Әкімшілік құқықтың қайнар көздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 19:52, доклад

Описание работы

Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл әкімшілік - құқықтық нормаларды бейнелеудің сырт пішіндері. Осы орайда атқару билік органдарының шығаратын нормативтік актілері жөнінде мәселе туындап отыр. Әкімшілік – құқықтық нормалардың көптігі олардың өз бойына жинап, көрсететін қайнар көздерінің көптігімен бейнеленеді.
Тарановтың пікірі бойынша: « «Әкімшілік құқық көздері» термині басқарушылық қатынастар субъектілерінің іс – әрекет ережелерін баяндаудың және бекітудің мемлекеттік билік ресми таныған формасын білдіреді. Құқық көзі болып саналуы үшін әрбір мұндай формада бірқатар мынадай белгілер болуы тиіс:

Работа содержит 1 файл

Әкімшілік құқығының қайнар көздері (2).doc

— 70.50 Кб (Скачать)


Әкімшілік құқығының қайнар көздері

Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл әкімшілік - құқықтық нормаларды бейнелеудің сырт пішіндері. Осы орайда атқару билік органдарының шығаратын нормативтік актілері жөнінде мәселе туындап отыр. Әкімшілік – құқықтық нормалардың көптігі олардың өз бойына жинап, көрсететін қайнар көздерінің көптігімен бейнеленеді.

Тарановтың пікірі бойынша: «  «Әкімшілік құқық көздері» термині  басқарушылық қатынастар субъектілерінің іс – әрекет ережелерін баяндаудың және бекітудің мемлекеттік билік ресми таныған формасын білдіреді. Құқық көзі болып саналуы үшін әрбір мұндай формада бірқатар мынадай белгілер болуы тиіс:

-         Субъектілердің белгілі бір санаттары міндетті түрде орындайтын бір немесе бірнеше қаракет  ережелері (құқық нормалары) болуға;

-         Ресми мемлекеттік билік оны сондай деп тануға және ол мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілуге тиіс;

-         Практикалық маңызы бар және де әкімшілік құқықтық қатынастар субъектілерінің қызметінде жиі қолданылатын;

-         Әкімшілік  құқықтық қатынастар субъектілерінің қандай да бір заңдық маңызы бар әрекеттер жасауы үшін негіздемелері болуға;

-         Елдің қолданыстағы құқық жүйесімен үйлесуге, ғылыми құқықтық доктринаға сәйкес келуге.

Құқық көздерінің бұл аталған белгілерін жинақтап қорыта келе, әрқашанда, құқықтың формасы мен көзін ажырату қажет екендігін айта кету керек. Біріншіден, құқұық көзі құқық формасы ретінде әрқашан да институттандырылған, ал форма дегеніміз – заң шығару қызметінің нәтижесі (С.Алексеев). Екіншіден, тек ереже (норма) ғана құқық нормаларымен қойылған адамдардың характерін анықтайды (Н.М.Каркунов). Норма жасаушылар, дәстүрге беріліп, әлеуметтік өмір мемлекет белгілеген ережелер арқылы басқарылады деп есептейді. Құқық көзін түсінуде көптеген авторлардың осындай көзқараста екендігін айта келе мәдениеттану сипаттамасына берілген бағаның басқа да тұжырымдамаға әкелуі мүмкін демекпіз.

Заң әдебиеттері әртүрлі құқық көздеріне мына алты форманы жатқызады:

1)     Құқықтық әдет

2)     Нормативтік акт

3)     Сот прецеденті

4)     Шарт (оның ішінде - әкімшілік)

5)     Сот практикасын жинақтап қорыту

6)     Ғылыми құқықтық доктрина.

Құқықтық әдет. Қоғамда мемлекеттік билікке тәуелсіз қалыптасқан және көпқайтара қайталанудың нәтижесінде әлеуметтік императив ретінде адамдар санасына бекіп қалған іс – әрекет ережелерін құқықтық әдет деп түсінеміз. Әдет – ғұрыпты сол қалпында міндетті түрдегі дәстүр деп қарастыруға болмайды. Әдет өзінің ең дұрыс нұсқасында қайталанып отырады. Әдетті іс жүзінде пайдалану практикасы, оны, қажет болған жағдайда, уақытқа қарай бейімдеу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Сонымен, әдеттің вербалдық – символдық нормалары белгілі бір қауымдастықта әрекет етеді және дамып түрін өзгерте алады. Және де, әдет нормаларының морфологиялық құрылымы құрылымдық элементтердің анық айтылумен ерекшеленбейді. (мысалы, «око за око, зуб за зуб»). Мемлекет пен құқықтың бастапқы даму кезеңінде құқықтық әдеттің маңызы зор болды. Қазіргі кезде ол қайтадан өріс алуда.

Нормативтік құқықтық акт. «Нормативтік – құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес референдум немесе мемлекеттің өкілетті органдары немесе лауазымды адамдары қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың әрекеттерін өзгертетін, доғаратын немесе тоқтататын, белгіленген формадағы жазбаша ресми құжат нормативтік құқықтық акт ретінде қарастырылады. Бұл жерде атап өтетін бір жағдай, құқықтық жүйенің үстемдігі сол норма шығарған органның үстемдігінен туындайды және нысанға бағытталған іс- әрекет ережелерін, яғни құқықтық формаларда көрініс тапқан заң нормаларын қарастырады. Нормативтік актілердің әкімшілік құқық көздері екендігінде дау жоқ. Құқықтық нормалардың осы формада көрініс табуы құқық көздерінің барлық белгілерін қанағаттандырады. Нормативтік акт – қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің негізгі құралы.

Жобасын жасауға осы жұмыстың авторы қатысқан «Нормативтік құқықтық актілер туралы» ҚР Заңы нормативтік құқықтық актілерді негізгі және туынды деп бөледі.

Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:

1)     Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;

2)     ҚР Президентінің заң күші бар жарлықтары; ҚР Президентінің басқа да нормативтік құқықтық жарлықтары;

3)     ҚР Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;

4)     ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары;

5)     ҚР Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;

6)     ҚР Министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың басқа басшыларының нормативтік бұйрықтары;

7)     Мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, басқа да орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары;

8)     Мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтық актілері.

Туынды нормативтік актілерге мыналар жатады:

1)     Регламент;

2)     Ереже;

3)     Қағида;

4)     Нұсқаулық.»

Әкімшілік құқық көздерінің түрлері

Әкімшілік құқық көздері дегеніміз – құқықтың әкімшілік құқық субъектілерінің атқарушылық – билік қызметі өрісінде қалыптасқан қоғамдық қатынастарды реттейтін нормаларының құқықтық формалары. Әкімшілік құқықы Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің бір саласы болып табылады, оның өзінің құқықтық реттеу өрісі, және өзіне тән ерекшеліктері бар. Әкімшілік құқық көздері де, тиісінше, құқықтың басқа салаларының көздеріне қарағанда өзгеше болып келеді. Олар әкімшілік құқық реттейтін қатынастардың ерекше мазмұнымен, құқықтық реттеудің әдісімен және әкімшілік құқық субъектілерінің ерекшеліктерімен анықталады.

Нориативтік акт әкімшілік құқық көзі ретінде атқарушы билік органдарының  ресми құқық шығармашылық актісі болып табылады, оны өкілетті органдар белгіленген тәртіпте қабылдайды, онда құқық нормалары және заң күші болады. Бүгінгі күндері ол басқару саласында қалыптасқан қатынастарды құқықтық реттеудің негізгі құралы болып табылады.

Атқарушылық қызметпен байланысты болғандықтан әкімшілік құқық қатынастарында «жоғарыдан төмен» қарай қатаң бағыттылық бар. Оның тиімділігін қамтамасыз ету үшін құқықтық нормалардың неғұрлым көп субъектілерге таралуы қажет. Басқа жағынан алып қарасақ, мысалы азаматтардың құқықтарын қорғау үшін, атқарушы билік органдарының барлық ірекеттері өте нақты болуға тиіс.

Нормативтік актілер барлық жағынан осы екі талапты қанағаттандырады. Оны пайдалану басқарушы органдардың қызметі таралатын өрістің шекарасын айқын анықтауға мүмкіндік береді. Және де, бұл органдардың  іс – әрекеттерін нормативтік анықтау басқарылатын субъектілерді басқарушылардың озбырлығынан қорғауға едәуір кепілдік береді.

Әкімшілік – құқық көздері болып табылатын нормативтік актілерге мына қасиеттер тән:

-         Қабылдаудың ресми тәртібі;

-         Құқықтық нормалардың болуы;

-         Қысқаша баяндалуы;

-         Күшінің неғұрлым көп субъектіге таралуы;

-         Басқаратын да, басқарылатын да субъектілердің мүддесін білдіруі.

Қазақстан Республикасында әкімшілік құқық көздері болып табылатын көптеген нормативтік актілер бар.

1.      Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жылғы 30 тамыздағы  республикалық  референдумда қабылданған, құқықтың барлық көздерінің арасындағы оның алатын орны ерекше. Конституция дегеніміз басқару орталығының рөлін атқаратын құқықтық негіз, оған әкімшілік  заңнаманың барлық элементтері бағынуға міндетті.

2.      Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі, нормативтік қорыту жасаудың құралы және құқықтың өз құрылымының функционалды факторы болғандықтан, әкімшілік құқық бұзушылық туралы әкімшілік заңнама жүйесіндегі біріктіруші бастау болып табылады. Қалыптасқан ережеге сәйкес Кодекс – біртекті қоғамдық қатынастарды реттейтін, құқықтық нормалар біріктірілген және жүйеге келтірілген заң болып табылады. ӘҚтК дегеніміз нормативтік актілердің жай ғана жиынтығы емес, нормативтік актілердің бүтіндей кешенін сапалы етіп өңдеу, оның нәтижесінде әкімшілік құқық қатынастарының әртүрлі өрістерін реттейтін жаңа институттық құрылымдар туындайды.

3.      Конституциялық заң – Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген мәселелер бойынша, әр палата депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екі даусымен қабылданатын заң. Мысалы, Президентті сайлау тәртібі, Праламентті ұйымдастыру мен оның қызметінің тәртібі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы және т.б. конституциялық заңмен реттеледі.

4.      Парламент шығаратын, референдум тәртібінде шығатын және Конституцияда көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президенті шығаратын заңдар(әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екі дауысымен Президенттің ынтасы бойынша заң шығару өкілеттігі бір жыл мерзімге мемлекет басшысына беріледі.) бұл жағдайдан көрініп отырғандай, бір органның (Парламенттің) екінші органға заң шығару өкілеттігін белгілі бір мерзімге беруге құқылы екендігі ескерілген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциясының 61 – бабы өзінің 3 – тармағында заңдық реттеуге жататын мәселелердің толық тізімдемесін береді.

5.      Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлықтары, заң күші бар жарлықтар, мемлекет басшысының жарлықтары. Заң күші бар актілер заң актілерінің санатына кіреді, олар әкімшілік құқық көздері бола алады.

Сондықтан да, Қазақстанда мемлекеттік ғана емес, заңдық билікті де бөлу үлгісі алынған, бұл мемлекеттік институтты ұйымдастырудағы, яғни құқықтық қоғам құрудағы заңды қадам болып табылады.

6.      Заң күшіндегі нормативтік актілер – нақты сипат алған мәселелерді реттеу үшін қажет, себебі күшіндегі заңнама, оның ішінде Конституция да, барлық позицияны шеше алмайды. Мыналар заң күшіндегі актілерге жатады:

-         Парламент және оның палаталары (Мәжіліс пен Сенат) шығарған;

-         Президент шығарған;

-         Атқарушы билік органдары қабылдаған.

Басқа да авторлар әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне тоқталып кеткен: «Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл әкімшілік құқықтық  нормалардың сыртқы кескінделген нысаны.

Оларға әртүрлі мемлекеттік органдардың заңдылық актілері, яғни нормативтік құқықтық актілер жатады.

Әкімшілік құқықтық нормалардың көпшілігі, ҚР әкімшілік құқығының қайнар көзінің көптеген қоғамдық қатынастарды реттеуімен анықталады.

Оның қатарында заң шығарушы, атқарушы билік және осы органдарда бекітетін ережелер, нұсқаулар, жарғылар және т.б. жатады.

Әкімшілік құқықтық қайнар көздеріне мыналар жатады:

-         ҚР Конституциясы;

-         ҚР Конституциялық заңдары;

-         ҚР Заңдары;

-         ҚР Президентінің заңдық күші бар жарлықтары және өкімдері;

-         Халықаралық шарттары;

-         Парламент Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары;

-         Үкімет Қаулылары;

-         Жергілікті атқарушы және уәкілді органдардың нормативтік актілері,

-         Министрліктердің нормативтік актілері;

-         ҚР Конституциясының 4 – бабының 3 – тармағына сәйкес әкімшілік – құқықтың қайнар көзі ретінде  халықаралық шарттар да саналады.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары – ол Қазақстан Республикасының шет мемлекетпен (немеске мемлекеттермен) не халықаралық ұйымдармен жазбаша түрде жасалған және мұндай келісімнің бір құжатта немесе өзара байланысты бірнеше құжатта бар – жоғына қарамастан, сондай – ақ оның нақты атауына тәуелсіз халықаралық құқықпен реттелетін келісім.»

Тағы бір көзқарастарға сүйенетін болсақ, Әкімшілік құқықтың деректемелік көздері – бұл әкімшілік құқықтық нормалардың көрінісінің сыртқы нысаны. Бұл сияқты деректемелік көздер ретінде мемлекеттік билік органдарының шығаратын әр түрлі заңдық күші бар нормативтік құқықтық актілері танылады. Әкімшілік құқықтық нормалардың  әр түрлілігі олар қаралатын және көрініс табатын деректемелік көздердің де әр түрлілігін болжайды. Оларға мыналар жатады:

1.      ҚР – ның Конституциясы, оның нормаларының біразының тікелей әкімшілік – құқықтық маңызы бар. Бұлар мысалы мынадай нормалар: көпшілігінде мемлекеттік басқару аясында жүзеге асырылатын адам мен азаматтың негізгі құқықтаран, бостандықтары мен міндеттерін бекітетін нормалар(11,12,18,19,21,23 – 33, т.б. баптар); ҚР- сы Үкіметінің құқықтық мәртебесін және атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдарының құрылуы мен қызметінің негіздерін айқындайтын нормалар(64 – 70, 85 – 87 баптар).

2.      Көптеген әкімшілік – құқықтық нормалар  ҚР – ның заң актілерінде болады. Мысал ретінде «ҚР – ның Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 – желтоқсандағы Конституциялық заңды, «ҚР – ғы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 ж. 23 – қаңтардағы заңды және басқаларды айтуға болады.

3.      ҚР Президентінің  нормативтік жарлықтары және оның жарлықтарымен бекітілетін ережелер, тағы басқа құжаттар. Мысалы, «ҚР –сы Үкіметінің  құрылымы туралы» 1999 жылғы 22 – қаңтардағы; « Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелерін бекіту туралы» 2000 жылғы 21 – қаңтардағы жарлықтар.

4.      ҚР – сы Үкіметінің нормативтік қаулылары, сондай – ақ олармен бекітілетін ережелер, тәртіптер, т.б. Мысалы, ҚР – сы Министрліктері туралы ережелерді бекітетін қаулылары; ҚР – сы Үкіметінің 2000 жылғы 28 – қаңтардағы қаулысымен бекітілген «Шетелдік азаматтардың ҚР – на келуінің және болуының, сондай – ақ олардың ҚР – нан кетуінің  тәртібі»; т.б.

5.      ҚР – сы орталық атқарушы билік органдарының нормативтік актілері – министрліктердің, агенттіктердің, комитеттердің және басқалардың нормативтік актілері (бұйрықтар, қаулылар, өкімдер, ережелер, нұсқаулықтар, тәртіптер) . Бұл  сияқты деректеме көздердің екі түрі болады: біріншіден, тиісті жүйенің төменгі тұрған буындарына арналатын және, екіншіден, өзге атқарушы органдар үшін, сондай – ақ жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болатын нормативтік актілер.

6.      Жергілікті өкілді (мәслихаттың) және атқарушы билік органдарының (әкімнің, әкімдіктің) нормативтік құқықтық актілері.

7.      Әкімшілік – құқықтық нормалар мемлекетаралық келісім – шарттарда болуы мүмкін. (мысалы, ТМД мүшелері – мемлекеттер арасындағы шарттар).

8.      Әкімшілік – құқықтық қатынастарды реттеуде ҚР – сы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының үлкен маңызы зор.  Заңдық күшіне енген олар бүкіл Қазақстанның аумағында барлық мемлекеттік билік органдарының жергілікті өзін – өзі басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың мүлтіксіз орындаулары үшін міндетті болып табылады.

Информация о работе Әкімшілік құқықтың қайнар көздері