Халық шаруашылығындағы маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 15:04, реферат

Описание работы

Арпа, үй жануарлары мен құстары үшін бағалы концентратталған жем. Дақыл сабаны мен топанының, әсіресе бұқтырып пайдаланатындарының азықтық құндылығы жоғары.
Арпа егісін күзде сеуіп және оны ерте орудан жұмысшы қолдары мен техникалары тиімді пайдаланылады. Одан басқа ерте орылып-жиналатын күздік арпа бірқатар дақылдарға кұнды алғы дақыл.
Ылғал жеткілікті аудандарда күздік арпадан кейінгі танаптарды аңыздық дақылдар - тары, қарақұмық, судан шөбі және басқа да дақылдар егіп пайдаланған дұрыс.

Содержание

1.Негізгі бөлім .
Халық шаруашылығындағы маңызы
2.Биологиялық ерекшеліктері
3.Өсіру технологиясы
а) алғы дақыл
б) топырақ өңдеу жүйесі
в) себу жұмыстары
г) күтіп баптау жұмыстары
д) егінді жинау әдісі
4. Қорытынды.
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

Күздік арпа.docx

— 25.43 Кб (Скачать)

 

Жоспар

 

1.Негізгі бөлім .

Халық шаруашылығындағы маңызы

2.Биологиялық ерекшеліктері

3.Өсіру технологиясы

а)  алғы дақыл

б)  топырақ өңдеу жүйесі

в)  себу жұмыстары

г)   күтіп баптау жұмыстары

д)   егінді жинау  әдісі

4. Қорытынды.

5. Қолданылған әдебиеттер  тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Халық шаруашылығындағы маңызы.

Күздік арпа -  жармалық  және  мал  азықтық  дақыл. Дәнінде ақуыздың аз болуы оны сыра қайнату өнеркәсібінің құнды шикізаты қатарына жатқызады. Дәнінің құрамында 13,4% ақуыз, 2,0%-май, 54,0%- крахмал, 9,0%- пентазондар, 5,7%- клетчатка және З,0 % шамасында күл бар.  Арпа дәнінен ұн, жарма, кофе және сыра дайындайды. Нанының сапасы бидайдікіне қарағанда нашар болғанымен, асқазаны ауыратын адамдар үшін ол диеталық тағам.

 Арпа, үй жануарлары мен құстары үшін бағалы концентратталған жем. Дақыл сабаны мен топанының, әсіресе бұқтырып пайдаланатындарының азықтық құндылығы жоғары.

Арпа егісін күзде  сеуіп және оны ерте орудан жұмысшы  қолдары мен техникалары тиімді пайдаланылады. Одан басқа ерте орылып-жиналатын күздік арпа бірқатар дақылдарға кұнды алғы дақыл.

Ылғал жеткілікті аудандарда күздік арпадан кейінгі  танаптарды аңыздық дақылдар - тары, қарақұмық, судан шөбі және басқа да дақылдар егіп пайдаланған дұрыс.

Жемдік астықтар өндірісін арттыру міндеттеріне байланысты және күздік арпа жаздықтармен салыстырғанда өте өнімді болғандыктан, оның егісін қазіргі өсірілетін аймақтардан да әрі қарай кеңейте түсу көзделуде. Күздік арпа күздік жауыннан басқа, ерте көктемдік жаңбыр ылғалын әлдеқайда толық пайдалануынан, құрғақ онтүстік-шығыс желдері болмай тұрып ерте пісуінен, сондай-ақ кештеу пісетін жаздық арпанікінен гөрі өте толық салмақты дән беруінен жаздықтарға қарағанда көп өнім береді.

Күздік арпаның  негізгі егістері ТМД бойынша - Солтүстік  Кавказ, Украина және Орта Азия елдерінде. Біздің елімізде күздік арпа егістігі 2009 жылы 15,6 мың га, ал астық өнімі -21,3 ц/га болды. Азық-түліктік және жемдік астық мақсатында күздік арпа Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарында өсіріледі.

 

 

Биологиялық ерекшеліктері.

Күздік арпа күздік бидаймен, әсіресе күздік кара бидаймен салыстырғанда  қысқа төзімсіз. Ол үшін -І2°С-тан  төмен аяздар қауіпті. Күздік бидайға  қарағанда ол ерте көктемгі қолайсыз жағдайлардан көбірек зардап шегеді.

Көктемгі жылы кездер басталысымен күздік арпа жедел өсе бастайды. Өсу-даму кезеңі жаздық арпадан 12-16 күнге, күздік бидайдан 6-9 күндей қыскарақ. Топыраққа  қажетсінуі күздік бидайға ұқсас.

Күздік арпаның  қазіргі өсірілетін сорттарының  қыс пен суыққа төзімділігі күздік бидай мен қарабидайдан төмен болғандықтан, олар қысы жұмсақ аймақтарда ғана себіледі.

Топырақ құнарлығы  мен алғы дақылдарға  қоятын талаптары бойынша, күздік арпа күздік бидайға жақын. Ол топырақтағы күздік-қыстық ылғал қорын жақсы пайдалануының арқасында жаздық арпадан құрғақшылыққа төзімдірек.

Сорттары. Қазақстанда күздік арпаның мынадай сорттары өсіруге рұқсат етілген: Береке 54 (Параллелум), Роман (Паллидум), Росава (Паллидум), Циклон (Параллелюм) және Южноказахстанский 43 (Нутанс).

 

 

Өсіру технологиясының ерекшеліктері.

Ауыспалы егісте әртүрлі  алғы дакылдан кейін себіледі, бірақ  ең жаксы алғы дақылдары - таза сүрі танабы, сондай-ақ жүгеріден, күнбағыстан, дәнді бұршақ дақылдарынан, күздік бидайдан кейін де себіледі.

Күздік    арпа    тыңайтқышқа    өте    жоғары талап қояды. Себу    кезінде суперфосфатты (Р10) енгізу өсімдіктің шынығуына және жақсы кыстап шығуына ықпал жасайды. Аязға ең жоғары төзімділік тыңайтқыш (Р40-50,   К40-50)   енгізгенде байқалады. Аммиак селитрасымен (N50) ертерек үстеп қоректендіргенде өнімділік 10-15% артады.

Күздік арпа үшін астық  дақылдарынан кейін топырақты өңдеу  сыдыра жыртқышты колданудан басталады, соңынан жырту қабатының мүмкін тереңдігіне жыртып, іле-шала тырма  жіберіледі. Себу алдында культивация  жүргізіледі. Күздік арпаны жақсы күтіп-бапталынған  отамалы дақылдардан кейін сепкенде, танап кеш босайтындықтан, жырту  культивациямен немесе сыдыра жыртқышпен алмастырылады және тырма жіберіледі. Егер егістік арамшөптермен қатты  ластанған және тығыздалған болса, отамалы дақылдардан кейін жыртады  және тырма қолданады.

Себілетін тұқымды мұқият тазартып, егістік сапасының І-ІІ -класына сәйкестендіреді. Оларды себу алдында қатты күйеге қарсы дымқыл немесе құрғақ тәсілмен дәрілейді.

Қазақстанның, оңтүстігі  үшін ең қолайлы себу мерзімі - қыркүйектін 20-жұлдызымен қазан айының 10-шы жұлдызының арасы. Бұдан кеш себу, әлсіз түптену  мен өсімдіктің нашар қыстауының нәтижесінде өнімді кемітеді. Күздік арпаны тар қатарлап және тоғыспалы  тәсілмен себеді. Тар қатарлап себу ең жоғары нәтиже береді. Тұқымның сіңіру тереңдігі - 4-6 см.

 

Суармалы аудандарда әр гектарға 140-160 кг немесе 3,5-4,0 млн өнгіш тұқым, ал тәлімі жерлерде тиісінше - 100-120 кг немесе 2,5-3,0 млн өнгіш тұқым себеді. Себу мерзімі кешеуілдегенде тұқымның себу мөлшерін 10-15%-ға көтереді. Арпаның тығыз себілген егістігі жақсы қыстап шығады.

 

Күздік арпаның қыстың қолайсыз жағдайларына төзімділігі  нашар, сондықтан оның егістігіне қар  тоқтатқан дұрыс. Ол кақ суға шыдамайтындықтан, оны тезірек аластатуды қарастырған  жөн. Қазақстанның оңтүстігінің құрғақ аудандарында қар суын жинаудың маңызы өте зор. Ерте көктемде арпа егістігін  орта есеппен әр гектарына 35-45 кг ә.е.з. келетіндей етіп азот тыңайтқышымен үстеп қореқтендіреді. Топырақ қабыршағын бұзу, егістіктерден өсімдіктің өлі қалдықтарын тазарту және егістікті көлденең немесе қиғаштап тырмалау қалған өсімдіктердің өсіп-дамуына қолайлы жағдай жасайды. Күтімнің басқа жұмыстары арамшөптермен күресуге бағытталады. Егістікті түптену кезеңінде 0,6-1,0 кг/га ә.б.з. бойынша 2,4-Д тобының амин тұзымен немесе басқа осы заманғы гербицидтердің бірімен өңдейді.

Күздік арпа күздік қара бидайдан және күздік бидайдан да ертерек  және біркелкі піседі. Қазақстанның оңтүстігі  жағдайында күздік арпаны комбайнмен тікелей орып бастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Арпа, үй жануарлары мен құстары үшін бағалы концентратталған жем. Дақыл сабаны мен топанының, әсіресе бұқтырып пайдаланатындарының азықтық құндылығы жоғары.

Арпа егісін күзде  сеуіп және оны ерте орудан жұмысшы  қолдары мен техникалары тиімді пайдаланылады. Одан басқа ерте орылып-жиналатын күздік арпа бірқатар дақылдарға кұнды алғы дақыл.

Ылғал жеткілікті аудандарда күздік арпадан кейінгі  танаптарды аңыздық дақылдар - тары, қарақұмық, судан шөбі және басқа да дақылдар егіп пайдаланған дұрыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған  әдебиеттер

 

1. Қ. Жаңабаев, Т.Саудабаев,  И.Сейітов «Өсімдік шаруашылығы  өнімдерін   өндіру технологиясы».  Алматы,1994.

2.  Қ.К.Әрінов, Қ.М.Мұсынав,  А.Қ.Апушев, Н.А.Серекпаев, И.А.Шестаков, С.С.Арыстанғұлов , «Өсімдік шаруашылығы»   Алматы, 2011    229 – 271 б.

3. Можаев Н.И., Әрінов  Қ.К., Нұрғасенов А.Н., Можаев А.Н.,  «Өсімдік  шаруашылығы»   Ақмола – 1993

4. Тұрсын-Бек Есіркепбайұлы   « Қазақстанда  өсетін дақылдарды  тыңайту  жүйесі». Алматы  2008  жыл


Информация о работе Халық шаруашылығындағы маңызы