Әкімшілік құқық және басқарудағы заңдылық

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 23:06, доклад

Описание работы

Басқарудағы заңдылық;
Басқарудағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудің тәсілдердің жүйесі мен түсінігі;
Атқару билігінің бақылау органдары;
Әкімшілік қадағалау;
Сот билігінің органдары және басқарудағы заңдылық;

Работа содержит 1 файл

Әкімшілік құқық және басқарудағы заңдылық.docx

— 23.34 Кб (Скачать)

4) ұсталғандарды  ұстайтын орындарды, алдын-ала  қамауға алу орындарында, бас  бостандығынан айыру орындарын  жартылай өтеуде, сот тағайындаған  өзге де мәжбүрлеу сипатаныдағы  шараларды орындауда заңдардың  сақталуын қадағалау.       

 Прокурорлық  қадағалаудың барлық бағыттарының  ішіндегі ең бастысы прокуратураның  жалпы қадағалауы. Ол барлық министрліктердің, комитеттердің, ведомстволардың,  кәсіпорындардың, мекемелер мен  ұйымдардың, азаматтардың заңды  тура және біркелкі орындауында  жүзеге асырылады.

Жалпы қадағаулаудың негізгі  міндеттері:

1) басқару  органдарының және қоғамдық ұйымдар  органының барлық актілерінің  заңдарға және басқа да нормативті  актілеріне сәйкестігін тексеру;

2) басқару  аппаратының лауазымды тұлғаларының  заңдрды орындауларын қадағалау.       

 Прокуратура  органдары  тек заңдылық тұрғысынан ғанга қадағалау жасайды, сондықтан олар қадағалауындағы объектілердің шұғыл-шаруашылық қызметтеріне араласпайды, олардың актілерінің күшін жоймайды және өзгертпейді. Заңмен белгіленген тәртіп бойынша прокуратура органдары заңның негізінде қадағалау объектілеріне баруға, басшылардан қажетті ақпараттарды алуға, талап етуге, тексеру жүргізуге құқылы.        

 Қадағалау  бойынша сыртқы нысандарға мыналар  жатады: наразылық, ұсыныс. Наразылық  - бұл заңсыз актілер мен әрекеттерге  прокурордың нақты және ресми  әсер етуі.       

 Прокурордың  ұсынысы заңды бұзған фактілерді, сонымен қатар бұзушылыққа әкелген  себептер мен жағдайларды көрсетуге  бағытталған. Ұсыныс бұзушылықты  жою бойынша шаралар қабылдауға  құқығы бар мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге немесе  коммерциялық ұйымдарға, лауазымды  тұлғаларға беріледі.       

 Жалпы  қадағалауды жүзеге асыруда прокуратура  органдары мына өкілеттіліктерді  істеуге құқылы:

1) орталық  және жергілікті басқару органдары,  лауазымды тұлғалары шығаратын  құқықтық актілерді заңға сәйкестілігін  тексеру үшін талап етуге;

2) қадағалауындағы  органдардан, лауазымды тұлғалардан  барлық қажетті материалдарды,  мәліметтерді, құжаттарды талап  етуге;

3) басқару  органының, лаазымды тұлғалардың  заңдылықты бұзу туралы өтініштерімен байланысты заңдардың орындалуын тексеру;

4) азаматтардың  әкімшілік ұстаудың, оларға әкімшілік  ықпал ету шараларын қолданудың  заңдылығына тексеру жүргізуге;

5) орталық  және жергілікті басқару органдарының  заңға қайшы қабылданған актілеріне, сонымен қатар лаузымды тұлғалардың  әрекеттері мен заңсыз басқару шешімдеріне наразылық  білдіруге құқылы.

                  Әкімшілік  қадағалау түсінігі

  Әкімшілік қадағалау - мемлекеттік басқаруда заңдылықты  қамтамасыз етудің арнайы тәсілдерінің  бірі.   

Әкімшілік қадағалау - атқарушы биліктің қарамағындағы  ұжымдық  және жеке субъектілердің құқық нормаларын сақтау үшін жүргізетін, үстінен қарайтын бақылау.  

 Әкімшілік  қадағалаудың мән-маңызы - ол басқару  сферасында әрекет ететін заңдарда  және заң күшіндегі  актілерде бекітілген арнайы ережелер мен талаптардың орындалуын байқау, бақылау. Бұл жол жүру ережелерін, қауіпсіздік ережелерін, сауда, санитарлық, табиғатты қорғау нормаларын орындалуын қадағалау. 

  Әкімшілік қадағалау  атқарушы билік  органдарын, кәсіпорын, мекеме, ұйым, қоғкмдық бірлестіктер, азаматтарға қатысты жүргізіледі. Оны арнайы органдар жүзеге асырады. Көптеген ведомстволарда арнайы қадағалау қызметтері бар және олар мемлекеттік инспекциялар деп аталады.   

 Мемлекеттік  инспекция - жеке және заңды  тұлғалардың  нақты ережелерді сақтау  үшін қадағалау жүргізетін арнайы мемлекеттік  органдар. Сонымен қатар салықты және бюджетке міндетті түрде төлейтін төлемдерді төлеу үшін бақылау жасайды, таулы жерде жұмыс  жүргізу мен атомдық  өндірістерде қауіпсіздікті бақылайтын, энергетикалық қондырғылардың  қауіпсіздігі үшін, қалаларда архитектуралық стилдерді сақтау үшін бақылау жүргізетін инспекциялар бар.  

  Мемлекеттік инспекцияларға функционалды билік және барлық органдардың үстінен қарайтын өкілеттіліктер берілген, соның ішінде  бұзушыларға әкімшілік мәжбүрлеу  шараларын қолдану да  көзделген.    

 Арнайы қадағалау ведомстволары  ҚР Үкіметіне бағынады, ведомстволық  қызметтер - сәйкес арнайы құзырлығы бар орталық органдарға бағынады.     

 Әкімшілік қадағалаудың ерекшелігі қадағалау субъектісі мен объектісінің арасында  бағыныштылық жоқ және нақты жағдайда қадағалау объектісіне қадағалау субъектісі әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдана алады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                          Пайдаланылған әдебиеттер 

  1.   Баянов А. Қазақстан  Республикасының  әкімшілік құқығы. Оқулық.-Алматы .-2003.
  2. Таранов А.А. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Оқулық. Алматы -2003.

Информация о работе Әкімшілік құқық және басқарудағы заңдылық