективті түрде көрінуі тиіс. Мысалы,егер жерді пайдалану құқығы енгізілсе,онда бұл құқықты есепке алу үшін белгіленген заңнамалық тәртіпке («Жер учаскесіне меншік құқығын беретін акт») сәйкес рәсімделуге тиісті, кәсіпорынның пайдалануына берілу фактісі мен жер учаскесіне құрылтайшылық құқықты растайтын тиісті құжаттама болып табылады.

Информация о работе Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеу