Қаржылық жоспарлау мен болжамдаудың мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 19:29, реферат

Описание работы

Қаржылық жоспарлау – Бұл қаржы механизмінің (тетіктерінің) қосалқы жүйесі және экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың құрамдас болігі болып табылады.
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржылық ресурстардың үйлесімдігі мен теңгерімділігі жайлы қызмет болып табылады. Осы арада теңгерімділік дегеніміз — мемлекет қарамағындағы қаржылық ресурстар арасындағы және кәсіпорынның табыстары арасындағы қолайлы, үйлесімді қатынас болып табылады. Ал үйлесімділік түсінігі кәсіпорындардың және экономиканың басқа да салаларының салық төлегенге дейінгі және төленгеннен кейінгі қалған табыстардың көлемінің арасындағы мақсатты қатынастың қалыптасун айтамыз.

Работа содержит 1 файл

каржылык жоспар.docx

— 38.57 Кб (Скачать)

1. Қаржылық жоспарлау мен болжамдаудың мәні 
Қаржылық жоспарлау – Бұл қаржы механизмінің (тетіктерінің) қосалқы жүйесі  және экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың құрамдас болігі болып табылады. 
Қаржылық жоспарлау  – бұл қаржылық ресурстардың үйлесімдігі мен теңгерімділігі жайлы қызмет болып табылады. Осы арада теңгерімділік дегеніміз — мемлекет қарамағындағы қаржылық ресурстар арасындағы және кәсіпорынның табыстары арасындағы қолайлы, үйлесімді қатынас болып табылады. Ал үйлесімділік  түсінігі кәсіпорындардың және экономиканың басқа да салаларының салық төлегенге дейінгі және төленгеннен кейінгі қалған табыстардың көлемінің арасындағы  мақсатты қатынастың қалыптасун айтамыз. 
Қаржылық жоспарлаудың объектілеріне  ақшалай кірістер мен жинақтардың қалыптасуы, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қаржаттардың пайдаланылуы жатады. Осыған орай, қаржылық жоспарлау — ақшалай қаражаттарды қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану бойынша экономикалық үрдістерді жоспарлы басқару түсінігін береді. 
Қаржылық жоспарлаудың мақсатына қаржылық ресурстардың қалыптасу көздерін, олардың көлемін анықтау, тиімді арашамасын бекіту, аймақтар мен салалар арасында тиімді бөлістіру мен  резервті қаржы көздерін қалыптастыру  жатады. 
Қаржылық жоспарлаудың міндеттеріне шаруашылық субъектлерді дамыту мақсатында теңгерімділік пен үйлесімділікке қол жеткізу жатады. Қаржылық жоспарлау — бұл экономиканы басқарудың маңызды функциясына жатады. Ол мемлекеттің билік органдары арқылы сонымен қатар  шаруашылық субъектілер арқылы жүзеге асырылады.  Нарықтық экономика жағдайында қаржылық жоспарлау  көп жағдайда болжамдау негізінде жүзеге асырылады. 
Қаржылық жоспарлау жағдайында қаржы жүйесінің барлық органдарының қызметі бірдей қамтылуы тиіс. Осыған байланысты қаржы жүйесінің кейбір буындары  әлсіз болған жағдайда  қаржылық жоспарлау жүйесін даярлаудың қажеттілігі туындайды. Жоспарларды құру келесі жағдайларға әсер етеді 
•    Ақша қорларын қалыптастыру мен пайдаланудың әдістері мен нысандарына; 
•    Қаржылық ресурстарды салалық және аймақтық қайта бөлістіруге; 
Нақты ақша қорларының ақшалай қаражаттары сәйкес қаржы жоспарларына  сәйкес орналастырылады. Қаржылық жоспарлау жүйесінде ерекше, басты  орын алатын бюджеттік жоспарлау болып табылады. Бюджеттік жоспарлауда бюджетттік қорлардың қозғалысы, қалыптасу әдістері мен көздері, кірістері мен шығыстарының құрылымы айқындалады.  Бюджеттен тыс қорлардың қозғалысы: зейнетақы қорының, әлеуметтік сақтандыру қорының, мемлекеттік еңбекпен қамту қорының қаржылық жоспарларының кірістері мен шығыстарына ықпал етеді.  Бюджеттен тыс қорлардың қаржылық жоспарлауындағы кіріс бөлігіне заңды және жеке тұлғалардың ерікті және міндетті жарналары бейнеленеді. Сонымен қатар бюджеттен тыс қорларға қаржылары жетіспеген жағдайда бюджеттен займдық қаражат түрінде қаржылар түсуі мүмкін.  Осыған сәйкес бюджеттен тыс қорлар бюджеттік қормен және басқа да, бюджеттен тыс қорлармен өзара тығыз байланыста болады. 
Қаржылық жоспарлаудың көрсеткіштеріне мемлекеттің қаржылық жағдайын  талдауға қажетті  бастапқы материалдар жатады. Олар болашақты жоспарлаудың негізін құрайды. 
Болжамдау –  бұл қандай да бір құбылыстың, объектінің келешекте дамуын алдын -ала көре білу мен бағдарлау. Қаржылық жоспарлау – қаржылық қатынастардың жетілдірілуі. 
Қаржылық болжамдау – мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын –ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу(дәлелдеу)болып табылады. Болжамдар  орташа мерзімде (5-10 жыл) және ұзақ мерзімге (10 жылдан аса) дайындалады. 
Жоспарлау  бұл  өзара байланысты қаржы тапсырмаларын әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесс.

2.    Қаржылық жоспарлаудың әдістері мен қағидалары 
Қаржылық жоспарлаудың негізгі ұстанатын қағидаларына келесілер жатады: 
- Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдердің үйлесуі. Бұл қағида орталықтандырылған қаржылық жопарлау мен жергілікті қаржылық жоспарлаудың үйлесуін сипаттайды.  Бұл қағида өз кезегінде мемлекетке біртекті қаржы саясатын жүргізуге мүмкіндік береді. 
- Бірлік қағидасы –  қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспарлаумен өзара байланысы мен тәуелділігін сипаттайды.  Қаржы жоспарының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. 
- Үздіксіздік қағидасы келешектегі және ағымдық жоспарлау  арасындағы тығыз үйлесімділіктің болуын сипаттайды. Қаржылық жоспарлауда келесі  әдістер  қолданылады: 
1.Экстрополяция әдісі. Келешектегі  даму көрсеткіштерін нақты көрсеткіштердің динамикасы негізінде  анықтау. 
2.Сараптық бағалаулар әдісі –  жоспарлауда аса білікті мамандардың тәжірибесін пайдалану – сарапшылардың тәжірибесін пайдалану. 
3. Нормативтік әдіс –  жоспарлы көрсеткіштері бекітілген нормалар мен нормативтер негізінде есептеліп шығарылады. 
4.Баланстық әдіс – шығындардың олардың жабу көздерімен үйлесуін қарастырады. 
5.Қаржылық бағдарламалау– нақты мақсат пен оған жетудің жолдары анықталған бағдарламалы тәсілдерін  қолдану арқылы жүзеге асырылатын әдіс. 
6.Экономико-математикалық әдістер – ең тиімді процесс үлгісін құру және оны қаржы саласына көшіру әдісі. Бұл әдіс келесі кезеңдер арқылы жүзеге асырылады: 
Жоспарлаудың бірінші кезеңінде есептік жылдағы қаржылық көрсеткіштердің орындалуына экономикалық талдау жасалынады. 
Екінші кезеңде жоспарланған кезеңдегі кірістер мен шығыстардың нақты түрлеріне есептеулер жүргізіледі. 
Үшінші кезеңде жеке тапсырмалар мен баптар бір арнаға келтіріліп, үйлестіріледі. Егер қаржылық тапсырмалар мен шаралар  ақша ресурстарына сәйкес құрылмаса, кірістерді ұлғайтудың көздері анықталып, оларды тиімді пайдаланудың жолдары анықталады.

3.  Қаржылық жоспарлау жүйесі  
Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжатына- қаржылық жоспар жатады. 
Қаржы жоспары – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің,  салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай  қорларын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді. 
Қаржылық жоспарлаудың жүйесіне жоспарлаудың көптеген түрлері (бастапқы, жиынтық қаржылық жоспарлар) кіреді. Бастапқы қаржылық жоспарларға мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың қаржылық жоспарының сметасы кіреді.  Жинақты қаржылық жоспарларға  жалпы мемлекеттік, аумақтық, салалық жоспарлар кіреді.  Жалпы мемлекеттік жоспарларға: мемлекеттің жиынтық қаржы балансы және мемлекеттік бюджет жатады. Салалық қаржылық жоспарларға: министрліктердің кірістері мен шығыстарының балансы, материалдық өндіріс салаларының балансы, қоғамдық ұйымдардың қаржылық жоспары кіреді. 
Аумақтық қаржылық жоспарларға: аймақтардың  жиынтық қаржылық жоспары, жергілікті бюджет, сәйкес аумақтардың қоғамдық ұйымдарының жоспарлары жатады. 
Уақыт кезеңіне байланысты қаржылық жоспарлау жылдық, орта мерзімдік  (үш -бес жылдық) және ұзақ мерзімдік қаржылық жоспарлауға бөлінеді. Бүгінгі таңда жылдық мерзімде аталған жоспарлардың барлығы да дайындалады. 
Материалдық өндіріс аясында қаржылық жоспарлар кірістер мен шығыстардың балансы деп аталып, төрт бөлімнен тұрады: 
1. Кірістер мен түсімдер 
2. Шығындар мен ақшалай аударымдар 
3. Бюджеттік төлемдер 
4.  Бюджеттік аударымдар 
Баланстың бірінші бөліміне: таза кіріс, амортизациялық аударымдар, банктердің ұзақ мерзімдік несиелері, жинақ қорларының қаржылары,өнімді өткізуден түскен түсім, салықтық түсімдер, акциздік салықтар көлемі,  бағалы қағаздарды сатудан түскен түсім, айналым қаржаттарының өсімі жатады. 
«Бюджетке төленетін төлемдер» бөлімінде  салықтардың барлық түрлері бойынша түсімдер жатады. 
« Бюджеттен аудару» бөлімінде келесі шаралар қарастырылады. Мемслекеттің орталықтандырылған қаржылық салымдары, үкімет пен жергілікті билік органдарының шешімімен қаржыландырылатын жедел шығындар. 
Аз көлемдегі айналым қаржылары бар шаруашылық субъектлер екі бөлімді қаржылық жоспарды: кірісті және шығысты дайындайды.

4. Кәсіпорын деңгейіндегі маңызды қаржылық-экономикалық  көрсеткіштерге келесілер жатады:  
- өнімді өндіруден түсетін түсім  (қызмет, жұмыс). Бұл көрсеткіш ақшалай қаражаттарды пайдалну мен бөлістірудің негізгі мүмкіндіктерін анықтайды. 
-өндірілген өнімнің өзіндік құны; 
- жалпы шығындарға шаққандағы жеке шығындар элементтерінің  үлес салмағы 
- табыстардың немесе кірістердің көлемі; 
- рентабельділік деңгейі (кірістің); 
- амортизациялық аударымдардың көлемі ; 
- жинақтаушы, резервтік, тұтыну қорларының көлемі; 
- кредиторлық және дебиторлық қарыздардың жағдайы; 
- жеке айналым қаржыларының болуы; 
- негізгі және айналым қаржыларын пайдалану көрсеткіштері (қор қайтарымы, қор сыйымдылығы, айналым қаражтарының айналымдылық көрсеткіштері, айналым ұзақтығы); 
- акционерлік капиталдың көлемі 
- кәсіпорын қаржаттарының өтімділік көрсеткіштері. 
Кәсіпорынның қызметінде сонымен қатар жалпы экономикалық көрсеткіштер де пайдаланылады: 
-    шығарылған өнімнің бір бірлігіне кететін шығындар; 
-    капиталдық салымдардың көлемі  (инвестициялардың ). 
Салық салуда келесі арнайы көрсеткіштер қолданылады: 
- жиынтық жылдық кіріс 
- жиынтық жылдық табыстан шегерімдер көрсеткіші, ол жылдық жиынтық кірістен алымдарды шегеру негізінде анықталады; 
Жиынтық қаржылық көрсеткіштерге бюджеттің кірістері мен шығыстары, сонымен қатар олардың құрамдас бөліктері, үлес салмақтары мен бюджет тапшылығының көлемі жатады. 
Ұлттық шаруашылық деңгейінде қаржылық көрсеткіштер мемлекеттің қаржылық көрсеткіштерінің көлемін, құрылымын сипаттай отырып, мемлекеттік бюджет арқылы аталған қаражаттардың бөлістірілуін және халық шаруашылығының әр түрлі салаларының тиімділігін сипаттайды.

5.Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары  
Нарықтық экономикадағы мемлекеттік реттеу ең алдымен салықтық, бюджеттік, банктік, кедендік және монополияға қарсы саясаттың жүргізілуімен қамтамасыз етіледі. 
Экономиканы мемлекеттік реттеудегі басты ролді қаржылық жоспарлау оның ішінде индикатвті жоспарлау алады.  Индикативті қаржылық жоспарлаудың негізгі мақсаты-мемлекеттің қызметін жүзеге асыруға бағытталған қаржы ресурстарының көлемі мен бағыттарын анықтау. 
Индикативті қаржылық жоспарлау тек мемлекеттік  сектор үшін ғана міндетті болып, ал экономиканың басқа секторлары үшін – ұсыныстар сипатында болады. 
Кәсіпкерлік буындар өзінің шаруашылық –коммерциялық қызметінде жоспарлауда  биснес — жоспарды пайдаланылады. 
Бизнес-жоспар-  бұл кәсіпкерлік қызметтің техникалық, экономикалық негізіне сәйкес болатын құжат. 
Бизнес жоспарлауда келесі құжаттар дайындалады: 
- өнім көлемін болжау 
- ақшалай кірістер мен шығыстардың балансы 
- кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің жиынтық балансы 
-шығынсыздық нүктесіне жету графигі

 

 

 Қаржылық  жоспарлау – бұл қаржылық  механизмнің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық

дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының  қызметін  үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық- заттай эле- менттеріне ақшамен қауыштырылған бөлудің қоғамдық ұ дайы өндіріс-ке белсенді ықпал жасауына ақша қозғалысының салыстырмалы дер-бестігіне байланысты ақшалай нысанда жүзеге асырылады.                                                                                                             

Қаржылық  жоспарлаудың мазмұны экономикалық субъектілердің ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық үдерістермен оңайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде болып көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қорларды қалыптастыру және пайдалану.                                         

     Қаржылық жоспарлаудың объекті шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қортынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен қаржыландырудың дара жоспарларынан жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буыедары мен байланыстары анықталады.                                                                                     

Қаржылық  жоспарлаудың нақтылы  міндеттері қаржылық саясатпен айқындалады. Бұл:                                                                                               

   1. Қаржылық ресурстарды қалыптастыру көздерін және олардың мөлшерін анықтау;                                                                                       

   2. Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар, ұлттық шаруашылықтың салалары және әкімшілік-аумақтық бөлімшелер арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйесімдерін белгілеу;                  

  3. Ресурстарды пайдаланудың нақтылы бағыттарын анықтау және қажетті резервтер жасау.                                                                 

  Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Қаржылық жоспарлауды мемлекеттік   билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олар- дың жоғарғы органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.                                                       Шаруашылық жүргізудің рыногтық жағдайларына шаруашылық жургізудің белгіленетін түпкі нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты қаржылық жоспарлау көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.                                                                

   Болжам  – арнайы ғылыми зерттелім негізінде болашақта қандай да бір жай-күй туралы ықтималдық жорамалау. Болжау – қандай да бір құбылыс объекті, үдеріс дамуының нақтылы перспективалары туралы болжам әзірлеу. Қаржыларға қатысты болжаудағы құбылыс дамуы – бұл қаржылық қатынастарды мүмкіндігінше жетілдіру, объект – қаржылық ресурстар, үдеріс – ақшалай қаражат қорларының қозғалысы.                                                                                                    

   Жоспар – іс-әрекеттерді немесе іс-шараларды жүзеге асырудың тәрті- бін, мезгілдерін және дәйектілігін анықтайтын тапсырмалардың  бірің- ғай мақсатына жетуге бағытталған өзара байланысты жүйе.  Жоспарлау – тегінде жоспарлы әзірлеуде, оның орындалуын ұйымдас-тыруды және атқарылуын бақылауды қамтитын үдеріс.                          

  Шаруашылық жүргізудің рыногтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік,    яғни, ұсынбалы жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық-үлестіруші рөлді орындайды және қаржылық қызметтің субъектілеріне экономикалық реттеушілер арқылы жанама түрде әсер етеді.     

  Қаржылық  жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағида- ларға негізделеді: орталықтандырылған тәсілдердің уйлесуі, бірлік, үздіксіз.    

    Қаржыны жоспарлау белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырыла-

ды, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:    

  1.Есеп-қисаптық-талдамалық әдіс.  Оның мағынасы қаржылық көрсет-

кіштерді олардың  динамикасын белгілеу негізінде  анықтауға болады.

Есеп –қисаптар  есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің неме-се төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету негізінде  жүргізіледі. Мұндай тәртіптің айтарлықтай  кемшіліктері бар:   

   Мүмкін болатын ішкі шаруашылықтық резервтерді анықтауды есепке алмайды;

Материалдық және ақшалай  ресурстарды пайдалануға теріс  әсер етеді, өйткені жоспарланатын  кезеңде олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады.    

  2.  Сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектінің жай-күйінің пара-метрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың – сарапшылардың тәжірибесін пайдалануды қажет етеді.    

   3.  Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық косеткіштер белгі-ленген нормалар мен нормативтердің негізінде есептен шығарылады.    

  4.  Баланстық әдісі шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен қатар өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің өзара үйлесуін қарастырады.  

    5.  Бағдарламалық мақсатты әдіс әр түрлі деңгейлерде – жалпыұлттық, салалыұ, бастапқы деңгейлерде жүзеге асырылатын ғылыми – техникалық  бағдарламалар негізінде қаржылық болжау әдістерінің бірі ретінде рынок жағдайларында дамып отыр.  

Информация о работе Қаржылық жоспарлау мен болжамдаудың мәні