Сыбайлас жемқорлықпен күресу қағидалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2011 в 09:25, реферат

Описание работы

Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.

Содержание

Кіріспе


Негізгі бөлім

2.1 Сыбайлас жемқорлықпен күресу қағидалары..............................................4

2.2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерi .................7

2.3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi жүзеге асырушы органдар........9

2.4 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен

құқық бұзушылықпен және ол үшiн жауаптылық...................................13

2.5 Сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасаған адамдардың

қауіпсіздігіне кепілдік................................................................................11


Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

сыбайлас.doc

— 94.00 Кб (Скачать)

     Сот шешім шығарғанға дейін өкілетті органдар құқық бұзушыға жататын  мүлікті тәркілей тұрады. Егер мемлекеттік  міндет атқарған адам немесе соған  теңелген адам жұмыстан босатылғаннан  кейін бұл талапты орындаудан бас тартса лауазым иесі немесе мұндай босату туралы шешім қабылдаған орган кінәлі адамның мекен-жайы бойынша заңсыз алынған кіріс туралы хабарды салық органына жібереді. Оның үстіне, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық жасаумен байланысты келісімдер заң тәртібімен белгіленген бойда заңсыз деп мойындалады. Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық нәтижесінде жасалған актілер органмен немесе лауазымды адамдармен мүдделі жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалар, немесе прокурордың талабы бойынша күшін жояды.Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп - қатерлерінің бірі болып табылады. Сондықтанда оны болдырмау, алдын-алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Алайда, жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді дегенімізбен, жегі құртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары да уақыт өткен сайын көбейе түсуде.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

     Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес  жүргізу тек сот,құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы. Мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтындардың өзгенің тағдырына, жұмысына деген немқұрайдылығы, тоңмойын шенеуініктердің тойымсыздығы, қарапайым анықтама алуы үшін шеті мен шегі жоқ кезек көптеген азаматтар мемлекеттік қызметкерлерді пара алуға өздері арандатады. Өйткені халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімділік жетіспейді. Сол себепті де мұндай ауыр кеселді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен жеңе алмаймыз. Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады.

     Мемлекеттік қызметшілердің этикалық тәртібі және өз міндеттеріне деген көзқарасының адал ниеттілігінің дәрежесі қоғамдағы  ең басты индикаторы болып табылады.

     Сыбайлас  жемқорлық – қазіргі заманғы мемлекеттердің өмірінде орын алып, ауқымы жылдан-жылға құлаш жайып келе жатқан кесел. Қай елді алмаңыз, әрбір саяси партияның саяси бағдарламасының бір тармағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне арналған.

Сыбайлас  жемқорлық, өкінішке орай, біздің өміріміздің бүгінгі ерекшелігін сипаттайтын кәдуілгі құбылысқа айналып отыр.  Бұл — қоғамдық жүйені іштен үңгіп жейтін, экономиканы ақсататын, әлемдік қоғамдастық алдында мемлекеттің беделіне нұқсан келтіретін дерт. Ең қиыны — бұл кесел билікке деген халық сенімін күйретеді, шын мәніне келгенде  биліктің еркін, демократиялық қоғам құру жолындағы  күллі шешімдерін жоққа шығарады.

     Сондықтан коррупцияға қарсы күреске баршамыз бірігіп, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» кірісейік. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

     1. Ғаламтор

     2. Қазақстан Республикасының “Сыбайлас  жемқорлықпен күрес туралы”                      Заңды, 1998ж.

     3. Булгакова Д.А. «Мемлекет және  құқық теориясы». Оқу құралы. Алматы. «Заң әдебиеті» 2004ж. 106б.

     4. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы, «Жеті жарғы».

     2000ж. 48б.  
 
 
 
 
 

Информация о работе Сыбайлас жемқорлықпен күресу қағидалары